Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Зерттеудің практикалық құндылығы



бет3/14
Дата11.08.2023
өлшемі272,81 Kb.
#105191
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
бауыржанулы

Зерттеудің практикалық құндылығы.
Дипломдық зерттеу жұмысы мұғалім-педагог еңбектерінде, педегог-психологтардың қызметінде, жалпы отбасы яғни бала тәрбиесінде ересектерге, ата-аналарға көмекші құрал ретінде үлкен септігін тигізетін материал бола алады.
Зерттеу жұмысының базасы. Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицейдің 7-8 сынып оқушылары және «Мирас» колледжінің 1 курс студенттері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімінен, эксперименталды зерттеу бөлімінен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.


Зерттеудің әдіснамалық негізі. Осы зерттеу жұмысымызға өзек болған агрессияны инстинкті, қастандық әрекет, сана мен санасыздықтың арасындағы дау - дамай, әрі ол жеке адамның психологиялық қорғанысының бір түрі ретінде қарастырған З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. ілімдері, агрессиялық қимылды эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырған Дж.Доллар, Л.Берковиц, С.Розенцвейг еңбектері; К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз түсіндірулеріндегі шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті қорғаныс реакция туралы ілімі; әлеуметтік оқыту бағытын көрсетін С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильманның агрессивтік үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі деп қарастырылған теориялар.

1 Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау





    1. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері

Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.


Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба түрінде ұсынады:

Сызба 1.1





Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Көптеген әр түрлі бір-біріне қарама –қайшы теориялық негіздерге қарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше [8 с. 35] олардың көбісі келесі төрт категорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия бірінші кезекте мыналарға қатысты :

  1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға

  2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге

  3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге

  4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты.

Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Агрессияға қатысты ең алғашқы және белгілі теориялық ой бойынша , бұл мінез – құлық табиғатынан инстинктивті болып келеді. Бұл теориялық ойға сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып, мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыл алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоанлитикалық анықтамада – « Танатос » деп көрсетеді. Танатос - өлім мен талқандауға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өмірге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған[ 6].
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адазат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады( Сызба 1.1 назар аударыңыз)
Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелунен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет