Конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет72/127
Дата18.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#118807
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127
Байланысты:
zhinak akhmet baitursynov konferentsiia1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
Байтұрсынұлы Ақымет. Әліб-бій. Алматы: Рауан баспасы. 1998ж. 14-99 бб. 
2.
Аманжолов С. Тіл және жазу. Өскемен, 2005. -360 б. 
3.
Қазақ әдебиеті. 2018 жыл, қыркүйек айы. Cайт: qazaqademieti.kz. 
4.
Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Алматы, 1999ж. -6-80 бб. 
5.
Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасы. Алматы, 2009. -312 б. 
6.
Жаңа әліпби негізіндегі Қазақ тілі емлесінің ережелері. Астана, 2018. -30 б. 


148 
ӘОЖ 811.512 
Молгаждаров Қасиет Какенұлы 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан 
kasiet_k@list.ru
 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ 
 
Аннотация 
Аннотация: Мақалада қазақ халқының ықылым заманнан бүгінгі таңға дейінгі 
қолданылған жазу мәдениетінен тарихи тағылым ретінде мәлімет беріледі. Ғылымда қазақ 
жазуына қатысты ғалымдар тарапынан айтылған оң-теріс пікірлерді талқыға сала 
отырып, тұжырымдамалары жасалынады. Қазақ халқының алғашқы руника жазуы өзінің 
құрамындағы ру-тайпа таңбаларынан қалыптасқанын және жалпы жазудың шығу 
тарихынан түсініктеме негіздері сөз етіледі. Келешек ұрпақ ата-бабаларының мұрасын 
мақтан етуіне, қастерлеуіне бағытталады. Тәуелсіз қазақ елі латын негізді қазақ әліпбиіне 
көшіп жатқандығы жайлы да мағлұмат беріледі. Жалпы қазақ жазу тарихының қалыптасу, 
даму барысы жалғасып жатқандығы айтылады. 
Кілт сөздер: орхон, енесей, жазу, ру, тәуелсіздік, көне түркі, руника, тарих, ұлы дала 
 
Ұлы дала атанып отырған қазыналы жеріміз бен қат-қабат тарихи оқиғаларға 
толы әдеби жазба мұраларымыз – қарға тамырлы қаймана қазақ елінің үкілеп 
отырған қастерлі де қасиетті, қымбат та асыл құндылықтары. Тарих бедерінде 
қазақ елі тәуелсіздік жолында сан мәрте тауқымет көрсе де, келешек ұрпағы 
үшін, елі үшін, жері үшін «күн демей, түн демей», «білектің күшімен, найзаның 
ұшымен» қорғап, «ат жалында, түйе қомында» өмір сүре жүріп, жанын пида 
еткен қайсар халық екендігіміз бүгінде жер бетіне тәуелсіздігіміздің арқасында 
мәлім болып отыр. Ендігі кезекте жоғалтқанымызды іздеп-тауып, өшкенімізді 
жаңғыртып, ата-бабадан мирас болып қалған мұраларымызды зерделеп
жинақтап, тәуелсіздігімізді ту етіп, мәңгілік елдігімізді желеу етіп, жаңғырту, 
жаңарту, даму үстіндеміз. Келешек ұрпағымызды қастерлі құндылықтарын 
мақтан етуіне, көзінің қарашығындай сақтап қорғауына, құрметтеуіне және ең 
дамыған елдердің санатында болу үшін тарихи-танымдық тағылымы мол 
ұлттық құндылықтармен ұлтжанды, білімді етіп тәрбиелеуге тиіспіз. 
Жалпы ұлы көшпелілердің төл жазуы, рухани қазынасы, көне түркі 
өркениетінің руникалық жазба мұраларының алғашқы деректері ХІІІ-ғасырдың 
ІІ-жартысында (
шығыс зерттеушісі Ата Мәлик Жувейни
) хатқа түскенімен, 
ғылым әлемінде оның құпиясын ХІХ-ғасырдың аяғына қарай 1893-жылдың 25- 
қараша күні Дания ғалымы В.Томсен ашқанын білеміз. Бұл жазба ескерткіштер 

өзіне дейінгі және өзінен кейінгі түркі халықтарының мәдениеті мен тарихын, 
тілі мен әдебиетін, тұрмыс-тіршілігі мен өмірін, қағанаты мен қағандарын, 
ақылгөй даналары мен батыр қолбасшыларын, мекені мен қоныстарын, әдет- 
ғұрпы мен салт-дәстүрлерін баян ететін әдеби мұра, асыл қазына және қазіргі 
түркі тілдеріне ортақ тілдік материал ретінде ең құнды дереккөз болып саналады. 
Алайда әлемдік ғылым тарихында мұндай тұжырымға келу бірден 
қалыптаспаған еді. Жаһандану ғылым негізінде жазу тарихымызға қатысты 


149 
айтылған ғалымдардың ой-пікірлерін бере отырып, танымдық бағытта қысқаша 
шолу жасасақ артық болмас. 
М.Рахышова тарих сахнасында бар 7 жазу жүйесі адамзат мәдениетінің 
өркендеуіне түрткі болды дейді: 1.Шумер жазуы (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет