Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Ойыннан кейінгі қатыгездік феномені



бет8/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
бауыржанулы

Ойыннан кейінгі қатыгездік феномені



2) Сыртқы белгілері ( жеткіншекте болтын агрессияға қолайлы өмірлік жағдайлар).Осы екі жағдайдың болуы нәтижесінде қылмыстық агрессия жасауға әкеліп соғады.


Ойындағы агрессияға анықтама беру. Ойындағы агрессия әртүрлі жолдармен анықталады. Көп уақытқа дейін агрессияны әлеуметтік үйрену теориясы тұрғысында қарастырылыпр келді және арнайы терминмен аталмады. Кейінен жағдай өзгерді. Ғылымда реалдық және виртуалдық зорлық-зомбылықты бөліп қарастыру қажеттілігі туындады.Ұғымдар аппаратында «виртуалдық агрессия» түсінігі қажет бола бастады.Осыған байланысты оның бірнеше нұсқалары пайда болды.
Мектептегі «медиапедагогика» шеңберінде компьютерлік ойындардағы агрессия көріністері - зорлық-зомбылық көріністерінің мазмұны ретінде «медиамәтіндер» деп қолданылды. Кейде «медиазорлау» деп те атайды. Медиамәтіндердің адамдарға деген ықпалы «медиаэффект» деген терминмен талатын болды. Медиаэффектердің адам агрессивтілгіне ықпал етуіне қатысты 5 негізгі теориялар бар.Оларға: агрессивті мінез-құлықты медиатекстермен стимулдау; агрессияның катарсисі; зорлық-зомбылық десенсибилизациясы ( аяушылықтың, эмпатияның жойылуы);аудиторияны агресивті әрекетерге үйрету; фобияның ( қорқыныштың) пайда болуы (Сызба 2.2 назар аударыңыз).[ 11 ]
АҚШ-та «Отбасы және бұқаралық ақпараттар институты» видео ойындардағы агрессияға анықтама беру жөнінде өз көз қарастарын білдірді. Соның ішінде,жаңа ресми «қатыгездік көріністерінің графикалық бейнелеу» дегенмағынаны білдіретін термин – «киллографияны» ұсынды. Институт басшысы Дэвид Уолш « егер порнография « сексуалдық көріністерді бейнелеу» болса, онда «киллография» термині лексиконға «қатыгездік көріністерді бейлеу» деген мағынанаы білдіретін термин ретінде енгізу қажет.
Нейрофизиологтар (Н.Н.Кудррявцева) өздерінің анықтамалырын ұсынады. Зорлық-зомбылық элементтері бар компьютерлік ойындарға әуестенуді олар «Баланың агрессивтілігнің символдық формасы» деп атайды.Компьютерлік ойындар шындықты символдар мен белгілер арқылы көрсетеді, ал ойындық агрессия абстрактілі символдық формада орындалады.
Алайда, бұл анықтаманы кинематогрфқа, әдебиетке сондай-ақ фантазия мен т.б құбылыстарда қолданған орынды.
Бұқаралық ақпараттар құралдарында, ғылыми –танымал мақалаларда «виртуалдық зорлық-зомблық» (агрессия) ұғымын жиі кездестіруге болады. Көптеген авторлар бұл ұғымға анықтама бермесе де, термин кең таралған.
Біздің көз қарасымыз бойынша, виртуалдық зорлық-зомбылық – бұл тұтас объектіні ( құбыжықты, содырларды) талқандау мақсатында күш қолдануға еліктіретін әрекет. Тұжырымдай келсек, компьютерлік зорлық-зомбылықтың 2 белгісі жайлы сөз қозғауға болады. Бұл виртуалдық пен сезімдік ұқсатық. «Виртуалдықта» зорлық-зомбылық шынайы өмірдің үш өлшемді (биіктік, ұзындық, ендік) үлгісінде жүзеге асады. Зорлық-зомбылықтың реалдық және виртуалдық сезімдік ұқсастығы медецина ғылымдарының профессоры Клаус Матиактың зерттеу тақырыбы болатын [12].Оның айтуынша адамның миы виртуалдық зорлық-зомбылыққа қалай жауап қайтарса , шынайы өмірде де мида сондай процесс жүреді екен.
Бұдан адам ойында да өлтіру кезінде жек көрушілік, қорқыныш, өшпенділік эмоцияларын сезінуі мүмкін, денген тұжырым жасауға болады.
«Виртуалдық зорлық-зомбылық» термині басқа терминдерге қарағанда компьютерлік ойындардағы қатыгездік феноменін нақтырақ сипаттама береді. «Медиазорлау», «киллография», зорлық-зомбылықты пассивті бейнелеумен ғана шектеледі, ал адам онда белсенді қатысушы емес. Бұл анықтамада ойыншының белсендлігі сипатталмайды, ал осы ойындағы зорлық-зомбылықты жасайтын, компьютер түймесін басатын тек ойыншының өзі ғана.
Д.Гибсон адамға ойнау барысында реализмді сезінуге мүкіндік беретін ойын кеңістігін бірнеше инвариантардан тұрады деп жормалдады.Мұндай бірнеше инварианттар бар.Олар төмендегі суретте көрсетілген (Сурет 2.1 назар аударыңыз) .



Сызба 1.6


Бірінші, аспан инварианты [ 1] – мұнда күңгірт түсті сурет бейнеленген, адам тікелей жүргенде бір қалылты тұрады, ал басын бұрған кезде ,бұл текстура да қозғалысын өзгертеді. Егер, адам «осыны» көретін болса , онда ол шынында да жоғарыда аспан көрініп тұрғандай сезінеді
Екіншіден, ойындағы ең қажетті инвариант – «Қатысу» [ 2]. Шынайы өмірде бұл – мұрынның ұшы. Көрініп тұрған дүниенің қозғалысы осы бұлдыр даққа қатысты қабылданады.
Үшіншіден,[ 3,4,5] – бұлар алшақтық инварианттары.Текстура қаншалықты алшақ болса, соншалықты сұр түстерге ие бола бастайды.Шынайы өмірде объектілер түсін ауа және ондағы шаң - тозаң өзгертеді.
Осының бәрі де, Д.Гибсоннның пікірінше, ойын процесіне реализм сипатын береді, осылайша, «виртуалдық зорлық-зомбылықты» жүзеге асыруға алғышарттар пайда бола бастайды.
Виртуалдық ойындардың жіктемесі. Ойындардағы зорлық-зомбылық түрлері мен формалары әр келкі. ESRB ұйымы ойындардағы зорлық-зомбылықтың 4 категорияға бөліп қарастырды:

  • «мультфильмдік зорлық-зомбылық» мұнада зорлық-зомбылық анимацияланған және бейнеленген кейіпкерлермен жүзеге асады.

  • « фантастикалық зорлық-зомбылық» сценариін шынайы өмірден нақты ажыратуға болатын ойындарға арналған.

  • «қатыгездік зорлық – зомбылау» адам жасайтын дене жарақаттары, қан төгістің шынайы өмірдегідей бейнеленуі.

  • « сексуалдық зорлау», мұнда сексулдық зорлы-зомбылық элементерінің бар екенін көрсетеді.




Сурет 1.1


Осымен қатар ESRB ұйымы ойындарды жасқа байланысты 5 топқа бөліп көрсетті.Компьютерлік ойынның қорапшасының бетіндегі ЕС ағылшын әріптері ең кіші жастағы балаларға арналғанын көрсетеді; Е – кез келген жасқа рұқсат етіледі: Т – 13 жастағы жеткіншектерге және одан да үлкен жастағыларға; М – 17 жастан үлкендерге; және ең соңғысы АО- үлкендерге ғана ойнауға рұқсат етіледі.
Еуропада « виртуалдық ойындардың» жіктемесі төмендегідей бөлнеді (Сурет 2.2 назар аударыңыз).



Сурет 1.2





  1. «Өрмекшінің» бейнесі қорқыныш- үрей элементтері басым компьютерлік ойын екенін білдіреді.

  2. «Иненің» суреті ойын сюжетінде наша қолданылатынын білдіреді.

  3. «Жұдырық» ойында зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің көп екенін көрсетеді.

  4. «Үш кескін», оның бірі қара түске боялған, яғни бұл ойында нәсілдер және өзге дискриминация элементтерінің бар екенінің белгісі. Мәселен, «Postаl» ойынында ойыншы «қара нәсілді баланы қатыгездікпен өлтіру қажет» деген тапсырма алады.

  5. Ең соңғы пиктограммалар вербальдықагрессияның басымдығын және эротиканың бар екенін көрсетеді.

Ойыншылардың жастар мен таңдаған ойындарының статистикасы:

    • Ойынды таңдауы. Компьютерлік ойындарды кәмелеттік жасқа толмаған балалар көп қолданады. «Бұқаралық ақпараттар және отбасы» институтының мәліметтері бойынша зорлық-зомбылық, қатыгездік жасау, ұрып-соғу, келеке ету, балағаттау элеметтері бар ойындар әсіресе, балалар мен 8-15 жастағы жеткіншектердің арасында танымал екен. Басқа мәліметтер бойынша 12 мен 15 жас аралығында көп қолданылады [13].

    • Ойынға жұмсалатын уақыт. Баланың қандай ойынды таңдағанымен қатар, сол ойынға жұмсайтын уақыт та үлкен мәнге ие. Бала компьютерлік ойындарды қаншалықты жиі ойнайтыны көптеген сұрақтарға жауап беру үшін қажет. Мәселен, баланың қарқынды ойын іс-әрекеті оның ойынға тәуелді екеніне дәлел болуы мүмкін. Қылмыс істемес бұрын бала ойын ойнады ма? Қайсысын ойнады? Қанша уақыт ойнады? Осының бәрі де қажетті сәттер, мүмкін осы ақпараттар арқылы «компьютерлік зорлық-зомбылықтың» шынайы өмірдегі зорлық-зомбылықпен байланысын анықтауға септігін тигізер.Сонымен, Лукеш бойынша, 6 % жеткіншектер күнделікті ойнайды. Қолданушылардың (82.1%) күніне ойынға бір сағаттан көп уақыт жұмсайды. www.gаmeplus.ru сайтының сауалнамасы бойынша мынадай нәтижелер алынған: 4314 жауап берушілер компьютерлік ойындарға күніне 1сағаттан – 1234 адам, 1-2 сағаттан – 717, 2-4 сағаттан – 427, 4-8 сағаттан – 295,8 сағаттан – 1641адам уақыт жұмсайды екен[14].

    • Ойындағы зорлық-зомбылық көрсету объектісін таңдауы.Ойыншының ұнататын зорлық – зомбылық объектісін зерттеу, психологқа көп нәрседен хабар берері сөзсіз. «Кімді өлтіргенді ұнатасың?» деген сұрақтарға жауап алу , диагносткалық жұмыстарға қажет болатыны анық.Мына бір жүргізілген сауалнама «Ойынгда кімді өлтіргенді қалайсың?» 84 респондент жауап берген.162 жауап алынған, себебі кейбір респонденттер бірнеше нұсқаларды таңдаған (Кесте 1.1 назар аударыңыз).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет