Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы


Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері



бет3/17
Дата16.07.2022
өлшемі74,12 Kb.
#37699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Концепт – когнитивтік лингвистиканы негізгі категориясы

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
Зерттеу жұмысында осы уақытқа дейін «жүрек/heari» және «жан/soul» атаулары концептілік тұрғыдан қазақ тілінде ағылшын тілімен салыстырыла зерттелмеген. Жан/душа концептілерін лингвистикалық тұрғыдан Ж.Уматова «Концепты душа/жан как лингвокультурологический феномен» атты диссертациясында зерттеген. Мұнда ғалым душа/жан атауларының қазақ танымындағы символдық мәнін қазақ, орыс дүниетанымы тұрғысынан терең зерттеген. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың жаңалығы алғаш рет ағылшын тілімен салыстырылып когнитологиялық, яғни концептілік тұрғыдан репрезентация тұрғысынан зерттелуі.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- «жүрек/heart» және «жан/soul» атауларының тілдік құралдар арқылы көрініс тапқан концепт құрылымдары өз бейнелілігімен, бағалауыш, экспрессивті, коннотаттық мәнімен құнды;
- концепт санада белгілі бір концептіліқ жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе иерархиялық (сатылы) құрылымнан тұрады: 1) концепт типтері (фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы); 2) дүниенің тілдік бейнесі фразеологизм, сөз, сөйлем, көркем мәтін);
- «жүрек/heart» және «жан/soul» атауларын мынадай концепт типтері арқылы тану тиімді деп танимыз: фрейм - қарапайым форма, скрипт - күрделі форма, сценарий - оқиғалы форма, схема - сызбалы форма, ойсурет - бейнелі форма. Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.



  1. тарау. Концепт - когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы 1.1.Когнитивтік тіл біліміндегі концепт мәселесі және оның зерттелуі

Тіл - әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық, коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең зерттеуді талап етіп отыр.
Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл және адамның қарым-қатынасы, тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктер), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты.
Тіл - ой жеткізу құралы. Ойлау әрекеті - мида болатын құбылыс, сана әрекеті. Ал тіл санадағы бұл процессті "мағына" түріндегі формаға енгізеді. Демек, ойлау - логикалық механизмнің ақиқат көрінісі. Оның тілмен шартты байланысынан ұғым қалыптасады Ұғым бірнеше ойдың сұрыпталуынан өтіп сөз арқылы таңбаланады. Осы тұжырымды мынадайдсызба арқылы айқындауға болады: ой - ұғым -тіл.
Ойды жеткізу барысында адамның мынадай қабілеттері айқындалады: дүние туралы танымы, стереотипі, ассоциативтік қоры, жадыдағы ақпараттары т.б. Әрине бұл мәселелер антрополингвистиканың "тіл және сана", "тіл және адам психикасы", "тіл және адам құндылықтары" және мәдениет", "тіл және философия" бағыттары бойынша қарастырылады. Соның ішінде адамның танымдық әрекеті мен тілдің өзара қатынасын зерттеуде когнитивтік тіл білімінің қызметі ерекше. Когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымынан тарайды. Когнитивизм - бұл адамның зердесін, ойлау қабілеті мен ментальды әрекеттері және оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Адамның білімі мен танымы туралы, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын "өндірістік", "жүйелі" ғылыми әдістер ұсынады [1,7].
Адамның интеллект, ойлау заңдылығы мәселесі мен логика, философия, физиология, психология ғылымдары айналысып келеді. Мәселен, философия ғылымыда гносеология делінетін бүтін тарау таным теориясын қарастырады. Бірақ когнитивистика бағытында ескі атаулар жаңа мазмұнға ие болды. Мысалы әрбір ақиқат дүниенің (зат, оқиға, жағдаят) өзіндік болмысы когнитивизмде былай танылады: Біріншіден заттық көрнекі бейнеде, екіншіден - қарапайым бейнеде, үшіншіден символ түрінде.
Когнитивизмнін басты зерттеу нысаны - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), негізін қалыптастырған символдармен адамның стратегиялық таңбалары айқындау керек. Демек адамың когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі - оның тілі. Себебі тіл - адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал [2].
Когнитивтік әрекеттің нәтижесінде адамның дүние туралы танымын көрсететін ой жүйесі қалыптасады. Адамның қабылдаған ақпараттары сұрыпталып, категорияланған, жүйеленген ойға шоғырланады, ол тілдік формада көрініс табады: "тілдік сана, жалпы сөз мағынасы - адамның қоғамдық тәжірибесінің құрылымдық формасы; дүние туралы білімі - индивидуалды санадағы білімінің өзекті көздері мен белгілерінің формасы (А.Н.Леонтьев). "Когнитивтік әрекеттер тілмен тікелей қатысты және олар тілге қатысты әрекеттердің формасын тудырады" (Е.С.Кубрякова). Бұл ішкі формамен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет