Байланысты: Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы
Ұғым және концепт. "Ұғым" және "концепт" терминдері бір жағынан сөздің мазмұндық жағының әртүрлі кезеңін, екінші жағынан олардың әртүрлі қызметін көрсетеді. Ұғымнан концепт ұлттық менталитетті көрсете алатын алғашқы түсінік ретінде де (концепт-1), әмбебап мәдени түсінік (концепт-2) ретінде де ерекшеленеді. Сөздің туындауы тұрғысынан келсек, концепт-1 ұғымының " ұрығы" болғандықтан, ұғымнан бұрын тұрады. Ал жалпы мәдени аспектіден қарағанда, концепт-2 ұғымының жалпы мәдени маңызға ие боларлықтай деңгейге көтерілуі. Әрбір сөз концепт-2 деңгейіне дейін дами алмайды.
Когнитивтік тіл білімінде жаңа ақпаратты қабылдау және өңдеу құралы ретінде мына терминдер қолданылады: Фреймдер (стереотиптік жағдаяттар мен сценарийлер); концептілер (тіл арқылы көрініс тапқан жан-жақты білімнің ойдағы жиынтығы); гештальт (дүние фрагменттерінің ұғымға дейінгі бүтін бейнесі). Когнитивтік тіл білімінің қызметі - тілдегі бейнеленген мазмұнның санада қандай ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде, қандай психикалық қабілет негізінде қабылданғанын анықтау. Сондықтан бұны когнитивтік бағыттың басты нысаны болып табылатын ұғынудың ерекшеліктерін қарастыратын фундаментальды аспектіде және дұрыс ұғынуға күш салатын қолданбалы аспектіде шешу көзделеген.
Когнитивтік ғылымның зерттеу нысаны - санада бейнеленген ақпараттар мен білім [3,180]. Санада бейнеленген білім когнитивтік тіл білімінде мынадай зерттеулер негізінде танылады.
1. Таңбаның (семиотика) түр мен типтері.
2. Таңбада бейнеленген мазмұн мен білімнің түрлері және сол білімді
3. таңбадан тану және ажырату механизмі, яғни интерпретация тәртібі.
4. Таңбаның қалыптасуы мен дамуының шарттары (семиотикалық онтогенез) [4,5].
Тілдік когнитивтік аспектісі білімді қабылдау, ұғыну концептілеу топтастыру, конструкциялау, тілде бейнелеу мәселелерін қарастырады. Адамзат үшін дүниені танудың ең бірінші кілті - ұғымның сезімдік негіздерден нәр алған сана әрекеті, ал тілдік белгі - танымның сыртқы формасы.
Б.А. Серебренников. Тіл мен ойлау екі түрлі сала болғанмен әрқашан өзара қарым-қатынаста болады [5, 16] - дей келіп, олардың қатынасынан "дүние бейнесі " танылатындығын айтады. Оның бірі - коцептілік бейне, екіншісі тілдік бейне. Мұның біріншісі - ұғынуға қатысты, екіншісі тілде бейнеленуіне қатысты. "Дүниенің бейнесі" деп ақиқат немесе бейақиқат болмыстың санадағы көрінісі деп түсінген дұрыс.
Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі дүниенің бейнесі белгілі бір жүйеде репрезентациялау. Репрезентация алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі [5, 19]. Демек когнитивтік тіл білімі - ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді репрезентациялау әдісін, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар когнитивтік тіл білімі дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын модельдеуге бағытталады. Дүние туралы түсініктің санада қалыптасуы үш деңгейлі психикалық әрекеттердің өзара қатынасынан туындаған нәтижесіне байланысты: біріншісі - сезімдік қабылдау (көру, есту, терімен сезу, иіскеп сезу, дәмі сезу, т.б.) деңгейі; екіншісі - түсініктің қалыптасу деңгейі (қарапайым стереотиптер, ассоциациялар, эголондық таңбалар, жеке ситуациялар, қарапайым бейне, санадағы ойсуреттер, абстракция); үшіншісі - ойдың тілдік деңгейі. Санада қалыптасатын бұл операциялар бір дүние туралы ақпараттар жиынтығын тудырады. Осы жиынтық концепт жүйесін құрайды.
Санада сыртқы әсердің көмегімен пайда болған ақпараттар адамның эмпирикалық тәжірибесімен толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық фрагмен гері тілде көрініс табатын дүниенің қарапайым бейнесінде туындайды. Мысалы, ойдың метафоралануы - негізгі ментальды әрекет, дүниені тану және таныту тәсілі. Және ол жаңа білімді "ескінің көзімен" бейнелеп түсіндіруге бейім тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз. Себебі тіл - барлық коммуникативтік жүйенің ірі семиотикалық көрінісі. Американ тілші-ғалымы У.Чейф: "тілдің қызметі дайын концептілерді кодтау", деп түсіндіреді. В.А. Звегинцев: "білімнің мәнділігі оның дискреттік сипатында, ал тіл одан туындайтын мынадай үш қызметі арқылы көрініс табады: біріншіден, білімді дискреттеу құралы ретінде; екіншіден, оның обекътивтенуі ретінде; үшіншіден, интерпритациялануы барысында көрінеді", деп таниды [6, 195].
Демек тілсіз адамның интеллектуалдық және рухани дүниесін анықтау мүмкін емес. Дегенмен дүниені тану тілден ты санадағы таңбалар мен жағдаяттардың сол дүниенің табиғатын толық аша алу деңгейіне байланысты. Санадағы кейбір жағдаяттар тілде көрініс таппай тек ойда таным ретінде сақталуы мүмкін. Бұндай дүниенің табиғатын дәл әрі нақты таныта алатын ситуациялар стереотиптік, яғни жиі қайталану барысында ғана тілдік сипатқа ие бола алады.
Когнитивтік тіл білімінің негізгі эпицентрі - санадағы дүниенің бейнесі (таңба), оның тірегі - концептілік құрылымдар. Дүниенің бейнесі - жан-жақты ақпарат, бұл ақпараттарды біріктіретін орта - концептілік жүйе. Сондықтан тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту мәселесін қарастырады.
Г.Гиздатов тұжырымында да когнитивтік бағыттың басты мәселесі санадағы білімді жүйелеу. Ғалым зерттеулерінде: "Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі - санада әмбебап модель қалыптастыру" [7] - деп беріледі. Санадағы ұғымың әмбебаптық көрінісі тіл арқылы танылады. Ал тілдің кешенді қызметі бұған дейін зерттелген болатын. Л.С. Выготский: "Тіл табиғат феномені, тіл - ақпаратты таратушы" деп айқындайды [8]. Тілдің когнитивтік бағыты мынадай екі мәселені шешуге негізделеді:
1) Санадағы кешенді білімнің танымдық құрылымын анықтау;
2) Оның коцеп билік жүйелену тәсілін, тілдік көрінісін айқындайды;
Проф Е.Д. Сүлейменованың зерттеуінде тілдің когнитивтік аспектіде көрінуі ондағы мазмұнның жан-жақты танылуы мен дүниені бүтіндей меңгеруден байқалады. Бірақ тіл жеке тұрып ақиқат дүниені бүтіндей таныта алмайды [9,1276]. A.А. Кибриктің пікірінше: "Тілдік формалар когнитивтік құрылымдарды таныта алған жағдайда ғана тіл когнитивтік қырынан көрінеді [10,126б]. Ғалым Ж.Манкееваның зерттеулерінде: "Тілдегі мазмұнның сақталуы оның кумулятивтік қызметімен тікелей байланысты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас күйіндегі когнитивтік парадигма құрайды" [11], деп тұжырым жасайды.
Қорыта айтқанда когнитивтік тіл білімі бағытының қызметі:
- тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние туралы ақпараттарды жинақтау және тұжырымдау (концептілеу);
- оларды бір жүйеге топтастыру (категориялау);
- дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;
- тілдегі бейеленуін анықтау.
Адамзат қоғамы дамып, өндіріс, мәдениет, ғылым өрбіген сайын, адамның танымдық, ұғымдық ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Санада қалыптасқан ұғымды танытудағы шеңбері де кеңейе түсетіні де белгілі. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін табу. Бұл процесс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Бұл қызметті жүзеге асыратын когнитивтік бірлік-концерт.
Концепт ұғымы қазіргі тіл білімінде ХХ ғасырдан бастап белсенді қызмет атқара бастады. Алғашқыда концепт тілді логикалық талдау тұрғысынан тану бірлігі ретінде анықталып, ұжымның тұлғаның мәдени, рухани ой-санасын, менталитетін тануда қарқынды қызмет атқарады. Сөйтіп рухани мәдениетті танытатын тірек сөздерді (тірек-ұғым) концепт деп атау қарастырылды. (Н.Д.Артюнова, А.Н.Мороховский, Д.С. Лихачев, B.В. Колесов т.б ). H. Д.Артюнова:"Мәдени концептілер - бұл ең алдымен философиялық мәдени терминдердің қарапайым сәйкестігі (үйлесімі). Осы ұғымды білдіретін тіл бірліктері ғылыми философиялық, мәдени ұғымдарды таныта отырып, жалпыға ортақ күнделікті қолданыстағы мағыналардың таңбасы бола алады", -деп түсіндіреді [12, 171. Мысалы, тіл иесі күнделікті қолданыстағы (тағдыр, ақиқат, ар, ождан, еркіндік 1.б.) сөздерді нақты дифиниция арқылы таныта алмайды. Сондықтан бұл сөздер ұжымдық санада қалай танылса, қай қырынан басым түссе, сол мәнді танытатын (көбіне әлеуметтік, мәдени мазмұн) тіл бірліктері арқылы ұғынылады. Бұл ұғымдық мән субъектінің жеке өмірлік тәжірбиесі, жинаған ақпараты арқылы бірнеше тіл бірліктері арқылы көрініс табады. А.К.Мороховский зерттеулерінде концепт ұғымы мен оның қалыптасуы тілдің семантикалық мазмұны арқылы анықталады. Ғалым тілді үш түрлі семантикалық топқа ажыратады:
1 . Мәдени сөздер;
2. Ғылыми сөздер;
3. Идеологиялық сөздер
Топтастырудағы басты себеп: біріншіден, олардың мағынасы белгілі бір мақсатқа бағытталады, екіншіден, олардың әрқайсысының қалыптастырушы иелері бар, үшіншіден, олардың қолданылу орны , аясы бар. Мәселен, ғылыми терминдерді жеке тұлғалар қалыптастырады, мақсаты-жаңа идеялар мен концептілердің атауын береді. Мәдени сөздер-әлеуметтік ортада қалыптасады, мақсаты- социумда мазмұндық сипат алған концептілерді рухани санада тіл арқылы бекіту, нақтылау. Идеологиялық сөздер жеке тұлғалар санасында қалыптасып, социумға қолданысқа ұсынады, мақсаты-үгіт, насихат, нұсқау. Бұл сөздер иллюзорлы (бұлдыр) санадағы бейнелерді танытуда айқын көрінеді [13,55]. Концепт табиғаты жөніндегі ғылыми зерттеулерінде А. Вежбицкая: "Концепт идеалды дүниенің объектісі ретінде танылып, субъектінің дүние туралы түсінігінде қалыптасады", тұжырым жасаған [14,79]. А.Вежбицкаяның бұл пікірі С.А.Аскольдов-Алексеевтің: "Концепт санадағы актілердің мазмұны" [15,29] деген пікірімен сабақтас. Демек концепт тілге дейінгі санадағы ой әрекеті арқылы пайда болып, ондағы мазмұнды танытатын бірлік ретінде ұғыныла бастады.
Бұдан кейін зерттеушілер (В.В. Колесов, Д.С. Лихачев, Е.С.Кубрякова, Р.И.Павиленис т.б.) концептіні ментальды түсінік ретінде тани бастады.
Д.С. Лихачев зерттеулерінде концепт ұғымының тұлғалық санасында шоғырланып, өзара байланыс жасай отырып, концептілік отау (орта) құрайтынын дәлелдейді. Бұл отауды "концептосфера" деп атап көрсетеді [16,7б]. Кейінгі зерттеулерде концептосфераның қызметі концептілік жүйеге айналады. Ғалым зерттеулерінде концептосфера концепт-1 (алғашкы ментальды түсінік және концепт-2 (рухани мәдениеттің тірек сөздері) арқылы құралған. Олардың тілдік көрінісі көп жағдайда фразеологизм болып табылады. Н.К. Рябцева концепт қасиеттерін былай айқындайды:
- адам санасындағы ақпарат тұлғаның тәжірибесі , танымы, қабылдауы арқылы толығып, өзгеріп отырады;
- концепт логикалы ұйымдасқан динамикалық құрылымнан тұрады. Оның негізгі құрылым болып танылса, прототиптік базистік элементі мазмұндары - көмекші элементтер болып саналады; - концепт (санадағы ескі және жаңа ақпараттар) уәжделген және өңделіп ұсынылған өнім ретінде танылады [17,74].
Концепт - лигвистикалық категория. Бірақ басқа лингвистикалық терминдермен балама қолдануға болады. Концепт когнитивтік тіл білімінің басты термині ретінде қарала бастағаннан-ақ мағына мен ұғым лингвомәдени бірлік терминдерімен ауыстыра қолдану жағдайы кездесе бастады. Сондықтан зерттеушілер ең алдымен осы ұғымдарды ара жігін ажыратып көрсеткенді жөн көрді. Ю. Степанов "Мағына тек тіл жүйесінде ғана анықталатын тіл білімінің термині, ал ұғым тіл білімі мен логика саласындағы логикалық қатынастар жүйесінде анықталады", - деп көрсетеді. С.Аскольдов-Алексеев "концепт лексикалық мағынаға қарағанда ауқымы кең дүние", - деп таниды.
В.Н Телия «тілдің мәдени-ұлттық өзіндік танымы адамға ана сүтімен беріледі» ол алдымен меңгеріледі, содан соң айтылады, яғни саналы түрде жеткізіледі деген тұжырым жасайды [2,12].
Концепт ұғымына берілген тұжырымдар мен зерттеулерді сараптау нәтижесі оның қалыптасуы мен танылуының мынандай басты қағидаларын анықтауға негіз болды. Сонымен қатар біз қарастырып отырған жүрек, жан концептілерінің тілдік бейнесін танып-білуімізге әсері зор болмақ. Сондықтан концепт ұғымының мәнін ашып алуымыз керек.
1. Концепт - санада қалыптасатын логикалық болмыс. (С.А. Аскольдов- Алексеев; Чесноков; Е.С.Кубрякова) "Концепт - бұл сөз бен оның ұғымы арасындағы делдал . Ішкі сөйлеу барысында санада қалыптасқан ұғым бірден сөзбен таңбалана алмайды. Сондықтан оның орнына мағына элементі ретінде ойдағы алғашқы түсінік - ментальды сигналдар көмекке келеді. Бұл концепт болып саналады [15,28]. "Концепт - зат не құбылыстардың өзара қарым- қатынасы қалай, олар қалай топтастырылады, қалай категорияланады деген мәселелерді айқындайтын ментальды репрезантация [23]. "Концепт – бұл өзінше бөлек бүтін мазмұнға ие, әрі ұсақ ойларға бөлінбейтін ойлау бірлігі, яғни ішкі қабаттың үстірт қарапайым көрінісі" [24]. Е.С.Кубрякова: "Концептіні адам санасының және ойының аспектілері ретінде сипатталады", - деп таниды.
2. Концепт-адамның өмірлік тәжірбиесі мен ұлттық тәжірбиедегі бейнелер (таңбалар) жиынтығы. (Чубраян, Р.И.Павпленнис, А.П. Бабушкин) "Концепт ұқсас заттар мен құбылыстардың ұқсастық дәрежесі, олардың бойындағы белгілері мен қасиетіне байланысты екі объектінің де ортақ белгісі концепт қалыптастыруға негіз болды". "Концепт - белгілеуге болатын таңбасы бар ұжымдық сананың дискреттік бірлігі" [18]. "Концепт - бұл белгілі бір сөзді айқындайтын түсінік, білім, ассоциация шоғыры" [19].
3. Концепт - ақиқат дүниенің мәдени бейнесі. Демек, белгілі бір ұлттың не адамның мәдени танымы сол дәуірдің мәдениетін анықтайды [23]. А.Н. Арутюнова, М.М.Копыленко, А.Н.Мороховский пікірінше, мағыналық аясы белгілі бір мәдениеттің белгілерін білдіре алса, әрбір тірек сөз концепт бола алады. [13]. Д.С. Лихачев концептосфера ұғымын концепт-1, концепт-2, топтарына сүйену арқылы айқындайды. Концепт-1 - алғашқы ментальды түсінік; концепт-2 , рухани мәдениетті танытатын тірек сөздер [15]. Дегенмен қазіргі таңда тіл білімінде конепт терминін анықтайтын үш бағыт қалыптасты:
Бірінші бағыт. (10.С. Степанов, Н.Телия) Концептіні мәдениеттаным аспектісінде қарастырып, адамның ментальді дүниесіндегі мәдениеттің қайнар көзі деп таниды. "Концептіні танытуда тіл басты қызмет атқармайды, ол тек мәдени концептлердің ең құнды бөлігін таңбалау үшін қажет, " - деп түсінеді.
Екінші бағыт. (Н.Д.Артюнова, Т. Булыгина, Н.Д. Шмелев) Концептіні тану үшін оның мазмұнын ашатын негізгі құралы - тіл таңбасының семантикасын анықтау керек. Демек, бұл бағыт когнитивтік семантикасы сүйенеді.
Үшінші бағыт. (Д. Лихачев, Е.Кубрякова) Концепт тек сөз мағынасынан тұлғалық тәжірибелер мен аялық білімі, көрген білген ақпараттары, танымдық дүниесі арқылы қалыптасады. Яғни концепт - ақиқат дүние мен сол дүниені таңбалайтын сөз аралығындағы көмекші делдал білімдер жиынтығы. Бұл зерттеулерден шығатын нақты тұжырым: концепт - бұл санадағы білім. Ол ғылыми, мәдени, рухани, көркемдік танымда берілуі мүмкін немесе олардың қосылып, ықшамдалған түрінде көрінуі мүмкін.
Тіл білімінде концепт кешенді қолданыстағы ұғым болғандықтан, әр қырынан қарастырылады.
1. Лингвомәдениеттанымдық аспектіде, концепт ақиқат дүниенің санадағы мәдени, рухани, этникалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады (Н.Д. Артюнова, А.М.Мороховский, Д.С. Лихачев т.б.).
2. Психолингвистикалық аспектіде концепт ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезіну) арқылы қабылданған алғашқы ментальды түсініктер ретінде танылады (Р.И.Павеленис Дж. Келли, Дж.Каган).
3. Лингвомәдениеттік аспектіде, концепт - ақиқат дүниенің санада жан- жақты жинақталып, тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы танылған көрінісі (бейнесі). Әрбір концепт тіл арқылы көрініс табады, концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады (Е.Н.Кубрякова, A. Вежбицкая) дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий, ойсурет, схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер арқылы таңбаланады.
Концепт ұғымында берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды:
-концепт дүниенің құндылықтарын танытады;
-концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді;
-тіл арқылы ооьективтенеді;
-субьектінің біліми деңгейі мен менталитетін көрсетеді;
-әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады.
Мысалы: қазақ халқында танылған "Жүрегі аузына тығылды" фреймі қорқу концептісін танытады. Ал ағылшын тілінде have one's heart in one's boots фреймі қорқу, жүрегі ұшу концептісін білдіреді. Демек, екі тілдегі мағыналық ұқсастықты байқауға болады. Бұл:
-тұлғаның өзіндік танымдық стилін айқындайды;
-концепт - адам тәжірибесіндегі идеалды түсініктің ең кішкене бірлігі;
-концепт - білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі бірлігі;
-концепт - белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы.
Бүгінгі таңда тұрақты анықтамаға ие бола алмай отырған концептінің негізгі себебі: ол дүниенің әлеуметтік-психомәдени жағын қатар қамти отырып, күрделі көп қырлы құрылымнан қалануда. Бұл құрылым сол тілде сөйлеушінің ойлау, түйсіну әрекеті арқылы жүзеге асып қоймай, мәңгілік толығу, талқылау үстінде жүреді. Дегенмен "концепт" ұғымын жан-жақты таныту үшін мынадай тұжырымдардың өзі жеткілікті: "Концепт - бұл белгілі бір этномәдениетті сақтаушыларды сипаттайтын немесе ондағы лингвомедени ерекшеліктерді айқындайтын семантикалық білім. Концепт этникалық дүниетанымды бейнелей отырып, этникалық дүниенің тілдік бейнесін уәждейді. Бұнымен қоса "үй" құруға арналған кірпіш ретінде гүсініледі (М.Хайдеггер). Концепт - адам әрекетінің әрбір болмысын, мәнін айқындайтын білім кванты. Ол сөз мағынасынан туындамайды, керісінше, адамның өзіндік жеке және ұжымдық (халықтық) тәжірибесінен туындайды (Д.С. Лихачев бойынша). Концепт бағалауыш эмоционалды-экспрессивті әсермен толығып отырады (В.А.Маслова).
Концепт ұғымымен байланысты әлем бейнесі және әлемнің тілдік көрінісі қазіргі тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әлем бейнесін ұлт, әр адам, әр ұжым мүшесі өз дүниетанымына, мәдениетіне, ментальдық ерекшелігіне, ұлттық психологиясына, жеке психикасына, т.б. байланысты түрлі қабылдайды.
Әлемнің тұтас бейнесін тілдік бірліктер арқылы танымдық аспектіде айқындауда "концепт" " термині маңызды рөл атқарады.