Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет53/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Бақылау сұрақтары:
1. Қап тауы түркілері туралы мәлімет
2. Қап тауы түркілерінің әдебиеттеріне шолу
3. Р.Ғамзатов шығармашылығы
4. И.Гаспрински шығармашылығы
Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Қап тауы түркілері туралы мәлімет
2. Қап тауы түркілерінің әдебиеттеріне шолу
3. Р.Ғамзатов шығармашылығы
4. И.Гаспрински шығармашылығы
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбүлдары. А., 1970
2. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1995
3. Сөз зергерлері. А., 1966
4. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962
5. Әуезов М. 20 томдық шығ. жинағы. 19-20 беттер
6. Бейсенова М. Түркі халықтар әдебиеті. Шымкент, 2006.
7. Оразалиев С. Сібір түркі халықтарының әдебиеті. Шымкент, 2008
8. 0черки истории якутской советской литературы. М., 1958
9. Литература народов Сибири. Новосибирск. 1956

15 ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: СІБІР ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ




Дәріс мақсаты: Студенттерге Сібір түркі халықтарының әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Сібір түркі халықтары туралы мәлімет.
2. Сібір түркі халықтарының әдебиетіне шолу.
3. Никита Яковлевич Бичурин (1777-1853), (Иакинф) шығармашылығы
4. Иван Яковлевич Яковлев (1848-1930
5. И.И.Иванов (1848-1885), М.Ф.Федоров (1848-1904), И.Н. Юркин (1863-1943) шығармашылығы
Дәрістің мазмұны. Алтайдың теріскейінде сібірге ұласа жатқан Таулы Алтай, саха, топа, тува, хақас, шор, чуаш сияқты т.б. түркі елдерінің қазақтармен әдеби байланысы ертеректен-ақ басталғанын көруге болады. Қазақта жырланып жүрген «Алпамыс» жырына сарындас сюжеттік ұқсастықтар алтайлықтарда «Алып Манаш», орта ғасырдағы оғыз эпосы «Қорқыт ата» жырындағы «Бамсы Байрақ» тарауы сюжеттік және композициялық құрылысы жағынан «Алпамыс батыр» дастанының негізі жатқандығын байқау қиын емес. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» сюжетін қайталайтын, әрі ұқсас әңгімелер мен толғаулар кездеседі. Алтайлықтарда айтылатын «Мадай Қара» дастаны қазақ батырлық дастандарымен үндес жатқанын көруге болады. Мадай Қараның баласы Көгедей мергеннің тез өсуі Алпамыс батырды, жолға шыққан Көгедейге Таусоғар, Саққұлақ, Желаяқ, Тыңшы достарының кездесуі Ер Төстікті, «Ер Тарғын» жырындағы Ақша хан мен Ханзада хандардың қайталануы түбі бір түркі тектес халық екенінен ишарат береді.
Тува, шор, хакас сияқты сібір түріктерінің жер-су аттыры мен адам есімдері, тіл, дәстүрі орыстанып империяның аранына түсіудің аз-ақ алдында турғаны өкінішті. Ақын-жазушы, жалпы зиялы қауымдары тісті-тырнағымен тырысқанмен орыстану апанында ұлт қаламгерлерінің төбесі көрінбей кеңес ақыны-жазушысы болып кеткенінен хабардармыз. Жаһандану құрбанына айналған бірқатар түркі елдері батыс алпауыты өзіне сіңіре түсті. Нәтижеде, мажар түркілерінің – Венгер, бұлғар түркілерінің – Болгар, хазарлар мен малқарлар сияқты халықтар ұлт ретінде тарих қойнауында ғана қалды. Бүгінгі күні Қап тауы түркілері құмықтар авардың, қарайымдар қабардин-малқардың, ғағауыздар молдавандардың қолтығында қалса, қарашайды черкеспен қосып, тілдері басқа халықтарды бір-біріне әкімшілік тәуелді етіп қойған.
Бірақ осы күнге дейін бағдарламаға енбей, аталмай қалып кете беруін қалай түсінуге болады. Бұдан бір ғасыр алдын жазылған Құрбанғали Халидтің «Тауарих Хамса», Әбілғазының «Түрік шежіресі» атты еңбектерінде айтылған бұлғарлар, малқарлар, мажарлар, хазарлар түркілердің құрамдас бір бөліктері. Батыс алпауытты елдердің құрбанына айналып, тілі де мәдениеті де, өнері де келмеске кетті.
Менделеев, Карамзин, Гумилев, Достаевский, Ленин, Николаев (ғарышкер), Суворов, Чапаев, Яковлев сынды ірі тұлғалар түрік елінің ұрпақтары екендігін өскелең ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді. Бүкіл Еуропа мойындаған патшамыз, қолбасшы Еділ (Атилла, 400-453), ғұн тайпасының көсемі, француз тарихшысы Тьерри Амелдидің 1856 жылғы 2 томдық еңбегінде Атилланы ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, саясаткер, жаңалық жаршысы деп көрсеткен.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында М.Жұмабаев өлеңдерінің бірінде «Алыстағы бауырларыма» деп жырлауы Шахабуддин Маржани (татар), Омир Сейфеддин (түрік), Мұстафа Шоқай сынды біртуар азаматтарға тұран мемлекетін құрып, барша түркі елдерінің басын біріктіру мақсатына үндейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет