Көмекші сөздер ( Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларына, тіл мамандарына, студенттерге қосымша оқу құралы ретінде)



бет11/22
Дата14.12.2022
өлшемі245,77 Kb.
#57120
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Социнлар туто билмади тизгин
Бири англамади касид барурин (Қутб).
Чопиб турт еру хеч топмади ёрин
Куйиб бағри олиб борди қарорин (Қутб).
Сўра бошладилар не хол тейу бу
Не иш тушдч не ахвол тейу бу (Қутб).
Утуру чиқиб келди , тузуб юз алыс
Келмас анинг шархи бахадду қиес (Дурбек).
Барча энагалари уй қизлари
Қон соча бошлади боқиб кўзлари (Дурбек).

Жоғарыда келтірген мысалдарымыздың барлығы көсемше формалы етістікпен тіркескен көмекші етістіктердің амалдың өту сипатын білдіретіндігін көрсетіп тұр . Бұл тек біз көрсеткен үш автордың еңбегінде ғана емес, жазылған тіл біліміне байланысты трактаттарда да кездеседі. Салыстырыңыз6 туша езди , тура бар (Изысканный дер (56). XIII — XIV ғасыр жазба ескерткіштерінде көмекші етістіктер шақ қосымшасы ретінде де , рай қосымшасы ретін де қолданылған . Мысалы, Мални учун бир касилам малк қилиб турурман ( С.Сарои ) . Бир гилими бор , анинг устуна стур эди ( С.Сарои ) Султон айтти: « Бир кеча собр эгса , не булгай эди » ( С.Сарои ) Абу Ханифа ... окуш ибадат қылған эрди такы дунйадын аьроз қылған эрди ( Н. Фарадис ) т.б.


XII — XV ғасыр жазба ескерткіштерінің тілінде нақтылы өткен шақ формалы етістікке тікелей екінші бір етістік тіркесіп ( іргелесе ) қолданылған кездері жиі кездеседі . Мысалы , Чиқиб бағлади годир эаликин берк , ( Юриди келди Хисраз ениги терк ( Қутб ) .
Ширин Бонуқа севинуб хизмат этди
Typуб уз махромига кирди кетди ( Кутб ) .


Шул буғупі талиун чугугі бірлә ( ж ) іғачка бағладі , кәтті ( Оғизнама ) т.б. Бұл сияқты тіркестер орхон - енисей жазба ескерткіштерінде де қолданылатындығын айтқан болатынбыз. Бірак орхон — жазуынан бұл дәуірдің өзгешелігі сол , XII — XV ғасыр жазба ескерткіштерінде оның мағына аясы кең , қолданылуында да ерекшелік бар. Мысалы, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі болған кезде де , қатар тұрса да , тұрмаса да тағы ( дағы ) сөзін қосып қолдана беретін болған . Салыстырыңыз , уғлон фаралот билан болди дагы айтти ( С.Сарои ) . Хакимнинг бу иши маликка ғоят хуш келди дари сурди ким. « Мунда хикмот не ? » ( С.Сарои ) . « Қазіргі түркі тілдерінің кейбіреулерінде айтып қойды, беріп жіберді, келіп қалды деген тіркестің айтты да қойды, берді де жіберді . келді де қалды түрінде қолданылуының заңдылығын сол көне дәуірдін іздеу керек сиякты. Тіпті кей ғалымдарымыздың да , -де , шылауының этимологиясы осы дағы , -дегі , та- тын , дегiн сөзімен байланыстырудың жөні барлығы да рас . Оны әрі семантикалык , әрі фонетикалық зандылыктармен дәлелдеуге болады . Қазіргі қазақ тілінде бұл екі форманың мағынасында азын - аулақ мағыналық айырмашылық болса,өзбек тіліндегі материалдың көрсетуінше, кей тіркестерде араларында мағыналарындағы айырмашылық өте әлсіз болады ( 276 , 177-178 ). Қазіргі өзбек тіліндегі Хадича бегим кундошига ялт этиб маънсли бир қараб , кулимсираб ўчоқ бошига югурди ( Ойбек ). Умарали шилдираб бу сув оқиб турган ориқ буййда тухтаб , Зумрадга дарахтнинг қуюқ соясини ишора қилди ( Ойбек ). Хусаинов Солимхонни Қазон га олиб бориб узининг ёш куёви билан Уфога юборди (А. Қаххор) деген сөйлемнің құрамындағы қараб, тухтаб, бориб деген көсемше формалы етістіктің орнына өткен шақтың ды, дi қосымшасы мен да, де шылауының тіркескен формасын қойса да мағынасында айта қаларлықтай өзгешелік болмайды . Салыстырыңыз , ... Ялт этиб маъноли бир қаради да ... ариқ буйида тухтади да, Қазонга олиб борди да т.б. Кейде көмекшінің ып , іп формасы нақтылы өткен шақтың ды, ді формасы мен ю демеулігінің мағынасымен тең болады. Мысалы, Йигит қора қушларни кўрди - ю, бирдан сергакланди ( ІП , Қодиров ). Аббосхон урнидан тўриб, Санда нинг ёнига келди - ю, унинг елкасига қулинк ташлаб, яна кул да ( А.Қаххор ) дегендегі курди - ю , Келди - ю дегеннің орнына кулди да , келди да десек те болады . Бірақ, бұл барлық тіркесте тең келе бермейтіндігін де ескерткен жөн . XV ғасырда және одан кейінгі дәуірлерде көмекші етістіктердің толық мағыналы етістіктермен тіркесу формасы нақтылана түскен, айтты, қойды типіндегі тіркестердің саны азайып , стильдік мақсатпен байланысты ( кейде келетін қалдығы есебінде ) колданылатын дәрежеге жеткен . Мысалы , Мунда хам тура олмай , яна Самарқандга борди ( Ә.Науаи ). Қаёнга борсанг, итингмен, узимни еткуройин , ( Етишмасам санга боқиб дуо қилиб турайн (Бабыр). Қуёшдек найзалар тегса кўзимга, кўз, ола - олмон (Бабыр). Озарнинг хотУни Иброхимга юклук бўлди эрса кишилардин Яшуруб сорди (Робгузи ) . Холини анта айту берди ( Робгузи ) т.б. Бұл дәуір ескерткіш тілінде айтты , болды типіндегі тіркестер де қолданылған . Олар не іле - шала болған амал өздізінен бірыңғай мүше болады да , әрекетті білдірген . Мысалы, Ушул Фатаротта Ракия Султан бегим Жанибек Султонга тушуб эди, бир, -икки ўғли булди, турмади (Бабыр) . Зулайконинг аччиғи келди купда , ўкутур энагасига борди (Робгузи) . Етти йўлли пичоқни тортди ўтма ди (Робгузи ) т.б.
Тарихи жазба ескерткіштердің материалдарынан көмекші етістіктердің мағынасын толық ашу барлық кезде мүмкін бола бермейді. Көпшілік ғалымдарымыздың көмекші етістіктердің қалыптасуын белгілі бір формадағы жетекші етіктердің қалыптасуын белгілі бір формадағы жетекші етдеуін осы мағынасының толық ажыралмауынан деп түсінген дұрыс. Бұның «салқыны» қазіргі түркі тілдерінде де байқалынады. Жалпы көмекші етістіктің қалыптасуында, жеке топ ретінде бөлініп шығуында етістіктің көсемше, есімше формасының қызметі мол болған сияқты. Себебі көсемше формалы етістік сөзсіз өзінен кейін екінші бір етістіктің келуін талап етеді де, соны мағына жағынан пысықтап , нақтылап тұрады . Оны кей тілшілеріміз етістіктің тиянақсыз формасы деп те атайды. Себебі олар қосымша қабылдамай не шақтық, не жақтық мағына білдірмейді, сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды. Осы тиянақсыздық мағына жағынан екінші бір форманы талап екен. Ол осы көмекші етістік арқылы орны толатын дәрежеге жетті. Ал есімшенің көмекші етістікті тіркеп келуі, аз болса да, оның екі жақтылық қасиетімен байланысты .
Атауыш сездің көмекші сөз қатарына өтуіне немесе көмекші сөз қызметінде қолданылуына сөз мағынасының дамуы себепші болады дедік. Бірақ кез келген сөз мағынасындағы даму атауыш сөздердің көмекші сөз қызметінде қолдауына алып келе бермейді . Сондықтан В.М. , Жирмунский «Развитие в сторону лексиколизации ведет к образованию более или менее прочным фразовых единств, представляющих в смысловом отношении фразовые элементы отдельных слов. Разитие в сторону грамматизации (морфологизации ) ведет к превращению группы в новую грамматическую (аналитическую ) форму слов » , — деп жазған болатын . ( 83 , 88 ) . Бұл пікір дұрыс болса да, сөздердің қандай жағдайда аналитикалық формаға өтетіндігін, фразеологияның аясында қолданылу заңдылығын ашып бере алмайды. Біздіңше, сөздер аналитикалық форманың құрамында қолданылуы үшін, ең алдымен, езінің толық лексикалық мағынасын солғындатып, дерексізденіп қолданылатын дәрежеге жетуі керек . Ал олардың грамматикалық жактан біршама еркіндігінен ажырауы өзінің алдындағы атауыш сөздермен белгілі бір формада ғана тіркесу қабілеті болуы сол лексикалық мағынанын солғындауына, дербестігінен ажырауына себепші болған бір буын. Тек бір жақтама дамымайды, бірақ бұл бір буынның жетекші қызметі болатындығын жоққа шығармайды .
Адамзат қоғамының дамуы, мәдениеттің, экономиканың өсуі тілдің сөздік құрамын ғана байытып қоймастан оның грамматикалық құрылымын да, грамматикалық формалардың да дамуына себепші болады . Тек белгілі бір заттың атын атау не сөздерді қалай болса солай тіркей беру қатынас құралы болатын тілдің қажеттілігін өтей алмайды. Тіпті қосымшасы жоқ түбір тілдердің ( мысалы , қытай ) сөздерінде де сөздерді тіркестірудің белгілі бір заңдылықтары болады . Ал түркі тілдеріндегі сөздер сөйлем құрамында әрі тұлға жағынан , әрі мағына жағынан сыбайласа байланысады. Кез келген сөйлемдегі хабар объектив шындықпен байланысқан болады. Тілдің негізгі заңдылығының бірі осы объективті шындықты, адамзат айналасындағы құбылысты өте нақты беруге, дүниедегі нұсқасына жақын, тең келерлік дәрежеде беруге әрекет етеді . Ал дүниедегі құбылыстар түрлі екендігіне талас жоқ. Мысалы, өмірдегі қимылдардың барлығы да бір типтес, бір сарынды болмайды . Бір қимыл екінші қимылдан не жылдамдығы, не орындалу тәсілі. не ұзын - қысқалығы, не орындалу орны жағынан т.б. ажыратылып жатады. Осы сияқты ерекшеліктерді дәл жеткізу үшін айтушы адам тілдегі бар амал - тәсілдерді толық пайдалануға әрекет етеді. Ондай амал - тәсілдер қай тілде болмасын жеткілікті дәрежеде болады, болмаса жаңа форма жасалынады, не бұрыннан қолданылып келе жатқан форманы жаңа мағынада, қызметте қолданамыз. Мысалы, өте нәзік мағы налық айырмашылықты білдіру үшін синоним сөздерді (шап, жүгір, кел, зыт ) , сөз тіркестерін ( құстай ұш , жыл дам жүгір, табаның жерге тимесін , өкшеңді жалтырат т.б. ), кейбір қосымшалар арқылы ( жүріңкіре , шабыңқыра , желіңкіре , шапқыла т.б. ) да беруге болады. Сондай - ақ белгілі бір амал - әрекет ұзақ уақыт бойына қайталанып тұруы да мүмкін ( жел тұру , жаңбыр жауу , жер қозғалу ), не оқтын оқтын белгілі бір үзіліспен қайталанып тұруы мүмкін ( айына , не жылына бір , екі рет ). Міне, осындай мағыналық ерекшеліктерді де тіл арқылы беруге болады . Кей амал - әрекет орындалу қарқынымен де, аяқталған -аяқталмағандығымен де, орындалу мақсатымен де бірі екіншісінен ажыратып жатады . Қай тіл болмасын, біздің топшылауымызша, сол дәуірдің қоғам мүшелерінің қатынас мұқтаждығын өтеу дәрежесінде болады . Тіпті болмаған күнде басқа заттармен, кұбылыстармен салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді . Тілдік ойлау белгілі дәуірмен, әлеуметтік ортамен байланысты өзгеріп отырады, өзіндік зандылықтар жасайды . Сондықтан да тілдің бір дәуірінде норма болған нәрсе оның екінші бір дәуірінде тілдік норма есептелінбеуі, тіпті қолданылмауы: бір тілде бар нәрсенің туыстас екінші бір тілде болмауы тандапарлык курылыс деп қаралмауы керек. Ол әр тілдің ішкі заңдылықтарымен анықталады. Мысалы, турур ( дүрур; туур ) дур етістіктері XI — XV ғасырларда жазылған жазба ескерткіштерде зат есімдерге тіркесіп келіп ол куси турур ол какiн турур, ол таш турур үлгісінде қолданылуы тілдік норма болып саналған . Қазіргі қазақ тілі үшін бұл жат құбылыс . Қазіргі өзбек тілінде осы дурур ( турур ) қосымшасы мен этимологиясының байланысы бар келгандир, айтгандир сияқты формалар қолданылады. Бұл қазақ тілінде жоқ т.б. Дегенмен де өмірдегі жаңа түсінік тілде өз формасын талап етеді. Осы талапқа жауап ретінде жаңа сөз , жаңа грамматикалық форма пайда болады, не бұрыннан бар сөз , грамматикалық формалар жаңа мағынада қолданылады. Мысалы , қазақ өмірінде болсын , өзбек өмірінде болсын институт, университеттердің ашылуы улкен уақиға болып саналады. Осы уақиға тілде де өз ізін қалдырған Түсу етістігі жоғарыдан төмен қарай бағытталған қимылды білдіреді. Бірақ институтын, жоғарғы оқу орындарының ашылуымен байланысты институтқа түстім , университетке түстім, оқуға түстім ( жоғарыдан төмен қарай емес ) сияқты тіркестер пайда болды. Нәтижеде түсу етістігінің бұрынғы мағынасына жаңа бір мағына қосылды . Таным теориясы бойынша айналадағы заттарды танып білу үшін сөзсіз оның негізгі белгілерін , көзге анық көрінетін, оны басқалармен салыстыру, белгілеу мүмкіндігі бар белгілерін анықтаймыз. Ол белгілерді сол заттың басқа белгілерімен және айналасындағы заттардың белгілерімен салыстырамыз, жалпы жақтары мен айырмашылықтарын анықтаймыз . Сол ерекше белгісі арқылы затқа атау береміз . Әрине затқа атау берудің көп қыр - сыры бар ( 311 ; 187 ). Дегенмен де осы негізгі белгіні анықтау затқа атау берудің бастамасы болып саналады. Уақыт өтуімен байланысты ерекше белгінің атау болу ерекшелігі ұмытылады да сол атау сол заттың барлық белгісін, ерекшелігін қамтитын атауға айналады. Мысалы, шаруа сөзін алып қарайық. Шаруа иранның төрт аяк ( чор және на ) деген сөзінен алынған. Алғашқы кезде шаруа тек малмен байланысты, төрт аяғы бар түлікпен байланысты қолданылған. Қазіргі өзбек тілінде шаруа осы мағынада қолданылады. Ал қазақ тілінде болса ол мағынасын кеңейтіп, жалпы айналысатын кәсіпті ( мал шаруашылық , егін шаруашылығы ), одан кейін жұмыс, бұйымтай мағынасында ( сенде бір шаруам бар еді ) қолданылатын дәрежеге жеткен . Кейде жаңа ұғымға бұрыннан бері , қолданылып жүрген сөздің бір мағынасын реңкі атау болуна себепші болады . Бұл тілдердегі көп мағыналықтың тууына еңбекші болады . Түсу сөзінің мағынасының өсуін соңғы жағдаймен байланыстыру керек . Қозғалыстың жоғарыдан төмен қарай бағытталуын білдіру оның негізгі — номинотивті мағынасы. Бірақ түсу етістігі шектелінген, шекарасы анық кұдық, шұңқы , ойпат сияқты заттар мен кеңістікке бағытталған қозғалысты да білдіретін қасиеті бар . Осы шектелінген территорияға байланысты қолданылуын түсу етістігінің мағынасының дамуындағы бір саты деп есептеу керек . Бұл оның соңғы кезде пайда болған мағынасы емес, көне дәуірден бері келе жатқан мағынасы. М.Қашғари сөздігін де түшті сөзі қолданылған . Сөздікте мысалдар кездеседі: таш кузуққа тушті, булдур - булдур этті ( МКІ , 425 ). Ол элікдің гармак тушурді ( МК , П , 82 ) . Мэн анi аттiн тўш ўрдўм ( МҚ.1.83 ) . ( МК . П. 21 ). Әр аттiн тушдi ( MK , 11 , 20; т.б. мысалымыздағы кузуққа туштi осы шектелінген кеңістікпен байланысты мағына білдіріп тұр .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет