Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет60/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127
Күміс 
той. 
Ерлі-зайыптылардың үйленгеніне 25 жыл толуына арналып өткізілетін той 
[
7, 485
]. – 
Күміс тойы тойланған ата-анамның Күрішші ауылы түсіме жиі 
енеді 
(Есенғали Раушанов «Жағада оқылған өлең»). 
Күміс сөзі көмей сөзімен тіркесіп, фразеологизмнің бірінші сыңарында 
жұмсалады: Күміс көмей, жез таңдай. – 
Бүгін «Астана Опера» мемлекеттік 
опера және балет театрының Үлкен залында халқымыздың күміс көмей 
жезтаңдай әншісі, қазақстанның күміс көмей еңбек сіңірген, Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызының «шырқа әнім Астана көктемі» 
атты концерті өтті 
(Аманғали Қалжанов «Астана көктеміндегі кеш»). Қазақ 
тілінде күміс көмей, жез таңдай бейнелі мағынада жұмсалып, Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде тілінен бал тамған шешен [
6, 310
], ал қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде әнші, таңдай қақтыратын табиғи дауысы бар деген мағынасы 
көрсетілген [
7, 484
]. Берілген мысалда әнші, таңдай қақтыратын табиғи дауысы 
бар деген мағынады жұмсалған. 
Қазақ тілінде күміс сөзі әйелдерге берілген есім ретінде жұмсалады. Бұл 
туралы профессор М.Оразов: Қыз аттарының этимологиясын талдап қарасақ, 
олардың мағынасында нәзіктік, сұлулықты білдіретін мағыналық реңк бар [
9, 
55
]. Мысалы: – 
Мен Күміспін ғой, деп құшақтай алды 
(М.Жағыпарова «Көркем 
шығармадағы бейбервалды амалдарды пайдалану»). Күміс есімі тазалықты 
білдіреді, ал қазақ қоғамында әйел затының тазалығы, адалдығы құндылық ұлт 
ретінде танылған. Сондықтан да қазақ халқы «Ел болам десең – бесігіңді түзе» 
деп текке айтпаған. 
Күміс сөзі қанат құс сөздерімен тіркесіп, авторлық қолданыста ақ ұшақ 
мағынасында қолданылады. 
Күміс қанатты. 
Қанаты тегіс, жылтыр, ақ [
7,484
]. 
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет