Конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата06.03.2017
өлшемі5,18 Mb.
#8376
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67

Әдебиеттер 

1.

 

Академик М.Козыбаев.Алматы: Атамура. 2001 



2.

 

Қозыбаев М.Жҧлдызым меңім. А., 96-бет 



3.

 

Азамат. Қайраткер. Тҧлға. О.Қозыбаев. Алматы 1999. 



 

 

ҼОЖ 37.013:001.76 



 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Муралиева Б.Д., Затыбеков К.А., Мусаев С.А. 

М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме 



В статье рассматриваются формирования образования на основе инновационных технологий 

 

Summary 

The of educational form on basis innovational are considered in this  Article 

 

Қазақстан  Республикасындағы    қоғамдық  ҿзгерістердің  ауқымдылығы,  кҥрделілігі  білім 



беру  саласына  оның  ішінде  жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  стратегияларына  ҿзгерістер 

енгізуді  талап  етеді.  Ҽр  тҥрлі  болжамдардың  сан  алуандығына  қарамастан,  қазіргі  білім  беру 

жҥйесін  дамыту  ҥдерісінде  жаңа  оқыту  ҥлгілеріне,  мазмҧнына,  технология-ларына,  тҥрлері  мен 

ҽдістеріне  қатысты  шығармашылық  ізденістердің  қарқындылығымен  ҽрі  кҿп  тҥрлілігімен 

ерекшеленетінін  мойындауға  болады.  Мҧндай  даму  қоғамды  ақпараттандыру  технологиясын 

қарқынды дамыту аясында жҥзеге асырылып отыр. 

Жоғары  оқу  орнының  басты  мақсаты  -  алдыңғы  қатарлы  жастар  тҽрбиелеу,  адамзаттың 

мҽдени жҽне ҿнегелік деңгейі мен оның ой-ҿрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі 

заман талабына сай дайындау. 

Жоғары  білім  -  маманға  білім,  іскерлік  жҽне  дағды  ғана  беріп  қоймайды,  ол  жеке  тҧлға 

қалыптастырады. Бҥгінгі кҥнгі педагогика ғылымының кҿкейкесті мҽселелері - ҽлемдік білім беру 

кеңістігіне  сай  бейімдеп  білім  алу,  кҽсіби  қалыптастырудың  сапасын  жақсарту,  біліммен 

қамтамасыз  етудің  ғылыми-ҽдістемелік  жҥйесін  тҥбегейлі  жаңарту,  оқытудың  ҽдістері  мен 

ҧйымдастыру  тҥрлерін  ҿзгерту,  педагогикалық  ғылымдарды  ҧйымдастыруды  қайта қҧру,  ондағы 

алдыңғы  қатарлы  оқу-тҽрбие  тҽжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның  сҧраныстарының  алшақтығын 

жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру  ҥдерісіндегі  ҥздіксіздікті  қамтамасыз 

етуде оның ролін арттыру. 


82

 

Қазақстан  Респубикасының  «Білім  туралы»  Заңында  ҧлттық  жҽне  жалпы  адамзаттық 



қҧндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тҧлғаны қалыптастыруға, дамытуға жҽне 

кҽсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  беру  жҽне  оның  шығармашылық,  рухани  жҽне  тҽни  кҥш 

қуатын  жетілдіру,  жеке      тҧлғаның  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау  міндеті  кҿзделгенін 

ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған 

жолдауында:  «ХХІ  ғасырда  білім  беру  ісін  дамыта  білмеген  мемлекет  қҧрдымға  кетері  хақ. 

Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық жҽне білікті ҿнеркҽсіп мамандарының шоғырын 

қалыптастыруымыз қажет. Бҧл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - ҽлемдік 

стандартқа  сай  білім  беру,  ал  олардан  алынған  дипломдар  дҥние  жҥзі  мойындайтындай  болуы 

қажет. Біз ҽрбір Қазақстан азаматтарының дҧрыс мҥмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік 

беруіміз қажет», - деген болатын. 

Қазіргі  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  зерттеулік,компьютерлік,жобалық  жҽне 

кҿптеген ҿзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бҧл инновациялардың басым 

кҿпшілігі  технологиялық  жеткіліксіздігі  мен  теориялық  негізінің  ҽлсіздігі  салдарынан  жаппай 

білім беру жҥйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш ттік рҿлі 

туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы ҥлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің 

жойылып, оның орнына жаңасының қҧрылып жатқандығын растай тҥседі. 

Демек,  ғылыми-педагогикалық  ҽдебиеттерде  кҿрсетілген  жоғары  оқу  орындарындағы 

инновациялық  білім  беру  ҥдерістерін  басқаруды  кҽсіби  қалыптастыру  тҽжірибесіне  сараптама 

жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мҥмкіндік туғызды. Бҧл – жоғары оқу орындарына 

инновациялық  білім  беру  бағдарламалары  мен  технологияларын  жаппай,  жҥйесіз  енгізу  мен 

жоғары  оқу  орындарындағы  инновациялық  білім  беру  ҥдерістерін  басқаруды  кҽсіби 

қалыптастырудың  ғылыми-педагогикалық  негізі  мен  оны  дамытудың  педагогикалық 

шарттарының  жеткіліксіз  зерттелуі  арасындағы  қарама-қайшылықты  сипаттайды.  Осылайша, 

Қазақстандағы  ҽлеуметтік-экономикалық  қайта  қҧру  жағдайында  жоғары  оқу  орындарындағы 

инновациялық білім беру ҥдерістерін басқаруды кҽсіби қалыптастырудың теориялық негізін жҽне 

оларды  ҧйымдастырудың  педагогикалық  шарттарын  анықтау,  психологиялық-педагогикалық 

тҧрғыда сараптау мҽселесі туындайды. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  инновациялық  білім  беру  ҥдерістерін  басқаруды  кҽсіби 

қалыптастыру  тҥбегейлі  тҥрде  қарастырылмағаны  жҽне  кҿтеріліп  отырған  мҽселенің 

кҿкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды  «Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім 

беру ҥдерістерін басқаруды кҽсіби қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  инновациялық  білім  беру  ҥдерістерін  басқаруды  кҽсіби 

қалыптастырудың  тиімділігі  теориялық  тҧрғыда  негізделіп,  оны  пайдаланудың  ғылыми-

ҽдістемелік  жҥйесі  жасалса,  онда    олардың  кҽсіби  қалыптастыру  деңгейі  жоғарылайды,  ҿйткені 

жоғары  оқу  орындарында  ҽр  маманның  білім беруге  деген қызығушылығы  артып, бағдарлылық, 

жҥйелілік, инновациялық жҽне іс-ҽрекеттік аспектілері жҥзеге асырылады. 

Инновациялық  білім  беру  іс-ҽрекетін  жҥзеге  асыру,  мамандар  даярлау  жҽне  олардың 

біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық ҥдерістегі ақпараттың ҽлеуме 

Ғылыми-педагогикалық  ҽдебиеттерді  сараптау  нҽтижелері  ―новация‖  мен  ―инновация‖ 

ҧғымдарын  жеке-жеке  қарастыру  керектігін  кҿрсетті.  Дегенмен,  ҽдебиеттерде  осы  екі  ҧғымның 

ҽртҥрлі  анықтамалары  кездеседі.  Инновация  ҧғымын  энциклопедиялар  мен  сҿздіктерде  ҽртҥрлі 

анықтамаларын кездестіруге болады. 

Инновация  ҧғымына  жалпы  энциклопедияның  жаңа  басылымында  ―инновация,  жаңалық, 

жаңару  –  техникалық  жҽне  технологиялық  жетістіктер  мен  ашылымдардың  немесе 

жаңалықтардың іс жҥзіндегі қолданысы‖ деген анықтама беріледі. 

Ал,  сҿздікте  ―новация  –  бар  нҽрсенің  ішінара  жаңаруы,  яғни  қандай  да  бір  бҿлігінің, 

қасиетінің,  байланысының  ҿзгеруі‖  делінсе,  философиялық,  психологиялық  жҽне  педагогикалық 

тҧжырымдамалар қҧрайды. 

―Инновация – мҥлдем жаңа нҽрсе, жаңалық‖ ретінде пайымдалады.―Инновация‖ сҿзі латын 

тіліндегі  іn  (ішіне)  novus  (жаңа)  сҿздерінен  қҧралып,  жаңару,  жаңалық,  ҿзгеру  деген  мағынаны 

білдіреді. 

Қазақстанда  ең  алғаш    ―инновация‖  ҧғымын  қазақ  тілінде  анықтаған  ғалым,  профессор 

Н.Нҧрахметов. Ол ―Инновация, инновациялық ҥдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің 

жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  жҽне  таратуға  байланысты  бір  бҿлек  қызмет‖  деп 

кҿрсетеді. 



83

 

Ал,  К.Қҧдайбергенова  ―инновацияны‖  –  нақты  қойылған  мақсатқа  сай  алынған  жаңа 



нҽтиже  деп  есептеп,  тҿмендегідей  аудармалар  жасаған:  ―инновация‖  -  жаңарту,  ―нововедение‖  – 

енген  жаңалық,  ―новое‖  –  жаңа,  ―новшество‖  –  жаңалық,  ―инновационный  процесс‖  –  жаңарту 

ҥдерісі. 

Алайда, инновация ҧғымының шығу кезеңі мен тарихын дҽл анықтау мҥмкін болмаса да, 

бҧл  ҧғым  қоғамдық  ғылымдарға  жаратылыстану  ғылымдарынан  келген  деп  есептеледі.  Ҿйткені, 

инновациялар  кҿбіне  экономика,  техника,  агрономия,  ҿнеркҽсіп  жҽне  медицина  салаларында 

кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жҥзеге асырылып келе 

жатса  да,  педагогикалық  категория  ретінде  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарында  ғана  қолданысқа 

енгізілді. Мҧның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының тҥрліше тҥсінілуінде. 

Білім  берудегі  жаңалықтарды  жіктеу  барысында  инновацияның  адам  қызметінің  ең 

маңызды тҥрлерінің бірі екендігін ескерген жҿн. Бҧл қызметті қатаң шектеуге жҽне бҿлшектеуге 

болмайды. Білім берудің барлық қҧрамдас бҿліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті 

мҥмкін  емес  болғанымен,  оларды  бір  қҧрамдас  бҿлікке  біріктіру  одан  сайын  қиынға  соғады. 

Сондықтан, білім беру мазмҧнындағы жаңалықтар міндетті тҥрде ҧйыммен жҽне тиісінше, жҧмыс 

істеу ҽдістемесімен ҿзара ықпалдасып отырады. 

Қазіргі  кезде  студенттердің  дене  тҽрбиесі  жҥйесінде  инновациялық  тҧрғыда  сабақ  ҿтудің 

бірнеше формалары анықталды, оларды келесі тҧжырымдамалар бойынша  топтастыруға болады: 

арнайы  ҧйымдастырылған  оқу  сабақтары  (міндетті  жҽне  қосымша);  дене  тҽрбиесі  мен  спорт 

тҥрлері  бойынша  ҿзіндік  жҽне  ҿзіндік  ҽрекет  сабақтары;  оқу  кҥні  сабақтарындағы  дене 

жаттығулары, кҿпшілік сауықтыру жҽне дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар. 

Қазіргі  кҽсіби  қызмет  адамнан  терең  теориялық  білімді  ғана  талап  етіп  қоймай,  оған 

қажетті    арнайы  психофизикалық  дайындықты  да  қажет  етіп  отыр.      Сондықтан,  жоғары  білікті 

мамандарды    дайындауға  бағытталған жоғары  оқу  орнын  бітірушінің  психофизикалық  ҥлгісін іс 

жҥзінде  жасау  жҽне  оны  іске  асыру,  еңбектің  жаңа  жағдайларына  жедел  бейімделу,  жоғары 

кҽсібилікті,  бҽсекеге  қабілеттілікті  меңгеру  –  дене  тҽрбиесі  кафедрасы  қызметінің  соңғы 

нҽтижесіне байланысты шешімін табуы тиіс мҽселелердің бірі болып табылады. 

Айналмалы  жаттығу  ҽдісін  қолдану  арқылы  дене  дайындығының  тҥрлі  ҥлгісін  жасау 

барысында қажет шарттар: 

- дене қабілеттерін дамытуға кезекті мақсаттарын анықтау мен олардың оқытудағы нақты 

дамуы кезеңдерін белгілеу; 

-  жаттығуларға  терең  талдау  жасау,  олардың  оқу-жаттығу  материалдарымен  ҿзара 

байланысын  анықтау,  сонымен  қатар  жекелеген  жаттығулардың  белгілі  бір  дағдылары  мен 

біліктілігінің оң жҽне теріс алмасуын есте сақтай білу

-  жаттығулар  кешені  сабақ  пен  жаттығудың  белгілі  бір  бҿлігіне  топтың  дене  дайындығы 

дҽрежесін ескеру арқылы енгізу; 

-  жас  жҽне  жыныс  ерекшеліктерін  ескеру  арқылы  жаттығуларды  орындау  барысында 

бекеттердегі  жҧмыс жҽне демалыс кҿлемін анықтау; 

-  жаттығуларды  орындау  жҥйелілігін  жҽне  бір  бекеттен  екіншісіне  ҿтуде,  сонымен  қатар 

кешенді тҥрде айналмалы жаттығу арасында қайта ҿту барысында қатаң сақтау. 

 

Әдебиеттер 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы баптары бойынша тҥсіндірмелері жҽне 

оны жҥзеге асыру жҿніндегі негізгі қҧжаттар. – Астана 2007 

2.

 

Журнал «Наука и образование» №1, 2010г. 



3.

 

Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика 



нововведений в системе образования. – Алматы: Ғылым, 2001ж. 

4.

 



Қазақстан Республикасында Кҽсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2008ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 


84

 

ҼОЖ: 2-754 



 

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ БУЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ 

 

Мурзабекова М. 

М. Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Резюме 

Обучение  литературно  –  творческим  навыкам  учеников  начальных  классов  12  летней  школы  на 

уроках казахского языка  

 

Summary 

Training  literary  -  to  creative  skills  of  pupils  of  initial  classes  12    years  schools  at  lessons  of  the  kazakh 

language 

 

Елімізде  білім  беру,  жас  ҧрпақты  тҽрбиелеу  мҽселелері  саласында  тҥбегейлі,  шҧғыл 



бетбҧрыстар  жасалып жатқаны белгілі. Тҽуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына 

тҧтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бҥгінгі кҥннің келелі мақсаттарының бірі. 

Сондықтан  да  мектептердегі    оқу-  тҽрбие  жҧмыстары  мен  педагогикалық  ғылым  жҥйесінде 

бҧрыннан жинақталған мол тҽжірибелердің тиімді жақтарын сҧрыптай пайдалана отырып, қазіргі 

қоғамдық  -  ҽлеуметтік  ҥрдістерге  сай,  жаңаша  тҥсінік-  таныммен  жан-жақты  білім  беру, 

келешектің ҽмбебап маман мҧрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр. 

Осындай  мақсаттағы  кең  кҿлемді    бағдарламалық    жоспарлар  ҿз  кезегінде    оқу-  тҽрбие 

жҧмыстарын  жҥргізуге  де  ҥлкен  ҿзгерістер  енгізіп,  мектеп  мҧғалімдері  қызметінің  ауқымын 

арттырып,  олардың  ҧстаздық  шеберлік  деңгейінің  аса  жоғары  болуын  талап  етуде.  Соған 

байланысты  ҽр  салада  жеке  пҽндер  бойынша  жаңа  бағдарламалар  енгізіліп,  оқу  қҧралдарын 

жаңаша бағытта қайта тҥзу қажеттігінің туғандығы да заңды қҧбылыс. 

Бастауыш  мектеп-оқушы  тҧлғасы  мен  санасының  дамуы  қуатты  жҥретін,  ерекше  қҧнды, 

қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім-ҥздіксіз білім берудің алғашқы басшысы, қиын да 

жауапты жҧмыс. 

Бастауыш  мектеп  балаға  белгілі  бір  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  жалпы  дамыту,  яғни, 

сҿйлеу, оқу, қоршаған орта жҿнінде дҧрыс кҿзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті тҥрде 

бақылап,  талдау  жасауға  ҥйрету,  ойын  дҧрыс  айтуға,  салыстыра  білуге,  дҽлелдеуге,  сҿйлеу 

мҽдениетіне  ҥйретеді.  Дамыта  оқытудың  да  басты  мақсаты-  баланы  оқыта  отырып,  оны 

шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. 

Бастауыш мектеп оқушысының жеке тҧлғасын қалыптастыру, оның рухани ҽлемін байыту, 

сабаққа  ынта-жігерін  арттыру,  жеке  дарындылығын  дамыту-бҥгінгі  таңдағы  негізгі  мҽселелердің 

бірі. 


Ҿйткені,  қазіргі  кезеңдегі  қоғамның  жедел  дамуы  ғылым  мен  техниканың  дамуымен 

байланысты  болса,  ал  болашақта  ғылым  мен  техниканы,  ҿндірісті  дамытатын  бҥгінгі  мектеп 

оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары ҥлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. 

Оқушылардың  ҿз-ҿзіне  сенімін  арттыру,  олардың  шығармашылығын  дамыту,  ҿтілетін  сабақтың 

оқу-материалы терең ҧғына білуге баулу-мҧғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. 

Мҧғалімнің ҽрбір ҿтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. 

Бҧл  аталған  талаптармен  бірге  мҧғалімнің  кҥнделікті  ҿтілетін  ҽрбір  сабағы  ғылыми  тҥрде 

негізделіп, оның тҽлім-тҽрбиелік мҽні жан-жақты ашылуы тиіс. 

Осы  талаптардың  орынды  атқарылуында  ғана  оқушыда  шығармашылық  қабілет  дами 

тҥсіп, оқушының  оқуға, білімге  деген  қҧштарлығы  дамып отырады.  Оқушы  қҧлшынысын  ҧдайы 

дамытып ҽрбір ҿтетін сабағын жаңаша ҧйымдастыра біліп, оқытудың озық ҽдіс-тҽсілдерін қолдана 

білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті дами тҥседі. 

Шығармашылық  дегеніміз-адамның  ҿмір  шындығына,  ҿзін-ҿзі  тануға  ҧмтылуы,  ізденуі. 

Ҿмірде дҧрыс жол табу ҥшін дҧрыс ой тҥйіп, ҿздігінен сапалы, дҽлелді шешімдер қабылдай білуге 

ҥйренуі. 

Оқушылардың  белсенділігі  мен  танымдық  іс-ҽрекеттері  арқылы  шығармашылығын 

дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тҧлғаны дайындау, осыған орай 

оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тҧрған ҥлкен міндет екені белгілі. 



85

 

Уақыт  талабына  сай  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  ҥшін,  оқытудың 



жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жҿн деп ойлаймын. Шығармашылыққа ҥйрету ҥшін 

мынадай жағдайларды ескеру тиіс. 

Мҧғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық кҿңіл-кҥй тудыру ҥшін баланың назары бір 

нҽрсеге бағытталуы керек. 

-Ҽрбір  шығармашылық  тапсырманы  оқушыға  ҧсынудың  мазмҧны  жеткіншектердің  жас 

ерекшелігіне, қызығушылығына ҥлесуі керек. 

-  Оқушының  шығармашылықпен  айналысуына  мектепте,  сабақ  ҥстінде,  ҥйде  қолайлы 

жағдай туғызу. 

- Шығармашылық бағытқа баланы жҥйелі, сапалы тҥрде қалыптастырып отыру қажет. 

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ҧстаз кҿп еңбек сіңіру керек. 

Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, тҥрлі лингвистикалық жаттығулардың 

да ролі зор. Сабақ ҥстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою ҽдісі арқылы да ҧғындыру 

ҿз нҽтижесін береді. 

Мҧғалім  сабақта  ҽдіс-тҽсілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың  ҧсыныс  пікірлерін  еркін 

айтқызып,  ойларын  ҧштауға  ҿздеріне  деген  сенімін  арттыруға  мҥмкіндік  туғызып  отыру  қажет. 

Ҽдіс-тҽсіл  кҿмегімен  ҿткізген  ҽрбір  сабақ  оқушылардың  ойлауын  жҽне  қиялын,  ойын  дамытып, 

оларды  сҿйлеуге  ҥйретеді.  Тҥрлі  ҽдістемелік  тҽсілдер  пайдалану  арқылы  балалардың  ортасынан 

қабілеті  жоғары  бала  іздеп,  онымен  жҧмыс  жасау,  оны  жан-жақты  тану,  оқушылардың 

шығармашылық деңгейін бақылап отыру-ҽрбір мҧғалімнің негізгі міндеті. 

Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың  ҿшуіне  жол  бермеу  адамның  рухани 

кҥшін нығайтып, ҿзін-ҿзі тануына кҿмектеседі. 

Оқушының ҿз болмысын тануға кҿмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани кҥш беру білімнің 

ең маңызды мақсаты болып табылады. 

Бастауыш  сынып  оқушысының  зейіні  тҧрақсыз,  импульсивті,  қабылдау  мҥмкіндіктері  де 

ҽр тҥрлі болады. Дегенмен де ҽр баланың бір нҽрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан 

қабілеттің ал-ғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты 

тҥрде ықпал ете алады. 

Оқушыларды 

шығармашылық 

жҧмысқа 


баулып, 

олардың 


белсенділіктерін, 

қызығушылығын  арттыра  тҥсу  ҥшін,  шығармашылық  қабілеттерін  сабаққа  жҽне  сабақтан  тыс 

уақытта дамытуда ҽр тҥрлі ҽдіс-тҽсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай 

1. Тақырыпты мазмҧнына қарай жинақтау. 

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 

3.  Логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсрымаларды  шешу  /ана-

грамма, сҿзжҧмбақ, қҧрастырмалы ойындар т.б./ 

4.  Берілген  тапсырманы  тҥрлендіру  бағытындағы  жҧмыс  /кері  есеп  қарастыру,  мҽтін 

мазмҧнын ҿңдеу, шығарма, шағын ҽңгіме, мҽтін қҧру, т.б./ 

5. Ҽңгіменің ҧқсастығын салыстыру, бҿліктерге бҿлу, ат қойғызу. 

6. Ҧнатқан кейіпкеріне мінездеме беру. 

7. Ой шапшандығын, сҿз байлығын дамытуда ҿлең шумақтарын қҧрастыру. 

8. Мҽтін, ертегі, ҽңгімені ҿз бетінше аяқтау. 

Ал  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жҧмыс 

тҥрлері. 

1. Ҽр тҥрлі кездесулер ҿткізу. 

2.  Ҽр  тҥрлі  тақырыптарда  сайыс,  пікірталастар  ҿткізіп,  алған  ҽсерлері  бойынша  шығарма 

жазу. 


3. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде ҥнемі пайдалану. 

4.  Ҽрбір  оқылып  отырған  шығармалардың  авторлары  туралы  толық  мағлҧмат  жинау, 

реферат жазу. 

Осындай  жҧмыстарды  ҥнемі  жҥргізу  оқушыларды  шығармашылыққа  баулуға,  шҽкірт 

бойындағы  қабілет  кҿзін  ашып,  тілін  байытуға,  қиялын  ҧштауға,  ҿз  бетінше  ізденуге  зор  ҽсерін 

тигізеді.  Бала  бойындағы  қабілетті  ашу  оқушының  шығармашылық  бағытта  дамуына  жете  мҽн 

беру болып табылады. 

Қазақ тілі сабағында сҿзбен жҥргізілетін жҧмыс, сҿздерді байланыстырып сҿйлеуге, ҽңгіме 

айтуға,  шығарма  жазуға  кҿмектеседі.  Сҿздік  жҧмысы  оқушыны  бір  жағынан  қызығушылығын 

оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. 



86

 

Қорыта  келгенде,  бастауыш  сыныптың  қай  пҽнінде  болсын  оқушылардың  танымдық, 



шығармашылық  қабілетін  дамыта  оқыту  олардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  оятып,  ойын, 

ынтасын дамыта тҥседі. 

Баланы оқу  -тҽрбие ҥрдісі негізінде дамыту мҽселесі  –бҧл жылдар бойы кҿптеген ғалым-

психологтардың,  педагогтардың,  практик-мҧғалімдердің  арасында  пікірталас  тудырып  келе 

жатқан жҽне кҥні бҥгінге дейін кҥн тҽртібінен тҥспей жҥрген мҽселе. 

Теориялық  мҽселелерге  сҥйенсек,  баланың  жалпы  дамуы  негізгі  ҥш  факторға  сай  жҥзеге 

асады. Біріншісі- биологиялық фактор, екіншісі-ҽлеуметтік орта жҽне ҥшіншісі-тҽрбие, яғни оқу-

тҽрбие  ҥрдісі.  Ғалымдардың  пікірінше,  осы  фактордың  ішінде  тҽрбиенің,  яғни  оқу-тҽрбие 

ҥрдісінің ролі зор. Кҿптеген ғалым-педагогтардың,практик мҧғалімдердің тҽжірибесіне сҥйенсек, 

оқу-тҽрбие  ҥрдісі  негізінде  дамыту  мҽселесінде  басты  рҿлді,  ең  алдымен,  оқушының  ҿз  бетімен 

ҽрекеті,  белсенділігі  атқарады.  Себебі,  сабақ  қаншалықты  сапалы  болсын  немесе  мҧғалімнің 

білімі,  тҽжірибелік  шеберлігі  мол  болсын,  бірақ  бала  тарапынан  ҿзіндік  белсенділік,  ҽрекет 

болмаса жҧмыстың нҽтижелі, сапалы орындалуы мҥмкін емес. 

Ҿз дҽрежесінде жете мҽн берілмей келген ҿзіндік жҧмыс жасауға соңғы жылдары сапалы 

тҥрде  бетбҧрыс  жасалуда.  Оған  дҽлел-оқушыны  дамытуға  бағыттала  қҧрылған  жаңа  бастауыш 

білім  алып,  дамуына  жете  мҽн  беріле  бастады.  Кезінде  ҿз  бетіндік  жҧмыстың  бала  дамуындағы 

рҿлін жете кҿре білген жҽне ол жҿнінде еңбек жазған қазақ ғалымдарының бірі, ағартушы-ғалым 

Ахмет  Байтҧрсынов  болды.  Автордың  пікірінше,  бала  білімді  тҽжірибе  арқылы  ҿз  бетімен  алуы 

керек. Ал мҧндағы мҧғалімнің қызметі-балаға орындалатын жҧмыс тҥрлерін шағындап беру жҽне 

қойылған мақсатқа жету ҥшін бағыт-бағдар кҿрсету. 

Бҧдан  біз  А.Байтҧрсынҧлының  1920-30  жылдардың  ҿзінде-ақ  кейінгі  жылдары  Ресей 

ғалымдары  В.Давыдов  пен  Л.Зенковтың  дамыта  оқыту  теориясының  негізі  болған-ҿз  бетіндік 

танымдық ҽрекеттің рҿлін кҿре біліп, оның бала дамуындағы маңызын ҿз кезінде қозғағандығын 

байқаймыз.  Бастауыш  сыныптарда  ҿз  бетімен  жҧмысты  ҧйымдастыруда,  оның  бағдарлама 

мазмҧнына,  талапқа  сай  болуы,  тҥрлі  мазмҧнда  жҽне  формада  кҿрініс  табуы,  оқушыны 

шығармашылық  бағытта  жҧмыс  істеуге  бағыттауы,  сондай-ақ  бағаланып,  марапатталауы  сияқты 

мҽселелерге жете мҽн беріледі. 

Ҿз  бетіндік  жҧмыс-бҧл  шығармашылық  жҧмыстың  бастамасы.Сол  себепті  де 

оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  олардың  ҿз  бетінше  жҧмысынсыз  дамыту  мҥмкін 

емес.  Бастауыш  мектепте  ҿз  бетімен  жҧмысты  тиімді  ҧйымдастыруға  жол  ашатын  қолайлы 

жағдай-бҧл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сҽйкес ҿзіндік ерекшеліктері. Ҿйткені бҧл жастағы 

балалардың ойлау қабілеті жоғары жҽне қиялдау, елестету, шығармашылық жҧмысқа талпынысы 

басым  болады.Сол  себепті  де  бҧл  жҧмысты  тиімді  ҧйымдастыра  білген  мҧғалімге  оның  берер 

маңызы зор. Ҿз бетіндік жҧмыс тҥрлеріне қатысты материалдарды саралау жҽне ҿз тҽжірибеміздің 

қорытындысы  негізінде  біз  шығармашылық  жҧмысқа  баулуда,  оқушылардің  белсенділіктерін, 

қызығушылықтарын арттыра тҥсетін негізгі ҥш жҧмыс тҥрін атай аламыз. Олар 

1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар ҿз бетімен жҧмыс тҥрлері, 

2. Берілген тапсырманы тҥрлендіру бағытындағы жҧмыс тҥрлері, 

3.  Ҿз  ойынан  еркін  тақырыпқа  қҧрастыруға  берілген  ҽдеби  шығармашылық  бағыттағы 

жҧмыстар. 

Мҧнда  басты  назар  аударатын  нҽрсе  –  оқушылардың  ауызша,жазбаша  тілдерінің  ҿзара 

ҧштастырыла  отырып  жҽне  соған  сҽйкес  жҧмыстың  ауызша,жазбаша  тҥрде  кҿрініс  табуларын 

талап  ету.Соның  негізінде  ғана  біздіңше,тіл  байлығы  мол,сауатты  да  шығармашыл  жас 

жеткіншекті тҽрбиелей аламыз. 

Оқушыларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту-бҥгінгі  кҥннің  басты  талабы. 

Осы  талап  тҧрғысынан  алғанда  оқу  –тҽрбие  ҥрдісін  ҧйымдастырудың  сан  тҥрлі  ҽдіс-тҽсілдерін 

іздестіру  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдаланудың  маңызы  ерекше.  Қазіргі  таңда  оқытудың 

елуден  астам  технологиясы  бар  екенін  ғалымдарымыз  айтып,  осылардың  кейбіреуі  біздің  білім 

беру  жҥйемізге  еніп,  тҽжірибемізден  орын  алуда.  Қазіргі  ҧстаздар  қауымының  алдында  тҧрған 

ҥлкен  мақсат-ҿмірдің  барлық  саласында  белсенді,  шығармашылық  іс-ҽрекетке  қабілетті,  еркін 

жҽне  жан-жақты  жетілген  тҧлға  тҽрбиелеу.  Ҿмірдегі  сан  алуан  қиындықтарды  шеше  білу  тек 

шығармашыл  адамның  қолынан  келеді.  Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамыту  ҥшін 

бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар: 

1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу. 

2. Жҥйелі тҥрде шығармашылық ҽрекет жағдайында болу. 

3. Шығармашылық іс-ҽрекетке жағдай тудыру. 



87

 

Оқушының  шығармашылық  іс-ҽрекетіне  жағдай  тудыру  дегеніміз-оқушыны  ойлай  білуге 



ҥйрету екені сҿзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бҥлдіршіннен шығармашылық іс-ҽрекетті 

талап  етпес  бҧрын,  оны  соған  ҥйреткен  жҿн.  Осыған  байланысты  «Оқытудың  жаңа 

технологияларын  пайдалана  отырып  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту» 

тақырыбын  алдыма  келелі  мҽселе  етіп  таңдап  алдым.  Бҧл  мҽселені  алудағы  басты  мақсатым-

оқытудың  жаңаша  ҽдіс-тҽсілдерін  қолдану  арқылы  баланың  кішкентай  кезінен  дҥниеге  ҿзіндік 

кҿзқарасының 

қалыптасуына 

жол 


ашу, 

шығармашылығын 

дамыту. 

Оқушының 

шығармашылығына  бағыт-  бағдар  беруді  ең  алғаш  білім  мазмҧнына  енгізген  М.Жҧмабаев 

болатын. «Ойлау жанның ҿте бір қиын терең ісі-деп атап кҿрсете келіп, тҽрбиеші баланың ойлап, 

ҥйренуіне кҿп кҥш жҧмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, ҿзіндік іс-ҽрекетін 

ҧйымдастырудың тҿмендегідей тҥрлері бар 

- Тақырыпты мазмҧнына сай жинақтау. 

- Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру. 

- Шығарма, шағын ҽңгіме қҧру. 

- Сҿзжҧмбақ қҧру, шешу 

- Қиялдау арқылы сурет салу, рҿлдерге бҿлу. 

- Мазмҧндама тҥрлерін жазу. 

Сондай  жҧмыстарды  ҥнемі  жҥргізу  шығармашылыққа  баулуға,  шҽкірт  бойындағы  талант 

кҿзін ашып, тілін байыту, қиялын ҧштаумен ҿз бетінше ізденуге зор ҽсерін тигіздік. 

Болашақ данышпандарды тҽрбиелейтін, дарындылардың талантының кҿзін ашатын бірден 

бір  орта-мектеп.  «Білім  –теңіз,  мектеп-кеме»  демекші,  оның  тереңіне  сипатын  жетік  білетін, 

сырын  менгерген,  қҧпиясын  ашатындар  ғана  бойлай  алмақ.  Ондай  адамдарды  дайындайтын- 

мҧғалім. 

Олай болса, қоғамымыздағы ҽрбір адам ҿз ойын ҿз тілінде-ҿз ана тілінде білдіріп, білімнің 

жемісін  сол  тілде  таратады.  Халықтың  мҽңгі  ғҧмыры-тілінде.  Ендеше  білім  беру  мен  тҽрбиеге 

қатысты нҽрсенің бҽрі де шығармашылыққа бет бҧруы керек. 

Қандай  технологияны  пайдаланған  кезде  де  оқушының  белсенділігі,  мақсатқа  ҧмтылуы, 

ақпаратты ҿзі іздеп табуы, шапшандығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, кҿңіл-кҥйінің кҿтеріңкі 

болуы қамтамасыз етіледі. 

Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  шығармашылығын,  танымдық  белсенділігін  арттыруда 

шығармашылық  сабақтарды  ҿткізудің,  оқушының  ҿз  бетімен  ізденіп,  шығармашылық  ой-ҿрісін 

арттыруда алатын маңызы ерекше. 

 

 



ҼОЖ 373.3:519.72 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет