Конкурентоспособного специалиста как цель современного образования



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата06.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#8170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Библиографический список
1.  Белая К. Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2005.
2.  Беляева В. А.,  Петренко А. А.  Деятельность  педагога-методиста  в  системе  муниципального 
образования. – М., 2004.
3.  Зборовский Г. Е.,  Шуклина Е. А.  Самообразование  как  социологическая  проблема // 
Социологические исследования. – 1997.
4.  Юденко Т. А. Сущность и содержание понятия «самообразование» // Университетские чтения. – 2006.

18
II. НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ 
ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ КАК СОСТАВЛЯЮЩАЯ 
ГЕНЕЗИСА СПЕЦИАЛИСТА
БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ
Ж. Нұрсұлтанқызы
«Болашақ» университеті, Қызылорда, Қазақстан Республикасы
Summary. This article told at connections of nonverbal means with base-line knowledge, confi rmative 
intercommunication of language and cognition.
Key words: nonverbal means; kinesics; national-cultural specifi city; background knowledge.
Кез келген айтылымның мəн-мағынасын түсіну үшін сөйлеуші мен тыңдаушыда 
халықтың өткен тарихынан, рухани дүниесінен хабардар аялық білім болу керек. Бұл 
тек тілдік қатынасты түсінумен қатар тілсіз қатынастың да мəнін ұғыну үшін қажет. 
Сондықтан да бейвербалды амалдарды зерттеуде оны аялық біліммен, тіл мен таным 
сабақтастығы тұрғысынан қарастыру да лингвистикада назараударатын тың мəселе. 
Ш. Бекмағанбетов: «Адамзаттың  дыбыстық  тілі  пайда  болуының  алдын-
да  сан  мыңдаған,  мүмкін,  миллиондаған  жылдарға  созылған  ым  тілі  дəуірінің 
өте ұзақ кезеңі болған» – дейді [2,16]. Осындай ұзақ дамудың барысында, адам-
дар  арасындағы  қарым-қатынас  тəсілдерінің  бірі – бейвербалды  амалдар  қанша 
ғасырлар өтсе де, əрбір этнос болмысы мен қарым-қатынасында күні бүгінге дейін 
сақталуда. Ым тілі дəуірінде ым-ишара элементтері негізгі міндет атқарып, дыбыс 
тілі оларға көмекші қызмет қана атқарса, енді негізгі мағына бірте-бірте тіл дыбы-
сына ауысты да, ым-ишара бүгінгі қарым-қатынаста қосымша қызмет атқарады.
Бейвербалды  амалдар – өз  мəні  мен  өзектілігін  қазіргі  таңда  да  жоғалтпаған 
мəселелердің  бірі.  ХХ ғасырдың  елуінші  жылдарынан  бастап  бұл  сала  аса  үлкен 
қарқынмен зерттелді. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың 
басында қолға алынды. Дж. Трейгер, М. Джос, Т. Сибеок, Ч. Хоккет, М. Уэст, Р. Берд-
вислл т. б. лингвистердің еңбектерінде сөз болып, ғылыми зерттеулер жарық көрді. 
Қарым-қатынастың бұл түрі қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдар жемісі болса 
да, бейвербалды амалдардың қызметі туралы ойларды, терең тұжырымдарды ер-
теден кездестіруге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, 
алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ. Жұбанов еңбегінде 
кездеседі.  Ғалым  ымның  ерекшелігі  туралы  былай  дейді: «Ауызекі  сөйленетін 
сөздердің  андай-мұндай  қисығын  елетпейтін  басқа  жағдайлар  бар.  Дыбыстап 
сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген 
я болмаса,  бірінің  тілі  мүлде  жоқ  болған  уақытта  да,  ыммен  ылаждап  түсінуге 
болады» [4, 148]. Қ. Жұбановтың  ойынан  бейвербалды  амалдар  ауызекі  тілдің 
ажырамас  бөлігі  екенін,  сонымен  қатар  қарым-қатынасқа  көмекші  компонент 
ретінде  рөл  атқаратынын  аңғаруға  болады.  Қ. Жұбанов  бейвербалды  амалдардың 
қатысымдық қызметімен қатар, ұлттық-мəдени ерекшелігіне талдау жасайды. Бей-
вербалды  амалдардың  əртүрлі  халықтарда  өзіндік  сипатымен,  ерекше  жүйесімен 
қолданылатындығын  ескеріп,  сол  арқылы  əртүрлі  халықтың  этиникалық  əрі 
психологиялық табиғатын сұрыптауға мүмкіндік беретінін айтып кетеді. 
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдар мəселесі соңғы жылдары зерттеудің 
негізгі бағытына айналып келе жатыр. Бұл ретте М. Мұқановтың, Ə. Қайдардың, 
Қ. Қажығалиеваның,  Ж. Өмірəлиеваның,  Э. Оразалиеваның  баяндамаларын,  ой-
тұжырымдарын атап өткен абзал. 
Кез  келген  халықтың  бейвербалды  амалдары  екінші  бір  халықтың  бейвербал-
ды  амалдарына  ұқсауы  да,  араларында  айырмашылықтар  болуы  да  мүмкін.  Бұл 
жөнінде Г. В. Колшанский: «Əр халықта кездесетін ым-ишаралар өз алдына бөлек 
мағыналарымен түсіндіріледі. Мысалы, орыс халқында бас шұлғу – мақұлдау белгісі 
болса,  болгар  ұлтында  бұл  кинема  келіспеушілік  белгісі», – деп  тұжырымдайды
[5, 67]. Мəселен, ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына айтып кеткен əрбір тый-
ымында терең мағына, мол тағылым жатыр. Қазақ халқында тізені құшақтау – жалғыз 

19
қалудың, бетін басу – жаман хабар естігеннің, үлкеннің жолын кесу – əдепсіздіктің 
белгісі  болып  табылса,  ал  бұндай  бейвербалды  амалдар  (тізені  құшақтау,  қолды 
төбеге қою, бетін басу т. б.) өзге халықтарда басқа мағына беруі де мүмкін. Сондықтан 
əрбір ұлт кинемасы этнос ерекшеліктерінің белгісі болып табылады.
Осы  орайда  қазақ  халқының  ұлттық-мəдени  ерекшеліктерінің  көрсеткіші – 
бейвербалды амалдардың когнитивтік (танымдық) мəнін анықтау арқылы ұлты-
мыздың дүниетанымын, мəдениетін, ой-санасын саралап тани аламыз. Бейвербал-
ды амалдарды тек қана семантикалық аспектіде қарастыру – олардың табиғатын 
ашып,  тереңірек  тануда  жеткіліксіз  болуы  мүмкін.  Сол  себепті  бейвербалды 
амалдарды  танымдық  қырын  анықтауда  олардың  құрылымдық  ерекшеліктерін 
қарастырудың да айрықша мəні бар. Бейвербалды амалдардың мағынасын түсінуде 
олардың  жасалуына  негіз  болатын  уəждерді  білу  маңызды.  Бүкіл  бір  этностың 
дүниетанымдық  көзқарасы  мен  дəстүрлі  мəдениеті  бейнеленген  бейвербалды 
амалдардың  танымдық  табиғатын  тану  үшін  оларға  мағыналық,  құрылымдық 
жүйелі  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Қарым-қатынастағы  бейвербалды 
амалдардың  мəн-мағынасын  терең  түсіну  кезінде  сол  бейнелі  ұғым-түсініктерді 
көз алдымызға елестетуіміз керек. Мысалы, артынан топырақ шашу, бетін сипау, 
шашын жұлу, иіліп сəлем ету т. б. кинемаларды алып қарасақ, бұлардың бəрі де 
ұлттық негізде пайда болған. Сондықтан да олардың мəн-мағынасына терең бой-
лап, толық түсіну үшін қазақ халқының өмірін, салт-дəстүрін жақсы білу керек. 
Шынында  да,  кез  келген  бейвербалды  амалдардың  мағынасын  түсіну  барысын-
да  комуниканттар  арасында  ол  туралы  ұғым  болуы  керек.  Бұл,  əсіресе,  тыйым 
ретінде  кездесетін  бейвербалды  амалдардың  мəнін  ұғыну  үшін  қажет.  Мысалы, 
бүйірді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған 
əйел  қажығаннан  бүйірін  таянған.  Бұл  амал  əйелдер  мен  қыздарға  ғана  тəн.  Ер 
адамдар бүйірін таянып жоқтамаған. 
Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
Қолды  тарақтауға,  артқа  қусырып  жүруге  болмайды.  Бұл – қолы  байланған 
тұтқынды еске салатын жаман ырым.
Тізені,  табанды  тартуға  болмайды.  Ауруға  шалдыққанда  ғана  тізе  мен 
табанды тартады.
Жуған қолды сілкуге болмады. Ырыс-несібе кетеді.
Таяққа  сүйенуге,  бүйіріңді  таянуға  болмайды.  Ата-анасы,  жақын  туыстары 
өлген адам таяққа сүйеніп жылайтын болған немесе екі қолымен бүйірін таянып 
дауыстай жылаған. Мұндай себепсіз бүйір таяну, таяққа сүйену – сүйенішімнен 
айырылдым, жалғыз қалдым деген ұғым берген. Қазақ салтында ер адамдар ғана 
таяққа сүйеніп жоқтаған. 
Бос бесікті тербету – балаға зар болып жүрген адамның немесе баласынан ай-
ырылып қалған ананың əдетін білдіреді. Сол үшін қазақтар бос бесікті тербетуді 
жамандықтың бастамасы деп санаған. 
Киімді теріс киме. Ертеде кімде-кім үлкенге тіл тигізсе өте қатаң жазаланған. 
Оларды ауыл ақсақалдарының талқысына салып, мынадай үкім шығарған: өзінен 
үлкен кісіге (мейлі ер, мейлі əйел) тіл тигізген адамды қара сиырға теріс мінгізіп, 
бетіне қара күйе жағып, киімін теріс айналдырып, ауылды теріс аралатқан, яғни 
ұялтқан. Масқаралап, бетіне түкіріп, рухани қатаң жазалаған. 
Қара  жамылма.  Қазақтың  ежелгі  салтында  өлген  ердің  бір  жыл  бойы  найзасы 
босағада қадаулы тұрады. Аты жал-құйрығы күйзеліп жылқыға жіберіледі, жұбайы ша-
шын тарқатып, басына қара жамылып, күніне үш мезгіл жоқтау айтады. Марқұмның 
жылы болған соң атын сойып, найзасын сындырып, асын береді. Əйелінің басындағы 
қара  жамылғы  алынады.  Бұл  жөнінде  Ы. Алтынсарин: «Өлген  кісінің  əйелі  ерінің 
қайтыс болған күнінен бастап, басына қара жамылады» – дейді [1, 169].
Тыйым  ретінде  кездесетін  бейвербалды  амалдардың  мəн-мағынасын  түсіну 
үшін оның о бастағы əр алуан уəждерін білу өте маңызды. Бейвербалды амалдардың 
имплицитті мағынасын (астарлы) түсіну дегеніміз сол тілді терең түсіне аларлық 
аялық  білімнің  болуына  келіп  тіреледі.  Аялық  білім  (фоновое  знание)  ұғымы 
ХХ ғасырдың  соңғы  ширегінде  лингвистиканың  зерттеу  нысанына  айналды. 
«Аялық білім» деген термин қазақ лингвистикасында Н. Уəлиұлының ұсынысымен 
аталып, Б. Ақбердиева, Б. Дина, С. Жапақов, Қ. Айтмұхаметова зерттеулерінде сөз 

20
болды. Аялық білімнің мəні белгілі бір этностың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, 
мəдениеті, ой-санасы жайында түсінігі жоқ адам сол халықтың тілін білгенімен де 
«түсіне» алмайды дегенге келеді. Аялық білім мəселесі А. Н. Крюковтың «Фоновые 
знания  и  языковая  коммуникация»  деп  аталатын  мақаласында  талданып,  құнды 
тұжырымдар жасалынған [6, 141]. Е. М. Верещагин мен В. Т. Костамаров: «Фоновые 
знание связано с национальной культурой. Более того: они с одной стороны, явля-
ются частью национальной культуры и, с другой, они суть ее производное», – дей 
келе, аялық білім мен ұлттық мəдениет ұғымдарын байланыстыра зерттейді [3, 210]. 
Қазақ  халқының  бейвербалды  амалдары – ел  тарихынан,  мəдениетінен, 
дүниетанымынан  аса  мол  дерек  беретін  қайнар  көздердің  бірі.  Бейвербалды 
амалдардың семантикалық, концептуалдық өрісінде аялық білім ерекше орын ала-
ды. Аялық білімге қатысты ақпараттар бейвербалды амалдардың «ішкі формасы” 
арқылы  ашылады.  Бейвербалды  амалдардың  ішкі  формасында  кодқа  салынған 
дүние, əлем жайында образды түрде əртүрлі ақпараттар болады. Бұлардың «кілті» 
ашылғанда  ғана  ішкі  формасындағы  түрлі-түрлі  мəдени  ақпараттың  жиынтығы 
танылады. Когнитивті лингвистикада тілді «білу» – бұл білімнің бір түрі, сонымен 
бірге  тілді  «түсіну»  деген  сөз  жиі  айтылып  жүр.  Тілді  біліп  қоймай,  оны  түсіну 
үшін этностың мəдениетін, тарихын, ұлттық-мəдени ерекшеліктерін білу керек. 
Қорыта айтқанда, əрбір ұлт кинемасы – этнос ерекшеліктерінің белгісі болып 
табылатындығын  қазақ  халқында  тыйым  ретінде  кездесетін  бейвербалды  амал-
дар  мен  салт-дəстүр,  əдеп-ғұрыппен  байланысты  бейвербалды  амалдар  арқылы 
дəлелденді. Тыйым ретінде кездесетін бейвербалды амалдың танымдық мəнін ашу 
арқылы ұлттық болмыс пен дүниетанымын аша аламыз. Ендеше тыйым-бейвер-
балды амалдардың имплицитті мағынасын (астарлы) түсіну үшін аялық білімнің 
болуы заңды құбылыс. 
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі
1.  Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – Алматы : Жазушы, 1988. –320 б.
2.  Бекмағанбетов Ш. Тілдік таным негіздері жəне тілдік символдар. – Алматы : Ғылым, 1999. –218 б.
3.  Верещагин Е. М., Костомаров В. Г. Язык и культура. – М. : Руский язык, 1976. – 248 с.
4.  Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы : Ғылым, 1999. – 581 б.
5.  Колшанский Г. В. Паралингвистика. – М. : Наука, 1974. – 81 с.
6.  Крюков А. Н. Фоновые знания и языковая коммуникация // Этнопсихолингвистика. – М. : Наука, 
1988. – С. 19– 34.
КӨНЕЛЕНГЕН БАРЫС ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗДЕРДЕРДІҢ СИПАТЫ
А. Ө. Байдаулетова
Болашақ университеті, Қызылорда, Қазақстан Республикасы
Summary: Object of research are types of lexical wordforms with obsolete case ending formed by the 
means of addition case endings to the root in modern Kazakh language. 
Key words: lexical wordform; archaic case termination; case infl ection; root; termination.
Септік  жалғаулары – категория  тұрғысынан  тұлғалары  жағынан  бір-бірінен 
ажыратылған  біртұтас  грамматикалық  құбылыстардың  жиынтық  тобы.  Септік 
жалғаулары фонетикалық ерекшеліктеріне қарай біртектес грамматикалық мағынаны 
білдіретіні белгілі. Қазіргі қазақ тілінде көнеленген септік жалғаулары арқылы (ба-
рыс,  жатыс,  шығыс,  көмектес)  сөздер  қалыптасатыны  жөнінде  пікірлер  көптеп  ай-
тылып келеді. Септік есім сөздердің сөйлемдегі сөз бен сөздің арасындағы əр түрлі 
қарым-қатынасын көрсетеді. Зат есімнің септіктерде өзгеруі сол сөздердің мағынасы 
мен  сөйлемдегі  атқаратын  қызметіне  байланысты.  Септіктердің  семантикалық 
ерекшелігінің  жасалуындағы  басты  рөлді  басыңқы  мүшенің,  көбінесе  етістіктің  се-
мантикасы атқарады. Септік жалғаудың қызметін шылау атқаратын тұстары, шыла-
умен келген септік жалғаулы сөздер жəне өзінен кейін тəуелдік жалғауының келуін 
талап ететін септіктер де бар. Іс-қимылды білдіретін етістіктермен келгенде, етістіктің 
грамматикалық  формалары  əр  түрлі  семантикалық  мағынада  қолданылады. 

21
Септіктердің  сөйлемде  екі  қызметі  бар  екендігін  білеміз.  Оның  бірі – синтаксистік 
қызмет, екіншісі – семантикалық қызмет. Бұл қызметтердің септіктер жүйесінде ала-
тын орны, яғни көріну деңгейі əр қалай. Осы қызметтерінің қайсысының басым болып 
келуіне қарай грамматикалық немесе көлемдік болып бөлінеді. Мұндай жіктеу жалпы 
түркологияға тəн. Грамматикалық септіктерде семантикаға қарағанда грамматикалық 
жағы,  яғни  синтаксистік  қызметі  басым  түссе,  көлемдік  септіктерде  семантикалық 
мəні басым түседі. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мəнге ие болмайды, ал 
көлемдік септіктер адвербиалдық мəнге ие болады. Көлемдік етістіктерде басты рөлді 
семантика атқарады да, кейде бұл септіктегі сөздерді сөйлемде түсіріп айтудан сөйлем 
мазмұнына айтарлықтай нұқсан келмейді, ал грамматикалық септіктерді түсіріп ай-
тудан сөйлем мазмұнына нұқсан келеді.
Көнеленген септік жалғаулары арқылы қалыптасқан лексикалық тұлғалардың 
бірі – үстеу сөздер. Үстеулердің септік жалғауларын қабылдауын зат есімнің сеп-
телу  парадигмасымен  салыстыруға  болмайды.  Зерттеуші  Е. Саурықов  үстеу  сөз 
табының тарихи дамуы мен қалыптасуын қарастыра келе, үстеулер əр алуан сөз 
таптарынан  құралып,  өз  алдына  жеке  сөз  табы  болып  қалыптасқанда,  ең  алды-
мен оларға қатысты сөздердің жалпы категориялық мағынасы негізінде, яғни ол 
сөздердің барлығы қимыл мен сынның əр түрлі белгілерін білдіруіне байланысты 
топтасқандығын айтып өтеді [2]. Тіл-тілде белгілі болғандай, септік формалары сөз 
тудырушы қасиетке ие емес. Олардың қызметі тек сөз түрлендіру, грамматикалық 
мағына  үстеу,  сөздердің  байланысу,  берілу  қызметін  ұлғайту  болып  саналады. 
Қазақ  тіліндегі  мекендік,  мезгілдік  зат  есімдер  септік  жалғауларымен  лексика-
ланып,  мағыналық  жақтан  көнеленуі,  сөйлем  ішінде  үнемі  пысықтауыш  болуы 
нəтижесінде үстеулер қатарына өтіп  отырғандығы айтылып келеді. 
Көнеленген септік жалғаулы лексикалық тұлғаларды көнеленген барыс, жатыс, 
шығыс, көмектес септік көрсеткіштері қалыптастырады. Қазіргі түркі тілдеріндегі 
септік жүйесінің белгілі бір уақытта қалыптаспағандығын, өзінің басынан ұзақ та-
рихи дамуды кешіргендігін зерттеушілердің пікірінен байқауға болады. Десек те, 
қазіргі  таңда  септіктің 7 түрі  тілімізде  орныққан  деуге  болады.  Жалпы  септіктің 
сонау Орхон – Енисей ескерткіштерінде 7 түрі кездесетіндігін алғаш айтқан қазақ 
ғалымы Ғ. Айдаров екендігі баршамызға белгілі [1]. Сол пікір қазіргі кезде өзінің 
жалғасын тауып келеді. Орныққан мəселе десек те болғандай. 
Сөз  таптары  тілдер  жүйесінде  өз  заңдылықтарымен,  қасиеттерімен, 
ерекшеліктерімен түрліше сипатта көрініс табады. Əрбір сөз табы тек өзіне ғана 
тəн лексика-семантикалық, морфологиялық жəне синтаксистік белгілері арқылы 
ерекшеленеді. Сонымен бірге, əрбір сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар. 
Тілдің дамуы сөз таптарының түрлі грамматикалық тұлғалармен толыға түсуімен, 
соның нəтижесінде лексика-грамматикалық ерекшеліктерінің артуымен байланы-
сты. Тілдегі сөз таптары мағыналарының жаңаруы, қалыптасуы, көнеленуіне сол 
сөз табының ішкі жүйесімен қатар сыртқы факторлар яғни, өзге сөз таптарының 
ықпалы да болады. Тілдік жүйеде жаңа сөз табының пайда болуына бұрын пайда 
болған өзге сөз таптарының ықпалы зор. Осы əрбір сөз табының жаңа сөз таптарын 
қалыптастыруда  алатын  орны  ерекше.  Көнеленген  септік  жалғаулы  лексикалық 
тұлғалардың жасалуында белгілі дəрежеде септік жалғауларының да үлесі бар екені 
айтылды. Бірақ осы септік жалғауларының жалғаулық қасиетін анықтау қиындық 
туғызып отыр. Барыс септігінің көнеруі туралы барлық грамматикалық еңбектерде 
үстеу сөз табының қалыптасуына байланысты мəселеде айтылып келеді. С. Исаев: 
«барыс септігінің басты грамматикалық мағынасы – жанама объекті мен қимыл, 
іс-əрекеттің кімге, неге, қайда бағытталғанын көрсету, атап айтқанда, қимылдың, 
іс-əрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін (қалаға кетті, үйге келді), кімге, 
неге бағытталғанын (кісіге берді, қонаққа тартты), қимылдың мақсатын, не үшін 
істелгенін  (көруге  кетті,  оқуға  келді),  қимылдың  мөлшерін,  мезгілдің  шегін  (екі 
метрге созылды, жазға жетті), сынның неге қатысын (малға бай, сөзге сараң) т. б. 
мəндерді  білдіреді»  дей  келе, «сөздердің  семантикасына  байланысты  əртүрлі 
тұлға құрамындағы барыс септігіндегі біраз сөз адвербиалданып, үстеуге айналып 
кеткен: алға, артқа, кешке, бас-басына, алды-артына, бірге, жатқа, жоққа, күн 
ұзаққа, күніне, текке, қолды қолына, өз алдына т. б.», – деп, барыс септігі арқылы 
қалыптасқан үстеулерді мысалға келтірген [3, 136 б.]. 

22
Зерттеуші Е. Саурықов барыс септігінің екі тұлғасын – түбірге кіріккен көне 
тұлғасы  жəне  тірі  септік  жалғауларын  қарастырған.  Ғалым  көне  түркі  тілінен 
белгілі құранды -ғару, -геру, -қару, -керу, -ару, -еру барыс септіктің көне фор-
малары қазіргі үстеулік мағына беретін сөздердің құрамында өлі форма ретінде 
сақталғанын айтады. Қазіргі кезде бұл тұлғалардың үстеу жасауда өнімсіз жұрнақ 
екені,  олардың  жоғары,  ілгері,  ары,  бері  тұлғаларында  əбден  қалыптасып,  ар-
найы  этимологиялық  талдаусыз  түбір  мен  қосымшаға  жіктелмеу  дəрежесіне 
жеткенін айтады. Сонымен бірге, Е. Саурықов -қа, -ке, -ға, -ге көне түркі тілінде 
де, қазіргі түркі тілдерінде де қолданылып жүргенін айта келе, бұл барыс септігі 
тұлғасы жекелеген сөз таптарының үстеулер қатарына ауысуына қазіргі кезде де 
ықпал ететінін айтады [2, 96 б.]. 
Көнеленген  септік  жалғаулы  лексикалық  тұлғалардың  қазіргі  қазақ  тіліндегі 
қызметі  олардың  пысықтауыштық  қызметінің  негізінде  қалыптасқан.  Септік 
жалғауларының  түбір  сөзге  жалғанып,  лексикалық  мағынасына  грамматикалық 
мағына  үстейтіні  белгілі.  Біздің  зерттеу  нысанымыз  болып  отырған,  көнеленген 
көлемдік септік тұлғаларының өздерінің септік жүйесінен ажырамай тұрғандағы 
білдіретін  нақты  мағыналары  мен  синтаксистік  қызметтері  бар.  Сол  қызметтері 
мен сөйлемдегі орны (позициясы) олардың тұрақталып, көнеленуіне əсер етуінің 
бір  себебі  болса  керек.  Сөздердің  тура  мағынасы  болатын  сияқты  қосымша 
морфемалардың да сөйлемдегі атқаратын қызметіне байланысты, сөз бен сөздің 
арасындағы  қатынасты  анықтауына  байланысты  тура  мағынасы  болады.  Ал 
септіктер  мағынасының  дерексізденуі  негізінде  көнелену  процесі  жүріп,  олар 
түбірмен ажырамастай, өзара сіңісіп кетуі нəтижесінде тілде бір тұтас бүтін тұлғаға 
айналады. Септік тұлғаларының көнелене бастаған процесін көрсететін деректер 
бар.  Ең  көне  деген  Орхон-Енисей  ескерткіштерінде  көлемдік  септіктер  қазіргі 
қазақ тіліне тəн қызметтері болған. Көне түркі тілінен белгілі құранды -ғару, -геру, 
-қару, -керу, -ару, -еру  формалары  қазіргі  түркі  тілінің  деректерінде  үстеулік 
мəн-мағына беретін сөздердің құрамында өлі форма, көнеленген септік жалғауы 
ретінде  сақталған.  Аталмыш  форма  көне  түркі  тілінде  алғаш  тас  бетіне  түскен 
ескерткіштер мəтіндерінде кездесіп отыр. -ғару, -геру, -қару, -керу, -ару, -еру фор-
малары көне жазбалар тілінде əрі бағытты білдіретін барыс септігі түрінде белгілі 
бір  сөздердің  құрамында  лексикаланып  үстеуге  тəн  мəн-мағынада  қолданылуы 
көптеп кездеседі [2, 70 б.]. 
Септік  тұлғаларын  тарихи  тұрғыдан  қарастырған  ғалымдардың  пікірінше 
(М. Томанов, Е. Ағманов, Е. Саурықов), көне жазбалар тілінде -ғару, -геру, -қару, 
-керу, -ару, -еру тұлғалары жұмсалымдық сипаты мен грамматикалық мағынасы 
тұрғысынан екі қызмет атқарған. Яғни, біріншіден, өзі жалған есім сөз тұлғасынды 
тұрақталып,  үстеу  қалыптастырушы  формада  жұмсалса,  екінші  жағынан,  сөз 
түрлендіруші барыс септігі қызметін атқарған.
Ғалым  Р. Досжан  «ХІ–ХІІ ғасыр  жазба  ескерткіштері  тілінің  морфологиясы 
(А. Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» дастаны негізінде)» докторлық диссертация-
сында ескерткіштердегі септік жалғауларын талдай келе, барыс септік жалғауының 
формаларын тарихи тұрғыдан қарағанда, олардың генезистік байланысын есепке 
алмай, əр жалғауды өзінше жеке тұлға ретінде көрсетсе, мынадай топтарға жіктеуге 
болатынын айтады: 1 -ғару, -геру, -қару, -керу, -ңару, -ңеру; -ғар, -гер, -қар, -кер; 
-ға, -ге, -қа, -ке; -ра, -ре, -ру, -рү; 5 -йа, -йе; -а, -е; -ар, -ер.
Бұл жерде алғашқы екі тұлғаның көне дəуірлерде үстеу сөз қалыптастыруда өнімді 
қолданылғанымен, қазіргі тіл тұрғысынан оларға арнайы этимологиялық зерттеусіз 
анықтау мүмкін емес. Олар толық сөз ретінде тілімізде əбден орнығып қалған. -ғару, 
-геру, -қару, -керу, -ару, -еру  тұлғалары  көне  заманның  өзінде-ақ  синтаксистік 
деңгейде  адвербиалданған,  олар  көбіне  бұрынғы  мағыналарын  сақтап  мекендік, 
көлемдік мағынада қалыптасқан. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Үстеу 
сөз табына өтуіне де сол пысықтауыштық қызметінің əсері мол болған. Бұл айтылған 
болжамды нақты дəлелдеп бере алмаса керек, себебі оның қалдығы Орхон-Енисей 
ескерткіштерінде кездесетін -ғару, -геру аффиксінен көрінеді.
Барыс септігі төмендегідей сөз таптарына жалғанады:
Зат  есімдерге  көнеленген  барыс  септігі  жалғануы  арқылы  жасалған:  кешке, 
сыртқа, ішке, текке, тысқа, шаққа

23
Бірінші  сыңары  көнеленген  жатыс  жəне  екінші  сыңары  барыс  септікті  зат 
есімдердің қосарлануы арқылы жасалған: қолдан-қолға, күннен-күнге, ауылдан-
ауылға, жылдан-жылға, кісіден-кісіге, елден-елге. 
Сын  есімдерге  көнеленген  барыс  септігі  жалғануы  арқылы  жасалған:  зорға, 
текке, босқа, аулаққа, əзірге, ұзаққа, бекерге. 
Үстеулерге көнеленген барыс септігі арқылы жасалған: азарға.
Көнеленген барыс септік жалғаулы лексикалық тұлғалардың мағыналық сипа-
ты төмендегідей.
Мезгілдік  мағынада  жұмсалады:  Жылына  бір  емес,  жүз  жаңалық  көремін 
(Ы. Жақаев). Ат жаратушылар, уəде бойынша Əжекең ауылына кешке, қонаға 
бір-ақ  қайтты  (Ж. Нəжімеденов).  Күніне  бір  сағат  кешкілікте  сабақ  беріп 
тұратын боп келісті (Д. Əбілов). Абай сөзін əр қазақ күніге бір рет ауызға ала-
тыны – ақиқат шындық (М. Əлімбаев). Мысалдардағы жылына, кешке, қазірге, 
күніне, күніге көнеленген барыс септік жалғаулы лексикалық тұлғалар сөйлемдегі 
баяндауышпен пысықтауыштық қатынаста, мезгілдік мағынада жұмсалып, қабыса 
байланысқан. Бұл лексикалық бірліктердегі барыс жалғауларының бұрынғы сөз 
бен сөзді байланыстырушылық қызметі байқалмайды. Оның себебі бұл сөздердегі 
барыс септігінің мағынасы белгілі дəрежеде, көне замандарда дерексізденген. 
Мекендік мағынада жұмсалады: Столдың үстіндегі, терезе алдындағы шашылған 
кітаптарды жинап, сүртіп орын-орнына қойып жүрмін (Т. Қойшыманов). 
Қимыл-сын  мағынада  жұмсалады:  Жүрмейсің  деп  жөндікке,  кейде  ұрып, 
түртіп жүр. Жаяу мен атты тең емес, діңкесін сөйтіп құртып жүр (Ү. Кəрібаев). 
Суы  мол  жерде  еркін  өскен  тұқымды  Бетпақдалаға  əкеліп  еккенде,  ол  көбіне 
жергілікті  жағдайға  төзімсіз  болады  (А. Балтабаев).  Берілген  сөйлемдердегі 
жөндікке, көбіне көнеленген барыс септік жалғаулы лексикалық тұлғалар қимыл-
сын мағыналық қатынаста жұмсалған. 
Жалғанған  сөзге  əртүрлі  грамматикалық  мағына  үстеп,  сөйлемде  сөздер 
арасындағы  алуан  түрлі  синтаксистік  қатынастарды  көрсететін  септіктердің 
көнеленуі  тілдің  лексикалық  құрамы  мен  грамматикалық  құрылысының 
өзгеруіне  əсер  етеді.  Қоғамның  дамуы,  адамзат  танымының  кеңеюі  тілдің  сөздік 
қорын ғана емес, сонымен бірге олардың қолданылу қызметін де кеңейтеді. Соның 
нəтижесінде, белгілі бір сөз табының жеткіліксіздігі басқа сөз табындағы екінші 
бір  сөздердің  сол  қызметте  жұмсалуына  əкеліп  соқтырады.  Көнеленген  септік 
жалғаулары да сондай қажеттіліктерден туындаған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет