Бақылау сұрақтары: 1. Құмық-Ноғай халқы туралы мәлімет. 2. Құмық-Ноғай әдебиеті туралы шолу. Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: 1. Құмық-Ноғай халқы туралы мәлімет. 2. Құмық-Ноғай әдебиеті туралы шолу. 3. Құмық-Ноғай әдебиеттеріндегі ортақ сарындар.
4. Мұңлық-Зарлық дастанындағы ортақ сюжеттер
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбүлдары. А., 1970
2. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1995
3. Сөз зергерлері. А., 1966
4. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962
5. Әуезов М. 20 томдық шығ. жинағы. 19-20 беттер
6. Бейсенова М. Түркі халықтар әдебиеті. Шымкент, 2006.
7. Оразалиев С. Сібір түркі халықтарының әдебиеті. Шымкент, 2008
8. 0черки истории якутской советской литературы. М., 1958
9. Литература народов Сибири. Новосибирск. 1956
№13 ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: ШУАШ ӘДЕБИЕТІ
Дәріс мақсаты: Студенттерге Шуаш халқы мен шуаш әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру. Дәріс жоспары: 1. Шуаш халқы туралы мәлімет. 2. Шуаш әдебиеті туралы шолу. 3. Никита Яковлевич Бичурин (1777-1853), (Иакинф) шығармашылығы
4. Иван Яковлевич Яковлев (1848-1930 5. И.И.Иванов (1848-1885), М.Ф.Федоров (1848-1904), И.Н. Юркин (1863-1943) шығармашылығы
Дәрістің мазмұны. Чуаш халқының біртуар перзенті шығыстанушы ғалым, жазушы Никита Яковлевич Бичурин (Иакинф) 1777 жылы Чебаксарыда туылып, 1853 жылы Санкт-Петербургте дүниеден өткен. Қазан діни академиясын бітірген. 1807 жылдан 1821 жылға дейін Ресейдің Қытайдағы діни миссиясын басқарған. Қытай тілін жетік меңгерген Н.Я.Бичурин Ресей-Қытай арасындағы байланысқа өз үлесін қосып отырған. Ресей ҒА-ның корр. мүшесі (1828), Париждегі Азия қоғамының мүшесі (1831) болып сайланады. Н.Я.Бичуриннің Қытай деректерінің негізінде жазылған еңбектері түркі тілдес елдері тарихына, өнері мен мәдениетіне, тұрмыс-тіршілігіне және Қытай тарихына арналған. 1851 жылы жарық көрген «Көне дәуірдегі Орталық Азияда жасаған халықтар туралы мәлімет» деп аталатын кітабында құнды деректерді өз ішіне алған. Осы мазмұнда жазылған 6 кітабы жарық көрген. Миссионерлік тапсырмаларын ойдағыдай орындай алмағандықтан Ресеи өкіметі 1823 жылы қамауға алынып 1926 жылы қайта босатылады. Атақты ғалымның еңбектерінде біз зерттеу нысанасына алып отырған түркі халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиетіне тиісті құнды деректер бар. Әсіресе, қытай мен ресейдің түркі елдеріне келтірген теріс әрекеттерін айтқан.
Чуаш әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ағартушы, педагог, жазушы, көсемсөз шебері Иван Яковлевич Яковлев (1848-1930) «Чуаш әліппесі» (1872) ұлт тіліндегі алғашқы кітап ол баспадан қайта-қайта шығып тұрған. «Чуаштың аңыз ертегілері» атты екінші кітабы шуааш әдебиетінің анатологиясы, яғни халық даналығының мәйегі, аңыз-әңімелер мен мысалдар, жұмбақтар және 400-ден астам мақалдар- мәтелдер енген, сонымен қатар ұлттық бояуға толы, рухани болмысты қалыптастыратын қысқа әңімелер мен батырлық дастандарға негізделген түсініктер жас шуаш интелегенциясының сана сезімін оянып, өздерінде көтере бастағанынын әлемге танытатын алғашқы шығармасы. Бұл еңбегі арқылы иегер чуаш әдеби тілінің негізін қалады. 1868 жылы Симбирскиде чуаш балаларын оқыту үшін мектеп ашады. И.Я.Яковлев чуаш тіліне Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың, М.А.Некрасовтың бірнеше шығармаларын аударып оқулыққа ендіреді.
Сол дәуірдің қаламгерлері И.И.Иванов (1848-1885), М.Ф.Федоров (1848-1904), И.Н. Юркин (1863-1943) 1907 жылы чуаш ауыз әдебиетінен жинаған халықтың туындыларын жинақ етіп шығарады. М.Ф.Федеров «Орман перісі» (1879) баллдасында чуаш халқының өмірі тұрмыс-тіршілігі суреттелген бұл еңбегі арқылы шын реализмнің негізін қалады.
1904 жылдан бастап шуаш тілінде «Хапыр» (Хабар) газеті шыға бастады. Жазушы, драматург, журналист М.Ф.Акимов (1884-1914) Симбирскіде шуаш оқытушылар мектебін бітіреді «Хыпар» газетінде істеді. Ол фельетон, очерк, сатиралық новелла жазды. 1906жылы «Шутка», «Таңқаларлық». 1907жылы «Кеңес өмірі» пъесасын жазды. Шығармаларында негізінен ауыл тұрғындарының өсу жолдары сөз болады. Н.И.Полоруссов-Шелеби (1881-1945) мақалалары мен өлеңдері және әңгіме,очерктері, езілуші таптарды күреске шақырды. Г.А.Корепков (1884-1958) Крыловтың мысалдарын көп аударған. Я.В.Турхан (1874-1938) ауыз әдебиетін негізге ала отырып «Варуси» (1905) поэмасын жазды.
Классик ақын, драматург Иван Константинович Васильевич (1890-1915) шуаш әдебиетіне түрлі жанрларда елеулі үлесін қосты. Ол 1903-07 жылдары Сібір мұғалімдер мектебінде оқыды. Қысқа ғұмырында яғни 1907-15 жылдар арасында «Екі қыз» ертегісін, «Темир илегіш» балладасын, «Аштар» хикаясын, «Шайтанның құлы» трагедиясы, «Біздің мезгіл» көсемсөз толғауы, «Нарспи» лиро-эпикалық поэмасы т.б. шығармалары дуниеге келді. Бұл еңбектерінде әдеби реализмді қалыптастырып ұлттық езгінің бетпердесін ашып салады, өзге ұлтқа бағынушылық жүйенің теңсіздіктен-ақ көрініп тұрғандығын суреттейді. Халқын надандықтан оятудың бірден бір жолы білім алуға шақырады, өзі әліппе оқу құралын жазады. 1909 жылы «халық мұғалімі» атағына ие болды. Және Н.П.Огарев, А.В.Кольцов, Некрасов т.б. орыстың қаламгерлерінің еңбектерін шуаш тіліне аударды.
Демократ ақын Н.Шубоссин (Н.В.Васильев 1889-1942) халық ертегілері негізінде жазылған «Янтрак туралы аңыз» (1908) поэмасы арқылы өмірде шындықтың бар екендігін, бірақ ол дер кезінде жүзеге аса бермейтін себептеріне үңіледі.
1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі жеңіп, патшаның тақтан құлауын шуаш халқы аса зор қуанышпен қарсы алды. төңкеріс шуаш әдебиетіне де елеулі өзгеріс жаңа түр мен мазмұн алып келді. Мысалы: И.Е.Тхтидің (1889-1938) «Колчак» (1919) сатиралық поэмасы және майдангер ақындар И.Е.Ахах (1898-1920) пен Г.В.Зайцев-Талмырза (1895-1921) жаңа заманды жырлаушы үгіт-насихат өлеңдерімен көрінді. Коммунист ақын Мишши Сеспель (М.К.Кузьмин 1899-1922) өзінің қысқа ғұмырында төңкерісті жырлады, оның «Болашақ және жаңа күн» өлеңі осының дәлелі. «Өлең құрылысы және екпін» (1920) атты туындысы екпін мен буынға негізделген ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ сияқты өлең өлшемдеріне талдау жасайды.