Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы



бет9/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы

Контраст концептілер - бірінсіз-бірі болмайтын, бірін екіншісі толықтырып отыратын немесе бірінен кейін бірі жүретін, тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұратын ақиқат дүниелердің жұптасып қана танылуы. Мысалы, (жанды/жансыз). Поэтикалық мәтінде(жанды/жансыз) контраст концептілері "жаны кірді және жаны кеудесінен шығып кетті" ситуациясы арқылы танытады. Мысалы:

Қазақша

Ағылшынша

жансыздықты сезіну

have no soul



Калейдоскоптық концептілер - бір ғана ақиқат дүниенің санада әралуан концептілік құрылымдарға салынып бірнеше концепт типтерінде (ойсурет, сценарий, схема, фрейм) көрініс табуы. Ақиқат дүниенің әрбір үзігін (фрагментін) қалыптасқан (стереотиптік) таным шеңберінде емес, қалыптаспаған(стереотиптік емес) танымда ұғыну сол дүниені алуан түрлі жағдайда объективтендіруге мүмкіндік береді.
Концепт құрылымы жағынан әте күрделі дүние. Бұл құрылымға санадағы ақиқат дүниені танытатын барлық бірліктер мен таңбалар, оқиғалар мен ситуациялар епеді. В.АМаслова концепт құрлымын былай жүйелейді: "Біл "Біріншіден, дүниенің мәдени белгілерін танытатын бастапқы көзі, яғни этимологиясы; екіншіден, сол дүниенің тарихи өміріндегі, мағыналық дамуындағы жаңа мәнге ие болған белгілері; үшіншіден, қазіргі сол дүние туралы ассоциациялар мен бағалауын мәндер. коннотациялар көрінісі жатады"[2,40]. З.Д. Попова мен И.А. Стернин концепт құрылымын адам санасындағы әрекеттердің жүйелі қызмет етуімен байланыстырады. "Концепт адам санасында, біріншіден, севімдік тәжірбиесі арқылы қалыптасады. Екіншіден, адам өзіндік тұрмыс-тіршілігі, қызметі арқылы таныла түседі, үшіншіден, тілдік таңбасы жиі көріністен өтіп, стеротиптік деңгейге жеткен таңбалармен таныту арқылы анықталады, төртіншіден, тіл бірліктерін саналы түрде сол дүние табиғатын танытуға болады деп тұжырым жасау негізінде қалыптасады. Ю.Степановтың пікірінше, концепт қабатталған құрылымнан құралып, оның әрбір қабаты әр дәуірдегі сол дүние туралы мәдени түсінік, халықтық көзқарас күйінде сақталады. Ғалымның жүйесі бойынша концерт құрлымы мынадай тізбекпен танылған:
-Дүниенің негізгі(маңызды) белгісі;
-Қосымша (пассив, тарихи) белгісі; Ішкі (әлі сезіліп, таныла қоймаған, жұмбақ) формасы [26,21]
Тұлға не ұжымның концептіні тілдік таңбалармен объективтендіру шеберлігіне қарай эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер және логикалық-позитивті танымда объективтенген концептілер деп шартты түрде бөлуге болады. Концепт теориясында эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер маңызды болып саналады. Себебі, оның бойынан ұғым тудыру, атау беру, түсінік қалыптастыру, бейнелеу, ассоциативті, эмотивті модусын анықтау сияқты қасиеттерді көруге болады. Эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер әрқашан индивидуалды. Мұнда логикалық ойлау заңдылығы мен шектілігі сақталмайды. Логикалық танымда объективтенген концептілерге жалпыадамзаттық, әлеуметтік идеялар тән. Ал эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілерге-жеке тұлғаның фантазиялық немесе қиялдан туған бейнелері тән. Логикалық-позитивтік концептілерде сезімдік, иррационалдық қабылдаулардан бұрын, логикалық ойлау механизмі мен ой модельдерін құру әрекеттері басым. Эстетикалық-көркем концептілерді объективтендіруде сезімдік бейнелеу әрекеттері басым. Эстетикалық көркем концептілерді объективтендіруде сезімдік бейнелеу әрекеттері белсенді қызмет атқарады. Мысалы: «Жүрек» - бұл сөзге былай анықтама берген: Жүрек - 1) қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағына орналасқан басты органы, (логикалық танымда объективтенген концепт). 2) Ауыс. Кісінің жан дүниесі, рухани сезімі. ["Жүректі кетті жылытып, Бір ауыс тіл қатқаның, Өзімді-өзім ұмытып Айтар жауап таппадым. Қ.Ұябаев, Отты жел] [27,265]. (эстетикалық- көркем танымда объективтенген концепт).
Мысалға алынған концептілер тактильді сезіну, яғни, қорқыныш сезімі билеу, қалшылдап дірілдеу, уайымдау сезімдерінен туындатады.

Қазақша

Ағылшынша

Үмітсіз жүрек жаралы

If it were not for hope, the heart would break

жан берді

to lose heart

жан қадірін білді

to one's heart's content

Қорыта айтқанда, эстетикалық-көркем танымдағы концептілерде ассоциация, фиксация, жұмбақ, жалған ойлау әрекеттері басым болады. Бірақ мұндай танымда заңдылық болмайды деп түсінбеу керек. Онда автордың өз заңы мен өз жүйесі болады. Дегенмен жоғарыдағы айтылған қай концепт болсын санадағы ақиқат дүниенің бөлшегін танытуға бағытталады. Бұл қазақ және ағылшын тілдеріне де ортақ екенін байқау қиын емес.


Концептілер екі тілде де әрқашан идеалды және олар санада әмбебап заттық код (Н.И.Жинкин бойынша) бірлігі арқылы таңбаланады. Әмбебап заттық код бірлігі - бұл адамның тұлғалық сезіну тәжірбиесі негізінде көрінген индивидуалды сезімдік бейнелер. Санада концепт бейне түрінде туындайды, кейін ол абстракция деңгейіне жеткенде сезімдік бейнеден ой бейнеге ауысады. Осы ойымызды нақтылау үшін Р.И.Павиленистің пікіріне сүйенеміз "Әрбір концептіні меңгеру үшін санада қалыптасқан құрылымын анықтау керек. Бұл құрылымда субъектінің байқаған, бақылаған, таныған біліми ақпараттарының шоғыры жүйеленген. Бұл жиынтық концептілік жүйеге ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет