Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Жасөспірім кезеңінде темпераменттің пайда болуы



бет6/21
Дата06.01.2022
өлшемі139,93 Kb.
#14035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
на плагиат

1.1 Жасөспірім кезеңінде темпераменттің пайда болуы
Темперамент – адам ерекшелігінің типологиялық жиынтығы, ол оның психикалық процесстерінің динамика барысында байқалады: оның реакциясының жылдамдығы мен күшінде, оның өміршеңдігінің эмоционалды тонусында байқалады.

Темперамент адамның мінез-құлқын анықтайды, сезімнің тонусына, қозғалыстың сыртқы мәнеріне, ерік-жігеріне әсер етеді, шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін жұмысты орындау қабілетіне ықпал береді. Павлов бойынша, сипаттың қасиеттері, қалыптасқан әдеттер мен дағдылар адамдардың мінез-құлқын және олардың темпераментінің көрінісін өзгертеді. Мінез қасиеттерінің динамикалық ерекшеліктері темперамент қасиеттеріне байланысты.

Темперамент тұлғаның динамикалығын сипаттайды, бірақ оның нанымдарын, көзқарастарын, мүдделерін сипаттамайды, тұлғаның құндылығының немесе құнсыздығының көрсеткіші болып табылмайды, оның мүмкіндіктерін анықтамайды (темперамент қасиеттерін мінездік қасиеттерімен немесе қабілеттерімен араластырмауымыз керек).

Темпераментті анықтайтын келесі негізгі компоненттерді көрсетуге болады:

Адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының жалпы белсенділігі әртүрлі деңгейде белсенді әрекет етуге, қоршаған ортаны игеруге және қайта құруға, өзін әртүрлі қызметте әр қырынан көрсетуге ұмтылудан көрінеді. Әр түрлі адамдарда жалпы белсенділікті білдіру әр түрлі болады. Біреулер жағынан, әлсіздік, инерттілік, пассивтілікті байқасақ, ал екінші біреулерден - үлкен энергия, белсенділік, құштарлық және қызметке ұмтылысты байқаймыз. Осы екі полюстердің арасында әртүрлі темпераменттердің өкілдері бар.

Қозғалыс немесе моторлық, белсенділік қозғалыс және сөйлеу қозғалыстық аппарат белсенділігінің жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалыстары мен сөйлеуінің жылдамдығымен, күшімен, төзімділігімен, қарқындылығымен, оның сыртқы қозғалғыштығымен (немесе керісінше, ұстамдылығымен), сөйлеуіштілігімен (немесе үнсіздігімен) көрінеді.

Эмоциялық белсенділік эмоциялық әсерлерге сезімталдық пен импульсивтілік, эмоциялық қозғалушылыққа (эмоционалдық жай-күйдің тез ауысуы, олардың басталуы мен тоқтатылуы) әсер етеді. Темперамент адамның қызметінде, мінез-құлығында және іс-әрекетінде көрінеді және сыртқы көрінісі бар. Сыртқы тұрақты белгілері бойынша темпераменттің кейбір қасиеттері туралы белгілі дәрежеде айтуға болады [4, б. 16].

Психологтар психикалық үдерістер мен мінез-құлық динамикасының екі негізгі көрсеткіштерін бөліп көрсетеді: белсенділік пен эмоционалдық. Белсенділік - бұл қарқынның ерекшеліктері, қызмет ырғағы, психикалық процестердің жүру жылдамдығы мен күші, қозғалу дәрежесі, реакциялардың жылдамдығы мен баяулығы. Эмоционалдық адамның әр түрлі уайымдарында көрінеді және әр түрлі дәрежемен тез пайда болуы мен эмоциялар күшімен, эмоциялық әсермен сипатталады. С. Л. Рубинштейн темперамент үшін адамның әсершілдігі және оның импульсивтілігі ерекше маңызды екенін және әсершілдік адамға әсер ететін күшпен және тұрақтылығымен, ал импульсивтілік - итермелеуден әрекетке өту жылдамдығымен сипатталады.

Темпераменттің ерекше белгілері (А. И. Крупнов бойынша)

1. Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық базисімен сипаттамалардың тікелей байланысы.

2. Адам іс-әрекеті мен мінез-құлығының формальды, энергодинамикалық жағына жатқызылуы. Алайда, психикалық қызметтің жалпы динамикасы темперамент қасиеттерімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның қажеттіліктерімен, қызығушылықтарымен, уәждерімен және қарым - қатынастарымен де байланысты. Қызметтің қарқындылығы міндеттердің, қызметтің мақсаттарының мазмұнымен де байланысты болуы мүмкін.

3. Орнықтылық және тұрақтылық. Орнықтылық пен тұрақтылықтың қандай да бір дәрежесі кез келген психикалық қасиетке тән, алайда темперамент қасиеттерінің орнықтылығы мен тұрақтылығы ең алдымен оның табиғи, тұқым қуалайтын факторының шығу тегіне байланысты, - тұлғаның бағыттылығы, себептері мен қарым-қатынасы өзінің мазмұнында елеулі түрде өзгеруі мүмкін. Күйзелістік жағдайда мінез-құлықтың темпераменттік ерекшеліктері жиі байқалады.

4. Адамның өмір сүруінің әртүрлі салаларындағы мінез-құлықтың энергодинамикалық сипаттамаларының бір типті көріністерінің тоталдығы, ауқымының кеңдігі. Басқаша айтқанда, темпераментке адамның мінез-құлқының барлық жерде пайда болатын энергодинамикалық сипаттамаларын ғана жатқызуға болады.

5. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей, темпераменттің қасиеттері көбінесе жеке тұлғаның басқа жеке психологиялық ерекшеліктерімен салыстырғанда тұқым қуалайтын және генетикалық жағынан негізделген болып табылады.

Жасөспірім кезеңіндегі темперамент көрінісі

Д. Б. Элькониннің [5, б. 56] периодизациясына сәйкес жасөспірімдерге арналған әлеуметтік даму жағдайы қоғамның мүшесі ретінде өзіне саналы қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Жасөспірімдердің жетекші қызметі құрдастарымен жеке-жеке қарым-қатынас болып табылады. Бұл достармен және сыныптастармен қарым-қатынас саласы жасөспірім кезеңінде ең маңызды болып табылады. Құрдастар тобы негізгі психологиялық жаңа түзілімдер пайда болатын өзіндік кеңістікке айналады.

Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылар құрдастары тобында олардың жағдайын қанағаттандыратын орында болуға ұмтылады. Жасөспірімдерде ересектер сезімі, өзін-өзі тануға ұмтылу пайда болады, «мен-концепциясы» қалыптаса бастайды, рефлексия дамиды, нәтижесінде біртіндеп «өз сезімдеріне де, басқа адамдардың көңіл-күйіне де қызығушылық туындайды» [6, б. 232].

Жас ерекшеліктері жасөспірімдердің мінез-құлқына, олардың темперамент типіне әсер етеді. Сангвиник темперамент типіндегі жасөспірімдер жаңа жағдайларға оңай бейімделіп, жаңа білімді тез меңгереді, жұмысты қызыға және әр түрлі жағдайда шаршамай ұзақ уақыт істей алады. Айналасындағы адамдарға деген қызығушылықтары айқын көрінеді. Қозғалғыш және ашық мінезді сангвиник-жасөспірімдер қиындықтарды тез жеңеді [7, б. 30].

Сангвиниктер бай мимикамен ерекшеленеді, олардың эмоционалдық күйзелістері мәнерлі қимылдармен сүйемелденеді. Сангвиник әсерлі, көңілді, тез ойлауды талап ететін міндеттерді оңай жеңе алады, көптеген істерді құлшыныспен орындай алады, бірақ жаңасына қызығып, оларды оңай ұмытады.

Жасөспірім-сангвиник құрдастарымен қарым-қатынасқа оңай түседі, ұжымда көш бастайды, сыныптағы позитивті көңіл-күйді сақтап, басқаларды белсенді қызметке итермелейді, бірақ кейде құрдастарын қорлауға тырысуы мүмкін. Оның қоршаған адамдарға көзқарасы өте үстірт. Жасөспірім-сангвиник өз байланыстарымен оңай бөліседі, қайғылы және қуанышты оқиғаларды тез ұмытады. Жасөспірім-сангвиникке маңызды істерді тапсыра отырып, жауапкершілікті оятып отыру керек. Егер жасөспірім-сангвиник тапсырманы "өте жақсы" орындап жатса, оны мақтаған жөн, алайда қатты мақтанып кетуіне жол бермеу керек, себебі жасөспірімдерде өзін-өзі асыра бағалау тез қалыптасады.

Сангвиниктерде тұрақты мүдделерді, іске деген байыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу керек. Жасөспірімдер үшін өзінің темпераментін меңгеруде өзін - өзі тәрбиелеу-темпераменттің оң қасиеттерін бекітуге саналы түрде орнату және теріс мінез-құлықты жеңу үлкен рөл атқарады [8, б. 141].

Холерик темпераменті бар жасөспірімдерде эмоциялық уайымның айқын көріністері және олардың жүру жылдамдығы байқалады. Бұл ерекшелігі холерикке тән сезімнің қатты өршуінен кейінгі шашыраңқылық пен ауытқушылықтан көрінеді. Холерик оның мимикасы мен әрекеттерінде көрініс табатын қуаныш пен қайғы-қасіретті тез алмастыруды бастан кешеді. Алайда холерик қозғалысы сангвиниктердің қозғалысынан ерекшеленеді. Егер сангвиникте ептілік, бірқалыпты қозғалыстар болса, онда холериктің іс-әрекеттері жиі өткір, шапшаң сипатта болады [9, б. 31].

Холериктердің еңбек қызметі барысында бірізділікті, ұқыптылықты, тәртіпті тәрбиелеу, тапсырмаларды сапалы орындауды талап ету қажет, бұл ретте холериктер монотонды және біртектес жұмысты ұнатпайтынын есте сақтау қажет. Холериктің ақылға қонымды ынтасын көтермелеу керек. Холерик жиі белсенді күйде болады, сондықтан «онымен қатты тонмен сөйлесуге болмайды, бұл оның қозуын күшейтеді».

Холерик темпераментінің өкілдері құмарлықты, белсенділікті, ынта-жігерді, күш-жігерлілікті, өзінің теріс көріністерін, көрсеқызарлықты, қозғыштықты тежей отырып, өздерінің оң қасиеттерін пайдалануы тиіс. Холериктер жағымсыз реакцияларды тежеуге тырысу керек. Бұл оқушылардан «жұмсақ, бірақ табанды сабырлы, ойластырылған жауаптарды талап ету, жолдастарымен және ересектермен қарым-қатынаста мінез-құлқындағы ұстамдылықты жүйелі түрде еске салып отыру» қажет.

Холерик-жасөспірімдер батыл әрекеттерді талап ететін жағдайларда өздерін жақсы көрсетеді. Олар мәселенің мәнін тез түсінеді, басқалардан қауіп-қатерден аз қорқады, қажетті шешімдерді дер кезінде табады, талап етілетін бастамашылық танытады, үлкен эмоциялық өрлеумен әрекет ете отырып, құрдастарының арасында жетекшіге айналады, оларды әртүрлі тәуекелді іс-шараларға тартады. Мұндай темпераменті бар жасөспірімдер жиі «сабақтарды бұзып, төбелеске тартылуы» мүмкін [10, б. 137].

Егер ата-аналар немесе мұғалімдер мұндай мінезді өзгертуге тырысса, ең жиі олардың әрекет бостандығын шектеуге тырысады. Бірақ сол кезде жасөспірімдерде табиғи қарсылық пайда болады, өйткені холериктердің жүйке жүйесі басқаша жұмыс істей алмайды. Оқушылардың холериктік темпераментінің шамадан тыс шапшаңдығын оң арнаға бағыттау қажет. Мысалы, оны қандай да бір мектеп істерінде көмекші етіп тағайындау керек, бірақ бұл қосымша қызмет холерик-жасөспірімнен бір орнында ұзақ отыруды талап етпеу керек [11, б. 54]. Егер бұл мектеп мерекелерін ұйымдастыруға, жарыстарға қатысуға көмек болса жақсы.

Меланхолик темпераменті бар жасөспірімдер үшін психикалық процестер мен эмоционалдық күйзелістердің баяу ағымы тән, алайда бұл тәжірибе тереңдігімен ерекшеленеді. Меланхоликтерде қайғылы,терең көңіл-күй басым. Меланхоликтік темпераменті бар оқушылар эмоционалды осал, қиын өмірлік жағдайларды бастан кешіреді, аз көпшілдігімен, тұйықтығымен ерекшеленеді, депрессияға бейім. Бұл темпераменттің ерекшеліктері - меланхоликтің сыртқы келбетінде де көрініс табады: оның қозғалысы баяу, ұстамды, оларда кедей мимика мен қозғалыстар, даусы жай, елеусіз. Бұл балаларға достарымен қарым-қатынас жасау қиын. Олар бөтендердің ықпалында кетеді, оларды жиі ренжітеді. Меланхоликтер үй тапсырмаларын сапалы және ұқыпты орындайды, бірақ жауап берген кезде тақтаның жанында қорқып тұрады. Болмашы қиындық кезінде оңай жылап қалуы мүмкін.

Меланхоликтің жұмсақтық, сезімталдық, әдептілік сияқты оң қасиеттерін дұрыс пайдалану керек. Жасөспірімге жұмсақтық, әдептілік, сезімталдықпен қарым-қатынас жасау керек. Шамадан тыс қатаңдық және талаптардың күрт артуы оларды тежейді және жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Меланхолик-жасөспірімдер үшін мақтау, мақұлдау, қолдау үлкен рөл атқарады [12, б. 27].

Меланхолик-жасөспірімдер әсершіл, жоғары эмоционалдық сезімтал, қоршаған ортаны қатты қабылдау сезімталдығы жоғары, жұмсақтығы, әдептілігі, сыпайылығы, сезімталдығы және қайырымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай жасөспірімдерге олардың таланттарын анықтауға көмектесу керек. Бұл олардың сыныптағы беделін арттырады. Көбінесе меланхоликтер музыкада, поэзияда, бейнелеу өнерінде табысқа жете алады [13, б. 65].

Флегматик-жасөспірімдер аз қозғалады, энергиялары аз, бірақ олар көп біледі, тыныш жүреді, алайда қиындықтарды жақсы жеңеді, жұмыста табанды. Флегматиктер әлсіз эмоционалдық қоздырғыштықпен сипатталады. Олардың сезімдері мен көңіл-күйі бірқалыпты сипатқа ие. Бұл өз іс-әрекеттерінде тұрақты, табанды жасөспірім. Ол бірқалыпты эмоциялық күйден жай шығады, өте сирек қатты толқиды, эмоцияның жағымсыз көріністерін көрсетпейді. Мимикасы біркелкі, түсініксіз, сөйлеуі баяу, ішкі сезімдерін көрсетпейді, мәнерлі қимылдармен сүйемелдемейді. Флегматиктің адамдарға үйренуі қиын, көп қарым-қатынасты қаламайды, адамдарды таңдап араласады. Тапқырлығымен ерекшеленбейді. Мұндай жасөспірімдер ұйымшыл, ұқыпты. Олар спорт жарыстарына өте сирек қатысады, көшбасшы болмайды, алайда оларға құрбылары мәселелерді шешу үшін олардың кеңестеріне жиі жүгінеді. Бір нәрсе жасамас бұрын, флегматик алдағы әрекеттерді ұзақ ойлайды, алайда қабылданған шешімдерді жоспарлы және бекер емес, жаңа қызмет түрлеріне зорға ауыса отырып орындайды [14, б. 29].

Көбінесе флегматик темперамент ішкі психикалық күйзелістердің кедейлігін, терең қызығушылықтың болмауын, ойлау процестерінің баяулығын байланыстырады. Алайда, флегматиктердің сыртқы экспрессиясының әлсіз жағдайында эмоциялық уайымның барлық тереңдігі сақталатынын ескеру қажет. Флегматик өте жұмысқа қабілетті, ол маңызды және жауапты тапсырмаларды орындай алады. Флегматик темпераментті жасөспірімдер терең моральдық, этикалық және интеллектуалды сезімдерге ие. Флегматиктің баяулығының келемеждеу әрекеттері жасөспірімді өз-өзінен жабылып, өзін-өзі бағалауын төмендетуі мүмкін, сондықтан жасөспірімге мектеп тапсырмаларымен де, өзінің жеке істерімен де күресуге үлгеру үшін күн тәртібін жоспарлауға көмектесу керек. Уақытты жоспарлай білу ұзақ жылдар бойы сақталатын пайдалы әдетке айналады.

Көп жағдайда әрбір жасөспірімде темпераменттің әр түріне тән қасиеттер болады. Бұл жағдайда аралас немесе амбиваленттік түрі туралы айтылады. Мысалы, үйде ата – аналармен қарым-қатынаста оқушы өзін флегматик ретінде пассивті және әлсіз эмоционалдық, ал мектепте-сангвиник сияқты жігерлі және белсенді етіп көрсете алады. Темпераменттің әрбір түрі өзінің күшті және әлсіз жақтары бар, сондықтан әрбір күшті жақтарын пайдалану және әлсіз жақтарын жеңу үшін ең жақсы жолдарын табуға болады.

Флегматик-жасөспірімдердің оң әлеуетін дамыту үшін олардың өз іс-әрекетіне, сондай-ақ айналадағы адамдардың іс-әрекетіне эмоционалдық қарым-қатынасын жиі туғызу қажет.

Жасөспірімдердің темперамент типтерінің қысқаша сипаттамасы 1-кестеде келтірілген [15, б. 11].


1 кесте - Жасөспірімдердің темперамент типтерінің қысқаша сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет