139
(теледидар, ғаламтор, газет-жорнал, ғылыми жинақтар т.б.) жаңа әліпбиімізге
қатысты әртүрлі көзқарастағы пікірлер мен даулы мәселелер біршама орын
алғаны ақиқат. Мәселен, 2012 жылдан былай жаңа әліпби мәселелеріне қатысты
мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінің пікір-
сайыстарында, ғылыми конференция материалдарында, газет-жорнал беттері мен
телеарна бағдарламаларында қазақ тілі мен әдебиетінен беретін ұстаздар,
зейнеткерлер, сенаторлар, мәдениет пен қоғам қайраткерлері, журналистер мен
әдебиетшілер, лингвист және информатик-программист мамандар, шетелдегі
қандастарымыз бен елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері тағы басқа
көпшілік қауым өз ұсыныстары мен көзқарастарын, қуаныштары мен өкпе-
наздарын, парасатты ойлары мен ескертпелерін ортаға салып, талқыдан өткізіп,
арнайы жинақ кітап етіп шығарып, түсіндіру насихаты белсенді түрде
жүргізілген еді. Тіпті «Хабар» телеарнасынан өтіп жатқан «Жігіт сұлтаны»
сайысында да жаңа әліпбиге қатысты нұсқалық жобасын ұсынған үміткер де
болды (27.04.2013ж. сағат 24:45-те).
Достарыңызбен бөлісу: