Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)



бет12/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Түсу сөзінің қазіргі қалпы мен М.Қашғари сөздігіндегі болсақ. Мысалдарын салыстырып қарайтын араларында алшақтықтың екендігіне көз жеткізуімізге болады. Сөздікте түс етістігі шығыс септікті сөзбен, барыс септікті сөзбен тіркесіп келген. Қазіргі қазақ тілінде де түс етістігі шығыс, барыс септікті сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздікте берілген мағынаның барлығы да қазіргі қазақ тіліні де түс сөзі арқылы беріледі . Демек бұл жерде де айырма шылық жоқ. Айырмашылы , олардың қолданылу деңгейінде сияқты. Уақыт өтуімен байланысты түс сөзі жана тіркестер де қолданылы , жаңа мағыналық реңктерге ие болуы мүмкін. Мысалы, көне жазба ескерткіштер тілінің өзінде - ақ , түс естістігі барыс септікті сөзбен ( зат есіммен ) тіркескенде тек жоғарыдан төмен қарай бағытталған қозғалыста ғана емес , қимылдың бір арнаға түскендігін де білдірген . Мысалы , Итлар артина тушди ( С.Сарои ) .
Келтірілген мысалымызда туш сөзі жоғарыдан карай төмен бағытталған қимылды емес, белгілі бір арнаға, жөсінге түскен кимылды білдіріп тұ . Рас М.Қашғари сөздігінде түс сөзінің қону мағынасыда бар.
Сөздікте оған Тўші — тўшиладиган, кўниладиган жой-деп анықтама берілген ( МК а , 311 ) . Бірақ бұны


Куриб анлар куниди тишлаб эрин


Туширдилар саройка кирди Ширин ( Қутб ) —

дегендегі туш сөзімен тікелей байланыстыруға болмайды. Біздіңше, адамдардың атқа мініп ( көлік ретінде ) жүріп аттан түсуі оның бірінші мағынасы да, аттан түсіп демалатын кезі, тоқтау мағынасы — түс сөзінің бірінші мағынасынап туындаған екінші мағынасы . Бұдан қолға түсу сияқты мағыналар дамыса, жоғарыдан төмен түсу мағынасынан артына, жолға түсу мағынасы дамыған . Үшінші мағына араластыру , iлiктiру мағынасы осы екі жолдың негізінде бейнелеу , эмоциялау заңы бойынша ( 181 ) пайда болған. Мысалы, Сизни аниң бирлә фитинага тушурмадин қоймаз мән ( Н.Фарадис). Оқуға түсу, институтқа түсу осы мағыналардың дамуы нәтижесінде , сол схемамен дүниеге келген . Хатқа түсті, көзге түсті дегендегі мағына түсу етістігінің баска жолмен пайда болған мағынасы болып саналады. Демек мағынаның даму жолы бір ізді болмайды .


Д.М. Насилов өзбек тіліндегі кел, кет, бар етістіктерінің көмекші етістік қызметіне талдау жасай отырып, олардың амал - әрекет етістіктеріне бағыттық, алыстағандық мағына қосатындығын көрсетеді ( 177 , 164 ). Шындығында да кел , кет , бар етістіктерінің өздері тіркесіп келген жетекші етістіктердің мағынасына бағыт - бағдарлык мән қосатындығын да шығаруға болмайды. Ұшып келді , ұшып кетті дегендерде алыстау, жақындау (бағыттық ) , мағынасы бар . Бұл олардың тура , толық мағыналы етістік қызметіндегі тікелей байланысып жатқан мағынасы . Ал әңгіме қызып кетті , әңгіме кызып келеді , әңгіме қызып барады дегендерде ондай мағыналық байланыс жоқ. Онда жақындау да , алыстау да байқалынбайды . Тек амалдың өту сипатымен байланысты мағыналық реңк бар . Олар кел , кет , бар етістіктерімен тек этимологиялық жақтан ғана байланысып жатады. Сондықтан Н.Оралбаеваның сөздердің аналитикалық форматының мағынасы тек көмекші етістіктің мағыналарымен байланысты бола бермейді деген пікірінде шындық бар .
В.М. Жирмунскийдің сөздердің лексикалық жақтан дамуы фразеологияға, грамматикалық жақтан дамуы аналитикалық формаға алып барады деген пікірі барлық кезде де дұрыс бола бермейді дегенде , біз осы сөз мағынасының заңдылығына негізделіп отырмыз. Қолымызда бар материалдардың көрсетуінше, сөздер ешқашан , бір жақты дамымайды, олар әрі грамматикалық жақтан, әрі семантикалық жактан дамиды . Тұрақты тіркестеде , көмекші сөздердің пайда болуында да семантикалық даму негізгі қызмет атқарады. Көмекші сөздердің қалыптасуында сөздердің грам- матикалық белгісі , мағынасы ғана дамып , лексикалық мағынасы дамымайды деген түсінік дұрыс емес . Керісінше , атауыш сөздің лексикалық мағынасы дамып , қолданылу аясын кеңейтіп , жайылыңқы , дербестігі солғындаған мағынаға ие болады. Осы солғындаған мағына ғана грамматиканың аясына түседі , соның категориясының мағынасын толықтырады . Бұл үшін көмекші сөз қызметінде қолданылған толық мағыналы сөз де, фразеологияның құрамындағы сөздер де тілдерде бұрыннан қолданылып келе жатқан үлгіге сүйенеді. Бірақ көмекші сөздермен келген үлгі тілде жиі қайталанып ойды дәл жеткізу үшін қызмет етсе, фразеология өзі тіркескен сөзбен сирек қолданылып, ойды бейнелі, әсерлі жеткізу үшін қолданылады. Тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздердің тұрақтылығы, оларды бөле - жара сирек қолдану құрамындағы бір сөздің не барлық сөздің мағынасының ұмытылуына, өзгеруіне себепші болады немесе арнайы қолданылғандығы үшін құрамындағы бір сөздің не тіркестің мағынасы өзгереді. Салыстырыңыз , ойға шому , салы суға кету , қара дүрсін , қой аузынан шөп алмайтын т.б. Тұрақты тіркестің мағыналарының қалыптасушы жолын , зандылығын арнайы зерттеу керек. Бұл түркі танымда ашылмаған байлық. Дегенмен фразеологияда да , көмекші сөздерде де дамудың бірінші сатысы бірдей басталған . Екеуі де о баста сөз тіркестері ретінде қалыптасқан . Уақыт өтуімен байланысты еркін тіркесу қабілетінен айырылған . Тұрақты тіркестің пайда болуы бір сөз тіркесінің құрамында келген сөздердің грамматикалық жақтан тұрақтануына, арасына сөз салмай бір бүтін тұтастыққа келуіне жағдай жасаған . Олардың бір компоненті не барлық сөзі өздерінің лексикалық мағынасынан ауытқып, сол тіркестегі басқа сөз дермен байланысып қана қолданылатын дәрежеге жеткен Жалпы мағыналық өзгеріс ең кем дегенде кіші контексті талап ететіндігі анық. Осы кіші контекст тұрақталып, тұрақты сөз тіркесін жасаған. Мысалы, қабырғаңмен кеңес , тонның ішкі бауындай , алма мойын т.б. Нәтижеде бұл сөздер мағына жағынан бір сөздің мағынасына тең құрамындағы сездердің тұтастығын талап еткен. Өз жолы мен бұл тұтастық тұрақты тіркес құрамындағы жеке сөздердің грамматикалық жақтан дамуына жол бермей қойған. Тіпті тұрақты тіркес құрамындағы жеке сөздер синтетикалық жақтан да дамымай, семантикалық тұрақтылықты сақтаған . Нәтижеде жеке сөздер дербестігінен ажыраған. Қой аузынан шөп алмайтын жігіт тіркесі момын мағынасын білдіреді де, жеке сөздерге мағына жағынан байланысты болмайды. Тауы шағылды сөзінің екеуінің де мағынасы қазіргі қазақ тілі үшін көмескіленген , тек осы тіркестер ғана мағына беретін дәрежеге жеткен. Бірақ бұл екі сөз де казак тілінде қолданылады. Кежегесі кейін тарту, жанын жегідей жеу т.б. дегендерде кей сөз (кежеге, жегі) қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды . Олардың сақталып қалуына осы тұрақтылық себепші.
Көмекші сөздер де еркін сөз тіркестерінен басқаша болды. Көмекші етістік болсын, көмекші есім болсын, септеулік шылау болсын, өзінің алдындағы жетекші сөзбен байланысу тәсілі жанынан еркін сөз тіркестерінен, тұлғасы жағына айырмашылығы болмайды . Жетекші сөздің белгілі бір формада тұруын талап етіп, өздері сол сөзді мағына жағынан толыктырып тұрады. Мысалы, көмекші есімдер өздері қатысты болған зат есімнін, не зат есім орнында қолданылған сөздің ілік септік формасында тұруын, көмекші етістіктер болса өздері қатысты болған жетекші етістіктердің есімше, не кесемше (кейде рай) формасында келуін, ал септеулік шылаулар болса өздері қатысты болған зат есімнің белгілі бір септік жалғау формасында келуін талап етеді . Жалғаулық шылаулар мен демеуліктердің, модаль сөздердің жағдайы баскашалау, олардың сөйлемдегі қызметі де басқаша.
Жалпы көмекші сөздердің мағынасының дербестігі жок екендігін есепке алмасақ, онда олардың грамматикалық жақтан аздап болса да тәуелсіздігі, еркіндігі бар екендігіне көз жеткізуге болады. Сөздердің толық мағыналы сөздерден косымшаға дейін, даму жолының болуының өзі осы жеке дер бестікгінің бар екендігінен хабар береді. Әрине көмекші сөз дердің даму деңгейіне қарай олардың грамматикалық сипатында да айырмашылық көбейе беретіндігі даусыз. Функционалды көмекші сөздердің өз алдындағы толық мағыналы сездің белгілі бір грамматикалық формада келуін талап етуі кей ғалымдардың еркін сөз тіркесінің бір сыңары деп та нуына себепші болған (83, 87-88). Көмекші сөздің сөз тіркесінің дербес бір сыңары болу, болмауының теориялық негізін анықтау бұл жұмыстың мақсатына енбейді. Көпшілік ғалымдар Таудың басы , ауылға қарай ,күн шығып келеді тіркесіндегі басы, қара , келеді деген сөздерді сөз тіркесінің жеке сыңары деп санамайды. Бұл логикалық жақтан дұрыс.
Атауыш сөздердің көмекшілер қатарына өтуінде грамматикалық шектеу негізгі роль атқармайды, мағыналық даму негізгі қызмет атқарады. Грамматикалық жағдайлар сол мағынаның дамуына фундамент жасап, жол ашып береді. Қазіргі күндегі қолданылып жүрген актив сөздер, екіншіден, өте конкретті зат атаулары немесе кимыл атаулары, үшіншіден, көп мағыналы сөздер болған. Біздіңше, атауыш сөздің көмекші сөз қызметінде қолданылуына, көмекшілер қатарына өтуіне тек көп мағыналық жол ашып берген сияқты. Ал көмекші сөздердің бір сатысынан екінші сатысына өтуiнде грамматикалық фактор негізгі қызмет атқарады .
Көп мағыналық – өмір талабы негізінде пайда болған семантикалық құбылыс. Бұл туралы В.В. Виноградов былай деген болатын : « Ни один язык не был бы в состоянии выражать каждую конкретную идею самостоятельным словом или корневым элементом . Конкретность спыта беспредельна , ресурсы те самого богатого языка строго ограничены. Язык оказывается вынужденным разносить бесчисленное множество значений по тем или другим рубрикам основных понятий, используя иные конкретные или полу конкретные идеи в качестве посредствующих функциональных связей» (54, 18). Осындай талапты қанағаттандырудың бір жолы — көп мағыналық. Тілде көп мағыналық қаншалықты дамымасын ол сол тілдің ішкі заңдылығы негізінде жасалынады (168,247) . Сөздердің мағынасының көлемі қаншалықты кеңейген сайын оның өзі тіркескен сөзбен байланысты мағынасын күшейте түседі. Қонтекстің көп мағыналы сөздердің қалыптасуына, олардың мағынасының саралануына тигізетін ықпалы мол. Қай сөз болмасын өзінің негізгі мағынасынан ауытқығанда, сөзсіз, екінші бір сөзбен байланысуы, соның жетегінде келіп, мағынасымен байланысуы қажет. Мысалы үшін бас сөзін алып көрелік. Бас сөзінің тура мағынасы — адамның дене мүше атауы. Сонымен бірге ол мүше тік тұрғанда адамның жоғарыдан төмен қарай басталатын бірінші мүшесі де . Осы екінші мағыналық реңк тау сөзіне телініп таудың басы деген тіркес пайда болып, таудың жоғарыдан басталынатын бөлшегі деген мағынаны білдіреді. Бас сөзі бұл мағынаны тау сияқты бірнеше сөздермен тіркескенде білдіріп ( ағаштың басы , шөп тің басы , теректің басы ) бас сөзінің тура мағынасынан өсіп шыққан бір мағына ретінде өмір сүретін дәрежеге жеткен. Бас сөзі адамның жоғары қарап аяқталатын мүшесі де бо ла алады. Осы мағынадан жіліктің басы, ауылдың басы ( о басы мен бұл басы ) , аса таяқтың басы , сияқты мағынасы да пайда болған. Бас сөзінің бірнеше мағыына білдіруінде осы контекстің қызметін жоққа шығару мүмкін емес . Көмекші етістіктердің қалыптасуында да тіркес белгілі қызмет атқарады . Мысал ретінде баста сөзін алып көрелік. Айта бастады , келе бастады, көре бастады дегенде баста етістігі а , е , и көсемше формасы етістіктермен келіп қана амалдың басталу деңгейін білдіретін мағынаға ие бола алады. Семантикалық қағида бойынша контекст, сөз мағынасын жасамайды, бірақ көп мағыналы сөздердің калыптасуына белсене ат салысады, көп мағыналы сөздердің мағынасын тиянақтайды . Салыстырыңыз . Асанды көр, мақаланы көр дегенде көр етістігі бірінші мысалда карау мағынасында , екіншісінде оку мағынасында қолданылып тұр.. Демек Асанды көру мүмкін , ал макала көретін нәрсе тігіне жана мағына үстеп тұр . Мақаланың оқылу қасиеті көр етістігіне жала мағына үстеп тұр. Бұл сиякты касиет баска мағынасының қалыпта сөздердің мағынасының етістіктерде де болуы мүмкін . Мысалы, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінің көп мағыналы етістік ретінде қолданылу себептері бар . Жоғарыда біз сөздердің көп мағыналы болуы үшін : а) өте конкретті зат , ұғым не амал - әрекет атауы болуы керек; ә) күнделікті өмірде өте жиі қолданылуы керек; б) мағынасында жалпылауға бейім мағыналық реңк (сема) болу керек деген болатынбыз . Бұл талаптарға аты аталынған төрт етістіктің төртеуі де жауап береді. Біріншіден жоғарыдағы төрт етістіктің төртеуі де адамның, жан ануардың кеңістіктегі қалпын білдіреді. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде оларға мынадай түсініктеме берген : Жүру ет. 1. Бір жерден екінші жерге бару, кезу. Журген аякка жөргем ілінеді ( Мақал ). 2. Қозғалу, қимылдау. Тық - тық соғып алтын сағат жүреді (Жансаева). 3.Бөлу .Қазір соғыс жүріп жатыр . 4. Жылжу , жүзу . Судың ағыммен зырлап жүріп отырдық . 5. Көмекші етістік . Оның адамдары Балқаштың жағасын тіміскілеп жүр . ( Ғ.Мүсірепов ). Жату ет . 1. Шалқасынан немесе етпетінен , кырынан түсіп жердің немесе бір нәрсенің үстіне созылу, сұлау, бір заттың белгілі жерде болуы . Жердің бетінен бастап , алыс кезге дейін тұтасып мыс жатыр ( Ғ.Мүсірепов ) . 2. Ауыл . Тынығу, ұйық тау . Үй іші сатуға айналды ( Чехов ) . Отыру, ет . 1. Тұрудың қарсы мағынасы . Құйрықтың жерге не басқа бір отыруға лайыкталган орынға тиюі . Отырудың бірнеше түрі болады: жүресінен отыру, малдас құру, тізерлеп отыру, шалқасынан отыру т.б. Дөңгелек столдың айналасында отырып, кешкі шайды қонақтар іше бастады . ( Әуезов ) . 2. Белгілі бір жер де болу, белгілі бір жерді мақұлдау . Еркежан Зереден, Ұлжаннан қалған үлкен шаңырақта отыратын қоралы келін ( М.Әуезов ). Тұру ет. 1. Жан - жануардың, адамның тік қалыпта болуы. Әйгерім тұрып, қымыз ыдыстарын жиғызуға белгі береді ( М.Әуезов ) . 2. Бір заттың белгілі бір жерде болуы. Топтың алдында алтын жалатқан, іші жез құмыра түр (Машанов ). Мекендеу, өмір сүру, тіршілік ету . Қызыл ту ауыл советі . «Аксуат» колхозының қыстағында тұрады ( Көбеев). 4.Ұйқыдан ояну. Қарағым тұрсайшы.Мен тұрғалы қашан ( Сланов ). 5. Орналасу, жайғасу . Орнына мәулет тұрды Жоркындайдың, Шақылдап түсті суық , ызғарлы айдын( Жансүгіров ) ) Сөздікте сөздердің мағынсы толык берілмеген. Оны кейінірек жарық көрген . 10 томдык түсіндірме болып тұрған төрт етiстiктiң де күніне бірнеше рет қайталанып колданылатын актив сөздер екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ . Олардың негізгі қызметінің бірі осы шақтық мағынамен байланысты аналитикалық форма құрамында қолданылуы.
Қолымыздағы материалдардың көрсетуінше, көп мағыналы сөздердің барлығы да көмекші сөз қызметінде қолданыла бермейтіндігін көрсетеді. Мысалы ретінде теңіз, түн жырау, қоңыр, көкірек сияқты сөздерді көрсетуге болады. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде Теңіз сөзіне 1) Жан - жағы құрылыкпен ұштасып жатқан , кеме жүретін ұшы — қиыры жоқ су , 2 ) орасан көп, мол деген екі мағына берсе, тұнжы рау бірінші, қабақ ашпау, түнеру, екінші, аспанды бұлт торлау, жауарман болу сияқты мағынасы барлығын көрсеткен ( 138 ) . Қоңыр сын есімі де көп мағыналы. Сөздікте қоңыр сөзіне үш түрлі мағына берген. 1. Қара мен қызылды ара сындағы қою күрең түс . 2. Онша мәз емес жұтаң. 3. Ықылассыз, көңілсіз, салқын ( 135 ). Бірақ бұл сөздердің бірде біреуі көмекші сөз қызметінде қолданылмайды. Жалпы көп мағыналы сөздердің барлык мағынасы бірдей көмекші сөз кызметінде қолданылуға түрткі бола бермейді . Олардың іштерінде белгілі біреулері әрі қарай дамып, грамматикалануға бейім болатын жалпылық деңгейі күшті болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда талдалынған төрт қалып егістігінің барлығына тән болу, нақты ( орыс тіліндегі находиться сөзімен мағыналас) мағыналық реңкі бар. Осы мағыналық реңк ары қарай дамып, олардың мағынасын кеңейтуге, мағына дербестігін әлсіретуге себепші болған . Олар көмекші етістік қызметінде қолданылғанда осы бөлу схемасы оларды осы шақ мағынасында қолданылуына, созылыңқылық мағына беруіне жағдай жасаған. Егер мысалдарға жүгінсек, 4 етістік толық мағыналы етістік қызметінде қолданылғанда да онда болу семасының бар екендігіне көз жеткізуге болады. Салыстырыңыз . Кұнанбайдың көңілінде маған деген кек жатса , мен қалай бас иемін ( М.Әуезов ) Не айтсаң да бәрі ойымда тұр . ( М.Сүндетов ) . Бүгін, ертен іске асар, кажетіне жарата кой дегенім жок, бұл ойда жүретін нәрсе (Х.Есенжанов ) .
Көп мағыналы етістіктің көмекші етістік қызметінде қолданылуына өздері қатысты болған толық мағыналы етістіктің формасы да өз ықпалын тигізеді . Салыстырып каралық, көсемшені: -ып,-іп,-п қосымшасының қатысуымен жасалынған аналитикалык форма мен а , -е , -й косымшасынын катысуы арқылы жасалынған аналитикалық форманың мағыналарының арасында айырмашылық болады . Айта отыр дегенмен айтып отыр, көре жүр дегенмен көріп жүр мағынасы бір емес. Етістіктің аналитикалық формасын тексерген ғалымдар бұл сияқты көсемшенің екі қосымшасы колдануына сөздердің тіркесі де себепші болады деген болатынбыз. Бірақ толық мағыналы етістіктің көмекші етістік қатарына өтуінің бірден - бір жолы көшелі тіркес екен деуге болмайды . Түркі тілдерінің материалына назар салып сен де қолданылатын көмекші етістіктердің барлығын, сондай - ақ көсемшенің бір түрімен ғана қолданылатын көмекші етістіктің барлығын көрсеткен болатын. Бірақ неліктен кей көмекші етістік көсемшенің екі түрімен де тіркеседі, басқалары неліктен біреуімен ғана тіркеседі деген сұрауға жауап бермейді. Көмекші етістіктің бұлай қолданылуы олардьң мағынасымен байланысты ма екен ? А.Ыскаков казак тіліндегі төрт етістігінің көсемшенің екі қосымшасы формасымен келген жетекші етістікпен тіркесетіндігін айта келіп , олардың мағыналарын салыстырады. Мысалы, -ып, отыр форманты жетекші етістікке амалдың бір қалыпты не үнемі болатындығын , заттың дағдылы бір қалыпты күйін білдіретін мағына үстейді . Естіп тұр , жанып тұр, жауып тұр , су ағып тұр т.б. Й , тұр форманты жетекші етістікте амалдың белгілі бір деңгейге дейін жалғаса беруін , я істеліне беруін білдіретін мағына үстейді . Мысалы , тұра тұр , жүре тур , жасырына тұр , қызмет ете тұр т.б. ( 305 , 272 ) . Қолымызда бар мысалдарымыздың көрсетуінше , көсемшенің -а, -е, -й формасы жетекші етістікке тіркеліп келген көмекші етістіктер қимылдың әлі істелінбегендігін, не жол - жөнекей істелетіндігін, немқұрайды орындалатындығын білдіреді. Салыстырыңыз, айта ғой , біле тұр , айта отыр, қарай гөр , айта жүр т.б. Бұл жерде көсемшенің -а , -е , -й жұрнағының келер шақтың мағынасына ыкпалы барлығын жасыруға болмайды . Ал көсемшенің -ып , -іп , -п қосымшасымен келген жетекші етістіктерге тіркескен көмекші етістіктер қимылдың үзіл - кесіл, кенеттен, бірден орындалғандығын не кимылды ерекше күшпен , ынтамен істелінгендігін т.б. білдіреді . Мысалы, айтып қой , біліп ал , жазып таста , айтып сал , қойып жі бер , айтып шық т.б. Олардың кейде мағына жағынан сәйкес келетіндігі де бар. Мысалы, Н.Оралбаева -п түсті, -а түсті формантының қимылдың өте қысқа, тез орындалуын білдіретін форманттар деп топқа қосқан ( 191 , 94-95 ) .
Жоғарыда атауыш етістіктің көмекші етістік қызметінде қолданылуына сөздердің тіркесі де себепші болады деген болатынбыз. Бірақ толық мағыналы етістіктің көмекші етістік қатарына өтуінің бірден-бір жолы көсемшелі тіркес екен деуге болмайды.Түркі тілдерінің материалдарына назар салып қарайтын болсақ, олардын баска да жолдары бар екендігіне көз жеткізуімізге болады. Мысалы, өзбек тілінде жетекші етістік пен көмекші eтістіктер тек көсемше аркылы байланыспай, жіктік жалғаулары аркылы да байланысады. Салыстырыңыз, Ундай булса биронта одамни туширинг-у, олдириб чиқинг қуйига (М.Исмойлий). Э, қизим, иш йуқ, зерикканимдан усторони кайрайман кўяман, кайрайман куя- ман (Ойбек). Дегенмен жетекші етістік пен көмекші етістердің негізгі байланысу жолы көсемше формасы болып саналады, қалған жолдар осыған қосалкы, оны толтырушы ғана болып есептелінеді.
Көмекші етістіктер толык мағыналы етістіктердің лексикалық мағынасының дамуы аркылы жасалынғанымен, олардың грамматикалық қасиеттері де өзгереді. Мысалы, жетекші етістіктер етіс қосымшаларын кабылдаса, көмекшi етістіктер етіс қосымшаларын кабылдамайды. Отыр, отырғыз, отырылды деп айтсақ та, күн батып барғызды; күн батып барылды, күн батып барысты деп айтпаймыз. Аналитикалык форманын бір компоненті ретінде қолданылу үшін көп мағыналы етістіктің бір мағынасы стандартты, бір формамен ғана қолданылатын даяр форма дәрежесіне жетуі керек. Егер ол сөз кез-келген формамен тіркесетін болса, онда ол өзінің лексикалык мағынасын дерексіздендіре, солғындата алмаған болар еді. Бұл толық мағыналы етістіктің көмекші етістік қызметінде қолданылуына мүмкіндік бермейді. Теориялық жақтан алып қарайтын болсақ айта бастады, айта түс, батып барады дегендердегі баста, түс, бар көмекші етiстіктері осы тіркесте өз мағынасынан ауытқыған, тек а түс, а баста, ып бар форманты құрамында ғана (бір грамматикалық форма ретінде) бір мағына білдіретін дәрежеге жеткен. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері толық мағыналы етістік қызметінде қолданылып, аналитикалық форманың кұрамында келіп те осы шақтық мағына білдіре алады. Бірақ столда отыр, далада жүр. босaғада тұр, төсекте жатыр дегенде негізгі мағына қалыпты бiлдіру болып есептеледі. М.: оқып отыр, ойнап жүр. айтып тұр, айтып жатыр дегенде қалыптық мағына жок, шақтық мағына, амал әрекеттің созылыңқылығын білдіру бар. Зат есімдердің дамып, көмекші есім қатарына өту зандылығы көмекші етістіктің калыптасу заңдылығымен сыбайлас. Егер қазіргі кезде көмекші еcім қызметінде қолданылып жүрген сөздердің этимологиясына, даму жолына талдау жасап қарайтын болсақ, олар біріншіден өте нақтылы заттардың атауы болған, екіншіден олар көп мағыналы және күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер, үшіншіден, олар да стандартты формада ғана толық мағыналы зат есімдермен тіркескен. Мысалы, алды, арты, жаны, қасы сияқты сөздер өзінің этимологиялық бастауын адамның дене мүше атауынан алады. Ал, адамның дене мүше атауының өте нақтылы заттар екендігі және өмірде жиі қолданылатындығы ешкімге сыр болмаса керек. Олардың көп мағыналық қасиетін қазақ тілі түсіндірме сөздігінде берген мағыналарынан да байқауға болады.
КӨМЕКШІ ЕСІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет