Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы


Лингвистикалық когнитивизм кәне жүрек, жан концептілерінің танымдық бейнесі



бет6/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы

Лингвистикалық когнитивизм кәне жүрек, жан концептілерінің танымдық бейнесі

Қазақ, ағылшын тілдері көрінісіндегі жүрек, жан концептісінің лингвомәдениеттану тұрғысынан талдануы бұл кон ептінің кең семантикалық ареалын айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, "концепт" пен "ұғым" терминдерің ара жімн аша түседі. Жүрек, жан сөздері ішкі формасына қарай бірдей болып көрінгенімен, концепт латынның "conceptus - "ұғым" сөзінің калькалық аудармасы екеніне көзіміз анық жетеді. Бірақ қазіргі таңда екі ұғымның да өзіндік ерекшелігі байқалуда. Егер ұғым танылатын обьектінің мәнді , мазмұнды қасиеттерінің жиынтығы болса, ал концепт ұлттық болмысқа негізделген ментальды білім жиынтығы. Оның мазмұн межесі - обьект туралы ұжымдық, тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры болса, тұрпат межесі - тіл бірліктерінің жүйеленген көрінісі (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т.б.).
Концептіні таныту мақсатында кез-келген тілдік бірлік, лексикалық мағынасы бар сөздер қолданылады. Ал концепт ретінде барлық ұғымды ала алмаймыз, тек белгілі бір мәдениетті тануда қолданылатын және автор үшін маңызы зор деп танылатын күрделі ұғымдарды, ең бастысы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық, жалпыұлттық құндылықты таныта алатын ұғымдарды тани аламыз. Мысалы, қазақ халқы үшін киіз үй, шаңырақ, қамшы, жазық дала, көш, бөрік, бесік, домбыра, тұмар т.б. сөздер лингвомәдени бірлік ретінде ұлттық мәдени концепт деп таныла алады. Ал орыс халқы үшін баспалдақ, қоңырау лингвомәдени бірлік ретінде мәдени концепт деп танылады.
Ал біз қарастырып отырған жүрек, жан концептілерінің де әр халыққа тән өзіндік қасиеттерге ие. Мәселен,
Жүрек - адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы. Жүректің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Жүректің адам организмде алатын орны ерекше.
Ал діни тұрғыдан қарастырсақ: Жүрек - иманның тұрағы, Алла тағалаға сенім мекені. Адам жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет жүректен шығады. Хадисте «Алла адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның жүрегіне қарайды» деп айтылған. Бұл тек мұсылман халқына тән [24, 96].
Жүрек концептісінің қызметі тек адам өмірінің эмоциялық ортасының бейнесімен ғана шектеліп қалмайды. Жүрек сөзімен байланысты жиналған материалдарды зерттеу негізіндегі мәліметтерде жүрек адам өмірінің барлық рухани орталығының практикалық көрінісі болып табылатынын дәлелдей түседі. Сондықтан тілімізде кездесетін: ержүрек «батыр қайсар кісі» туралы айтылады.
Қазақ, ағылшын плдеріндегі қорқыныш, үрей мағынасын білдіретін фразеологизмдарге тоқталсақ:
Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы жүрегі тас төбесіне My heart was in аузынан шығу, шығады mouth жүрегі аузына тығылу жүрекке жақын алу have smth. at heart бірнәрсені жүрекке тым жақын қабылдау жүрегі қарс айырылды bring home to smb's жан-тәнімен қайғырып, heart қорқу
Белгілі бір тілдік бірлікті зерттегенде кейде ол өзінің толық күшінен айырылып кездейсоқ мобилизацияға әкелуі мүмкін: Ағылшын тіліндегі мәтіндерде себепті жағдайларға байланысты жүрек концептісі секіріп жүреді.
Қазақ, ағылшын тілдерінде қайғы, қасірет, уайым, бақытсыздықты білдіретін де сөз тіркестері мен фразеологизмдер бар екен. Мысалы:
Қазақ тілінде Агылшын тілінде Сөзбе-сөзаудармасы жүрегі зуете түсті жүрегі күпті болды devour one's heart breaksmb's heart үнсіз қайғыру, қурау, солу көңілі құлазу study жүректі жаралау break smb's heart біреудің жанын қатты жаралау

Жүрек концепті ұлттық санамен, болмыспен, тарихпен, рухани мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрыптары және салт-санасымен байланысын түсінуге жол ашады, Сонымен қатар жан концептісімен байланыстылығына да көз жеткіземіз.


Жан концептісі де өз кезегінде бірнеше мағыналы маңызға ие. Барлық лексикографиялық дефиницияларда жан лексемасында «тірі (жанды)» архисемасының бөлінетіндігін есепке ала отырып, біз мәтіндегі «жан» концептісінің құрылымының өзегін төмендегідей мағыналарға топтастырылған жан лексемасы құрады деп есептейміз: 1) Жан - көзге көрінбейтін, белгілі бір түрге салынбаған рухани жан; 2) Жан - адам, пенде. Алғашқы рухани жан мағынасы төмендегідей бірнеше шеткері қабаттардан тұрады. Мұнда да логикалық танымдағы концептілер ақиқатқа негізделеді және логика (ойлау) заңдылығына сүйенетінін байқаймыз [2,14].
Жан концептісі қазақ және ағылшын тілдерінде адамды қадірлеу, құрметтеу сияқты ауыспалы мағынада және адамның ішкі сарайын, ой-санасын жеткізу мағынасында көп қолданылатынын байқадық. Мысалы:
Қазақ тілінде Агылшын тілінде Сөзбе-сөз аудармасы қайырымды жан жан-тәнімен берілу all one's soul кеңпейіл, ақккөңіладам шын пейілден, шын жүректен жан жүйесін босатты to the bottom of one's көңіл тербеді, сезімі soul толқыды
Қазақ, ағылшын тіліндегі келтірілген мысалдардан жүрек жан концептілерінің тілдік көрінісін, әр ұлттың өзіне тән тілдік ерекшеліктері мен концепт пен ұғымның басқа да өзгешеліктері бар екене көзіміз анық жетті. Мұнда ұғым өз бойына мәнді, маңызды белгілерді жинақтаған, ал концепт - бұнымен қоса, мәнді емес қасиеттерін де қамтиды. Ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының шеңбері едәуір кең. Концепт пен ұғымды оның құрылымдары арқылы ажыратуға болады. Ұғым құрылымында тек мазмұндық элементтер болады, оған концептілік құрылымдағы барлық компонент ене бермейді, Мұндағы ұғым, сөздердің сөзбе-сөз аудармасы болып табылады. Демек, В.А. Маслова зерттеуіндегі «концептінің әрқашан эмоционалды, экспрессивті, бағалаушы сәулелері көрінеді» деген пікірімен келісеміз [18,16]. Яғни аталған концептер бойынан адамның объект (дуние) туралы жағымды, жағымсыз бағасы, әсері, эмоциясы, ойы, танымы көрінеді.
А.Б. Бабушкин концепт пен ұғым терминдерін ұқсас деп танып, ғылыми саладан оның бірін, яғни "ұғымды" ығыстырып шығаруды ұсынады. "Қазіргі таңда тілші-ғалымдар "ұғым" терминін классикалық мәнде қолдана бермейді, оның орнына концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн көреді" [18,14]. Н.Н. Болдырев, керісінше екі терминнің де қолданылу аясы бар деп есептеп, оларды былай ажыратады: "Егер ғылыми танымда ұғымның көлемі (берілген дүниені толықтыратын белгілер мен қасиеттерінің жиынтығы) және мазмұны (ондағы бір немесе бірнеше обьекті белгілерінің біріккен жиынтығы) болса, ал концептіде ұғымның мазмұндық бөлігі ғана көрінеді.
Қазіргі тіл білімінде "концепт ұғымы кең мағынада қолданылады және тілдің семантикасын бейнелеуде немесе тілдің мағынасын айқындауда концептілік құрылымға сүйенеді.
Сонымен жүрек, жан концептілері мен жүрек, жан ұғымдары ғылымда екі түрлі термин деуімізге толық негіз бар. Ұғым - логика мен философия термині, ал концепт - математикалық логика, мәдениеттану, когнитивтік тіл білімі термині. Концепт пен мағына біржақты ұғымдар емес. Концепт дүние туралы тұрақты мәліметтер жинайды ал сөз өз мағынасымен концептінің бір элементін ғана танытады. Дегенмен концептіні анықтауда оны танытып тұрған мағыналар мен сөйлемдерге, дискурсқа сүйенеміз [2,14].
Концепт обьектінің семасы арқылы да танылады. Бірақ ол мазмұн жадыда саналы түрде автоматты сақталған форма. Концепт сөзден туындайтын идеялардың санада өңделіп, болжам ұсыну бірлігі. Концепт бұл жалпы мағына емес, ол жалпы түсінік. Концептіні барлық жағдайда бейне деп тани алмаймыз, себебі, ол бірде бейне ретінде, бірде жалпы идея ретінде танылады. Дегенмен сөздің мағынасы концепт қалыптастырушы материал ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да концепт термині түсінік беруде санадағы ментальды бейнелерден бұрын сөздің мағынасы бірден тілге тиек болады. Концепт терминін анықтау сөз мағынасының қалыптасуына үңілуден туындайды. B. Виноградов зерттеулерінде сөз мағынасы ұғым белгілерімен сәйкестендіріліп, "ақиқаттың үзігі формасында танылған" [19,16].
Г.В.Колшанский, Б.А.Серебренниковтардың зерттеулерінде де сөз мағынасын санадағы мазмұнның бейнеленуі мен таныту басым көрінеді [20,193]. Демек, сөз мағынасы санадағы ұғымның мазмұнына қызмет етеді. Сөз мағынасын сана әрекеті арқылы танылатын ойлау субстратының бір элементі деп тануға болады.
Тілдің семантикалық аспектісінде танылатын сема - "денотат" ұғымы когнитивтік аспектіде "обьектінің идеалды бейнесі", яғни танудың заттық көрінісі ретінде ажыратылады. Демек тілдің семантикалық деңгейі ақиқат дүние туралы санадағы түсінікпен сәйкес болуы әбден мүмкін. М.В. Никитин концепт терминіне "таң ба арқылы танылған ұғым" деп анықтама береді [21,150]. Ғалым тілдің таңбалық сипатының санадағы қызметін айқындау арқылы когнитивтік құрылымдағы ұғымның бейнелену модусын (түрін) ажыратады: интенсионал, импликационал, логикалық ұғым, ұғым-бейне, ұғым-символ, ұғым-стереотип, прототип, ұғымның эмотивті модусы. Концептіні тілдік мағынаның мазмұны ретінде танып, ұғымдық компоненттер: денотат, десегнат, референт, сигнификат, коннотат шеңберінде зерттеу концепт туралы алғашқы, тар түсінік деп танылады. Концептіге осындай түсінік беру ұғымға семантикалық және концептілік талдау нәтижесінде анықталды. Семантикалық талдау зат немесе құбылыс атауының денотаттық, сигнификаттық, конаттатық және түрлі семалық құрылымын түсіндіруді көздесе, концептілік талдау бір таңба аясына жинақталған белгілердің мазмұнын анықтауға бағытталады. Демек, лексемаға - мағына тән болса, концептіге - мазмұн тән.
Когнитивтік ғылым базасында терең зерттеулердің нәтижесінде концептінің санада ойлау әрекеті арқылы қалыптасып, психикалық ментальды қабілеттер негізінде танылатыны айқындалады. Кең ұғымда концепт - санадағы ментальды бірліктер мен психикалық ресурстар қызметі арқылы индивидтің тәжірибесі мен білімін танытатын ақпараттық құрылым [22,90].
Тіл қызметінің танымдық (когнитивтік) негізін айқындаудың үш принципін Ж.Манкеева "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында айқындап берді:
1. Қоғамдық тәжірбиеге негізделу, танымның қазыналық сипаты.
2. Таным модельдерінің символдық түрлері, яғни тілдің қызметі -ақпарат беру емес, бейнелсуге мүмкіншілік жасау. Яғни тіл арқылы бейнелілік пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде символдар арқылы беру.
Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол - таным моделінің құрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипаттайды [11,41].
Бұл принциптерден әлем бейнесін тану тәжірбиеге, танымға, мәдениетке байланысты екендігін көруге болады. Халық мәдениетінің, салт-дәстүрінің, дүниетанымының тілге тигізетін әсері мол. Жалпы халық мәдениетін шартты түрде екіге бөлуге болады: материалдық және рухани мәдениет. Осы тұрғыда базалық материалдық мәдениетті танытатын атауларды концепт түрінде тануға болады. Әсіресе, ұлттық ерекшелігін, таным-түсінігін, ой-өрісін, яғни бір сөзбен айтқанда мәдени болмысын танытатын лексемаларды(атауларды) "мәдени концепт" ретінде когнитивті тұрғыда қарау қажет.
Ұлттық мәдениеттің барлық түрлері тілде өз көрінісін табады. Сол себепті, материалдық, рухани мәдениеттің барлық концептілері тілде жинақталған. Ұлттық мәдениеттің белгісі жеке сөздің семантикасынан, яғни, ұлттың мәдени болмысын танытатын лексикалық бірліктерден, жер-су атауларынан, кісі есімдерінен, фразеологизмдерден, мақал-мәтелдерден анық байқалады. Мысалы:

Қазақ тілінде
«Жаным» десе, жан семірер

Ағылшын тілінде
All doors open to courtesy



Сөзбе-сөз аудармасы
сүйгендіктен барлық есік ашылар



Жүрегі тас төбесіне шықты

His heart was in his boot



Аяқ астынан қатты қорқу



Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларын талдау арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады. Бұл мақал- мәтелдер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементтері ретінде таңбалай отырып, олардың мән-мағынасын да қамтиды. Рухани мәдени лексемалардың лексикалық, семантикалық қырларын анықтау жаңа үстем мән- мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл бұрын жасалған тұжырымдарды, түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.


Концептілердің санада танылу деңгейіне қарай, ақиқат дүниенің болмысы мен өзіндік ерекшелігіне қарай метафизикалық концептілер деп шартты түрде жіктеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет