Байланысты: Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы
Ішкі форма және концепт. Бұл терминдердің аражігін ажырату жоғарыда айтылған терминдермен салыстырғанда қиынырақ. Екі термин де ұлттық мәдени тілдік құбылыстарды түсінудің кілті болып табылады. Осылайша, ішкі форма, концепт ұғымдарының екеуі де адамның тілдік санасы мен қоршаған орта арасындағы жалғастырушы қызмет атқарады. Олардың айырмашылығы "өміршеңдігіне", қаншалықты қажекендігіне келгенде ашылады. Сонымен қатар олардың көлемі мен атқаратын қызметтері әртүрлі. Ішкі форма біртіндеп жоғалуы мүмкін, ал концепт сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан да концепт сөздің ішкі формасына қарағанда біршама тұрақты болып есептеледі. Алайда біз сөздің жоғалған ішкі формасын іздегенде, сөздің базистік элементі анықталып, концептің өзінде танимыз. Этимологиялық талдау жасағанда ішкі форма сөздің семантикалық құрлымында маңызды орын алмайды, ал концепт функционалды қажет бірлік, өйткені, ол өзінің ең басты қызметі- орын басу қызметін атқарады. Бұл тұрғыдан келгенде, концепт пен ішкі форманың айырмашылығы, концепт пен архитиптің айырмашылығындай. Тағы бір айта кететін мәселе, ішкі формада қалып «қалып» ұғымы бар (мейлі ол ішкі болса да). Демек, терминнің астарында қандай да бір тірек ұғымдармен қалыптық байланыстың бар екендігі білінеді. Осы байланыс материалды элементтерді көшіру арқылы жүзеге асады да, "уәжділік" терминімен аталады.
Екі тілде де кездесетін жүрек, жан концептілерінің уәжділігін анықтар болсақ, төмендегідей қорытындыға келеміз.
Жүрек a)қан айналымының орталық мүшесі (екі тілде де),
ә) эмоция, көңіл-күй, күйзеліс, сезім түйінінің символы(екі тілде де,
б) ауыспалы - бір заттың орталығы, негізгі бөлігі (екі тілде де),
в) жүрек формасында болып келетін барлық объектілер, бейнелер (ағылшын тілінде)
г) сүйікті адамға қатысты қаратпа сөз (екі тілде де) [1,11].
Жан a) Жан-жануарларға тіршілік, күш беретін рух (екі тілде де),
ә) Жүректен тараған қан, жүрек соғысы (екі тілде де)
б) Адамның психологиялықішкі сарайы, ой-санасы, рухани қасиеті (екі тілде де)
в) Қадір-қасиет тұтуретінде айтылатын сөз (екі тілде де).
г) Еңбек процесінде құрал-сайман өндіретін күш иесі адам (екі тілді де) [2,10]. Ал концепт -"таза идея". Концепт пен ішкі форма арасындағы сөз етіліп отырған айырмашылық бұл екі ұғымның қолданылу аясынан көрінеді; мысалы, мағынаның уәжделуін сөз еткенде, "ішкі форма" терминін пайдаланамыз, ал сөзді мәдени тілдік контекстке енгізетін ұлттық менталитетке негізделген алғашқы қарапайым түсінік жайлы айтқанда, сөз мәдениет элементі ретінде "концепт" терминін пайдаланамыз. Ол үшін ұғыммен қарастырылғанда байланыстылығын білуіміз керек.