Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет61/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Күміс қанат құсыңды қондыр, ұшқыш, Көкшенің бауырында дөңгелейін 
(Мұқағали Мақатаев «Алтай-Атырау»). 
Поэтикалық қолданыста күміс шық тіркесі ауыспалы мағынада жасқа 
толған жанарды білдіреді. Адамның баласының бақыттан да, қайғыдан да 
жылайтынын айтып, көз жасын күміс шыққа балап, метафоралық мағынада 
қолданған: – 
Бақыттылықтан жанарымда менің қалды ғой Күміс шық тұнып 
(Фариза Оңғарсынова «Біз екеуміз біргеміз»). 
Күміс сөзі тер деген сөзбен тіркесіп, адал еңбек, елге адал қызмет ету деген 
бейнелі мағынада мағынада жұмсалады: – 
Жас шағында малшынып күміс терге
Үлесіңді қоса біл ұлы істерге 
(Күләш Ахметова «әке сөзі»). Қазақ тілінде тер сөзі 
арқылы жасалған ащы тер, арам тер деген тіркестер бар. Күміс тер – жаңа бейнелі 
мағынада жұмсалған арам тер болу тіркесіне қарама-қарсы мәнде жұмсалатын 
тіркес. 
Күміс сөзі табиғат құбылыстары атауларымен тіркесіп, таза, жарқыраған, 
мөлдір деген мағыналарда жұмсалады. Мысалы: – 
Жауған еді күміс қар түні 
бойы Мен осынау сапарға шығар күні 
(Есенғали Раушанов «Құп ал мұны»). 


132 
Қазіргі қазақ тіліндегі күміс сөзі – тіркесімділік қабілеті және мағыналық 
әлеуеті өте жоғары лексикалық бірлік. 
Күміс сөзі тұрмыстық заттар, ат әбзелдері, ыдыс-аяқ атаулары мен әшекей 
бұйымдардың атауларымен тіркесіп, күмістен жасалған деген мәнді білдіреді. 
Күміс сөзі бұлақ, өзен, дария, көл сөздерімен тіркесіп, мөлдір тұнық, таза 
дегенді білдіреді. 
Күлкі, үн сөздерімен тіркесіп, ақ жарқын, көңілді деген мағынада 
жұмсалады. 
Күміс алқа екі түрлі мағынада жұмсалады, бірінде күмістен жасалған 
әшекей бұйым, екіншісі – мемлекеттік марапат атауы. Күміс сөзі поэтикалық 
қолданыста троп қызметінде жұмсалып, әр түрлі мәнге ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет