Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Notes 

1. Here Luther refers to the late theologian 

and lawyer Jerome Emser (1478-1527), one of his 

harshest critics. Emser had served as secretary to 

Duke George of Saxony, who had forbidden the 

sale of Luther's New Testament in his territory, and 

who had commissioned Emser to produce an 

authorized German version from the Roman 

Catholic side. Emser's version (published in 1527) 

was substantially Luther's, "corrected" here and 

there from the Vulgate, and provided with anti-

Lutheran notes. 

2. "I will it, I command it, my will is reason 

enough." A quotation from Juvenal's sixth satire, 

which Luther often used to characterize the 

arbitrary power of the pope. 

3. The meaning of this saying and its bearing 

on the issue at hand is no longer known, though it 

seems that Luther must be quoting a proverbial 

expression from a folk song. 

4. With these abusive terms Luther refers to 

two prominent Catholic enemies. By "Smith" he 

means Johann Faber of Leutkirch (whose father 

was a blacksmith) and by "Snot-Nose" (Rotzlöffel) 

63


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



he means Johann Cochlaeus ("löffel" is the German 

equivalent of the Latin cochlear).  

5. Luther's quibble here is that he had used 

allein adverbially, and not as an adjective, so his 

opponents who write in Latin should use the 

adverbial Latin equivalents. 

6. Philip Melanchthon and Matthew 

Aurogallus at the University of Wittenberg 

collaborated with Luther in the translation of the 

Old Testament. 

7. By "up till now" Luther means in the 

German versions which preceded his own. The 

gratia plena [full of grace] of the Vulgate was 

cherished by Roman Catholics as some sort of 

proof that Mary was extraordinarily endowed with 

"grace" from conception, so that she was sinless. 

By rendering it as a merely polite form of greeting

Luther had removed this handle of Mariolatry. 

8. It is evident from the marginal note on 

John 6:27 in Luther's German Testament that 

Luther wants to give an especially literal translation 

of the Greek word esphragisen in this one place 

because  versiegelt [sealed] will suggest the 

meaning "sealed with the Holy Spirit." His note on 

John 6:27 reads thus: "Sealed means endowed with 

the Holy Spirit, so that whoever eats of this food (as 

in the following verses) also receives the Spirit and 

shall live." But it is unclear just what doctrine 

Luther wants to support with this interpretation. At 

the time he was involved in complicated debates 

regarding the nature and efficacy of the Lord's 

Supper. 


9. Here Luther is referring to the translation 

of the Prophets done from the Hebrew by the 

Anabaptists Ludwig Haetzer and Hans Denk, 

published in 1527. By "the Jews had a hand in it," 

he apparently means that Denk and Haetzer 

received help from Jewish rabbis who were familiar 

with the Hebrew. The resemblance of this 

translation to Luther's version of the prophets 

(which began with Isaiah, published in 1528) is in 

many places so close that it cannot be accidental. 

Much of it was obviously copied, without credit, by 

Luther in his version. 

10. By Rottengeist [rabble-spirit] Luther 

probably means the revolutionary Thomas Münzer. 

11. "The Wilderness" is Luther's way of 

referring to the Coburg Castle, where he was 

lodged for reasons of safety during much of the 

year 1530. 

 

                                                                      * * * 



 

Л. Мұсалы, Г. Бельгер 

АУДАРМАШЫ ШЕБЕРХАНАСЫНА САЯХАТ 

Аннотация.Сұхбатта қарастырылған мəселелер. Кəсіби аударма. Аударма тəжірибесі. 

Аудармашы лабороториясының құпиялары. 

Тірек сөздер. Аударма өнері, төлтума жəне аударма, аударма тəжірибесі. 

Л.Мусалы, Г.Бельгер 

В ТВОРЧЕСКОЙ ЛАБОРАТОРИИ ПЕРЕВОДЧИКА 

Аннотация. 

Вопросы, рассматриваемые в статье

. Профессиональная практика. Практика 

перевода.Тайны лаборатории переводчика. 

Ключевые слова: искусство перевода, оргинал и перевод, практика перевода. 

L. Musaly, G. Belger 

 TRANSLATOR’S CREATIVE LAB 



Abstract. The issues dealt in this article. Professional practice. Practice of Translation.

 

Secrets of 

the laboratory of an interpreter. 

Keywords:

 

art of translation, the original and translation, translation  practice. 

 

Қазақ  көркем  тəржімасының  тарихы 

қалыптасқанымен,  зерттелу  деңгейі  жоғары 

деуге  əлі  ерте.  Əсіресе  тəржімашының 

шығармашылық  еңбегі  жан-жақты,  толық 

зерттеу 


нысанына 

айналмай 

келеді. 

Тəржімашының  шығармашылық  лаборатория-

сын  зерттеу   белгілі  дəрежеде  аударма  өнерінің 

заңдылықтары  мен  қыр-сырын  тануға  да  сеп 

болады.  Көркем  тəржіма  күрделі  шығар-

машылық  өнер  екенін,  автор  мен  тəржі-

машының  арасында  шығармашылық  бəсеке 

жүретінін  зерттеушілердің  көбі  айтады.  Демек, 

тəржімашының  еңбегін  шығармашылық  үдеріс 

ретінде  қарастырып,  оның  психологиясы  мен 

қыр-сырын  танудың  да  мезгілі  жетті  деп 

білеміз.  Осы  мақсатта  əл-Фараби  атындағы 

ҚазҰУ-дың əдеби шығармашылық жəне көркем 

аударма  теориясы  кафедрасында  аударма-

шының  шығармашылық  шеберханасына  қатыс-

ты  сауалнама  дайындалған  еді.  Сауалнамаға 

бірнеше  аудармашы  қатысты,  оларды  алдағы 

уақытта  журнал  бетінде  жариялап  отыратын 

боламыз. 

Бұл 


жауаптардың 

болашақ 


64

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



аударматанушылар  үшін  пайдасы  мол  деп 

білеміз. 



 

Г. Бельгер 

Аударма машақаты (сауалнамаға жауап) 

Осыдан  дəл  екі  күн  бұрын (01.04.11) мен 

аударма  өнеріне  қатысты  тағы  бір  кітап  жазып 

бітірдім.  Анығы:  əзір  кітап  емес,  қолжазба. 

Көлемі 13-14 баспа 

табақ 

болар 


деп 

шамалаймын. Орысша атауы – «Записки старого 

толмача».  Қазақшасы – «Қарт  тілмаштың 

жазбалары».  Қарт  тілмаш  дегенім – өзім. 

Мазмұны – аудармашылық  тəжірибем.  Қазақ 

тілінің  ұшан-теңіз  байлығы,  құдіреттілігі, 

бейнелілігі, ескі ұғым мен жаңа сөздерге балама 

іздеу  тəсілдері,  тəржімалық  ізденістер,  ғиб-

раттар. 

Ұлағаты  бар,  пайдасы  тиер  кітап  болар 

деп  үміттенемін.  Түбінде,  амандық  болса, 

сіздерге  де  жеткізермін.  Ал  əзірше  сіздердің 

сауалнамаларыңызға  қысқа  ғана,  тақ-тұқ  жауап 

бермек ойым бар. 



1  Аудармамен  айналысқаныңызға  қанша 

уақыт болды? 

1963  жылы  менің  аспиранттық  əріптесім, 

досым  Асқар  Сүлейменов  аяқ  астынан: 

«Аударма  жасағыңыз  келе  ме?», - деп  сұрады. 

«Келеді», - дедім. «Онда, «Қан  мен  тердің»осы 

бір  бетін  қотарып  көріңізші».  Асқар  менімен 

«сіз»  деп  сөйлесті.  Келістім.  Аудардым.  Дереу 

авторға  көрсеттім.  Əбе  (Нұрпейісов)  құп-

тағандай  болды.  Бірден  өзіне  жақын  тартты. 

Міне, содан бері аударма жасап келемін. 



2 Ең алғаш аударған шығармаңыз қандай? 

Оны көпшілік қауым қалай қабылдады? 

Ең  алғашқы  аудармам – «Қан  мен  тер» 

трилогиясы.  Көп  тер  төктім.  Жолма-жол 

аударманы 

автормен 

тақасып, 

иықтасып 

отырып,  пəлен  жыл  мыжғыладық.Сөйтіп, 

Нұрпейісовтің  азабы  мол  аудармашылық  қатаң 

мектебінен  өттім.  Кейін  аударғандарым – Х. 

Есенжанов,  Ғ.  Мүсірепов,  А.  Жұбанов,  З. 

Қабдолов,  Ə.  Кекілбаев,  Т.  Ахтанов,  Д. 

Досжанов,  О.  Сəрсенбаев,  Т.  Нұрмағанбетов, 

т.б.  Неміс  тілінен  де 20-дан  астам  шығарма 

аудардым. Бəрін есептесем, көлемі жағынан 20-

25 томдай болып қалар. 

3  Өз  шығармаңызды  жазу  қиын  ба, 

аударма жасауыңыз қиын ба? 

Екеуі  де  оңай  шаруа  емес.  Аудармада 

еркіндік 

аздау. 


Түпнұсқаға 

тəуелдісің. 

Төлтумада қаламыңа ерік бересің. 



Аудармашының 

шығармашылық 

шабыты дегенге қалай қарайсыз? 

Кəнігі,  кəсіби  жазушы  Мұхтар  Мағауин 

«жазуда  шабыт  болмайды,  бап  болады»  деген 

пікір айтады. Жаны бар. Мен де осы пікірдемін. 

Менің түсініп-түйгенім – күн сайын жазу керек, 

үзіліс жасап, лəйліп, «көгалды қуып гөлəйттау» 

-  шығармашылыққа  өліммен  тең.  Шабыт  бар 

болса,  тек  ерінбеген,  еңбекқор  адамға  əуес. 

Аудармашының  ұраны – «ақырын  жүріп,  анық 

бас» болмаққа керек. 



5  Белгілі  бір  шығарманы  аудару  туралы 

ойыңыз  қалай  туады?  Ойыңыз  анықталған  соң 

не істейсіз?  

Таныс  жазушылар  (яки  баспа)  өздері 

қолқа салады, кітаптарын жіберіп тұрады. Оқып 

шыққан  соң,  бір  қорытындыға  келемін.  Келісім 

бергеннен  кейін,  аударма  мəтінді  егжей-тегжей 

зерделеймін,  түсінбеген  жерлерді  анықтап, 

пысықтап  аламын,  орысша  балама  іздеймін.  Ең 

қиыны – прозаның,  ырғағы,  сөз  саптауы, 

мақамы,  ой-өрнегі, «кілтипоны».  Нақты  кілті 

табылған соң, жұмысқа кірісемін.  



6  Əдеби  шығарманы  аудару  үстіндегі 

шығармашылық  ізденістеріңіз  бен  еңбегіңізді 

саты-сатыға бөліп, сипаттап берсеңіз.  

Саты-сатыға бөлуім де осыдан басталады. 

Басы  қиын  болса,  кейде  аяғынан  (я  басынан) 

бастаймын. Бес-алты бетін тəржімалаған соң,  

авторға  көрсетіп  аламын.  Көңілімнен  шықпаса, 

əңгіме  осымен  тамам.  Құп  көрсе  əрі  қарай 

аударамын. 

7  Аударған  шығармаңызды  кейін  өңдеп, 

өзгерту тəжірибеңіз туралы не айтар едіңіз? 

Менің  шығармашылық  қағидам:  барды 

аудару,  мүмкіндігінше  төлтумаға  жақын  болу. 

Мазмұнын ғана емес, ырғағын, əуенін дөп басу. 

Кейбір  аудармашылар  мəтінді  көркейтіп, 

əдемілеп,  өздерінше  сөз,  бояу  қосып,  қырнап-

жөндеп, «қанатын жайыңқырап», əліне қарамай, 

демеушілік 

жасап, 

аударманы 



көсіліп 

айдақтауға  əуес.  Маған  ол  жат.  Мұндай  тəсілге 

көбінесе 

түпнұсқаның 

тілін 

түсінбейтін 



өңдеушілер ерекше құмар. 

Қолжазбаны 

əдетте 

əлденеше 



рет 

сараптаймын,  ал  кітап  болып  шыққаннан  кейін 

қайта  оралып,  қарауға  жоқпын.  Жарық  көрген 

туманы  қайта-қайта  түзеп,  қырнау  маған  тəн 

емес. Менде ондай дағды жоқ. Кемшілігім болар 

– дауласпаймын.  



8  Аударма  кезінде  не  нəрсе  қиындық 

туғызады? 

Негізгі  қиындық – əр  тілдің  заңы, 

табиғаты,  нақышы,  сөз-өрнегі  басқа  ғой. 

Онымен  санаспай  болмайды.  Қазақты  орыс 

қылам деп тырыспаған ақыл. «Мен жүгіріп келе 

жатып,  сүрініп  құлап  қалдым» - дегенді 

орысшалап көріңізші. Міне, мəселе қайда.  



Аудармашы 

белгілі 

шығарманы 

аудармастан бұрын оның ескі аудармаларымен 

танысқаны  жөн  бе?  Ескі  аударманың  жақсы 

аударылған тұстарын қолданса бола ма? 

65


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



Өз  басым  бұрынғы  аудармаларды  (бар 

болса)  зерделеймін.  Өз  жолыммен  жүремін. 

Тəуір  шыққан  жерлерін  де  пайдаланбаймын. 

Тек түпнұсқаға жүгінемін.  



10  Ең  құнды  аудармаңыз  қайсы?  Оның 

аударылу тарихы. 

 Сəтті  шыққан  деп  «Қан  мен  тердің» 

кейбір 

үзінділерін, 



Əбіш, 

Дүкенбай, 

Тынымбайдың бірер əңгімелерін айтар едім. Ал 

аударылу  тарихын  сөз  етпей-ақ  қояйын. 

Сауалнамаға жауап ұзақ-сонар хикаяға айналып 

кетер деп қауіптенемін.  



11 

Аударма 

үшін 

тəжірибенің 

маңыздылығы неде? 

 Сайып  келгенде,  барлық  істе  де  негізгі 

мəселе  тəжірибеге  тірелмей  ме?  Аударма  да 

солай.  Тəжірибе  дегеніміз - машық,  кəсіби 

деңгей.  Əбден  ысылған,  машықталған  кəсіби 

аудармашының  қаламы  да  жүрдек  болуы  керек 

емес пе? 

12 Сіз кез келген уақытта аудара бересіз 

бе,  жоқ  күй  талғайсыз  ба?  Аудару  жұмысы 

үстінде қандай жағдайларды қажет етесіз? 

Пəлендей 

күй 

талғамаймын. 



Бірақ 

тыныштықта,  оңаша  болғанды  қалаймын.  Тағы 

бір  əдетім - қағаз  бен  қаламды  ылғи  да 

ауыстырып  отыруым  керек.  Ал  жұмыс  кезінде 

ас бөлмеден бұрқырап, жылқы етінің иісі келеді, 

танауды  қытықтаса,  онда  қаламың  тіпті 

жоғалып кетеді. 

13  Аударма  теориясына  қалай  қарайсыз? 

Оны аударма барысында ескересіз бе? 

Баяғыда  Сəбит  Мұхановтан  «Соц.реализмге 

қалай  қарайсыз?», - деп  сұрағанда,  Сəбең  іліп 

алып, «Е-е,  дұрыс  қараймын!»  деген  ғой.  Сол 

сияқты  мен  де  аударма  теориясына  дұрыс 

қараймын. Үйімде аударма өнері жайында 20-30 

ғылыми  кітабым  бар.  Өзім  де  аударма 

теориясына байланысты бес-алты кітап жаздым. 

Аударма  өнерінің  теориялық  қағидаларын 

білмей,  қалай  аудармашы  боласың?  Ол  құр 

əуесқойлық, хоббиге əкеледі ғой. 

14 Аударма барысында сөздіктің көмегіне 

жүгінесіз  бе?  Сөздікпен  жұмыс  туралы 

тəжірибеңіз қандай? 

Саналуан  сөздіктерге  жүгінемін.  Өзім  де 

қажеттілікке  сай  сөздіктер  құрастырамын. 

Мəселен,  жылқы,  түйе,  ешкі,  қой,  шөп,  ағаш, 

гүл,  киіз  үй  атаулары,  тұрмыстық  заттар,  көне, 

тарихи 


сөздер, 

жаңа 


ғұндар, 

архаизм, 

неологизм, диалектизмдер деген сияқты.  

15 

Аудармаға 

қояр 

талаптарыңыз 

қандай?  Қазіргі  таңда  қандай  аудармаларды 

жақсы деп бағалайсыз?  

Талап  біреу:  мүмкіндігінше  төлтуманың 

көркемдік ерекшеліктерін дөп басу, өзге ұлттың 

құлағына  ыңғайлап  беру,  жүрегін  толқытып, 

көңілінен  шығу.  Жақсы  аудармалар,  əлбетте, 

баршылық.  Осы  орайда  ойыма  келгендер: 

Майра  Жанұзақова,  Бақытжан  Қанапьянов, 

Қайрат  Бақбергенов, Кеңес  Юсупов, Əбілмəжін 

Жұмабаев.  

16 

Аударылған 

шығарма 

төлтума 

шығармадай  қабылдануы  тиіс  пе  əлде  оның 

аударма  шығарма  екені  сезіліп  тұруы  қажет 

пе?  Əрине,  əсері  төлтумаға  жақын  болғаны  аб-

зал,  бірақ  ұлттық  болуы,  нақышы,  сөз  саптау 

ерекшелігі,  иісі  сезіліп  тұрғаны  жөн  сияқты. 

Онсыз  аударма  жасанды  я  өлі  дүние  болып 

шықпай ма? 

17  Аудармаларыңыздың  редакторларына 

көңіліңіз тола ма?  

 20-30  жыл  бұрын  тəуір  редакторлар 

болушы еді. Олар автор мен де, аудармашы мен 

де  жұмыс  істей  алатын.  Бүгінде  редактор  да, 

корректор 

да 


жоқтың 

қасы. 


Жаппай 

сауатсыздық  етек  алып  кеткен  заманға  тап 

болдық.  

18 Аударма сынына қалай қарайсыз? Сын 

арқылы  қандай  жетістіктерге  жеттім  деп 

ойлайсыз? 

Аударма  сыны  тіпті  құлдырап  кетті.  Екі-

үш тілді еркін меңгеріп, ұлағатты пікір айтатын 

сыншыны  бүгінде  таба  алмайсыз.  Білгір 

адамның  сынын,  əлбетте,  шынайылықпен 

қабылдаймын. 



19  Қандай  аудармаларыңыз  ұзақ  уақыт 

пен көп күш-жігерді талап етті? 

Көп күш-жігер мен ұзақ уақыт талап еткен 

шығармалар – Ə. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» , 

«Соңғы  парызы»,  Ə.  Кекілбайдың  «Елең-алаң» 

атты  тарихи  романы,  Д.  Досжанның  «Жібек 

жолы»  романы.  Бұл  аса  күрделі  шығармаларды 

тəржімалауда көп ізденуге тура келді. 

20  Қазақ  аударма  өнерінің  бүгінгі 

жағдайы туралы ойларыңыз. 

Қазақ аударма өнерінің бүгінгі хал-ахуалы 

мүшкіл сияқты. Орыс тілі мен шет ел тілдеріне 

қазақ  шығармалары  тым  аз  шығады.  Өз 

қотырымызды  өзіміз  қасумен  жүрміз.  Аударма 

өресі  тарылып  келеді.  Бұрынғы  биігімізден 

төмендедік. 

Кəсіби 


деңгейіміз 

көңілден 

шықпайды. Аудармашылар, əсіресе қазақ тіліне 

шорқақ.  Білімділер,  аудармаға  икемі  барлар 

ақшалы  жерлерді  төңіректеп  жүр.  Аударма  бұл 

заманда  ешкімді  асырамайды.  Сұраныс  та 

пəлендей емес. Аударма машақаты көп, несібесі 

аз шаруаға айналды. Бұл тығырықтан шығудың 

жолы маған беймəлім. 

 

 



                       * * * 

 

66



Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



ҚОҒАМТАНУ 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Б. Кəрібаев 



ТƏУКЕ ХАН 

Аннотация.Мақалада  қарастырылған  мəселелер.  Тəуке  ханның  жеке  басы  мен  ел  билеу 

жүйесі. Тəуке хан туралы дерек көздері. Тəуке хан тұсындағы қазақ хандығы. 

Тірек сөздер: Тəуке хан, қазақ хандығы, билеу жүйесі. 

Б. Карибаев 

ТАУКЕ ХАН 

Аннотация.

Вопросы, рассматриваемые в статье

. Личность Тауке хана и система управления 

страны. Источники о Тауке хане. Казахская ханства во времена Тауке хана. 

Ключевые слова:Тауке хан, казахская ханства, система управления. 

B. Karibaev 

TAUKE KHAN 

Abstract. The issues dealt in this article.

 

Personality of Tauke Khan and control system of the 

country.

 

Sources of Tauke Khan.

 

Kazakh Khanate during Tauke Khan. 

Keywords: Tauke khan, the Kazakh Khanate, the system management 

 

Тəуке  хан – қазақ  халқының  тарихи 

санасында 

өзінің 


кемеңгерлігімен, 

дана-


лығымен,  ақылдылығымен,  əділдігімен,  бітім-

герлігімен сақталған хандарымыздың бірі. Қазақ 

халқының  ауыз  əдебиетінде  Тəуке  ханның 

осындай  қасиеттерін  ашып  көрсететін  тарихи 

аңыз-əңгімелер  жетіп  артылады.  Осыдан 200 

жылдай  бұрын  Тəуке  хан  туралы  ел  аузынан 

естіген  материалдарын  жинақтай  келе,  қазақ 

тарихы  туралы  тұңғыш  көлемді  еңбек  жазған 

А.И.Левшин  оның  тарихи  тұлғасына  мынадай 

сипаттама  берген  болатын: «Ол  бірнеше 

жылдарға 

созылған 

қантөгіс 

соғыстарды 

тоқтатып, 

өзара 


қырқысуларды 

тыныш-


тандырды,  ол  өзінің  ақылымен  жəне  əділет-

тілігімен  басқаларды  бағындыра  білді,  ол 

мықтыларды 

тыныштандырып, 

əлсіздерді 

біріктіру  арқылы  күштілерге  қарсы  тұра 

алатындай етті, ол жалпыға ортақ заң шығарып, 

сол  заңмен  өмір  сүргізді,  қазіргі  күнде  ол  заң 

қазақтардың 

есінде 


сақталған»[1]. 

Ауыз 


əдебиетінің  материалдары  мен  жазба  дерек 

мəліметтеріне  сүйенген  еліміздің  тарихшылары 

да  Тəуке  ханның  жеке  басының  қасиеттері  мен 

билік  құрған  жылдарындағы  жүргізген  сая-

сатына  оң  бағалар  береді.  Қазіргі  күнде  тарихи 

білімдерге  деген  сұраныстардың  артуына 

байланысты  ежелгі  жəне  орта  ғасыр-ларда 

Қазақстан  аумағында  өмір  сүрген  тарихи 

тұлғалардың  өмірі  мен  қоғамдық  қызметтері, 

тарихи бейнелері қалың көпшілікті қызықтырып 

отырғаны  белгілі.  Осыған  сай,  біз  төменде 

қазіргі  күнде  тарих  ғылымына  кең  танылған 

жəне  сирек  кездесетін  тарихи  материалдарға 

сүйене  отырып,  Тəуке  ханның  қазақ  тарихында 

алатын орны мен өзіндік тарихи бейнесін ашып 

көрсетуге тырысалық. 

Қазақстан 

тарихының 

кейінгі 

орта 


ғасырлық кезеңі хандық дəуір деп аталынып, ол 

XV  ғасырдың  ортасынан XVIII ғасырдың 

алғашқы 30 жылы аралығын қамтитыны белгілі. 

Бір  орталықтан  басқарылған  осы  кезеңдегі 

Қазақ  мемлекетінде  он  жеті  хан  билік  құрған 

екен.  Ол  хандардың  бірі – хандықтың  негізін 

қалаушы ретінде, ал екінші бір тобы – хандықты 

күшейтуші,  нығайтушы  ретінде,  ал  келесі  бір 

тобы – хандықты  əлсіретіп  алушы  ретінде 

тарихта  қалғаны  баршаға  мəлім.  Ал  Тəуке 

ханның  рөлі  қандай  болған  деген  сауалға 

келсек,  біз  оны  қазақ  тарихының  хандық 

67


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



дəуірдегі 

ең 


соңғы 

ханы 


жəне 

қазақ 


мемлекеттілігінің,  халқының  тұтастығы  мен 

бірлігін  сақтау  үшін  күрес  жүргізіп, «Жеті 

жарғы» атты заңдар жинағын енгізген кемеңгер 

əрі əділетті билеуші ретінде тарихта қалған деп 

санаймыз.  Егерде  хандық  дəуірдегі  хандардың 

бəрін  жүргізген  саясаты  мен  жеке  басындағы 

ерекше  қасиеттеріне  қарай  топтастырсақ,  онда 

Тəуке  ханның  есімі  Керей  мен  Жəнібек 

хандардың,  Бұрындық,  Қасым,  Хақназар, 

Тəуекел,  Есім,  Жəңгір  хандардың  есімдерімен 

бірге  бір  қатардан  ешбір  талассыз  орын  алған 

болар еді.  

Тəуке  хан – XV–XVIII ғасырлардағы 

қазақ  хандары  əулетінің  өкілі,  оның  арғы 

шыққан  тегі  Шыңғыс  ханнан,  Жошы  ханнан 

бастау алады. Біз бұған дейінгі Есім хан, Жəңгір 

хандардың тарихи рөліне арналған жұмыстары-

мызда  қазақ  хандарының  шыққан  тегі  жөнінде 

біршама  толығырақ  айтып  өткендіктен  бұл 

жерде  оның  бəрін  қайталап  жатпай,  тек  олар 

туралы өте қысқаша түрде атап өтуді жөн көріп 

отырмыз. 

Тəуке  ханның  шығу  тегін  ортағасырлық 

жазба  дерек  мəліметтеріне  сүйене  отыра 

былайша  көрсетуге  болады:  Шыңғыс  хан  → 

Жошы  хан  →  Ордаежен  →  Сартақтай  → 

Қоныша  →  Баян  →  Сасыбұқа  →  Ерзен  → 

Шымтай  →  Орыс  хан  →  Қойыршақ  →  Барақ 

хан  →  Жəнібек  хан  →  Жəдік  →Шығай  хан  → 

Есім  хан  →  Жəңгір  хан  →  Тəуке  хан [2]. 

Шыңғыс ханмен Жошы ханның есімдері əлемге 

əйгілі,  олар  туралы  деректер  де,  зерттеулер  де 

жеткілікті, 

бірінші 


тұлға - Моңғол 

империясының негізін қаласа, екіншісі – Жошы 

Ұлысы  деп  аталған XIII ғасыр  басындағы 

Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағының  билеушісі. 

Ал  Ордаеженнен  бастап  Барақ  ханға  дейінгі 

тұлғалар – XIII-XV ғасырларда  Қазақстан 

аумағында өмір сүрген Ордаежен Ұлысы, оның 

тікелей  жалғасы  болып  келетін  Ақ  Орда  атты 

мемлекеттің  билеушілері  болған.  Ал  Жəнібек 

ханның  туысы  Керей  ханмен  бірге  Қазақ 

хандығының 

іргетасын 

қалағанын 

қалың 


жұртшылық  жақсы  біледі.  Тəуке  ханның 

төртінші  атасы  Жəдік – бүкіл  қазақтың  ханы 

болмаса да  жазба  дерек мəліметінде  оның есімі 

жанына «хан» лауазымы қосылып жазылады [3]. 

Біз  бұл  жөніндегі  ойларымызды  бұған  дейін 

жазылған  «Есім  хан», «Жəңгір  хан»  атты 

жұмыстарымызда  айтып  өткенбіз.  Бірақ  əр 

жұмыс жеке болғандықтан Жəдікке қатысты ой-

пікірлерімізді  осы  жерде  тағы  да  айта  кетуді 

жөн көріп отырмыз. 

Жəдік  сұлтан – Жəнібек  ханның  тоғыз 

ұлының  бірі,  өмір  сүрген  жылдарын  шамамен 

XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырдың 30-

шы  жылдары  аралығы  деуге  болады.  Жазба 

деректер  ішінде  ол  туралы  тек  Қадырғали 

Жалайыр  ғана  тəуір  деректер  береді.  Ол  Жəдік 

туралы  мынадай  мəліметтерді  баян  етеді. 

«Жəдік  хан.  Қасым  хан  заманында  белгілі  еді. 

Шағым  мырзамен  соғысып,  Жыланды  төбеде 

бір  ұлымен  бірге  шаһит  болды.  Оның  қабірі 

Үргеніштегі 

Бақырған  атада  жатыр.  Сонда 

жерленген еді. Жəдік ханның көптеген əйелдері 

мен  күңдері  болды,  оның  балалары  да  көп  еді. 

Оның  аса  əйгілі  даңқты  ұлдары:  Тоғұм  хан, 

Бөкей сұлтан, Шығай хан, Мəлік сұлтан. Соңғы 

екеуінің  шешесі  Абайқан  бегім  еді

» [4] Осы 

мəліметінде  Қадырғали  Жалайыр  Жəдікті  екі 

рет  «хан»  лауазымымен  атап  өтеді.  Соған 

қарағанда  ол  қазақ  ұлыстарының  бірінде  хан 

болған  деп  санаймыз.  Ал  қаза  тапқан 

жылдарына  келсек,  ол  кезең – Қазақ 

хандығының  тарихында  «уақытша  əлсіреу» 

кезеңі  деп  аталатын 1520-1530 жылдарға  сай 

келеді.  Осы  кезеңде  Жағат  уалаяты  мен 

шекарадағы  соғыстардың  бірінде  Жəдіктің 

немересі  Башыбек  сұлтан 37 қазақ  сұлтанымен 

бірге  қаза  тапса,  Бұйдаш  хан 24 қазақ 

сұлтанымен  бірге  Ташкент  билеушісі  Дербіс 

ханмен  соғыста  шаһит  болады [5]. Дəл  осы 

жылдары  ноғайлармен  болған  соғыстардың 

бірінде  Ахмет  хан  (Қожа  Ахмет  хан) 15 

сұлтанмен бірге тұтқынға түсіп, Орақ батырдың 

қолынан  өлім  құшады [6]. Қазақ  тарихындағы 

осындай ауыр кезеңде ел үшін, жер үшін Жəдік 

те  жауларымен  соғыста  қаза  тапқан.  Тəуке 

ханның  үшінші  атасы  Шығай  ханға  келсек, 

оның  Хақназар  ханнан  кейін 1580-1582 

жылдары  бүкіл  қазақтың  ханы  болғаны  белгілі. 

Тарихи 

əдебиеттерде 



Шығайдың 

əбден 


қартайған  шағында  хан  болғандығы  айтылады. 

Ал  оның  кəрілікке  дейінгі  өмірі  жайында 

айтыла  бермейді.  Қадырғали  Жалайыр  оның 

жастық  кезеңі  жайында  былай  деп  баяндайды: 

«Шығай  ханның  хикаясы  əрқашан  оның 

батырлығымен мəлім, мəшһүр болды» [7].  

Шығай  хан  билікке  келген  жылы  жасы 

шамамен 80-нің  ар  жақ,  бер  жағында  болса, 

онда  оны XVI ғасырдың  алғашқы  жылдары 

дүниеге келген деуге болады. XVI ғасырдың 30- 

шы  жылдарындағы  қиын  кезеңде  аман  қалған 

сұлтандардың  бірі – осы  Шығай  хан  болды. 

Қадырғали  Жалайырдың  жазғанындай,  оның 

«даңқы  мен  батырлығы»  осы  кезеңде  көрініп, 

бүкіл  қазақ  жеріне  таралып  кетеді.  Ол 40 

жылдан  аса  уақыт  бойы  Хақназар  ханмен  бірге 

елдің  қисайған  туын  тіктеуге,  сөгілген  іргені 

бекітуге  күш  салады. XVI ғасырдың 40-80 

жылдарындағы  тарихи  оқиғаларды  баяндайтын 

жазба  деректерде  Шығай  ханның  есімі  үнемі 

Хақназар  ханның  есімімен  қатар  айтылып 

68




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет