2.1 Жасөспірімнің виртуальді компьютерлік ойындарға тәуелділігінің себептері және психикалық дамуына тигізетін әсері
Интернеттегі жасөспірім әрекеті қызметтің жаңа түрі болып табылады, ол психологияда дәстүрлі түрде ажыратылатын қызмет түрлерінің түрлі қасиеттерін біріктіреді. Кез–келген қызмет тәрізді өзінің мотивациялық негізі болады[29]. Тұтынушы мотивациясы мәселесі бойынша А.Е.Войскунский мен О.Н.Арестованың зерттеулері Интернеттегі қызмет адамның жеке тұлғасының дамуы мен басқа адамдармен қарым–қатынас жасауы үшін не береді (немесе не бермейді) деген сауал қызығу тудырады. Бұл сауал тұлғалық даму және тұлғааралық коммуникация облысындағы Интернеттегі жұмыстың психологиялық салдарды бағалауға қатысты болып табылады. Субьектінің оның тұтынушылық қызметінің тікелей және жанама нәтижелерді бағалау процесі мотивациялық реттелуге (регуляция) әсерін тигізеді. Қызмет нәтижесінің адам қажеттіліктеріне сәйкестілік дәрежесі яғни қаланған мен қол жеткізгенді салыстыру бұл бағалаудың критерийі болып табылады. Бұл бағалаулар – адамның мүмкіндіктерін дамытады, жаңа дағды орнатады немесе керісінше өзіндік даму мен жүзеге асырылуға мүмкіндік бермейді.