Клинико-морфологическая характеристика канальцевого аппарата почек при различных формах сепсиса



бет15/16
Дата17.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#75102
түріАвтореферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
АВТОРЕФЕРАТ-ОТ-17.05.10

ТҰЖЫРЫМ
Ли Иван Иванович
Сепсистің түрлі формалары кезінде бүйректің түтікшелі аппаратының клиникалық-морфологиялық сипаттамасы
14.00.15 – Патологиялық анатомия
медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға
ізденген диссертациясы

Сепсис кезіндегі өлім-жітім жағдайы әлемнің басқа елдері мен аймақтарында әлі де өте жоғары, ол 52,4 % жағдайды құрайды.


Аталмыш зерттеудің мақсаты сепсистің түрлі формалары кезінде бүйректің түтікшелі аппаратының морфологиялық өзгерістерін оның клиникалық көріністерімен және бүйрек қызметінің бұзылыстарымен салыстырып зерттеу болып табылады.
Осы диссертациялық жұмыста сепсистен қайтыс болған науқастардың 240 сырқатнамасы зерделенді, оның ішінен 244 бүйректің гистологиялық талдауы бар 122 сырқатнама таңдалды.
Зерттеу барысында ауырлық дәрежесі бойынша сепсистің даму жиілігі 2,5% құрайтыны анықталды. Ауыр сепсис жағдайы - 80,3% (98 науқас), септикалық шок - 17,2% (21 науқас), көпағзалық жеткіліксіздік - 46,0 % (56 науқас) құрады.
Сепсистің кең тараған көздері болып септикалық эндокардит (34,4%), уросепсис (20,5%) және пневмония (17,2%) табылды.
Жарақатты сепсис 11,5% құрады. Сепсистің дамуына 6,6% - АІЖ мен гепатобилиарлы жүйенің аурулары, 4,0% - іріңді менингит, 0,9 % - отогенді және т.б. жағдайлар әкеледі.
Зерттелген материалдарда сепсис қоздырғыштарының ішінде жиі мультирезистентті формасы бар грамтеріс флора басымырақ болды. Ауыр сепсис кезінде Гр – теріс флораның мультирезистентті штаммдары, Гр – оң флорамен (30,6%) салыстырғанда, 2 есе жиірек (64,6%) анықталды.
Сепсисті нақтамалаудың негізі болып ACCP/SCCM әмбебапты нақтамалау критерийлері табылады.
Науқастардың 54%-да (ауыр сепсис - 66%, септикалық шок - 34%) жүйелік қабыну реакциясы синдромының (ЖҚРС) үш критерийі; ал 46%-да (ауыр сепсис - 36%, септикалық шок – 64%) ЖҚРС төрт критерийі анықталды. ЖҚРС толық көрінісімен септикалық шок екі есе жиі байқалады.
APACHE II шкаласын қолданғанда септикалық үрдістің дамуындағы ауыр жағдай 18-20 балды құрағанын және ауыр сепсис пен септикалық шокта айырмашылығының жоқ екенін көрсетті.
Жағдайы ауыр, яғни көрсеткіші > 20 балл болатын науқастардың өлім жітімдік мүмкіндігі 75% құрайды; ал < 15 балдық ауырлық жағдайында өлім жітім байқалмады.
ЖКАЖ құрамындағы (R.Bone және A.Baue критерийлері бойынша) ағзалар мен жүйелердің саны өскен сайын, өлім жітім де жоғарылайды:
– екі ағза мен жүйенің зақымдануында өлім жітім 8% құрады;
– үшеуі зақымданғанда – 52,5% (ауыр сепсиске қарағанда - 41,7%, септикалық шокта шынайы жоғары – 68,75%);
– төртеуі зақымданғанда – 90% (ауыр сепсиске қарағанда – 85,7%, септикалық шокта шынайы жоғары – 100%);
– бес және одан да көп ағзалар мен жүйелер зақымданғанда – 100% құрайды.
Патологиялық жағдайдың морфологиялық нақтамасын жетілдіру үшін гистологиялық белгілердің көпфакторлы жартылай сандық талдауына және аса ақпараттық нақтамалау критерийлерінің синтезіне негізделе отырып, гистологиялық зерттеудің ережелерін сақтау керек (Хмельницкий О.К. 1994).
Сепсистің классикалық жіктемесіне сәйкес барлық өзіндік секциялық материалды 3 топқа бөлінді:
1. Септицемия – сепсистен қайтыс болғандардың жалпы санының - 10%-да (12 науқаста) анықталды.
2. Бактериялық эндокардит – 30% (36 науқаста) құрады.
3. Септикопиемия 60%-да (74 науқаста) байқалды.
Сонымен, түрлі топшаларды гистологиялық зерттегенде түтікшелер зақымдануының морфологиялық белгілері септицемия үшін ішкі нефрогидроз және формасы мен мөлшерінің өзгерістері бар, қыртысты және милы қабаттардың түтікшелер эпителийінің некрозы болып табылады. Бактериялық эндокардит кезінде бүйректегі морфологиялық өзгерістер түтікше эпителийінде гидропиялық дистрофияның, коагуляциялық және колликвациялық некроз ошақтарының дамуымен сипатталады. Септикопиемияда бүйректің шумақшалы және түтікшелі аппаратының өзгерістері анықталды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістерге шумақшаларда фибринді тромбтардың болуымен сипатталатын қанайналым бұзылыстарының белгілері қосылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет