Конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет59/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127
кірпігі 
(Әбіш Кекілбаев «Қараңғылық қымтап алып бір күні»). 
Сабыр деген мағына күміс шынжыр тіркесі арқылы метафораланып
поэтикалық қолданыста жұмсалған: 
Күміс шынжыр тастайды ақыл маған, Мен 
еркіммен алысып жүрмін құлап 
(Фариза Оңғасырова «Бойым дел-сал қалғандай 
жайрап денем»). Бұл метафоралық қолданысты түсінуге қазақ тілінде 
«Сабыр түбі – сары алтын» мақалы да негіз болады. Бағалы, құнды қасиет дегенді 
білдіреді. Осы құнды, маңызды, мазмұнды деген мағына күміс сөз тіркесі 
арқылы Ұлы Абай шығармасында да қолданылған: – 
Өлеңге әркімнің-ақ бар 
таласы, сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз 
жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы? 
(Абай Құнанбаев «Өлең – сөздің 
патшасы, сөз сарасы»). 
Қазіргі қазақ тілінде күміс сөзі бейнелі мағынады сақал-мұртқа, шашқа 
түскен ақ 
[6, 309
], ақ шалған, ағарған мәнде жұмсалады 
[7, 484
]. Мысалы: – 
Ақ 
күміс шаш жалтырап самайында... 
(Қадыр Мырзалиев «Аңқау»). – 
Күрішшілер 
қосында ақпыз екеу: күміс сақал «капитан», сосын мен ем 
(Есенғали Раушанов 
«Капитан Байдашев»). Қазақ тілінде ақ күміс, күміс сөздері шаш, сақал, мұрт 
сөздерімен тіркесіп, ағарған, егде жастағы деген мағынаны білдіреді. 
Қазақ тілінде күміс сөзі жүлде, медаль сөздерімен тіркесіп, спорттағы 
жетістіктікті білдірсе, алқа сөзімен тіркесіп, алты бала туып, тәрбиелеген 
аналарға мемлекет тарапынан берілетін марапатты білдіреді. Мысалы: – 
Осылайша қос балуанымыз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды 
(Ғалым Қожабеков «Астаналық балуандар азияны бағындырады»). – 
2010 жылы 
Шымкент қаласында өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде астаналық 
шабандоздар бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған 
(Ғалым 
Қожабеков «Астаналық шабандоздар арыны»). – 
Есептік кезең ішінде аудандағы 
19 көп балалы ана «Алтын алқамен» және күміс алқамен» марапатталған 
(Роза Әрен «Көкейтесті мәселелер көтерілді»). 
Күміс жүлдегер. Спорт жарыстарынан екінші орын алған спортшы [
7, 
484
]. 
Күміс алқа – көп балалы аналарға арналған награда. Қазақстан 
Республикасының Президентінің 1996 
жылдың 

қаңтарынан 
бастап күшіне енген жарлығымен бекітілген. Алқамен – 6 балалы аналарды, 
бірақ алтыншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте 
марапатталады. Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде 
қылмысқа қарсы күресте немесе өзге қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза 
болған немесе хабарсыз кеткен балалар ескеріледі. «Kүмic алқа» 


131 
ҚР ордендерінің мәртебесіне ие болған. Дөңгелек пішінді алқаның жиектері 
өрнекпен көмкеріліп, ортасында алақанда аяланған сәби бейнесі және шуақты 
күн бейнесі бедерленген [
8
]. 
Күміс сөзі той сөзімен тіркесіп, жаңа атауыштық қызмет атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет