Байланысты: К мекші с здер ( аза тілі мен дебиеті о ытушыларына, тіл мама
Алды сөзі. Бұл сөз түркі тілдерінің барлығында да кездеседі, бірақ барлығында да бірдей қолданыла бермейді. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде көп қолданылса, түркмен (тілінде) өте аз қолданылады. Түркмен тілінде алд сөзінің орнында өң сөзі жиі қолданылады. Өң сөзін М.Қашқари өз сөздігінде олд сөзімен мағыналас екендігін көрсетеді. Мысалы, ол менден ондун барді «ол менің алдыма (меннен бұрын) барды» (МК: 1,76). Ондун нэлак йалбармадің қач қатал бэрдің табар. Тулумлуғ болут қатіндің қанің эмді эр субар. «Бірнеше рет айып төлегенше неге жалынбадың. Енді құралданып аттандық. Тез беретін нәрсенді таярла, болмаса қаныңмен жер суарады» (МК, 1,458). Сөздікте өң сөзінің рең, түс мағынасын білдіретіндігі де көрсетілген. (МК, 1,76). Өң сөзі басқа түркі тілдерінің тарихына тиісті жазба ескерткіштерде де кездеседі. Қазіргі қазақ тілінде өң сөзі адамның бет – пішіні, рең мағынасында қолданылады, бірақ бұрын, алдын, ерте сөздерімен ұштасатын мағынасы кездеспейді. Бұл мағына өзбек тілінде де жоқ. Бірақ өзбек тілінің тарихына байланысты бар тарихи шығармаларда унг, алдын, бұрын мағынасында қолданылған.
Алды сөзін морфологиялық құрылымы жағынан екі морфемаға бөлуге болады: ал түбірі, д – қосымша. Ал түбірі қазіргі қазақ тіліндегі алжапқыш, алқа, алға сияқты сөздердің құрамында сақталынған, бірақ ал өз алдына жеке қолданылмайды. (80,32).1 Қолымызда бар материалдардың көрсетуінше, ал түбірі жеке өзі тіл тарихында да жеке қолданылмаған сияқты. Олай деуімізге себеп, ДТС – да олд сөзіне мүлде мысал бермеген ондай сөздің қолданылғанығы туралы мәлімет берілмеген. Біз алу сөзін Е.Е.Малов жарияланған Орхон – Енисей тексттерінен де кездестіре алмадық. Алд сөзінің мағынасында ілк, ілкі,ілік сөзі қолданылған. Мысалы, аң, ілік, Току болыңда сунушдіміз «Самый первый раз мы сразились при городе Тогу» (КТб - 44). М. Қашқари сөздігінде де ілк сөзі кездеседі де мағынасы алдын, бұрын сөздерімен мағыналас болған. Мысалы, ілк сән барғіл «алдын (бұрын) сен барғын» (МК 1,78). XI ғасырдан кейінірек жазылған жазба ескерткіштер тілінде де қолданылып, бұрып олдоп сияқты сөздермен мағыналас болған. (266, 414-415). Қазіргі түркі тілдерінде де бұл сөз қолданылады. Мысалы, қазақ тілінде ілкі, өзбек тілінде илк (алғашқы бұрынғы мағынасында), түркмен тілінде илки (әуел, бұрын, алғашқы мағынасында) т.б.
1 Тек карачай-малқар тілінде ғана ал сөзі қолданылады, ал аяқ «передняя часть»ғ юйню ал джаны «фасах дома» (карачай-малқар-орус сезлиги М. 1939, 46)