Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы


Зерттеу нысаны мен дереккөздері



бет2/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Зерттеу нысаны мен дереккөздері ретінде «жүрек/heart» жән «жан/soul» атауларына әртүрлі концептілік құрылымға салынған концептілердің тілдік көрінісі, яғни көркем әдебиет, метафора, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, ассоциативтік әдістері, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Мәдениет пен тілді өзара біртұтас бірлікте қарастыра және ұлттық мәдени деректерге сүйене отырып, туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулерге әр түрлі мәдениет негізінде салыстыра-салғастыра лингвомәдени және лингвокогнитивтік сараптама жасау арқылы олардың мағына қалыптасуы мен концептілік құрылымындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Осы мақсаттарды орындау барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- жұмысымызға негіз болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және зерттеу барысында сүйенген теориялық тұжырымдарын негіздеу;
• когнитивтік тіл білімі аспектісі гұрғысында бұрын зерттелген еңбектер мен тақырыпқа қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларды ой елегінен өткізу; «жүрек/heart» және «жан/soul» сөздері арқылы көрініс тапқан концептілердің урылымын (ойсурет, схема, фрейм, сценарий, логикалық- ұғымдық) ұлттық мәдени реңктегі фразеологиялық тікестер арқылы салыстыра-салғастыра талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау;
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жұмыста ұсынылған тұжырымдар мен пайымдаулар, алынәтижелер қазақ тіл біліміндегі когнитивтік зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерімен, ұстанымдарын нақытылай түсуге, айқындауға өз деңгейінде үлесін қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер мен үлгі модельдер көркем шығармаға стилистикалық-лингвистикалық талдау жүргізу барысында ассоциативтік, түсіндірме сөздік құрастыру жұмыстарында, бейнелі сөздер сөздігін жасауда пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет