Конференция материалдары


Бірақ, жаңа қазақ әліпбиін жасаушылар



Pdf көрінісі
бет65/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127
Бірақ, жаңа қазақ әліпбиін жасаушылар
мұрындық болып, нүктесін қоятындар тілші-фонолог ғалымдар мен әлемдік 
дәрежедегі техниканың тіліне бейімдей алатын информатик- программист 
мамандардың болғаны жөн деп ойлаймын. 
Мұны айтып отырған себебім, 
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілген және баспасөз беттеріндегі жаңа 
қазақ әліпбиіне қатысты жазылған теріс пікірлердің көбі 
«тіл мен таңбаны 
немесе дыбыс пен әріпті» 
шатастыруы салдарынан кейбір ортаға әсер еткендігі 
анық. Сөздің айтылуы мен жазылу мәселесін айыра алмайтындардың пікір 
білдіруге құқы болғанымен, жөн сілтеп, кесірі тиетін, әсіресе, ғаламтор арқылы 
бекімеген қате әліпби жобаларын ұсынбағандары дұрыс (АймагановЖ.Н. 
www.burabay.com). Біз ылғи да көпшілік қауымға 
қазақ тілін, ана тілімізді 
өзгерткелі жатқан жоқпыз, тек шартты түрде 
жазуымызды, таңбамызды, 
әрпімізді, әліпбиімізді 
қазіргі жаһандану заманына сәйкес жаңартып, қисынсыз 
емле-ережелерімізді түзеткелі жатырмыз деп айтумен келеміз. Егер әлемдік 
ғаламтор мен техника тілі «кирил жазуы» болғанда, онда басқа әліпбиге көшу 
мәселесі сөз болмай, тек кейбір әріптерге байланысты жазу емле-ережелерді 
қайтадан қарап, түзетулер енгізумен шектелуге болушы еді. Өкінішке орай
бұның мүлде іске аспайтына көзіміз жеткен соң латын жазуына көшуді қолдап 
отырмыз. Сол себептен егеменді еліміздің болашағы үшін, дамуы үшін латын 
жазуына көшудің маңыздылығы мен қажеттілігі артып отыр. Сонымен қатар 
латын әліпбиі – дүниежүзіне кең тараған әліпбилердің бірі. Кезінде қазақ халқы 
да латын әліпбиімен жазған болатын. Осыған орай тарихи деректерге сүйене 
отырып, сол кезден қысқаша мәлімет бере кеткен жөн шығар. 
Латын жазуының таңбалары тарихи тұрғыдан сонау финикий, грек, көне 
түркі тағы басқа жазулармен байланысты екенін тіл тарихын зерттеуші ғалымдар 
жақсы біледі. Біз оның тарихи тереңдігіне бармай, көпшілікке түсінікті қазақ 
жазу тарихындағы латын жазуына қатыстысын сипаттап өтелік. Ең алғаш 
латынға көшу мәселесін XIX-ғасырда иран ғалымы Малкомхан ұсынғанмен
иран жерінде мұны іске асыру мүмкін емес еді. Оны әзербайжан жазушысы 
Мирза Ахундов қолдаған, кейін 1917 жылғы қазан төңкерісінен 


140 
кейін қайта көтеріліп, В.И.Ленин «Латындастыру – күншығыстағы революция» 
деп ұрандаған соң, Ағамалы оғлы Әлиев, Наджаф оғлы Наримановтар 1924 
жылы Бакуде конференция ұйымдастырып, нәтижесінде Әзербайжан елі латынға 
көшірілген еді. ХХ-ғасырдың 20-30-жылдары аралығында Кеңес үкіметі 
тарапынан да қолдау тауып, А.Луначарский, Н.Яковлев, Н.Юлдашевтар т.б. 
латын жазуын бүкіл Ресей территориясын мекен еткен бұратана халықтар үшін 
жаппай енгізуді ұсынды. Қазақ елінен латын әліпбиіне Нәдір Төреқұлов, Санжар 
Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Әбілқайыр Досов, Нығмет Нұрмақов, Ғаббас 
Тоғжанов, Телжан Шонанов, Ораз Жандосовтар т.б. белсене атсалысты. 
1926 жылы 26 ақпанда Бакуде өткен І-ші Жалпы одақтық түркітану сьезіне 
Солтүстік Кавказ, Сібір, Якутия, Татарстан, Қазақстан, Орталық Азиядан 111 
өкіл және арнайы шақырту бойынша Иран, Германия, Түркия, Австрия, Венгрия, 
КСРО және Украина ғылым академиясы, Шығыстану ғылыми ассоциясынан 20 
ғалым қатысты. Мұнда 38 баяндама талқыланып, 
«латыншылар» мен «арабшылар» арасында біраз айтыс-тартыс болып, дауысқа 
салған кезде 131 делегаттан 101-і латынды қолдайды. Осыдан соң латын 
әліпбиіне қатысты әр жерде бірнеше жиылыстар мен конференциялар болады. 
Мысалы, 1928 жылы желтоқсанда Қызылордада І өлкелік конференция 
ұйымдастырылып, оның жалғасы Қазан қаласында 18-23 желтоқсанда пленумға 
ұласып, онда 15 ұлттық республикадан 25 ұлт өкілдері қатысады. Сьезд 
қортындысында Қазақстанның атынан сөз сөйлеген Халық ағарту комиссары 
Ораз Жандосов жаңа әліпбиге көшудің мынадай мерзімдерін белгілейді: а)1929 
жылы 1 қаңтарда ЖТӘ мемлекеттік әліпби ретінде жариялау. б)1931 жылы 1 
қазанына дейін барлық мекемелер мен кәсіпорындарда ісжүргізу жаңа әліпбиге 
көшеді. в)1930 жылдың 1 қаңтарына дейін бүкіл баспасөз жаңа әліпбиге көшеді. 
с)1931-32 оқу жылынан бастап бүкіл оқу орындарында, жалпы араб әліпбиі 
тоқтатылады. Осы шешім негізінде 1928 жылы 19 желтоқсанда Жаңа латын 
әліпбиін енгізу туралы заң қабылданып, мемлекеттік әліпби ретінде 
жарияланады. 
Қазақстан латынға 1929 жылы көшкенімен арагідік толықтырулар мен 
өзгерістер болып тұрды. Мәселен, 1930 жылы бас әріптері бекітілсе, 1938 жылы 
әріптің саны 32-ге жетті. Одан әрі 1940 жылы 10-қарашада Кеңес одағындағы 
халықтардың бәрі дерлік бірыңғай кирилицаға көшкені белгілі. Бұл жазуға да 
толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, (Қазақстанда) 1957 жылы ғана 42 әріп 
болып нүктесі қойылды. Жалпы қай жазуды алып қарасақ та мейлі өткен 
кезеңдегі болсын, қазіргі көшіп жатқандары (Әзербайжан, Гагауыз, Өзбекстан, 
Түркіменстан) болсын, қабылданған әліпбиге толықтырулар мен өзгертулер 
енгізіліп тұрады. Мысалы, 1993 жылғы қабылданған жаңа өзбек әліпбиіне 
толықтырулар мен өзгертулер қажет болғандықтан мерзімі 2005-тен 2010- жылға 
ұзартылғанын, Азербайжан елі 10 жылдан соң 2001-жылы 1-тамызда толық 
көшкенін білеміз. Сонымен қатар әр ұлттың әліпбидегі әріптік саны да біркелкі 
емес. Мысалы, 1940 жылғы кириллицаға көшкен өзбек тілінде – 35, ұйғыр мен 
қарақалпақ тілдерінде – 41, қырғыз тілінде – 36, түркімен тілінде – 38 әріп, қазақ 
тілінде – 42 әріп. Сол сияқты 1993 жылғы көшкен әзербайжанның жаңа 
әліпбиінде 32 әріп пен 1 апостроф, өзбекте 29 әріп пен 1 апостроф, 


141 
түркіменде 30 әріп, гагауызда 31 әріп, қазақ әліпбиінде (2018.19.02) 32 әріп 
болып әртүрлі қабылданған. Жалпы БАҚ-да және газет-жорнал беттерінде 
ұсынылған жобаларда жаңа латын әліпбиінің әріптік саны 26 мен 36 аралығында 
болып отыр. Солардың барлығын мұқият қарап, талдаулары мен 
түсініктемелерін оқып шықтым. Соның ішінде кейбір әріптерді таңбалаулары 
ойға қонымды болғанымен, конвертор қызметіне жарамсыз болып қалады. 
Соның салдарынан болу керек көшелер мен тасжолдар, әртүрлі мемлекеттік және 
мемлекеттік емес нысандарда, сауда орталықтарында т.б. өз беттерінше әртүрлі 
латынша жазылған атаулар орын алуда. Елімізде мұндай сан түрлі жазудың 
алдын алу үшін нақты бір дұрыс деп тапқан әліпбиімізді қабылдап, соған сәйкес 
емле-ережелерімізді жасап, көп кешіктірмей қолданысқа енгізуіміз қажет. 
Әйтпеген жағдайда Ана тілі газетінде Дәлен Кішкентайұлының «Ұлт атауының 
латын таңбасындағы құбылмалылығы» атты мақаласында көрсеткеніндей 
«қазақ» сөзінің ағылшын-латын таңбасында 25 түрі жазылғаны сияқты дүбәра 
күйге түсетініміз анық. 
Негізінен қазіргі қолданылып жүрген кирилицаның жартысына жуығы – 
латын (А, В, Е, К, М, О, Р, С, Т, Ү, Х, Һ, І) әліпбиі құрамында бар. Латын әліпбиі 
б.з.д. YІІ ғасырда 21 этрустік символдан пайда болып, б.з.д. І ғасырда Грецияны 
жаулап алғаннан кейін бұған 2 әріп қосылып, б.з. 100 жылы қазіргі күні 
қолданылып жүрген 23 әріп қабылданған (Л.Қ.Шотбақова «Көмекші тарихи 
пәндер». Қарағанды, 2003. 11б.). Кириллица деп аталуы – славян жазуының 
негізін салған Константин Кирил есімімен байланысты болып, Ресейге X-XI-ші 
ғасырларда христян діні арқылы енгізілді деп айтылады. Тарихи деректерге 
жүгінсек, кирилді түркі халықтарына енгізу мерзімі латыннан бұрын 1861 
жылдан басталғандығы мәлім және оған мұрындық болған миссионер 
Н.И.Ильминский еді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін кириллицамен жазды. Кейін 
В.Радлов, Ы.Алтынсариндер де қолдап, еңбектерін жазғаны белгілі. Бірақ, бұл 
жазуды сол кезде елімізде толық түрде іске асырып, қалыптастыруына мүмкіндік 
болмады. Араға 79-80 жыл салып, 1940 жылы Кеңес үкіметі іске асырған 
болатын. 
Сонымен қазақ халқы бір басынан бірнеше жазу түрлерін өткерген. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет