Комитетінде тіркеліп 24. 12


Абай институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,42 Mb.
#9212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



отырады.  Шығай  хан  артында  көптеген 

ұрпақтар қалдырып, 1582 жылы қайтыс болады. 

Оның  денесі  Бұхара  түбіндегі  Күміскент 

қалашығында  Əли  атаның  қабірі  жанына 

жерленгендігін  тағы  да  Қадырғали  Жалайыр 

баяндап береді [8]. 

Ал  енді  Тəуке  ханның  атасы  Есім  ханға 

келсек, ол Шығай ханның он шақты ұлдарының 

үлкендері  қатарына  жатады.  Тəуекел  хан, 

Сұлтан  Сабырбек  ханым  жəне  Есім  хан  үшеуі 

бір  анадан  туған.  Анасының  есімі  шағатайлық 

Яхшым  ханым.  Шығай  ханнан  кейін  билікке 

Тəуекел, ал одан кейін 1598 жылы Есімнің таққа 

отырғаны  белгілі.  Ол  шамамен 1617-18 

жылдары  Ташкенттегі  қазақ  билеушісі  Тұрсын 

ханмен болған талас-тартыстарда жеңіліс тауып, 

Шығыс  Түркістандағы  шағатайлық  хандарға 

кетеді.  Ол  жақта 6 жыл  болып, 1623/24 жылы 

туған еліне қайтып оралады. 1627 жылы Тұрсын 

ханды  өлтіріп,  тақты  қайта  иеленеді.  Бірақ  көп 

ұзамай, 1628 жылы  Есім  хан  қайтыс  болады. 

Денесі  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Йассауи 

кесенесінің жанына қойылған.  

Қазақ  халқының  ауыз  əдебиетінде  Есім 

ханды «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп атаса, оның 

енгізген заңдарын «Есім ханның ескі жолы» деп 

атайды.  Егерде  Есім  ханға  дейін  Қазақ 

хандығының  ресми  астанасы  нақтыланбай, 

Сырдария  өзенінің  орта  ағысы  бойындағы 

Сауран,  Сығанақ,  Отырар,  Йасы  қалалары 

астана  міндетін  алма-кезек  атқарып  келсе,  Есім 

ханнан  бастап  қазақтың  ресми  астанасы  рөлін 

Йасы  қаласы  атқара  бастайды  да,  қала  жаңа 

атауға – Түркістан атауына ие болады. Сондай-

ақ Есім ханнан бастап қазақтың ресми хандары 

мен билері, дін басылары, жалпы алғанда бүкіл 

қазақ еліне атақ-даңқы жайылған, есімі елге кең 

тараған  тұлғалар  Түркістандағы  Қожа  Ахмет 

Йассауи кесенесінің жанына жерлене бастайды. 

Ал  Есім  ханға  дейінгі  қазақ  хандарының  ата-

бабаларының  Сауранда,  Сығанақта,  Сарай-

шықта, 


Үргеніште, 

Бұқара 


маңындағы 

Күміскентте жерленгендігін ескерсек, Тəуке хан 

атасының 

Түркістанда 

жерленуі 

қазақ 


мемлекеттілігінің 

дамуы 


мен 

нығаюына, 

қаланың  саяси-əкімшілік  орталық  ретіндегі 

маңызының  өсуіне,  биліктің  тұрақты  болуына 

негіз қалағандығын көреміз.  

 Енді  Тəуке  ханның  əкесі  Жəңгір  хан 

туралы да қысқаша тоқтала кетейік. Жəңгір хан 

–  Есім  ханның  тарихта  белгілі  үш  ұлының  бірі 

[9].  Есім  ханның  үлкен  ұлы  Жəнібек  хан, 

екіншісі – Жəңгір  хан,  ал  үшіншісі – Сырдақ 

сұлтан. Т.И. Сұлтановтың пікірі бойынша, Есім 

ханның үлкен ұлы Жəнібек ХҮІІ ғасырдың 30 - 

жылдарының  басында  хан  тағына  отырып, 

ойрат  тайшыларымен  көп  соғысады  жəне  ХҮІІ 

ғасырдың 40 - жылдарының басында кезекті бір 

шайқастың бірінде қаза тапқан [10]. Ал Сырдақ 

сұлтаннан  Хұсрау  сұлтан  деген  ұл  туып,  одан 

тарихта белгілі Қайып хан дүниеге келген.  

Жəңгір хан өмірінің көп бөлігі шығыстағы 

жоңғарлармен  соғыста  өткен.  Əкесі  Есім  хан 

қайтыс  болғаннан  кейін  ағасы  Жəнібек  хан 

тағына  отырады  да,  Жəңгір  сұлтан  лауазы-

мымен  қазақ  қоғамының  сыртқы  саяси  өміріне 

белсене  араласады.  Шамамен 1635 жылы  ол 

жоңғар  тұтқынына  түсіп,  одан  еліне  аман-сау 

қайтып  оралады. 1643 жыла  аз  санды  əскермен 

Батыр  қонтайшының  көп  санды  əскеріне  қарсы 

шығып,  жоңғар  əскерін  кері  қайтуға  мəж-

бүрлейді. 1643-1652 жылдары  қазақтың  ханы 

болып,  жоңғарлардың  қазақ  еліне  баса-көктеп 

кіруіне  қарсы  тұрады.  Ақыры 1652 жылғы 

шайқастың  бірінде  қаза  табады.  Сүйегі  Қожа 

Ахмет Йассауи кесенесінің жанына жерленген. 

Осылайша,  Тəуке  ханның  шығу  тегі  мен 

ата-бабалары  туралы  тарихи  шолуымызды 

аяқтай  келе,  мынадай  тұжырымдарға  келеміз. 

Біріншіден, Тəуке ханның арғы тегі Шыңғысхан 

жəне  оның  үлкен  ұлы  Жошыдан  бастау  алып, 

ХІІІ-ХҮ  ғ.  Қазақстан  аумағында  саяси  билікті 

иеленген  Ордаежен  əулетінің  өкілдері  болған. 

Екіншіден,  Тəуке  ханның  Жəнібек  ханнан 

Жəңгір  ханға  дейінгі  бергі  аталары  Қазақ 

хандығының  негізін  қалап,  оны  нығайтқан, 

іргесін  бекітіп,  туын  жоғары  тіктеген,  ел  мен 

жер  үшін  күресіп,  қазақ  мемлекеттілігін 

ұрпақтарына  дейін  жеткізген  тарихи  тұлғалар 

болған.  Өз  кезегінде  Тəуке  хан  да  ата-

бабасының  осы  жолын  лайықты  жалғастырып, 

қазақ  халқының  тарихи  санасына  өте  жақсы 

жағымен сақталып қалады.  

Енді Тəуке ханның тікелей өзіне келейік. 

Тəуке  ханның  толық  есімі – Тəуекел-

Мұхаммед  батыр  хан [11]. Ш.  Құдайбердіұлы 

Тəуке  ханды  Жəңгір  ханның  қалмақ  əйелінен 

туған  ұлы  деп  жазады [12]. Тəукенің  қайтыс 

болған  жылы  мен  сол  тұстағы  жасын 

мөлшерлей  келе,  оны  шамамен 1635 жылдан 

кейін  дүниеге  келген  деуге  болады.  Осы  жылы 

оның  əкесі  Жəңгірдің  жоңғар  тұтқынында 

болғанын, одан аман-сау оралғанын жəне Батыр 

қонтайшының  Жоңғариядағы  басты  қарсыласы 

Хұндүлен  тайшының  Жəңгірді  ұлым  деп 

айтуына  қарап,  осындай  ой  түюге  болады. 

Тəукемен қатар Жəңгірдің бірнеше ұлы болған. 

Шах  Махмұд  Чорастың

 

дерегінде  Жəңгір 



ханның  Тəуке  жəне  Абақ  деген  екі  ұлы 

болғандығы,  Абақ  сұлтанның  үлкен  ұл  екендігі 

айтылады [13]. Т.И.  Сұлтанов  Абақ  сұлтанның 

есімін нақтылап, – Аппақ сұлтан деп түсіндіреді 

[14].  Ал  Шəкəрімнің  еңбегінде  Жəңгір  ханның 

екі  ұлы  болғандығы,  біріншісі – Тəуке,  ал 

69


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



екіншісі – Үргеніштегі  Ғайып  ханның  қызынан 

туған  Уəлибақи.  Жəңгірдің  орнына  Тəуке  хан 

болғанда  хандыққа  өкпелеп  Уəлибақи  Ғайып 

ханға  кетіп  еді», - деп  жазады  Ш.  Құдай-

бердіұлы [15].  

ХҮІІІ 


ғасырда 

осы 


Уəлибақидың 

тұқымынан  атақты  Абылай  хан  шығады.  Ал 

Абақ  (Аппақ  сұлтан)  сұлтанның  ұрпақтары 

жөнінде əзірге ешқандай мəліметтер жоқ.  

Тəуке  ханның  есімі  жазба  деректерде 

алғаш  рет 1650 жылдардың  басында  кездесе 

бастайды. 

Осы 


жылдары 

Жəңгір 


хан 

жоңғарларға  қарсы  күресу  үшін  Шығыс 

Түркістандағы 

шағатайлық 

билеушілерге 

бірнеше 


рет 

елшілік 


жібереді. 

Сондай 


елшіліктің  құрамында  жас  Тəуке  сұлтан  да 

Шығыс  Түркістанға  барып  қайтады [16]. Бұл 

кезде  Тəукенің  жасы  əлі 20-ға  да  толмаған 

болатын.  Жəңгір  ханның  жап-жас  Тəукені 

елшілік  құрамына  қосуын  ұлын  мемлекеттік 

маңызды  істерге  жас  шағынан  баулуы  деп 

қабылдаған жөн.  

Жəңгір ханның 1652 жылы жоңғарлармен 

шайқаста  қаза  тапқандығы  белгілі.  Ал  Тəуке 

ханның  билікке  келген  кезін  тарихшылардың 

бəрі дерлік жəне академиялық басылымдар 1680 

жыл  деп  көрсетеді [17]. Бұл  мəселе  бойынша 

Т.И. Сұлтанов өте байқампаздық көрсетіп, оның 

əлі  көмескі  тұстары  бар  екенін  аңғартады.  Ол 

бұған қатысты пікірін былайша тұжырымдайды: 

«Тəуке  хан  əкесінен  кейін  бірден  билікке  келді 

ме, жоқ па, белгісіз» [18]. Ал кеңестік кезеңдегі 

жəне қазіргі кезеңдегі академиялық басылымдар 

бұл  мəселеден  айналып  өтеді.  Олардың 

материалдарында 1652 жылы  Жəңгірдің  қаза 

тапқаны  жəне 1680 жылдан  бастап  оның  ұлы 

Тəукенің  хан  болғандығы  жайлы  айтылады  да, 

екі ортадағы 28 жылдағы тарих жабулы күйінде 

қалдырылады [19]. Бұл  мəселе  Тəуке  ханға 

қатысты  болғандықтан,  біз  төменде  осыған 

қатысты  өзіндік  ой-пікірлерімізді  оқырмандар 

назарына ұсыналық.  

Алдыменен  Жəңгір  хан  қаза  тапқан  жыл 

тұсындағы қазақ қоғымының ішкі саяси өміріне 

назар 


аударайық. 

Бұған 


дейін 

айтып 


өткеніміздей, 1652 жылы  Жəңгір  ханның 

ұлдары 20 мен 30 жастың айналасында болатын. 

Ал  Шығай  əулетінен  тараған  хан  тағына 

үміткерлердің  өзі  жетерліктей  еді.  Шығай 

ханнан  Ондан  сұлтан,  Тəуекел  хан,  Есім  хан, 

Шахмұхаммед  сұлтан,  Əли  сұлтан,  Сұлым 

сұлтан,  Ибрагим,  Шəкім,  Көмек,  Абылай  жəне 

Əбусейіт  атты  ұлдардың  тарағаны  белгілі. 

Осылардың  əрқайсысында 4-5 ұл  болды 

дегеннің  өзінде  Жəңгір  хан  секілді  таққа 

үміткерлер  саны 40-50-ден  асар  еді.  Ал 

осылардың  əрқайсысында  тағы  да 3-4-тен  бала 

болған  десек,  Жəңгір  ханнан  кейін  тақты 

иеленуге  құқы  барлардың  саны 100-150-ге 

жететін. Тəуке солардың бірі жəне жас жағынан 

алғанда  кішісі  болатын.  Жəңгір  ханның  ағасы 

Жəнібек  ханның  ұлдары  жəне  інісі  Сырдақ 

сұлтанның  өзі  немесе  ұлдарының  билікті 

иеленуге толық құқы болды. Өкінішке орай, сол 

тұстағы  жағдайды  көрсететін  жазба  деректер 

болмағандықтан, біз тек осындай ой-болжамдар 

ғана айта аламыз.  

Ал 

Шəкəрімнің 



еңбегіндегі 

осыған 


қатысты  матриалдардан,  біз  Жəңгір  ханнан 

кейін  тақ  үшін  талас-тартыстардың  болған-

дығына көз  жетземіз. Онда «Жəңгірдікі орнына 

əз-Тəуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уəли-

бақи  Ғайып  ханға  кетіп  еді», - деп  айтылады 

[20].  Автор  бұл  дерегін  қайдан  алғандығын 

көрсетпесе  де,  ол  өте  жеңіл  түрде  айтылған 

мəліметке  жатады.  Тақ  үшін,  билік  үшін  та-

ластардың жеңіл болмайтыны белгілі. «Өкпелеп 

кетті»  деген  мəліметтің  астарына  үңілсек,  көп 

жағдайды аңғаруға болады. Күрес, таластар тақ 

үшін  болғандықтан, «өкпелеп  кетті»  деген 

сөздің  орнына  «жеңіліс  тауып  қашып  кетті» 

деген  сөздерді  қосуға  болады.  А.И.Левшиннің 

бұған  дейін  Тəуке  хан  туралы  келтірген 

мəліметін осы жерде тағы келтіруге тура келеді. 

«...  Ол  (Тəукені  айтып  отыр. – Б.К.)  өзара 

қырқыстардан  кейін  халықты  тыныштандырды, 

ол  тайпалар  арасында  бірнеше  жылдарға 

созылған қантөгістерді тоқтатты, жұрттың бəрін 

ақылымен  жəне  əділдігімен  өзіне  бағындыра 

білді...» [21]. Шəкəрімнің де, А.И. Левшиннің де 

материалдарына  тереңірек  талдаулар  жасау 

арқылы  Тəуке  хан  билікке  келгенге  дейін қазақ 

қоғамында  тақ  үшін  кəдімгідей  талас-тартыс-

тардың  болғандығын,  ру-тайпалар  арасында  да 

жанжалдардың  өршігендігін  көруге  болады. 

А.И. 


Левшин 

осы 


талас-тартыстардың 

ұзақтығын  «бірнеше  жылдар»  деп  жазса,  біздің 

ойымызша  ол 28 жылға,  яғни  Жəңгір  хан  қаза 

тапқан 1652 жылдан  Тəуке  хан  билікке  келген 

1680  жылға  дейін  созылған.  Тек  Тəуке  ханның 

билікке  келуі  мен  жүргізген  саясаты  ғана  ел 

ішіндегі 

барлық 


талас-тартыстар 

мен 


қантөгістерді,  бітпейтін  дау-жанжалдар  мен 

өзара  қырқыстарды  тоқтатады.  Сөйтіп,  ел 

ішінде  тыныш  өмір  қалыптасады.  Салыс-

тырмалы  түрде  алсақ,  Тəуке  ханға  дейінгі 28 

жыл  бойғы  қантөгіс  қырқыстарға  қарағанда 

Тəуке  хан  тұсында  қалыптасқан  бейбіт,  тыныш 

өмір  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған 

заман» болып саналады.  

Ал енді осы 28 жыл бойғы өзара қырқысу 

кезеңі  қазақ  елімен  көршілес  елдердің  тари-

хында,  оның  ішінде  олардың  қазақтармен 

қарым-қатынасында  қалай  көрініс  береді,  неге 

70


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



олардың  тарихында  осы  кезеңдегі  қазақ 

хандарының  есімдері  аталмайды  деген  сұрақ-

тарға жауаптар іздестіріп көрелік. 

Осы кезең ішіндегі қазақ – жоңғар қарым-

қатынасына  назар  аударсақ,  деректерде  екі 

жақтан  да  бір-біріне  қарсы  бағытталған  əскери 

жорықтар,  ұрыстар  мен  шайқастар  жөнінде 

ешқандай  мəліметтер  айтылмайды. 1653 жылы 

Батыр  қонтайшы  қайтыс  болғаннан  кейін  оның 

үлкен  ұлдары  мен  кіші  ұлдары  арасында  тақ 

үшін  талас-тартыстар  басталып  кетеді  де,  ол 

күрес  бүкіл  жоңғар  қоғамындағы  белгілі 

тайшылар мен батырларды екіге бөліп жібереді. 

Көп ұзамай билікке кіші ұлдар тобын басқарған 

Сенге  қонтайшы  келеді,  бірақ  ол  ішкі  өзара 

алауыздықтарды  тоқтата  алмайды.  Ақыры 1670 

жылдың  соңына  таман  Батыр  қонтайшының 

үлкен ұлдары – Цецен тайшы мен Цзотба батыр 

інілері Сенгені өлтіреді. Сенгенің орнына таққа 

отырған  оның  кіші  інісі  Галданның  алғашқы 

саясаты – ағасы  үшін  үлкен  ағаларынан  кек 

алуға  бағытталды.  Сондай-ақ  ол  Жоңғариядағы 

кейбір  тайшылардың  дербестігін  жоюға,  ішкі 

алауыздықтарды  реттеуге,  жалпы  алғанда, 

билікті  орталықтандыруға  күш  салады. XVII 

ғасырдың 70 жылдарының  соңына  таман  ғана 

Галдан  Жоңғариядағы  негізгі  қарсыластарын 

жеңіп,  орталық  билікті  нығайта  алады. 

Осылайша, 

ішкі 


саяси 

жағдайды 

ретке 

келтіргеннен  кейін  ғана  Галдан  көрші  елдерге 



көз  аларта  бастайды [22]. Оның  басқа  көрші 

елдерге  жасаған  жорықтары  секілді,  қазақтарға 

жорығы XVII ғасырдың 80 жылдарынан  бас-

талады.  Бұл  кезде  қазақ  ханы - Тəуке  хан 

болатын.  Ол  кездегі  оқиғалар  мен  тарихи  даму 

төменде  сəл  кейінірек  қарастырылады.  Ал 

жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе, 

1652-1680  жылдары  Жоңғарияның  өз  ішіндегі 

саяси 

жағдайдың 



күрделі 

жəне 


саяси 

дағдарыстың  шиеліністі  болуы  оның  сыртқы 

саясатта белсенділік танытып, тонаушылық пен 

басқыншылық  сипаттағы  соғыстар  жүргізуіне 

мүмкіндіктер  бермейді.  Сол  себепті  де  осы 

жылдары  қазақ-жоңғар  қарым-қатынасында 

тыныштық  немесе  үнсіздік  кезең  болып,  ірі 

оқиғалар  орын  алмайды.  Жазба  деректер  де 

соған  байланысты  осы  кезең  туралы  үн 

қатпайды,  сол  себепті  де  осы  жылдары  қазақ 

хандығында  кімнің  хан  болғандығын  анықтау 

қиын деп санаймыз. 

Осы  кезеңдегі  қазақ - орыс  қатынастары 

негізінен сауда-айырбас байланыстарын дамыту 

сипатында өрбиді жəне қазақ жері арқылы Орта 

Азияға  орыс  көпестері  керуендерінің  жиі 

өтуімен  ерекшеленеді.  Осы  қатынастарды 

көрсететін  деректерде  қазақ  ханы  туралы 

ешқандай мəліметтер ұшыраспайды. 

Ал  аштарханилар  əулетімен  қарым– 

қатынасқа  келсек,  бұл  жылдары  Бұхарада 

билікте Надірмұхаммед ханның (1642-1645) ұлы 

Абдалазиз  хан (1645-1680) отырған  болатын. 

Бұл  кезеңде  де  Қазақ  хандығының  аш-

тарханилар  əулетімен  қарым-қатынасында  аса 

ірі  оқиғалар  болмаған  секілді.  Егерде  ондай 

оқиғалар  болса,  онда  ол  жөнінде  жазба 

деректерде мəліметтер кездескен болар еді. Тек 

екі жақты қатынастар Тəуке ханның билік еткен 

кезінен бастап қана кездесе бастайды. 

Жоғарыда  айтылған  қысқаша  баяндау-

ларымызды түйіндей келе, Жəңгір ханнан Тəуке 

ханға дейінгі жылдарды біздің тарихымызда əлі 

күнге  дейін  беймəлім  болып  отырған  кезең  деп 

атаймыз. Болашақта табылар тың деректер ғана 

осы  кезеңді  түсінуге  жəне  осы  кезеңдегі  қазақ 

хандарының  немесе  ханының  есімін  анықтауға 

жол ашады деген ойдамыз. 

Тарихи  əдебиеттердегі  материалдардың 

бəрі  Тəуке  ханды 1680 жылдан  бастап  хан 

болған  деп  жазады.  Оның  билікке  қандай 

жолмен  келгені  белгісіз,  ол  туралы  ешқандай 

деректе  айтылмайды.  Соған  қарамастан  ол 

жөнінде  мынадай  болжамдар  айтуға  болады. 

Егерде 1650 жылдардың  басында  Тəуке  хан 

билік  ету  үшін  өте  жас  болса,  ал 1680 жылға 

таман  оның  жасы 40 пен 50-дің  орта  тұсында 

болатын. Бұл жас – ер адамның нағыз кемеліне 

келіп,  ақыл-ойы  толысқан,  өмірлік  тəжірибесі 

жетерліктей  жас  екені  белгілі.  Тəукенің 

ақылдылығы  мен  шешендігі,  кемеңгерлігі  мен 

данышпандығы  сияқты  ерекше  қасиеттері  оны 

билеуші  əулет  өкілдері  арасында    айрықша 

көзге  түсіртеді.  Сондай-ақ,  бұған  дейін  айтып 

өткеніміздей,  оның  ата-бабаларының  хан  тағын 

үзбей  иеленуі,  Жəңгір  ханның  тікелей  ұрпағы 

болуы, 

жастайынан 



мемлекеттік 

істерге 


араласуы  оның  тақты  иелену  мүмкіндігін 

арттырады. 

Біздің 

ойымызша, 1652-1680 



жылдары  өзара  таластар  мен  қырқыстардан 

əбден  титықтап  шаршаған  қазақ  қоғамы, 

қоғамның  алдыңғы  қатарлы  тобы  мен  өкілдері: 

кейбір  сұлтандар,  билер  мен  батырлар,  дін 

басылары  жəне  тағы  басқа  əлеуметтік  топтың 

өкілдері  Тəуке  жағында  болып,  оны  қолдаған 

дейміз.  Сөйтіп,  олар  Тəукені 1680 жылы  хан 

тағына отырғызады. 

Тəуке  ханның 30 жылдан  астам  билігі 

тұсындағы  ішкі,  сыртқы  саясатының  басты 

мақсаты - қазақ елінің бірлігі мен қазақ жерінің 

тұтастығын  сақтау  болды.  Осы  бағытта  оның 

жүзеге  асырған  ең  ірі  шарасына  «Жеті  жарғы» 

атты  заңдар  жинағын  шығарып,  өмірге  енгізуі 

жатады. «Жеті  жарғыны»  қабылдаудың  қандай 

алғышарттары  болды  деген  сауалға XVII 

ғасырдың 

екінші 


жартысындағы 

қазақ 


71

Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



қоғамының 

ішкі 


жəне 

сыртқы 


саяси 

жағдайының  деңгейін  жатқызамыз.  Бұған  дейін 

айтып  өткеніміздей,  орталық  биліктің  болмауы 

немесе  əлсіздігі  заңдар  мен  тəртіптердің 

орындалмауына  жəне  бұзылуына,  саяси  өмір 

мен  қоғамдық  өмірде  əлімжеттік  принциптің 

белең  алуына,  ұрлық-қарлықтың,  зорлық  пен 

зомбылықтардың  көбеюіне  жəне  тағы  осындай 

келеңсіздіктердің кең етек жаюына алып келеді. 

Тəуке  хан  билікке  келген  бойда-ақ  ең 

алдыменен  ішкі  қоғамдық  өмір  мен  саяси 

жағдайды 

реттеуге 

күш 


салады. «Жеті 

жарғының»  өмірге  келуінің  алғышарттары  мен 

себептері осындай болған дейміз. 

Салыстырмалы  түрде  айтсақ, 1640 жылы 

Батыр  қонтайшы  да  жоңғар  қоғамындағы 

қатынастарды  реттеу  үшін  «Цааджин  бичиг» 

деп  аталатын  заңдарды  шығарған  екен.  И.Я. 

Златкиннің  көрсетуі  бойынша  жоңғар  заңы  үш 

мақсатты көздеген: 1)феодалдар арасындағы іш-

кі  қатынастарды  реттеу  мен  ішкі  алауыз-

дықтарды  болдырмау; 2)саяси  күштердің 

бірлігін қамтамасыз ету жəне сыртқы қауіптерге 

қарсы күрестерде өзара көмектесу; 3)феодалдық 

тəртіпті нығайту жəне хан мен князьдар билігін 

тұрғындар  арасында  күшейту[23].  Егерде 1640 

жылғы 


«моңғол-ойрат 

заңының» 

мəтіні 

ғылымға 


белгілі 

болып, 


ол 

жөнінде 


тұжырымдар  айтуға  мүмкіндіктер  болса, «Жеті 

жарғының»  мазмұны  жазбаша  түрде  сақ-

талмаған  немесе  біздің  кезге  дейін  жетпеген. 

Зерттеушілер  тек XIX ғасырдың  басында 

Г.Спасскийдің жəне А.И. Левшиннің ел аузынан 

жазып  алған  жекелеген  баптарға  қарап  қана 

тұжырымдар айтады [24]. Аңыз бойынша Тəуке 

ханның  бастамасымен  қазақ  қоғамындағы 

барлық  қатынастарды  белгілі  бір  құқықтық 

принциптер  негізінде  реттеу  үшін,  бұрынғы 

заңдарды жаңа заман талаптарына сай бейімдеу 

үшін үш жүздің атақты билері – үйсін Төле би, 

арғын  Қазыбек  би  жəне  алшын  Əйтеке  би, 

сондай-ақ  тағы  басқа  белгілі  билер  Күлтөбе 

деген жерде бас қосып, «Жеті жарғының» əрбір 

бабын 


жеке-жеке 

талдап, 


қызу 

айтыс-


тартыстарға  түсіп  күн  сайын  жиын  өткізген 

екен.  Содан  бері  ел  аузында  «Күлтөбенің 

басында күнде жиын» деген сөз қалған. Заңның 

жобасы  дайындалып  болғаннан  кейін  Тəуке 

ханның  жарлығымен  «Жеті  жарғы»  заңдық 

күшіне енеді де, халық оны Тəуке ханның «Жеті 

жарғысы» деп атап кетеді. 

«Жеті  жарғының»  қазақ  қоғамындағы 

алар  орны  мен  атқарған  рөліне  жергілікті 

халықтың  қандай  көзқараста  болғандығы 

туралы  А.И.  Левшин  сол  замандағы  елдің  игі 

жақсыларынан  жазып  алған  мəліметтерін 

былайша баян етеді: «Біздің халық тыныштықта 

өмір сүрген заман болған, бізде тəртіп те, заң да 

жəне əділеттілік те орнаған кез болған» [25]. Ал 

автордың  өзі  қазақ  қоғамының  Тəуке  хан 

тұсындағы  кезеңін  «алтын  ғасырға»  теңейді 

[26].  Тəуке  ханның  заңынан  басқа  оның  ішкі 

өмірдегі жүргізген саясаты, əсіресе бірлікті, ру-

тайпалық  жанжалдарды  тоқтатуға  бағытталған 

іс-шаралары  ел  арасында  кең  таралып,  ауыздан 

ауызға  жетеді.  Сондай  тарихи  əңгіменің  бірін 

1748  жылы  М.  Тевкелев  ру-тайпа  басыларынан 

жазып  алады.  Əңгіме  «Жетіру  тайпалық 

бірлестігінің  пайда  болуы  туралы»  деп  аталып, 

мынадай мазмұнға ие: «Жетіруға – Табын, Тама, 

Кердері,  Керейіт,  Жағалбайлы,  Телеу  жəне 

Рамадан  рулары  кіреді.  Олар  алғашында  жеке-

жеке  рулар  болып,  Тəуке  ханның  тұсында 

біріктірілген.  Оның  мынадай  себебі  бар: 

Қаракесек пен Байұлы деп аталатын Алшындар 

өте  көп  болып,  жеке-жеке  жүрген  жеті  рудың 

əрқайсысына  əлімжеттік  жасап  отырған.  Жеті 

рудың  əрқайсысы  Алшындарға  ештеңе  істей 

алмайды.  Сол  кезде  олардың  адамдары 

Түркістандағы  Тəуке  ханға  барып  арыз  айтады. 

Тəуке хан өте ақылды жəне халқы арасында зор 

беделге  ие  болатын.  Тəуке  хан  аталған  жеті 

руды  біріктіреді,  сол  себепті  жаңа  бірлестік – 

Жетіру  деп  аталып  келеді» [27]. Мұндай  Тəуке 

ханның  ақылдылығы  мен  əділеттілігі  туралы 

тарихи  аңыз-əңгімелер  ел  арасында  жетіп 

артылады. 

Солардың  бір-екеуін  осы  жерде  келтіре 

кетелік.  

«Бірде  Тəуке  хан  өзінің  айналасындағы 

қолбасшыларына  тапсырма  беріп  отырып, 

əлгілердің  тапқырлығын  сынамақ  болады  да, 

əңгіме барысында былай дейді:  

-  Мен  мынаны  білсем  деймін.  Жоңғар 

шапқыншылығын  тоқтатып,  олардың  ордасын 

күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет? 

Біршама  ойланған  серіктері  əртүрлі  пікір 

айтқан көрінеді. Сонда Тəуке хан: 

-  Бəрі  дұрыс-ақ,  тоқ  етерін  айтатын 

болсақ,  қазақ  халқына  құдайдың  құтты  күні 

жəне  болашақта  да  ауызбірлік  қажет.  Ол 

еліміздің  мəңгілік  қаруы,  күш-қуаты  жəне 

жеңістіріміздің күре тамыры, - деген екен» [28]. 

Екінші  бір  тарихи  əңгіме  мынадай. 

«Қаптап  келе  жатқан  жоңғар  əскерін  көрген 

қазақ  сарбаздары  біршама  абыржып,  тіпті 

кейбіреулері  қашуға  ыңғай  бере  бастайды. 

Қалың  қолдың  бұл  халін  дер  кезінде  байқаған 

Тəуке хан жанында тұрған серіктесінің біріне: 

-  Тез  арада  жылан  тауып  кел, - деп 

бұйырады. Алып келген жыланды ұстап тұрып, 

бүкіл əскер алдында: 

-  Бісміллə,  Алла  біздің  жағымызда, 

тыныш жатқан ел  едік, еліміздің даласын қанға 

72


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



бояған  жоңғарлардың  басын  былай  жұламыз, - 

деп ұстап тұрған жыланның басын жұлып алып: 

-  Алла  жар  болсын!  Алаштың  əруағы 

қолдасын! Алаш, Алаш! – деп жауға қарсы шаба 

жөнелгенде  сарбаздардың  рухы  көтеріліп, 

артынан 


қоса 

жөңкіле 


жөнелген 

екен. 


Жыланның  басын  жұлу  себебі,  жоңғарлардың 

туында айдаһардың суреті болған» [29]. 

Осы  жерде  «Жеті  жарғы»  атауының 

шығуына  да  тоқтала  кетсек.  Қоғамтанушы 

ғалымдардың  атаудың  пайда  болуы  жөнінде 

əртүрлі  пікірлер  айтқаны  белгілі.  Олардың  өзін 

жеке-жеке  талдау  ұзаққа  созылады.  Осыған 

байланысты  «Жеті  жарғы»  атауының  шығуын 

түсіндірер  тарихи  деректің  өзін  оқырмандар 

назарына  ұсыналық. «Төле  бидің  тарихы»  атты 

дастанында 

Қазанғап 

Байболұлы 

«Жеті 


Жарғыдағы» 

заңдардың 

санын 

былайша 


көрсетеді: 

 

«Жер дауы, баяндайын, біріншісі, 



Ру, қоныспен меншікті ісі. 

Иеленген жеріне жанжал болса,  

Біреуге басымдылық қып озбыр кісі. 

 

Үй іші мен баланы тəрбиелеу, -  



Болған жосын заңының екіншісі. 

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң, 

Баян етер бəрін де білген кісі. 

 

Төртінші боп саналған мынау заңы, 



Бір халықпен басқа ру болса дауы. 

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл, 

Алтыншы,  жетінші – құн  дауы,  жесір  дауы» 

[30]. 


 

Көріп  отырғанымыздай,  заң  атауындағы 

жеті  саны  оның  жеті  құрамдас  бөліктен 

тұратындығын, 

жеті 

заңның 


жиынтығы 

екендігін көрсетеді. Ол заңдардың əрқайсысы өз 

ішінде бірнеше баптардан тұратындығы белгілі. 

1804  жылы  жаппас  руының  ақсақалы  Көбек 

Шүкірəлиевтен  жазып  алған  Г.  Спасскийдің 

жазбасында  «Жеті  жарғының»  негізінен  ұрлық, 

қарлық,  барымтаға  қатысы 11 бабы  ғана 

айтылған [31].  

Ал  А.И.  Левшин  жазып  алған  нұсқада 

«Жеті  Жарғының» 34-бабы  ғана  келтірілген 

[32].  Бұл  баптардың  бəрі  үзік-үзік,  толық  емес 

болса 


да, 

онда 


əкімшілік, 

қылмыстық, 

азаматтық  құқықтар,  дін,  салық  туралы 

мəселелер  қамтылған.  Мұның  өзі  Тəуке  хан 

заңының  сол  заманда  қазақ  елінің  қоғамдық 

өмірінің  барлық  жақтарын  қамтығандығын 

көрсетеді. 

Жалпы,  Тəуке  ханның  «Жеті  жарғысы» 

мен  оның  осы  заңды  өмірге  енгізуге 

байланысты 

жүргізген 

саясаты 


жөнінде 

мынадай тұжырымдар айтуға болады. 

Біріншіден, Тəуке хан 1652-1680 жылдары 

қазақ 


қоғамындағы 

қырқысулармен 

дау-

дамайларды,  жанжалдар  мен  қантөгістерді 



болдырмаудың  жолын  іздестіріп,  оларды 

əлімжеттік  принциппен  емес,  құқықтық  негізде 

шешуге  күш  салған.  Бұрыннан  келе  жатқан 

Қасым  хан,  Есім  хан  тұстарындағы  заңдардың 

кейбір 

баптарын 



жаңа 

талаптарға 

сай 

бейімдейді, жаңа баптар енгізеді. Сөйтіп, өмірге 



«Жеті  Жарғы»  атты  заңды  енгізеді.  Ал  өзі  əз-

Тəуке,  яғни  «əділ», «қайырымды»  хан  атанып 

кетеді.  

Екіншіден,  Тəуке  ханның  заңы  арқылы 

қазақ  қоғамындағы  ішкі  бірлік  толық  болмаса 

да,  біршама  сақталады.  Мемлекеттік  əкімшілік 

басқару  жүйесі,  мемлекеттік  құрылым,  жалпы 

алғанда  қазақ  мемлекеттілігі  өзін-өзі  сақтап 

өзін-өзі  жойып  жібермей,  керісінше,  өзін-өзі 

сақтап қалады. Соның арқасында жоңғарлар мен 

аштарханилар  əулетінен  болған  күрестерде 

қазақ жерінің тұтастығы сақталады.  

Тəуке  хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының 

көрші елдермен, оның ішінде басты қарсылас – 

Жоңғариямен 

қарым-қатынасы 

мəселесіне 

тоқталайық.  

Жоғарыда айтып өткеніміздей, 1653 жылы 

Жоңғар  билеушісі  Батыр  қонтайшы  қайтыс 

болғаннан  кейін  оның  үлкен  ұлдары  арасында 

билікке  таластар  жүріп,  ақыры  кіші  ұлдардың 

бірі – Сенге  билікке  келеді.  Бірақ  ол  жоңғар 

қоғамындағы  алауыздықтарды  тоқтата  алмай, 

1670 жылдың соңына таман өзара тартыстардың 

құрбаны  болады.  Бұл  жылдар  екі  жақ 

арасындағы  қарым-қатынастарда  тыныштық 

кезеңмен  сипатталады.  Сенгенің  інісі  Галдан 

тақты  иеленіп,  бірден  орталық  билікті  нығайту 

ісіне  кіріседі. 1678-79 жылға  таман  Галдан 

Жоңғариядағы  негізгі  қарсыластарын  жеңіп, 

кейбіреулерін  қашуға  мəжбүрлеп,  жекедара 

билеушіге  айналады.  Содан  кейін  ғана  оның 

көрші  елдерге  жəне  Қазақ  хандығына  тонау-

шылық,  басқыншылық  жорықтары  басталады. 

Жастайынан діндар болған Галдан Тибеттегі дін 

басыларының  қолдауына  сүйене  отыра,  көрші 

елдерге көз аларта бастайды. 1680 жылға таман 

Далай-лама  оған  Бошақту-хан – «ізгі  ниетті 

хан»  атағын  береді [33]. 1678 жылы  ол  Шығыс 

Түркістандағы  саяси  дағдарысты  пайдаланып, 

аумақты  бағындырып  алған  болатын.  Ал 1680 

жылдан  бастап  Галдан  Бошақту  хан  Орта  Азия 

мен  Оңтүстік  Қазақстанның  қалалары  мен 

аймақтарына жорықтар ұйымдастыра бастайды. 

Ол  туралы 1722-1724 жылдары  Цеван  Раб-

данның  ордасына  барып  қайтқан  орыс  елшісі 

Иван  Унковский  былай  деп  баяндайды: «Осы 

тауық жылы (1681) ол (Галдан Бошақту хан) қол 

ертіп  жорыққа  аттанып,  Сайрамды  қоршап 

73


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



алды.  Ит  жылы (1682) жорықтан  қайтып 

оралып,  ол  Іле  өзенінің  жағасында  қыстап 

шықты.  Доңыз  жылы (1683) тағы  да  Сайрамға 

аттанды.  Жазда  Галданның  (əскербасы)  Рабтан 

Сайрамды  қиратты» [34]. 1652 жылдан  кейінгі 

жоңғарлардың қазақтарға қарсы жасаған бұл ірі 

жорығы  мұсылман  авторларының  шығар-

маларында  көрініс  береді. «Тарих-и  амнийа» 

еңбегінің  авторы  Мулла  Мұса  Сайрами 

жоңғарлардың  Сайрамды  алуы  туралы  былай 

деп  баяндайды: «...Біздің  аталарымыздан 

естігеніміз  бен  жасы  келген  кəрі  адамдардың 

айтуына  қарағанда,  осыдан 200 жылдай  бұрын 

қазіргі  Моғолстан  жеріндегі  хан  орнына  Іледе 

Құнтаджи  (Хонтайшы)  деген  қалмақ  келеді, 

оның  билігі  шығыста  Комул  мен  Баркөлге 

дейін,  батыста – Ташкент  пен  Сайрамға  дейін, 

оңтүстікте – Карангу-Тагқа дейін созылады. Ол 

кенеттен  жорыққа  шығып,  Ташкент  Сайрамын 

басып  алып  бағындырады  да,  билікті  бір 

қалмаққа  тапсырады.  Оның  қасына  бірнеше 

қалмақты  көмекші  етіп  қалдырады  да,  өзі  Ілеге 

қайтып  оралады.  Сайрамдықтар  қалдырылған 

қалмақтарды  өлтіріп,  бағынудан  бас  тартады. 

Сайрамнан  қашып  құтылған  бірнеше  адам 

Кұнтажыға  келіп  болған  оқиғаның  бəрін  айтып 

береді.  Құнтаджи  Ілеге  соқпай,  Сайрамға 

қайтып оралып, қаланы екінші рет басып алады 

да,  тұрғындардың  бір  бөлігін  өлтіріп,  қаланы 

талан-таражға түсіреді.  

Қалмақ  басшысы  Сайрамның  игі  жақсы 

үш  тобының  əрқайсысынан 20 отбасыдан 

барлығы 60 отбасын 

бала-шағасымен, 

қызметшілерімен  Ілеге  алып  кетеді.  Оларды 

Іледе  бір  жылдай  ұстап,  сосын  көне  Тұрпанға 

жібереді...» [35]. Баяндаудан 

көріп 


отырғанымыздай,  шығарма  авторының  арғы-

тегі  сайрамдық,  оның  ата-бабалары – деректегі 

60 

отбасының 



бірі. 

Дерек 


мəліметінде 

айтылғандай,  жоңғарларға  Сайрамды 2 рет 

бағындыруға  тура  келген.  Бұл  жылдары  Тəуке 

хан билікке жаңадан келіп жатқандықтан, оның 

жоңғарларға қарсы қояр күші болмаған секілді.  

Тарихи  аңыз-əңгімелер  бойынша,  осы 

Сайрам  соғысында  Кіші  Жүздің  батыры  Тілеу 

батыр  Айтұлы  кіші  ұлы  Жолдаяқ  батырмен 

бірге  көзге  түскен  жəне  шайқастардың  бірінде 

əкелі-балалы  батырлар  қаза  тапқан.  Олардың 

денелері  қазақтың  бас  қаласы – Түркістанда, 

Қожа 


Ахмет 

Йассауи 


кесенесі 

жанына 


жерленген.  

Жалпы, 


ХҮІІ 

ғасырдың 

екінші 

жартысындағы  қазақ-жоңғар  қарым-қатынас-



тарындағы  ірі  соғыстар  мен  шайқастарға  көңіл 

аударсақ,  олардың  онша  көп  болмағанын 

байқаймыз.  Екі  жақтан  да  жекелеген  кішігірім 

ұрыстардың 

болып 

тұрғандығын 



жоққа 

шығаруға  болмайды.  Ал  жазба  деректерде 

сақталған  ірі  шайқастардың  осы  кезеңде,  яғни 

ХҮІІ  ғасырдың  екінші  жартысында  алғашқысы 

1652  жылы  өтсе,  келесісі 1681-1684 жылдары 

болады.  Жоңғарлар  Сайрам  қаласын  алып,  оны 

қиратқанымен  шабуыл  бағытын  одан  əрі 

тереңдете  алмайды.  Оның  басты  себебі, 

қазақтар  тарапынан  қатты  қарсылықтардың 

көрсетілуі  жатса  керек.  Əрине,  мұның  бəрі 

Тəуке  ханның  ұйымдастыруымен  болғаны 

белгілі.  Сайрам  шайқасынан  кейін  жоңғарлар 

Ош 

пен 


Андижан 

түбінде 


де 

қатты 


қарсылықтарға тап болады. Галдан Бошакту-хан  

бұдан кейін өзінің əскери қимылдарын шығысқа 

қарай бұрып, Шығыс Монғолияның жерін өзіне 

қарату  үшін  соғыс  жүргізеді.  Ақыры  ол 1697 

жылы  наурызда 52 жасында  қытай  əскерінен 

жеңіліп, өзін-өзі өлтіреді [36]. 

1697  жылы  Сенгенің  ұлы  Цеван  Рабтан 

билікке келеді де, қазақ-жоңғар қатынасындағы 

жағдай  күрт  өзгереді.  Егерде  Тəуке  ханның 

билігі  тұсындағы  екі  ел  арасындағы  қарым-

қатынысындағы 

кезеңдерге 

бөлсек, 

онда 


алғашқы  кезеңге 1680-1697 жылдар  аралығын 

жатқызуға  болады.  Бұл  кезеңде  екі  жақты 

қарым-қатынастан  бізге  белгілісі – 1681-84 ж. 

Сайрам  соғысы  ғана.  Ал  екінші  кезеңге – 1698 

жылдан Тəуке хан қайтыс болған жылға дейінгі 

аралық  жатады.  Осы  аралықта  тек  жоңғарлар 

тарапынан  қазақтарға  қарсы 1698, 1711-12, 

1714, 1715 жылдары  ірі  жорықтар  жасалады 

[37].  

Оның  себебіне  Галдан  Бошакту  ханның 



жеңілісі  мен  өлімінен  кейін  Жоңғарияның 

шығысындағы  Халқа  жерінің  Цинь  əулетінің 

қарамағына  өтуіне  байланысты  жоңғарларға 

жаңа жерлерге деген аса мұқтаждық жатты. Сол 

себепті  де  Цеван  Рабданның  қазақтарға  қарсы 

жүргізген  саясатының  сипаты  өзгеріп, бұрынғы 

тонаушылық  жорықтар,  енді  басқыншылық 

соғыстарға  айнала  бастайды.  Оның  қазақтарға 

қарсы  алғашқы  соғысы 1698 жылдың  өзінде-ақ 

басталып кетеді. Жоңғар қонтайшысы өзінің іс-

əрекеттерін  ақтау  үшін  Қытай  императоры  мен 

Ресей  патшасына  елшіліктер  жіберіп,  соғыстың 

басталуына  Тəуке  ханды  кінəлайды [38]. 

Мысалы,  Цеван  Рабдан  Қытай  императоры 

Сюань  Е-ге  жазған  хатында  қазақ-жоңғар 

соғысының  бастауына  Тəуке  ханның  іс-

əрекеттері 

себепкер 

болғандығын 

айтып, 


жағдайды  былайша  түсіндіреді: «Соғысқа 

амалсыздан  кіріскенін,  оған  Тəуке  ханның 

сатқындығы  себепші  болғандығын,  Тəуке 

ханның  ұлы  Галданда  тұтқында  болып, 

Галданның  оны  Далай-Ламаға  жібергенін  жəне 

Тəуке  ханның  өтініші  бойынша  Далай-Ламадан 

Тəукенің  ұлын  босатып, 500 адаммен  еліне 

74


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



қайтарғанын,  ал  Тəуке  ханның 500 адамды 

талан-таражға  салып,  Урхедей  батыр  тайшыға 

өлтіріп,  оның  адамдарын  тұтқынға  алғанын, 

сондай-ақ  Еділ  бойымен  Жоңғарияға  келе 

жатқан  Аюке  ханның  қызы,  Цеван-Рабданның 

қалыңдығын  Тəуке  хан  адамдарының  тонауға 

ұшыратқанын,  Ресейден  келе  жатқан  жоңғар 

саудагерлерін 

қазақтардың 

тонағандығын 

жеткізеді [38]. Ал 1699 жылы  Ресейге 

аттандырылған  елшісіне  Цеван-Рабдан  өзінің 

«Мəскеуге адалдығын жəне оның дəлелі ретінде 

қазақ  тұтқынынан  босатылған  орыстарды 

қайтарғандығын» айтуды тапсырады [39]. 

И.Я. Златкиннің көрсетуі бойынша Цеван-

Рабданның  қайрымдылығы  мен  əділеттігіне 

сенуге  болмайды. «Соғыс  керек  болса,  сылтау 

табылады»  дегендей,  Цеван-Рабдан  Галдан-

Бошақту-ханнан  кейін  Жоңғар  мемлекетіндегі 

ішкі  жағдайды  тез  арада  ретке  келтіріп,  жаңа 

жерлерді бағындыруға даярлаған болатын. 1698 

жылғы  Цеван-Рабданның  қазақтарға  жорығы 

барысында ол қазақ жерінің Шу-Талас өзендері 

өңіріндегі  тұрғындарды  қырғынға  ұшыратып, 

он  мыңдай  адамды  тұтқынға  алып  кетеді [40]. 

Жоңғар  қонтайшысы  Қытай  императорының 

алдында  өзін  соғысқұмар  емес  екендігін, 

бейбітшіл  екендігін  көрсету  үшін  жоғарыда-

ғыдай  хат  жазып,  екі  жақты  соғыстың 

басталуына  Тəуке  ханды  кінəлаған  деп 

түсінеміз. 

Жоңғарлардың 

қазақ 


жеріне 

шап-


қыншылықтары  бұдан  кейін  де  жалғасады.  Екі 

жақтан  болып  отырған  ұсақ  жорықтарды 

есептемегенде,  жазба  деректерде  жоңғарлар 

тарапынан 1711-12, 1714 жылдары  жаңа 

соғыстардың  болғандығы  айтылады.  Өкінішке 

орай, жазба дерек мəліметтерінің болмауы, бізге 

ΧVIII  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  Тəуке 

ханның  жоңғарларға  қарсы  жүргізген  саясаты 

жөнінде нақты ой-пікір немесе тұжырым айтуға 

мүмкіндіктер бермейді. 

Жоңғарлардың жекеленген өңірлерді ғана 

тонауға  ұшыратқаны  болмаса,  қазақ  елін  толық 

бағындыруға,  иеленуге  бағытталған  жорық-

тарына  Тəуке  хан  тойтарыс  беріп  отырады. 

Тəуке хан тұсында қазақ қоғамында жүргізілген 

саяси-əкімшілік  жəне  құқықтық  өзгерістер 

нəтижесінде  қазақ  елі  өзінің  қорғаныстық 

қабілетін  көрсете  біледі.  Талай-талай  қазақ 

батырлары  осы  кезде  ел  үшін,  жер  үшін  жан 

аямай  жоңғарлармен  соғысады,  тіпті  кей 

кездерде  өздері  бірігіп,  жоңғарлардан  кек  алу 

үшін оларға жеңісті жорықтар ұйымдастырады. 

Тəуке  ханның  билігі  тұсында  қазақ 

хандығының аштарханилар əулетімен жүргізген 

саясаты  да  толық  анық  емес.  Академиялық 

басылымдарда  Тəуке  ханның  Бұқара  ханы 

Сұбханқұли  ханмен 1687-88 жылдары  Ташкент 

мəселесі  жөнінде  келіссөздер  жүргізгендігі 

жөнінде ғана айтылады [41]. 

Ал енді орыс мемлекетімен Тəуке ханның 

жүргізген саясаты мəселесіне келсек, екі жақты 

байланыстар  сауда  жəне  шекаралық  істер 

төңірегінде  дамиды. XVII ғасырдың  соңында 

Ресейдің  билігіне I Петрдің,  Қазақ  хандығына  

Тəуке  ханның  келуіне  байланысты  екі  ел 

арасындағы  байланыстар  жандана  бастайды. 

Ресейдің  Шығыс  елдерімен  жүргізген  сауда 

жолдарының  бір  тармағы  Қазақстан  арқылы 

өткендіктен  керуендердің  қауіпсіздігіне  кепіл-

дік,  тауарларға  салынатын  баж  салығының 

көлемі  мен  мөлшері  жəне  Ресей  мен  Қазақстан 

шекарасының  маңында  тұратын  тұрғындар 

арасындағы  əртүрлі  дау-дамайлар  мен  ірілі-

ұсақты  жанжалдар  да  елшіліктер  арқылы 

шешіліп  отырылады. 1683-1693 жылдар  ара-

лығында Тəуке хан жоғарыда аталған мəселелер 

бойынша  Ресейге  бес  елшілік  жібереді.[42] 

Тəуке  ханның  елшілері  Сары  мен  Келдей, 

Тұманшы 

батыр 


мен 

Қабай, 


Құлтыбай 

Аталықовтар  осы  кезеңде  Ресей  мен  Қазақ 

хандығы  арасындағы  байланыстарды  жүргізуде 

белсенділік  танытады [43]. ΧVII  ғасыр 

соңындағы  Тəуке  ханның  Ресеймен  жүргізген 

қарым-қатынасы  тең  дəрежелес  деңгейде 

жүргізіленін  байқау  қиын  емес.  Егерде  бір 

себептермен  қазақ  елшілігі  Ресейде  ұсталса 

немесе  олардың  жұмысына  бөгет  жасалса, 

Қазақстан аумағындағы орыс елшілеріне де дəл 

сондай  əрекеттер  жасалған.  Мысалы, 1693 

жылы Тəуке ханның елшілері Сары мен Көлдей 

орыс  еліне  аттандырылып,  оларға  сауда  жасасу 

туралы  шартқа  қол  қою  міндеті  тапсырылады. 

Бірақ  та  шекаралық  кикілжіңдерге  байланысты 

Тəуке  ханның  елшілері  Ресейде  тұтқынға 

алынады.  Тəуке  хан  өзінің  орыс  патшасына 

жазған  хатында  «Адам  атадан  осы  уақытқа 

дейін ұрылар үшін елшінің қамауға алу дегенді 

құлақ естіп, көз көрмеген еді», - деп өз ренішін 

білдіреді [44]. Тəуке  ханның  табандылығы 

арқасында қазақ елшілері босатылып, екі жақты 

мəселе бейбіт шешіледі. 

Жалпы  алғанда,  Тəуке  хан  көршілес 

елдермен жүргізген қарым-қатынасында, əсіресе 

аштарханилық  əулетпен  жəне  Ресей  мем-

лекетімен  арадағы  даулы  мəселелерді  бейбіт 

түрде  шешуге  жəне  сол  елдермен  байланыс-

тарын дамытуға күш салады. 

Тəуке  ханның  қайтыс  болған  жылын 

алғаш  рет  В.В.  Вельяминов-Зернов  шамамен 

1718  жыл  көрсеткен  болатын [45]. Содан  бері 

тарихи  əдебиеттер  мен  арнайы  зерттеулердің 

бəрінде Тəуке ханның өлген жылы деп осы жыл 

көрсетіліп  келеді.  Тек  соңғы  жылдары  жарық 

75


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



көрген  еңбектерде  ғана  бұл  дата  нақтыланып, 

1715  жыл  деп  көрсетілуде [46]. Егерде  В.В.Ве-

льяминов-Зерновтың  көрсетуінде 1718 жыл 

шамамен  айтылса,  В.А.  Моисеевтің  зерт-

теуіндегі  мəліметте 1716 жылы  қыркүйек 

айында  Тобыл  қаласына  қазақ  ханы  Қайыптың 

елшісі  келгендігі  жөнінде  айтылады [47]. 

Автордың бұл мəліметі нақтырақ болғандықтан, 

біз  Тəуке  ханның  қайтыс  болған  жылы – 1715 

жыл деген пікірді жақтаймыз. 

Тəуке  хан  ұзақ  жылдар  бойы  Қазақ 

хандығының  астанасы  болып  келе  жатқан 

Түркістан  қаласында,  Қожа  Ахмет  Йасауи 

кесенесі  маңына  жерленеді.  Бұған  дейін  айтып 

келгеніміздей,  бұл  кесене  маңында  оның  əкесі 

Жəңгір  хан,  атасы  Есім  хан,  сондай-ақ  Шығай 

хан əулетінен тарайтын белгілі тұлғалар: Ондан 

сұлтан, Жəнібек хан(1628-1643) жəне тағы басқа 

белгілі адамдар жерленген болатын. 

Тəуке  ханның  артында  қалған  ұрпақтары 

туралы  мəліметтер  толық  жəне  жүйелі  емес. 

А.И.  Левшиннің  дерегінде  Тəуке  ханнан  Болат 

атты  ұл,  одан  Əбілмəмбет,  ал  Əбілмəмбеттен – 

Болат  хан,  Əбілпайыздың  тарайтындығын  атап 

өтеді [48]. 

С.Жолдасбайұлы  құрастырған  «Қазақ 

хандарының  ата-тегінің  кестесінде»  Тəуке 

ханнан  Тұрсын,  Мұрат,  Болат  хан,  Сəмеке  хан 

атты  ұлдардың  таралатындығы  көрсетілген. 

Одан  əрі  Болат  ханнан  Əбілмəмбет,  ал  одан 

Болат,  Əбілпайыз  жəне  Байтек  атты  сұлтандар 

өсіп-өнеді [49]. 

Қазақ  елінің XVIII ғасырдағы  тарихында 

Тəуке  ханнан  тараған  Болат,  Сəмекелер,  ал 

олардан  кейін  Əбілпайыз  сұлтан  өзіндік  із 

қалдарған. Олар жөнінде əңгіме басқа. 

Осылайша, 

Тəуке 


ханға 

қатысты 


жоғарыда  айтылған  ойларымыздың  бəрін 

қорытындылай  келе,  төменде  мынадай  жалпы 

тұжырымдар жасаймыз. 

Бірінші,  Тəуке  ханның  арғы-бергі  ата-

бабаларының  бəрі  дерлік XIII-XVII ғасырлар 

аралығында  Қазақстан  аумағындағы  саяси 

биліктің  жоғары  сатысында  болып,  осы 

ғасырлардағы саяси тарихта терең із қалдырған, 

қазақ  елінің  қалыптасуы  мен  дамуына  өз 

үлестерін  қосқан  тарихи  тұлғалар  болған.  Өз 

кезегінде  Тəуке  хан  да  өзі  билік  құрған 

жылдары  ата-баба  жолы  мен  дəстүріне  сай 

Қазақ  елінің  дамуына  еңбек  сіңіріп,  есімі  ел 

есінде  сақталып  қалған  тұлғалардың  қатарына 

жатады. 

Екіншіден,  Тəуке  хан  билікке  келгеннен 

кейін  қазақ  қоғамында  ұзаққа  созылған 

дағдарыстарды  құқықтық  негізде  реттеу  үшін 

«Жеті  Жарғы»  атты  заңдар  жинағын  шығарып, 

оны  қоғамдық  өмірде  кең  қолданысқа  енуіне 

бар  күшін  салады.  Ішкі  бірліктің  біршама 

сақталынуы  оның  билік  құрған  жыларын 

салыстырмалы  түрде  «алтын  ғасыр»  деген 

теңеуге  алып  келеді,  халық  оны  əз-Тəуке  деп 

атап кетеді. 

Үшіншіден,  оның  билік  құрған  жылдары 

жоңғарлардың  жойқын  шабуылдарына  төтеп 

берумен  тұста-тұс  келеді.  Тəуке  ханның 

тұсында  ішкі  бірлік  пен  мемлекеттік  биліктің 

сақталынуы  жоңғар  билеушілерінің  жорық-

тарына төтеп беруге мүмкіндіктер береді. Басқа 

көрші елдермен бейбіт қатынастар орнатуға күш 

салынады. 

Жалпы  алғанда,  Тəуке  хан  қазақ  елінің 

тарихындағы хандық дəуір деп аталатын тарихи 

кезеңнің  ең  соңғы  жəне  ең  кемеңгер  ханы  бола 

білген.  Ол  қайтыс  болғаннан  кейін  қазақ  елінің 

əр  жүзіндегі  кіші  хандықтардың  тарихы 

басталады. 

 

ƏДЕБИЕТ 



1.Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких,  орд  и  степей  (под  общей  редакцией 

академика  М.К.Козыбаева). –Алматы, «Санат», 1996, 

С.165.  

2.

  Рашид  ад-дин.  Сборник  летописей.  Мына 

жинақта:  Сборник  материалов  относящихся  к 

истории  Золотой  Орды. II. Извлечения  из  персидских 

сочинений, 

собранные 

В.Г.Тизенгаузеном 

и 

обработанные  А.А.Ромаскевичем  и  С.А.Волиным.  М. –

Л., 1941, С. 41-48.; Таварих-и гузида – йи нусрат –наме. 

Мына  жинақта:  Материалы  по  истории  Казахских 

ханств XV – XVIII веков. (Извлечения  из  персидских  и 

тюркских  сочинений).  Составители:  С.К.Ибрагимов, 

Н.Н.Мингулов,  К.А.Пищулина,  В.П.Юдин.  Алма-Ата, 

Наука, 1969, С. 42.(Одан  əрі - МИКХ).;  Қадырғали  

Жалайыр. Шежірелер жинағы. Шағатай-қазақ тілінен 

аударып, алғы сөзін жазғандар Н.Мингулов, Б.Көмеков, 

С.Өтениязов. -Алматы, Қазақстан, 1997, 121 б. 

3. Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 121 б. 

4. Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 122 б. 

5. Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 122 б. 

6.

 Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских 

царях  и  царевичах.  Ч.2. – СПб., 1864 - С.275.;

 

Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 122 б. 

7. Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 122 б. 

8.

 

Қадырғали  Жалайыр. Шежірелер жинағы. 122 б. 

9.

 Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки 

Чингиз-хана. – Алматы, 2001. С. 221-222 . 

10. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки 

Чингиз-хана. – Алматы, 2001. С.222. 

11. Султанов Т.И.  Поднятые на белой кошме. С.226. 

12. 

Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һəм 

хандар  шежіресі.  Алматы,  Қазақстан;  Сана, 1991,

 25 

б. 

13. Тарих-и Шах Махмуд бен Мирза Фазил Чорас // 

МИКХ, С.385. 

14.

  Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме. 

С.225. 

15. 

Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һəм 

хандар шежіресі.

 25 б. 

16.  Тарих-и  Шах  Махмуд  бен  Мирза  Фазил  Чорас.// 

МИКХ., С. 385. 

76


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



17. История Казахской ССР. Том І. Алма-Ата, 1957, 

С.175.;  Қазақ  ССР  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге 

дейін)  бес  томдық.  ІІ  том.  Алматы, 1983, 401 б; 

История  Казахстана  в  пяти  томах.  Том 2. Алматы, 

Атамұра, 1997, С. 424.; Жолдасбайұлы С. Ежелгі жəне 

ортағасырлардағы  Қазақ  елінің  тарихы  Жоғары  оқу 

орындарының  студенттеріне  арналған  оқулық.  А., 

2010. 286 б. 

18.  Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме.  С. 

226. 

19. Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 

бес  томдық.  ІІ  том.  Алматы, 1983, 302-303 бб.; 

История  Казахстана  в  пяти  томах.  Том 2. Алматы, 

Атамұра, 1997, С. 422-424. 

20. 

Құдайбердіұлы  Ш.  Түрік,  қырғыз-қазақ  һəм 

хандар шежіресі.

 25 б. 

21.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей. С.165. 

22.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей. С.135-170. 

23.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей. С.113. 

24.Спасский Г. Киргиз – кайсаки большой, средней и 

малой  орды. //Сибирский  вестник.  СПб., 1820, ч. 

9.С.185-188.;  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих, 

или киргиз-кайсацких, орд и степей. С.367-371. 

25.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей. С.367. 

26.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей.С.367. 

27.  Казахско-русские  отношения  в  ХҮІ-ХҮІІІ  веках. 

Алматы, 1961. С.406. 

28. Созақбаев С. Тəуке хан. Жеті Жарғы (Танымдық 

əдебиет) Алматы, Санат, 1994. – 14 б. 

29. Созақбаев С. Тəуке хан. Жеті Жарғы (Танымдық 

əдебиет) Алматы, Санат, 1994.  15 б. 

30.  Қазанқап  Байболұлы.  Төле  бидің  тарихы. – 

Қазақ əдебиеті. – 4 қаңтар. – 1991 ж.

 

31.  Спасский  Г.  Киргиз-кайсаки  болшой,  средней  и 

малой  Орды.//  Сибирский  вестник. 1820. ч.9.  СПб., 

1820. С. 185-188. 

32.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей.С. 360-371. 

33. 

Златкин  И.Я.  История  Джунгарского  ханства. 

1635-1758. Издание второе. Наука, М., 1983, С.129.

 

34. Қазақ ССР тарихы.  ІІ том. А., 1983, 302 б. 

35. Тарих-и амнийа. //МИКХ., С.486-487. 

36. 

Златкин  И.Я.  История  Джунгарского  ханства. 

С.

 208. 

37. 

Златкин  И.Я.  История  Джунгарского  ханства. 

С.

 215. 

38.  Вельяминов-Зернов  В.В.  Исследование  о 

Касимовских  царях  и  царевичах.  Ч.2. – СПб., 1864 - 

С.380-381.;

Златкин  И.Я.  История  Джунгарского 

ханства. С.

 215. 

39.  Моисеев  В.А.  Россия  и  Джунгарское  ханство  в 

ХҮІІІ веке. Барнаул, 1998. С.12. 

40.  Моисеев  В.А.  Россия  и  Джунгарское  ханство  в 

ХҮІІІ веке. Барнаул, 1998. С.12. 

41.  Қазақ  ССР  тарихы.  ІІ  том.  А., 1983, 299 б.; 

История  Казахстана  в  пяти  томах.  Том 2. Алматы, 

Атамұра, 1997, С. 424-425. 

42. Қазақ ССР тарихы.  ІІ том. А., 1983, 310 б. 

43. Қазақ ССР тарихы.  ІІ том. А., 1983, 310-311 бб. 

44. Қазақ ССР тарихы.  ІІ том. А., 1983, 310 б. 

45.  Вельяминов-Зернов  В.В.  Исследование  о 

Касимовских  царях  и  царевичах.  Ч.2. – СПб., 1864 - 

С.382. 

46.  Моисеев  В.А.  Джунгарское  ханство  и  казахи.А-

А.,1991,  С.83.;  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих, 

или  киргиз-кайсацких,  орд  и  степей.  Комментарии. 

С.484.; Жолдасбайұлы С. Ежелгі жəне ортағасырдағы 

Қазақ  елінің  тарихы.  Жоғары  оқу  орындарының 

студенттеріне арналған оқулық. А., 2010. 286 б. 

47.  Моисеев  В.А.  Россия  и  Джунгарское  ханство  в 

ХҮІІІ веке. Барнаул, 1998. С.27-28. 

48.  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или 

киргиз-кайсацких, орд и степей. С.161. 

49.  Жолдасбайұлы  С.  Ежелгі  жəне  ортағасырдағы 

Қазақ елінің тарихы.  А., 2010. 313 б. 

                                                                      * * *

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 1 (7). 2011 

 

 



СЫН  ЖƏНЕ  БИБЛИОГРАФИЯ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет