Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет68/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

kúnáláý, máńgi, 
kóńiliń, jińishke, óńir, eńisi, ańǵarý, úkileý 
т.б. Cондықтан әріптің үстіне 
қойылатын диакритикалық белгідегі әріптерді ала бермей, көркем жазу үшін 
кейбірін әріптің астына қойылатынын да алған дұрыс. Екінші сөзбен айтқанда 
әріптердің жазылу көркемділігі ескеріліп, теріп жазуда ең тиімді де ыңғайлы 
деген әріптерді және диакритикалық белгілерді таңдап алуымыз керек. Яғни, 
әліпби құрастыруда дыбыстарға әріп-таңба жетпеген жағдайда тиімділігі мен 
жазудағы көркемділігі ескеріліп, әріп-таңба санын көбейтпеу мақсатында 
(әсіресе, жұптасып келетін дыбыстарға) және дыбыстарды бір-бірінен ажырату 
үшін де көп тілдерде әртүрлі диакритикалық белгілерді қолданады. Біз де осы 
айтылғандарды ескере отырып, диакритикалық белгілердің тек тиімдісі мен 
жазу көркемділігіне сәйкесін алуымыз қажет. Қалай дегенмен де акутты барлық 
жағдайда немесе кез-келген әріпке теле беруге болмайды және бір сөзде немесе 
бір сөйлемде олар бірнеше рет қолданылған кезде жазу көркемділігі 
болмайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар қазақ тілінде 
-ш 
дыбысының бір сөзде 3 рет қайталанып келуі жиі кездеседі. Кейбір сөздерде 
қатар тұрып та қолданылады және 
Щ 
дыбысын таңбалауда да тиімді. Мысалы: 
ш
а
ш
ырат
ш
ы – 
ş
a
ş
ɪrat
ş
ɪ (shashyratshy емес), 
ш
о
ш
ытпа
ш
ы – 
ş
o
ş
ɪtpa
ş
ɪ (shoshytpashy 
емес), қа
шш
ы – qa
şş
ɪ (qashshy емес), кө
шш
і – kó
şş
i (kóshshi емес), тұ
щ
ы – tú
şş
ɪ 
(túshshy емес), ке
щ
е – ke
şş
e (keshshe емес) деп жазғанда тиімді болар еді. Ал 
келесі диграфты 
Ch-Ч 
таңбасын қазақ тілінің әдеби нормасымен алып қарайтын 
болсақ, Ч дыбысымен айтылатын сөз жоқ, тек диалект негізде ғана айтылуы 
кездеседі. Сондықтан Ч таңбасын әліпби жүйесіне енгізбей, емле-ережеміздегі 
«Шет тілдерінен енген сөздердің жазылуына» Ч дыбысының қалай жазылуын 
көрсетсе жеткілікті. Сол 


144 
сияқты дыбысы жоқ жуан-жіңішкелік Ъ,Ь белгілері қазақ сөздері үшін қажет 
емес. Cебебі, қазақ тілінде жуан-жіңішке сөздерге қатысты үндестік заңы бар. 
Енді бір ұсыныс ретінде келесі бекітілетін латын негізді әліпбиіміздегі әріптерді 
қалай болса солай орналастырмай, жүйелі түрде реті-ретімен және жұптарымен 
(жуан-жіңішке) берген тиімді. Яғни, кирилл әліпбиіндегі әріптердің орналасу 
тәртібі бойынша берген дұрыс. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет