үлес қосып жатыр.
– Билер институтының заманында қол-
да нылған рәсімдерді қабылдауда халқы-
мызда түсініспеушіліктер туып жатқан
жоқ па?
наразылығына жол бермейді.
аяқталады. Бұл жақсы көрсеткіш.
баратындай мәртебеге жетулері қажет.
Адвокаттардың партисипативтік тәсілді
қолдануға ұмтылысы қай деңгейде?
деңгейі жоғары дей алмаймын.
береді.
– Әңгімеңізге рақмет.
Түймегүл ИБАШЕВА,
«Заң газеті»
ТАРАЗЫ
№101/1 (2879)
15 қыркүйек 2016
5
zangazet@mail.ru
ЗАҢҒАР
«Бiз Алаштың ақысын өзгеге же
гiзбеуiмiз керек, қазақтың құқын
қор ғауымыз керек. Ұлттың құқын,
ха лықтың арнамысын ешкiмге тап
тат паймыз!» – деген қағида Алаштан
шыққан алғашқы заңгерлер Жанша
Досмұхамедов, Бақытжан Қаратаев
секілді азаматтардың ұстанымы еді.
Рас, қазақ талай зұлматты ба
сынан кешірген ел. Үзілуге шақ қалған
сәттерде үмітті үрлеген де осындай
қайраткер азаматтардың жанкеш
тілігі. Құқығын білмейтін, есесі есер
елде кеткен талай қаракөздің құнын
даулап, қазақтың сауатын көтеруге
барын салған Алаш арыстарының
қайраткерлігі жайлы жеке талдаулар
алдағы күндердің еншісінде. Бүгін біз
ата тарихтағы айтулы ерлердің жолын
жалғап, халқына қыруар еңбек сіңір
ген қоғам және мемлекет қайраткері,
заң ғылымдарының атасына айналған
тұлға Салық Зиманов жайлы сөз қоз
ғамақпыз.
Қайраткер
Әдетте, біз «Конституция бойын
ша өмір сүру – ол демократияның
ең жо ғарғы мектебі» дей міз. Ата Заң
– әр халық тың өз таңдауы бойын
ша реттелетін демо кра тия лық құ
қықтардың үлгісі. Ол адамзаттың
бел гілі бір заңдарға сүйене отырып,
адал өмір сүру нормалары. Тәуел
сіздіктің алғаш қы жылдарынан ке
йінгі Қазақ елінің ал ғашқы миссиясы
өзі нің Конституциясын қа былдау
болатын. Алайда, оның ішкі ре сурс
тарын тү гендеп, қо ғамды біріктіре
алатын кү шін шамалап, қауқарлы
дүние жа сап шығу оңай шаруа емес
еді. Міне, осындай қиынқыс тау
кезеңдерде елдің көптеген заң
гер, ғалымдары, саясаткер, тарих
шы, өзге де қай рат керлерімен
қа тар, бұл істің басында Салық
Зиманов ағамыз тұрды. Талай ай
тылып жүрген тарих болса да, осы
тұста ол кісінің орасан зор еңбегін
ерекше атай кетпеу күнә. Өйткені,
Зиманов тәуелсіздіктің алғашқы
қиын да жауапты жылдарында Мем
лекет басшысының қасында болып,
азат тыққа жаңа қол жеткізген Ота
нымыздың өркендеуіне бағытбағдар
берді, ұлт зиялыларының өнегесімен
халыққа шынайы қызмет етті.
Білікті заңгер маман ретінде
еге мендік, тәуелсіздік жолындағы
Қазақ станның халықаралық қаты
нас тарын заңдастырып, қазақ ті
ліне мемлекеттік мәртебе беру, пре
зиденттік басқару институтын ен гізу,
құқықтықдемократиялық ре фор
маларды жүргізу ісіне белсене ара
ласты. Қазақстан мемлекеті мен
құқығының тарихын, ұлттық мем
лекет құрылымының теориялық мә
селелерін зерттеуде жаңа ғылыми
бағыт қалыптастырып, әділ сотты
қам тамасыз ету үшін республика да
сот мүшелерінің қатысуымен би лер
алқасын енгізуге басшылық жасады.
Ата Заңның
негізін қалаушының
бірі
1993 жылғы алғашқы Конститу
цияның әлеуетінің әлсіздігі 1995 жылы
30 тамыздағы Конституцияның жаңа
сипатта, Қазақстан халқының жаңа
ша өмір сүру талаптілектеріне сай,
құқықтық қырлардың толықтырулар
мен өзгертулерді қажет етуіне орай
қайта жазылды. Америка Құрама
Штаттары мен Францияның, Англия
мен Канаданың және басқа да көпте
ген дамыған елдердің ата заңдары ның
тәжірибелерін саралай отырып, өз
еліміздің өзгерген, толықтырыл ған,
барлық ерекшеліктері толық қам
тылған Ата Заңын өмірге келтіру тек
қана қызметтік міндет емес, елеулі
ел ағаларының алдындағы перзент
тік парыз да еді. Егер де ел заңдары
жеке мүддеге болмаса әділетсіз
шешімдерге ыңғай беретін болса,
дамудың даңғыл жолына түскен
жас мемлекеттің алдындағы үлкен
мұраттар да аласара беретіні әбден
мүмкін еді. Алайда, Салық Зиманов
секілді заң ғылымдарының абыздары
бұдан кейінгі Ата Заңның жаңартылған
үлгілерінде ел бірлігі мен тұтастығына
нұқсан келетін я болмаса замана
жүгін көтере алмайтын баптар мен
ережелерге орын қалдырмады. «Біз
тәуелсіздігімізді алдық, өз Ата Заңы
мызды қабылдадық. Қазір арада
қаншама жыл өтті, бүгінгі біз, бүтіндей
қоғамымыз Ата Заңмен ғана өмір
сүріп жатырмыз. Ата Заңның түбі, тегі
мықты болды, Ата Заңға сүйенген
еліміздің ел ішінде де, көршілес ел
дер және әлемдік қауымдастықпен
арадағы байланыстары да жақ сы
жалғасын тауып кетті. Бұл нені бай
қатады? Бұл, біріншіден, біздің Ата
Заңымыздың дұрыстығын, Ата Заңы
мызды негіз еткен мемлекеттік бағы
тымыздың дұрыстығын байқатар еді»,
– дейді академиктің өзі де.
Акаде мик қазақтың би лер сотын
та рихи және теориялық тұр ғыдан
зерт теу дің нәти же сінде бір қатар ғы
лыми еңбектер жариялап, онда бүгінгі
ұрпақ біл мейтін билік өнеріне қа тысты
көптеген қа зақ тың мақалмәтелде рін,
әңгімелер мен оқиға ларды жарық
қа шығарды. Билер сотына қатысты
зерт теулерінің нә ти желері «Қазақтың
би лер соты – бірегей сот жүйесі» атты
жеке ең бегінде, «Қазақтың ата заң
дары» атты 10 томдық еңбектерінде
жә не өзге де жекелеген мақалала рын
да кеңінен көрініс тапты. Ғалымның
қа зақ билер соты ортақ мәдени құн
дылық қана емес, сонымен қатар,
өркениет тұрғысында аса маңызды
институттық саясиқұқықтық жүйе
екендігін алға тартқан дәлелдеріне
елдегі зиялы қауым, білікті мамандар,
практик судьялар да келісті. Елбасы
Н.Назарбаевтың өзі де: «Кеңес өкі
меті кезінде жұртшылық өздерінің
арызшағымдарын партия, атқару,
кәсіподақ комитеттеріне айтатын.
Енді әділдік іздеген адамдар сотқа
жүгінетін болды. Сондықтан да, жа
уапкершілік жүгін сезіне отырып қан
дай маңызды істі қарасаңыздар да,
Ата Заңымызды басшылыққа алып,
имандылық тұрғысынан шешіңіздер.
Бұл тұрғыда билер сотының маңы
зы да айрықша», – дегенді. Яғни,
адалдық, әділеттілік ұстанымы біздің
бүгінгі судьялар корпусының талай
сатыларды артқа тастай отырып қол
жеткізіп отырған жемісі. «Бір кездегі
ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар
мұрасы болып табылатын заңдылық
пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қай
тадан біздің тарихымыздың алтын
бетіне айналуда және болашақта
жалпы өркениеттік мұрасына да ай
налар деген үміт бар», – дейді Салық
Зиманов бір тұста. Яғни, дамыған
елдердің демократиялық жүйесі мен
ашықтығын аңсайтын дамудың сара
жолына енді аяқ басқан жас мемлекет
үшін Зиманов ұстанымы мен Зиманов
тағылымы ту іспетті.
Ғалым
Академик Зимановтың баға жетпес
еңбектері тарих бейнесі, мемлекеттің
республикалық Ғылым акаде миясы
президиумының бас ғалым хатшы
сы, Ұлттық Ғылым академиясының
Мемлекет және құқық институтының
ұйымдас тырушысы, осы институт
тың мем лекет тарихы мен теориясы
және құқығы бөлімінің меңгерушісі,
тәуелсіздігіміздің алғашқы күнде
рінен аталмыш институттың құрметті
директоры секілді еңбек жолы ерек
ше қабілет иесінің мол тәжірибелі
өмірінен көп мағлұмат ұсынып тұрса
керек. Таза мұрағаттық еңбектерді,
түрлі әлеуметтік, саяси оқиғаларды
таза ғылыми дәрежеде жазып, артық
сөзсіз оқырманына керекті дүниеге
айналдыру екінің бірінің қолынан
келе бермейтін шаруа. С.Зиманов
тың Орта Азия мен Қазақстанның
ие лігіндегі байырғы мемлекеттердің
та рихы, олардың мемлекеттік, қо
ғам дық құрылыстары, заңдық жүйе
лері, федеративтік мемлекет, конс ти
туциялық құқық, мемлекеттік құқық
пен саясаттану жайындағы еңбекте рі
ғылым әлеміне қосылған орасан зор
үлес.
«Қазақтардың ХІХ ғасырдың 1жар
тысындағы қоғамдық құрылысы»,
«Қазақстанның ХVIII ғасырдың соңы
мен ХІХ ғасырдың алғашқы жарты
сында ғы саяси құрылысы» атты ең
бектері айрықша бір төбе. Билер инс
титуты мен ұлы Абай жайлы ғылы ми
зерт теулері бүгінде қолданқолға өтіп,
көпшіліктің бағдаршамы секілді болды.
«Бөкей Ордасы және Ресей империя
сы», «Қазақтардың ХІХ ғасыр дың Іші
жартысындағы қоғамдық құ рылысы»,
«Шоқан Уәлихановтың сая си көзқара
сы», «Мұхамеджан Серәлиннің қоғам
дықсаяси көзқарасы» монография
лары тарихтың салмағын арттырып
тұрған ұлы мұралар.
«Қазақтың ата заңдары» атты се
риямен шыққан еңбек Салық Зи
манов шығармашылығында ізденіске
толы кезеңдер жемісі деуге толық
негіз болады. Академик ағамыздың
жетек шілігімен, редакторлығымен
қолға алынған үлкен еңбек ұлы мұ
рат тарды мақсат етті. Он томдық
тың жүгін арқалаған туынды белгілі
тарихи тұлғалардың, ойшыл дардың,
жиһангерлердің, ғылым мен мәде
ниеттің бұрынғысоңғы көрнекті өкіл
ұстанымы әділдік, әділ төрелік болды
десек, заңгер үшін «судья – бренд,
ядро». Ендеше, тәуелсіздіктен кейінгі
жылдардағы бұл саланың қалыптасып,
құзырлы орын ретінде елге қызмет ету
процесі де Зиман овтың назарынан тыс
қалған жоқ. Осы уақыт аралығында
ғы халықтың сот орындарына деген
сенімінің төмендеп, судья беделінің
түсуі заң гер зерттеулерінің, заңгер
қай раткерлігінің артуына себеп болды.
Салық Зиманов өзі киелі, мәртебелі
санайтын сот саласының бұл ол
қылығын түбегейлі зерттеді және де
өзінің белсене атсалысуы арқылы за
мандастарының біліксіздігін сынады,
ел дегі бұл жүйенің қай мәселеде
ақсап отырғанын ашық айтты. «Егер
құқық қорғау жүйесіндегі сотты тү
зесек, онда басқалары да оңалады,
оң нәтиже басқаларының бойына
тарайды. Сондықтан, көп нәрсе сотқа
байланысты. Мен тек қана бір жағын
айтып отырмын. Жұрттың бәрі адал,
әділ бола алмайды. Ол үшін жасынан
қалыптасу кезеңінің жарқын айғағы.
Оның құнды кітаптары ешқашан
уақыт көшінен қалған емес, керісінше,
замана қажеттілігі мен талапкерге
жол сілтеуші даналық бағытбағдары
іспетті. Қоғам өміріндегі кез келген
жайттар мен оқиғалар көкірегі ояу
ұлы ғалымның назарынан ешқашан
тыс қалған емес. Ол өмірінің соңы
на дейін жаңашыл көзқарасы мен
демократиялық ойтұжырымдарын
жүйелі түрде зерделі жасқа ұсыну
дан танған емес. Ғалымның соңғы
жылдардағы баспасөз беттеріне бер
ген сұхбаттары мен ойпікірлері әлі
күн ге дейін өзінің өзектілігін жойған
жоқ.
Қазақстандық құқықтанудың, заң
ғылымының, мемлекет және құқық
тарихының негізін салушы ретінде ол
бүгінгі ұрпақтар үшін терең білімге,
жаңа идеяларды тынбастан іздеуші
әрі оны жүзеге асыруға табанды
ұмтылудың шынайы үлгісіне айналды.
Міне, содан да Қазақстанның ғылы
ми ойының дамуының тұтастай бір
дәуірі Салық Зиманұлының есімімен
байланысты. Салық Зиманұлы нағыз
азамат, өз елінің шынайы патриоты
еді. Ол өзінің бұл қырын қолына қару
алып, соғыс кезінде майдан даласында
да, Ғылым академиясының мүлгіген
тыныштыққа бөленген кабинеттерінде
де, Парламенттің биік мінберінде де
дәлелдеді.
Салық Зиманұлы Ұлы Отан соғы
сы жылдарында жанқияр батырлық
пен ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Ол
сегіз майданда Отан үшін отқа тү
суден ешқашан тайсалмаған. Оның
әскери наградалары – I дәрежелі
Отан соғысы ордені, «Қызыл Жұлдыз»
ордені, «Кавказды қорғағаны үшін»,
«Кенигсбергті алғаны үшін» медаль
дары – қазақстандық майдан гердің
қажымас қайратының символы.
Дәуірдің дарабозы болған Са лық
Зиманұлы – аса үлкен ауқымдағы
ғұлама ғалым. Қайраткер өмірінің
соңына дейін ізденуін тастамады және
өзінің білімін өзгелерге үйретуден
жалықпады. Салық Зиманұлы өзге
рістер дәуірінің ойшылы болды. Біз дің
еліміздің бүгінгі өмірінде өтіп жатқан
барлық орасан оқиғаларды өзі арқылы,
өз жүрегі арқылы өткізді. Онымен
әңгімелесу әрдайым жаңаша ойлап,
білім кеңістігін кеңейтуге сеп тігін тигізді.
1948 жылы Бүкілодақтық заң ин
ститутын бітіріп, негізгі еңбек жолын
Ұлттық Ғылым академиясымен байла
ныстыру, одан кейін аспирантурада
оқу, академияның ғылым секторына
жетекшілік ету, академия жанындағы
философия және құқық секторы мең
герушісінің бірінші орынбасары, Алма
ты заң институтының директоры, Қазақ
КСР Ғылым академиясы Философия
және құқық институтының директоры,
Қай заманда да, қай дәуірде де заң адамдар үшін қызмет ет кен,
тіпті, қоғамдағы әртүрлі қарым-қатынастар мәселесіндегі салалық
заңдардың өзі де түптеп келгенде адамдардың құқы мен мүддесі
тұрғысынан ғана өлшенетін. Бұл менің ашып отырған жаңалығым
емес, қай дәуір, қай замандағы ежелгі заңгер-философтардың бәрі
де осылай деген.
* * *
Қазақтың би-қазылары ешкімге тәуелді болмаған, оларды ешкім
сайламаған, төрелік айтатын адамды дауласушылар өздері таң-
дап, оның әділ шешіміне жүгінген. Сондықтан да, өз абырой-беделі
үшін билер ешкімге қиянат жасамай, шындықтың жоқшысы болған.
* * *
Қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген халықтар өмірінде
көптеген ғасырлар бойы астан-кестен оқиғалар мен өзгерістер
болды. Осындай қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы
ретінде ұрпақтар үшін екі мәңгі құндылықты сақтап қалды. Ол —
сөз құдіреті мен заң құдіреті.
* * *
Іс қарау — бұл зор жауапкершілік. Жүрегі таза адам ғана
әрі кеткенді бері тартады. Мәселен, Қазақстан колониялар мен
түр мелерде отырған адамдардың саны бойынша әлемде 22-ші
орын алады екен. Бұл дегеніңіз — біздің ел адамдарды түрмеге
отырғызудан алда келеді деген сөз. Ойласатын-ақ жайт, негізі, кісіден
тырнақ астынан кір іздемеу керек, айып тағылса нақты болсын,
дәлелді болсын, соған орай үкім әділ шықса өкініш жоқ. Әйтпесе «әп
бәлем, қолға түстің бе» деп абақтыға тоғыта беру жөн емес.
Достарыңызбен бөлісу: