Зерттеу жұмысының мақсаты. Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу.
Зерттеу объектісі. Түрлі дәрежедегі компьютерлік ойындармен әуестенетін 13-14 жастағы жеткіншек балалар.
Зерттеу пәні.Жеткіншек жастағы балалардың агрессивтілігінің психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің болжамы.Агрессивті, зорлық-зомбылық, жауыздық мазмұндағы компьютерлік ойындар жеткіншектердің агрессивтілік дәрежесінің артуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері.Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды:
Агрессия мәселесіне байланысты шетелдік, Ресейлік, Отандық авторлар еңбектеріне терең теориялық зерттеу жасау.
Компьютерлік ойындар тарихы, компьютерлік ойындардың психикаға әсері жөніндегі қағидаларды қалыптастыру.
Жеткіншек жасындағы балалардың психикасына компьютерлік ойындардың агрессивті ықпалын анықтайтын әдістемелердің кешені іріктеліп, таңдалуы.
Іріктелген әдістемелер қазақ тобы балаларына лайықталып, бейімделуі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. «Медиазорлық», «медиамәтін», «медиаэфект» сынды ғылыми терминдер қазақ тілінде бейімделіп, оларға ғылыми түініктеме берілді.
Агрессивті компьютерлік ойындардың қатыгездік мазмұн сипатындағы компьютерлік ойындардың баланың бойында агрессивтілікті дамытантындығы жөнінде ғылыми болжам расталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Бұл жұмыста әлі зерттелмеген тың мәселе компьютерлік ойындардың баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы сөз етіледі.
Компьютерлік ойындардың жіктелуі, мазмұны терең талданып, сараланады. Жеткіншек жастағы компьютерлык ойындармен әуестенетін балалардың психикалық даму ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық аспектілері айқындалады.