Пайдаланылған əдебиеттер
1. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті. – Алматы : Ғылым, 1990. – 220 б.
2. Саурықов Е. Б. Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты (көне түркі жəне қазіргі
қазақ, өзбек, түрік тілдері деректері негізінде) : филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1999. – 139 б.
3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы : Ана тілі, 1991. – 383 б.
КҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ЖҰМСАЛЫМЫ
К. С. Қамзаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қызылорда, Қазақстан Республикасы
Summary. The article cousiders communicative function of multicomponend complex sentences. The
author gives to specifi c examples to substantiate the grammatical and functional features of constituent
parts of multicomponental constructions. Multicomponental constructions consists of three or more simple
sentences. There are complex sentences with four Five six aud seven components realizing defi nite stylistic
functions in to aualyred work.
Key words: multicomponend complex; communicative function; grammatical and functional features;
complex sentences; stylistic functions.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің құрылымдық компоненттерінің
саны жағын алғаш анықтау қажеттілігі мен олардың жұмсалымындағы ерек-
шеліктерінде кездесетін факторларды ғалым Р. С. Əмір жан – жақты қарастырды.
24
Осы орайда көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлемі жөнінде тоқталалық.
Сөйлемнің көлемі, яғни əр сыңары лебізді құруға да, лебізді қабылдап, түсінікке
алуда да ықпалы бар. Жай сөйлемде оның көлемін сөздің саны қалыптастырады
[1]. Мысалы: Туған елдің жуасы да тəтті деген мысалдағы əрбір сөз туған
(1) елдің (2) жуасы (3) да тəтті (4) көлемін сөздің саны жасақтап тұр. Ал көп
компонентті құрмалас сөйлемнің көлемін оны құрайтын жай сөйлем тип-
тес компоненттердің саны, қатысатын сөздердің саны қалыптастырады. Жай
сөйлемнің құрамында сөздер тиісті – тиісті өлшемнен көп болса, ол сөйлемді айту
да, түсіну де қиындайды. Б. Шоу өзі де, басқаларға да пьесадағы кейіпкерлер ай-
татын репликада сөздің саны оннан аспауы керек деп талап етіп отырған. Б. Шоу
ауызекі сөзден көрінетін өлшемді айтып отыр. Негізгі өлшем ауызекі сөзге сүйеніп,
соның деректеріне сай шығарылуға тиіс. Біздің қолымыздағы деректер жазбаша
көркем əдебиеттен алынады. Байқағанымыз, прозадан терілген көп компонентті
құрмалас сөйлемнің 80 пайызы үш-төрт компоненттен құралған. Нақтыласақ,
көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық компоненттерінің саны үш
факторға бағынышты [2]:
1. Адамның психикалық қабілетіне.
2. Сөйлемнің коммуникативтік мақсатына.
3. Сөйлемнің грамматикалық құрылысына бағынышты.
А. Мекебаевтың «Періште келіншек» романында бұл өлшем əсіресе əр та-
рапты байланысымен құрылған синтаксистік тұлғаларда қатаң сақталынған
екен. Мысалы: Қостағылардың əзілі аяқталып, у-шу басылған кезде, мен ба-
сымды көтерген едім, алып бекіренің ішек-қарны ақтарылып-ақ қалған екен.
Адамның психикалық қабілетіне: əзілі аяқталып, у-шу басылған кезде, сөйлемнің
коммуникативтік мақсатына: қоста болып қөз шырымын алып тұрған шақта;
сөйлемнің грамматикалық құрылысына бағынышты -ып, -ған кезде, -ген едім,
-ған екен. Сөйлемнің компоненттерінің саны оның грамматикалық құрылысымен-
компоненттердің өзара байланысу сипатына бағынышты екендігін, сөйлемнің
коммуникативтік мақсатына, мағыналық шоғыр жасау талабына, лебізді экспрес-
сиялы ету талабына бағынышты екені ілгеріде аталды, мысалдармен дəлелденді.
Қазақ сөйлемінің көлеміндегі көрінген мөлшерлер барлық тілдерге ортақ
сияқты. Əр түрлі тілдерге байланысты жүргізілген зерттеулердің нəтижесі осыны
байқатады [3]. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлеміне шек адамның
физиологиялық, психикалық қабілетіне қарай қойылады. Психологтардың тағы бір
айтатыны – қабылдауға, айтуға түсетін символдар синтаксистік конструкцияның
грамматикалық сипатына сай тұлға болып ілінеді. Яғни:
Синтаксистік конструкцияның
қабылдау
грамматикалық сипаты
айтуға түсетін символдар
Дегенмен байқалатын жайт: қазақ көркем əдебиетінен көрінген фактілерге
қарағанда көп компоентті құрылымдар көбіне үш компоненттен құралып –
жұмсалады, ал алты-тоғыз компоненттілер өте сирек екендігін аңғардық. Ал
аралас құрмалас сөйлемнің құрылысында басқаша бір түзілім болатындығын
аңғаруға болады. Мəселен, басқа көп сыңарлы құрмалас сөйлемдер түріндегі
негізгі предикативтілік бөліктер саны көбіне төрт-бестен аспайтын болса, аралас
құрмалас сөйлемнің құрамында бұлардың көрінісі жиі жəне сыңарлардың одан
əрі жайылмалануында шек болмайды десек қателеспейміз. Мысалы:
1. Төрт сыңарлы аралас құрмапас сөйлемдер екі құрамды салалас жəне
сабақтас сөйлемдер үлгісіндегі құрылымдардың немесе олардың кері түзілімде
келуі нəтижесінде болады: Домбырасыз əн – күй болмайды, домбыра тартпаған
тойдың сəні болмайды, қай үйде ойын-той болса, алдымен Нұрмағанбет
шақырылады. Айза тысқа шыға келсе, бес-алты шаналы адамдар тұр, ат-
тары терлеген, үстері қырау (Мекебаев). Екі дара бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлемдік құрылымдар да төрт сыңарлы аралас құрмалас сөйлем жаса-
уда орны ерекше: Суды аузына апарғаны болмаса, жұтқаны білінер емес, өзі үй
ішінде болғанымен, ойы əртарап (Мекебаев). Сабақтас құрмалас сөйлемнің көп
25
басыңқылы түрі жай сөйлемдік сыңарды бірде алдына алып, бірде соңынан ертіп
аралас құрмалас сөйлемнің осы құрамды түріне бағынады: Нарымбет жүгіріп
келе жатыр еді, маңдайы ашага сарт ете түсіп, есі ауып кете жаздады, көзінің
оты жарқ ете түсті (Мекебаев). Жылқы отарлары болмаса, маңайында ел де
жоқ, тұйық жатқан бір тыныштық өлкесі екен, жарық осы өзенге бұрылды да
жойылып кетті (Мекебаев). Дəл осындай түрдегі байланысуда көп бағыныңқылы
сабақтас құрмаластар да тұрады. Назар аударалық: Одан бері əлденеше күн өтіп
те кетті, əнеугіден кейін сыбыс естілмегесін, Кенжебектің көңілі жайланып,
үрейлі ойлары сейіле бастаган (Мекебаев). Енді бірде екі жай сөйлемдік құрылым
дара бағыныңқылы сабақтас құрылымдыны ортасына алып тұрады: Таза қазақ
ортасы, қалада оқыгандар болмаса, былайгы жұрт тіл білмейді, көп ұзамай
Əлібек те қалыптасып кетті (Мекебаев).
2. Бес сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдердің мұндай құрамда көрінуіне сала-
лас не сабақтас сөйлемдік үлгілердің бірінің үш сыңарлы болып келуі көмектеседі.
Екі құрамды салалас құрмалас сөйлемдік үлгі көп басыңқылы сабақтас құрмалас
үлгісіндегі сөйлемдерді қатарына жинайды. Нұрым жанталаса қылыш ойнат-
ты, қарсыластың қатты тойтарганы соншама – алақаны жаңгырылып, сай-
сүйегі сырқырады, қаруды түсіріп ала жаздады (Мекебаев). Бет ұшы нартта-
нып, қарашықтарында сəл буалдырлану бар тəрізді, оң бетінің ұшынан бір қара
моншақ пайда бола қалыпты, соргалаган жас қара моншақтың ұшында сəл
іркіліп барып үзіліп түседі де, моншақ өз орнында қала береді (Мекебаев). Алғашқы
сөйлемде салалас сөйлемдік құрылым көп басыңқылы сабақтас сөйлемнің алды-
нан келіп байланысса, соңғы мысалда олардың байланысы керісінше болған. Екі
құрамды салалас құрмалас үлгісіндегі құрылымдар көп бағыныңқылы сабақтас
құрмалас сөйлем үлгісіндегі құрылымдармен байланыса келіп, бес сыңарлы ара-
лас құрмалас сөйлемнің қатарынан шығады. Жоғарыдағыдай байланысу мұнда да
дəл солай болады: Тойшылардың аттары гана сирақты, еңсесі биік, сездірмей
шыгарып əкетсе, сосын желмен жарысса, желім ойдың жүзеге асары хақ (Меке-
баев). Денемізге денеміз тиісіп, қатар жатқанымызбен, үйреніскен бауырлар-
дай емін-еркін айқасып кету де жоқ, сагынысқандардай ыстық ықылас та жоқ,
əйтеуір, үркек қана ниет бар. Салалас құрмалас сөйлемдік үлгінің үш сыңарлы
болып келуі сабақтас құрмалас үлгісіндегі құрылымдардың дара бағыныңқылы
болуын қалап, жалпы сыңарлар санын беске жеткізеді: – Сен ендеше əлгіңмен
құпия сөйлес, сөз баянды, нық, анық болсын жəне тірі жан сезбесін, біреу-міреу
сезе қалса, істің арты насырға шабады. Бес сыңарлы аралас құрмалас сөйлем
құрамында сабақтас құрмалас сөйлем үлгілерінің өзара байланысқа түсуі белсенді.
Мəселен, олардың дара бағыныңқылы түрлері алдыңғы кезекте тұрып, соңынан
көп бағыныңқылы не көп басыңқылы құрылымдарды аңғарамыз: Тау болга-
нымен, таудың да күні қыздырады екен, төбелерінен күн өтіп, тізелері ұйып,
жұрттың қыбыр-жыбыры көбейе бастады. Емханадан аман шықсам, оның көзін
құртамын, осы Кенжебек бірдеңе білетін болса, асықпай тұра тұр, арамза мен
надандардың құритын мезгілі онша алыс емес (Мекебаев). Бұлар кері түзілімде
де болады: Биенің сүтін ішкен сайын, ішегі жібіп, іші елжірейді, жылқының етін
жеген сайын, буын сырқырауы сиреп бара жатқандай Алгашында жер-дүние
дөңгеленіп, айналадагы агаштар да қатар жарысып бара жатқандай болған,
сонан тіпті басы айналгандай еді, бертін оган да көзі қаныгып, еті үйрені алды.
Күні бойы аңгармапты, екеуі шешіліп сөйлеспесе де, қыздың жай отырганының
өзі жанга тоқ, көңілге дəру екен, енді ол киініп, кетуге жинала бастаганда, сол
орынның тагы да опырайып бос қалары сезілді деген мысалда барлық сөйлемдік
үлгілердің қатысынан бес сыңарлы аралас құрмалас сөйлем құрамы тұр. Мəселен,
жай сөйлемдік үлгілер соңынан екі дара бағыныңқылы құрылымдар еруі мүмкін.
Бір сабақтас құрмалас сөйлем орнын салалас құрылым да ауыстырады; Мұның да
торысы барын салып келеді, жел гу-гу етіп, козінен жас парлайды, теке алдын
кесіп өтетін тəрізді, ерегіске түскен бұл атын тебіне түседі. Сондай – ақ жай
сөйлемдік үлгі жалпы сөйлем соңында да кездеседі: Кісінің шекесінен шықса – ба-
тыр болганы, ал табанынан білінсе – бопсага түскіш қорқақ болганы, екінің бірі.
Енді бірде жай сөйлемдік құрылымдылар ортасына сабақтас құрмалас сөйлемнің
көп сыңарлы түрлері түсіп кететін мысалдарды кездестіруге болады: Көзінен бір-
26
бір ұшқан жүз жылқы анау, «қызымды зорлықпен қамауда ұстап отыр» деп
үстінен арыз берсе, бұл даланың орысы да орыс, киргизі де орыс, кімге шагынып
барады. Бұл көп басыңқылы сыңардың жай сөйлемдік құрылымның ортасында
келуі болса, көп бағыныңқылы сабақтастық құрылымның да осындай байланыста
тұруы мүмкін: Алтын бұйымдардың өрт буы екеуін жанына маңайлатпапты,
ал ең кенже ұлы келгенде, алтын заттардың жалыны өшіп, суып сала беріпті,
сөйтіп үшінші ұлы алтын қару-жарақты өзінің үйіне алып келіпті. Ішкі сөйлемдік
үлгілердің қабаттаса жұмсалуы алты сыңарлы аралас құрмалас сөйлемдерде де
орын алады. Үш дара бағыныңқылы сабақтас құрылымдылардың өзара байланы-
суы нəтижесінде болады. Мысалы: Ауылы мен ауданында өзгермеген, айнымаған
бір адам қалса, соның өзі – Жайсаңкүл жеңгесі, жарты қалса, соның өзі –
Жайсаңкүл жеңгесі, екеу қалса, соның бірі – Жайсаңкүл жеңгесі. Мұның бірінің
қызметін салалас құрылымды сыңар да атқарады: Саңқал киізден сығалап аңгал
шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуга
септігі болган жоқ, жанын жанышқан қараңгылық жарық дүниені аңсатты,
əйтсе де, жарық сəуледен көзін біржола жұмбады, құтылмасына көзі жеткен соң,
тым болмаса мынау саусылдаган сары қолдың ішінен сытиғып даланы бір көргісі
келді. Айта кететін жайт: салалас құрылымды сыңарлар орын талғамай-ақ, жалпы
сөйлем басында, ортасында, соңында келе береді. Жай сөйлемдік құрылымның
да түрлі сөйлем үлгілерімен байланысуы алты сыңарлы аралас құрмалас сөйлем
қатарынан табылады. Аралас құрмалас сөйлем сыңарларының байланысу ретіне
қарай ерікті жəне тұрақты құрылым құрайды. Тиянақсыз-тиянақты тұлғадағы
аралас құрмалас сөйлемдер тек тұрақты құрылым түзеді де, тиянақты-тиянақсыз-
тиянақты тұлғалысы əрі ерікті, əрі тұрақты құрылым түзе алады. Бұл өз алдына
зерттеуді қажет етеді [4]. Жалпы зерттеу еңбектерде аралас құрмалас сөйлемнің
əрыңғай қатынастағы тобы мағыналық жіктің əртектестігіне қарай он алты түрлі
болып келетіндігі анықталған. Əрине, бұл қатынастар жеке тұрғанда өз алдына
бір мағына беруі мүмкін, ал бір сөйлемнің ішінде тұрып, екі түрлі мағыналық
қатынасты білдіруі оларды жинақтап көрсетуді қалайды.
Пайдаланылған əдебиеттер
1. А. Байтұрсынұлы «Тіл – құрал». – Алматы, 2008.
2. А. Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқыш». – Алматы, 2008.
3. Р. Əмір «Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде». –
Алматы, 2009.
4. Р. Əмір «Жай сөйлем синтаксисі». – Алматы, 2003.
І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ПОРТРЕТТЕР
Л. Е. Сапартаева
«Болашақ» университеті, Қызылорда, Қазақстан
Summary. In this article concerned poet’s likeness making of mastership and difference by I. Zhansu-
girov literature analysis.
Key words: poet; portrait; comparison.
Шығармашылық ғұмырында ұлттық əдебиетіміздің қарышты дамуына үлес
қосқан арқалы ақын І. Жансүгіров поэзиясының көркемдік деңгейі өте жоғары.
Халық қазынасын шығармашылық жолмен пайдалануы ақын поэзиясының
əуезділігін арттырып, жалпы халықтық, ұлттық бояу-бедерін арттыра түсті.
Табиғат, өмір құбылыстарына лайық бейнелі сөз, балама суретпен айшықталған
көркем поэзиясынан ақынның портрет жасаудағы шеберлігін тануға болады.
Ілияс Жансүгіров поэзиясынан əдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-
кейпін, бой-тұлғасын суреттейтін портреттерді көп кездестіреміз.
Белгілі əдебиеттанушы ғалым З. Ахметов: «Кейіпкердің мінез-бітімін, ха рак-
терін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен
мəні бар. ... Ақындар əйелдік, сұлу қыздың бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу
мəнерін есте қаларлықтай етіп, əсерлі бейнелеуге мəн береді»[1, 270], – дейді.
27
Ілияс Жансүгіров өз туындыларында кейіпкердің түсін түстеп, кескін-келбетін
көзбен айқын көретіндей түрлі бояумен нақты бейнеленген портреттерді жиі қол да-
нады. Əсіресе, адамзаттың нəзік жандыларын сипаттайтын портреттердің қолданысы
ерекше. Ақын «Игілік» өлеңінде сұлу қыздың бейнесін былайша өрнектейді:
Қыр мұрын, қыпша белді, қиған қасы,
Ақ маңдай, қас бітісі қып-қиғашы.
Ақ жүзі, оймақ аузы, күлім көзі,
Білектей қап-қара боп өрген шашы,
Ақ иек, кірсіз тісі, кірпіктері,
Екі елі мөлдір көздің екі арасы.
Екі ұрты, екі жағы алмадай боп,
Бітімі бейне гүлді алма ағашы...
Қайрақтай төсі жайдақ, шынтағы етті,
Жазылып бейне мамық қабырғасы,
Тар мықын, орта бойлы, түзу аяқ,
Бұралып тал шыбықтай белдің ашы,
Қолданып əдеп, үлгі жанды ерітіп,
Ақыл сөз, ақырын күлкі шын мирасы [2, 23].
Өлеңде ақылына көркі сай, келбеті келіскен, бой-тұлғасы мінсіз қазақ аруының
сұлу бейнесі қараған жанды ерітердей ақырын күлкісімен есте қаларлықтай ше-
бер сипатталған. Ал ақынның «Тұңғыш тоғысу» деп аталатын өлеңінен алынған
мына шумақ үлде мен бүлдеге оранған, оқа-маржанмен өрнектелген кимешегі
желбіреген байдың жас тоқалының бейнесін көз алдыңа елестетеді.
Қара көз, қаймақ ерін, қасы жатық,
Қайрақтай қара жайдақ, қаймақ қаққан,
Қайқы төс, жатағандау, тілі тақ-тұқ.
Кірсіз ақ кимешегі жарасып тұр,
Тіктірген жағын маржан, оқалатып [2, 78].
З. Ахметов əдеби шығармадағы портреттің даралық қасиеті туралы: «Мұнда су-
рет өнеріндегі портретке қарағанда кейіпкердің бет-əлпетін, кескінін ойша еркін
елестетуге мүмкіндік молырақ»,– дейді. Ақынның «Құлагер» поэмасының «Балу-
ан бəйге» бөліміндегі:
Кеңкек төс, кең жауырын, үңгір қара –
Өзге жан бұл тұрғанда балуан да емес [2, 309], –
деген жолдардан «жолбарыстай жонын берген бура сан, бұқа мойын, түкті қара»
балуанның түр-тұлғасын еріксіз елестейді. «Исатай» поэмасындағы Жал ды-
қараның портретін ақын:
Кең кеуде, балуан білек, қақпақ жауырын,
Алды-арты бірдей аттай, алып бала [2, 348], –
деп береді. Осы орайда белгілі əдебиеттанушы ғалым З. Қабдоловтың ойдан шығару
туралы: «Суреткердің өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, суреткердің көз алдына
затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін
емес» [3, 89], – деп жазғанын ескерер болсақ, І. Жансүгіров поэзиясындағы портрет-
терден көркем таланттың айрықша құпиясы мен күшін тануға болатындай. «Иса-
тай» поэмасындағы халық эпостарының үлгісінде күрделі эпитеттер мен теңеулерден
жасалған қыз бейнесі де ақынның портрет жасаудың асқан шебері екенін байқатады:
Екі көзін қарасаң –
Нұр шырақтың шамындай.
Қыз тұлғасын қарасаң –
Айдынды елдің туындай.
Айтқан сөздің шербеті –
Абылхаят суындай.
Əзілінің лəззаты –
Аққұйрық шай буындай.
Ақылының шалымы –
Айдынды елдің туындай [2, 350].
28
І. Жансүгіров кейбір портреттерді түз тағыларының атауларын адам бойындағы
белгілі бір қасиетке теңеп, салыстырып отырып жасаған. «Құлагер» поэмасында
балуандар бəйгесін жариялап жүрген жаршы сөзі осыған дəлел:
Арыстандай айбынды ер,
Жолбарыстай жуан ер.
Ертістің бойын сіліккен ер,
Еділдің бойы үріккен ер...
Аюбайдың асында,
Онда он алты жасында,
Атан жыққан алыпты
Абжыландай жұтқан ер [2, 308–309].
Поэмада күреске түсер балуандардың бітім-болмысы мен ерлігі арыстанның
айбынына, жолбарыстың жуандығына, абжыланның жұтқыштығына теңеледі.
Поэзияда əр дəуірдің суреткері өзінше қолтаңба қалдырады. І. Жансүгіров
шығармаларында кездесетін портреттерден тұтастай ұлттық болмысымызға тəн
барлық таным-түсінікті – оның тарихын, əдет-ғұрып, салт-дəстүрін көзге елестетіп,
ұлт мəдениеті мен рухын жан-жақты, əр қырынан тани аламыз.
Əдебиеттер тізімі
1. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. – А. : Ана тілі, 1998.
2. Жансүгіров І. Құлагер. – А. : Атамұра, 2003.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – А. : Санат, 2002.
ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВТІҢ «ҚҰЛПЫТАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ»
ДРАМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
С. Тайманова
Болашақ университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан
Summary. This article considers artistic features of dramatic confl ict and dialogue of characters of
the psychological play «tears over the tomb» by Zhabal Yergaliyev. At the same time analyzes some actual
problems of modern society.
Key words: drama; confl ict; monologue; dialogue; imagery.
Жабал Ерғалиевтің есімі жетпісінші жылдардың орта шенінде республикалық
басылым беттерінен оқырмандарға таныла бастады. Журналистиканың жауын-
гер жанры – ақпараттық хабарлардан бастап, кең көлемді мақалалары, көркем
очерктері мен танымдық-тəрбиелік мəні зор публицистикалық шығармалары
арқылы көпшілікке танылған журналист əдебиеттің басқа жанрларына да белсе-
не қалам тартты. Ол қандай жанрға, қандай тақырыпқа қалам тартса да тереңнен
тербеп, қоғамдағы өзекті мəселені дер кезінде батыл да орынды көтере білді.
Шығармаларының өн бойына отаншылдық сезімді, ұлттық құндылықтарды негіз
етіп алды. Сондықтан да болса, керек, қаламгер шығармалары оқырманымен тез
қауышты жəне көңілден шықты. Оған оның «Сөне көрме жұлдыздар», «Қазақтың
Қарасай батыры», «Ұлтым менің, ұлысым менің», «Хан көтерген ел едік ер
ұланын», «Бұлтты түнгі толған Ай», «Жол сапар жалғаса береді», «Қалам сыры»,
«Əлемді жүрегіне сыйғызған» тағы басқа да кітаптары дəлел.
Ұлттық мəдениетіміз бен рухани жан дүниеміздің мəйегі саналатын сөз
өнері арқылы қоғамның өзекті мəселесін көтеріп, қарымды қаламымен батыл
қадам жасаған Жабал Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» психологиялық
драмасының негізгі идеясы- ел тəуелсіздігін өз жеке пайдасына ғана пайда-
ланған қазіргі биліктегі білімсіз, біліксіз, мансапқорлардың қоғамның басым
бөлігін жайлап алғандығы көрсету. Сонымен қатар байлығы мен қызметіне сен-
ген Ержан секілді тоғышардың шынайы махаббат сезімі алдында дəрмен-сіздігін
көрсету. Пьеса кейіпкерлері арасындағы тартыс арқылы ұлттық болмысымызға
жат мінездерді сынау
29
Ахмет Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» кітабында «Айтыс-тартыс»
тақырыбымен берілген драматургияға байланысты айтылған бағалау да сахналық
қойылымның көру, қабылдау аясындағы танымдық-эстетикалық табиғатын түсінуге
бағдарлайды. «Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айты-
сып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майда-нында адамдардың ақылы
жеткенше амалдап, қайратына қарай қару алып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны,
жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны,
бітіскені, жарасқаны, өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді. Бұл шын
өмірдің өзі емес, нəрсенің айнаға түскен сəулесі сияқты, өмірдің алаңда көрсетілетін
сəулесі ғана. Бірақ нəрсенің айнаға түскен сəулесі қандай айнымайды, бұ да сон-
дай шын өмірдің өзінен айнымайтын сəулесі», -деген еді. [1, 175]. Жоғарыдағы
Ахаң айтқан драма жанрына тəн белгілер «Құлпытастың көз жасы» драмасы-
нан айқын аңға-рамыз. Драматург бүгінгінің ащы ақиқатын, шындығын драма-
да көрсету барысында билік пен байлыққа ие болған тоғышарлардың тоңмойын
қылықтарына əлсіз, қорғансыз, бейкүнə жандардың жанкешті күрестерін қарсы
қояды. Осы арқылы ұлттық сана жетімсіздігін көрсетеді. Оларға қарсы махаббат
пен ізгілікті, сезім тұрақтылығы мен адалдықты, парасатты биік қояды. Мысалы,
драма кейіпкері Жамал: «Осы күннің еркектерінің бəрі аң-шы болып кеткен жоқ
па? Еркек болып атқа мінбек түгілі... Сол атыңды ерттей де алмайтын... Қолдарына
шоқпар, сойыл ұстамақ түгілі... Боққа толған қарындарын ырсылдатып, көтере
алмайтын сен сияқты еркектер ғой, обал сауабына қарамай осы даланың үркек
елігінің бəрін де атып алып, қырып жатқан. Біз де... Мына əйел біз де ... Сол елік
емес пе едік?! Қорғансыз, панасыз... Мына дүниенің бəрінен қорқып... Бəрінен
үркіп... Бəрінен үрейленіп жүрген біз сияқтыларды сендер емессіңдер ме қан жы-
латып, аяусыз атқан... Əлі де аяусыз атып алып жатқан. Сен де мені... Оқуымды
бітіре алмай, дипломымды ала алмай қаламын ба деп үркіп жүрген мені ... Сен..
Сен де атып алғансың. Мен де бір күнəсіз, үркек елік едім ғой...
Ержан: «Жарайды... жарайды! Ал, ақылманым, сен енді мынаны айтшы!
Əйел азбаса... Əлгі қыздардың өздері тапқан өз балаларын емізбестен де ... Шы-
рылдатып босанған жерлеріне тастап кетіп жататындықтарына... Мына еркектер
тағы біз кінəліміз бе?! Ал, кəне, айтарыңыз бар ма осыған?!» – [2, 348–349], де-
ген кейіпкерлердің диалогы арқылы əйелдер мен еркектер арасындағы шынайы
махаббат пен мансапқорлықты, тағдыр ықпалындағы қарапайым жұбайлық
ғұмырға көнетін тұрмыстық психология қайшылығы көрсетілген. Студенттік
жылдарында сүйгені Жамалды шығарып салып келе жатқан Ерболдың қалтасына
норкотик салып жіберіп, оны наша саудалаушы, онан кейін өзінің зорлаған
қызының ажалына себепкер ретінде жала жауып түрмеге отырғызған профес-
сор Ержанның арам пиғылы, сөйтіп өзі сабақ беретін пəннен сынақ қоймай,
өзіне тəуелді етіп, Жамалға үйленгені бəрі де де оқырманның көз алдына келіп
көңіл- күйін аласапыран қылатын жайттар. Осының барлығы Жамал мен Ержан
диалогы арқылы беріледі.
Диалог – көркем шығарманың, драмалық шығарманың адам мінезін, көркем
идеяны ашуда сырлы бейне жасауда шешуші қызмет атқаратын ең негізгі
құралы. Яғни, диалогта əр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан,
сөйлеу өзгешелігінен жан-дүниесі айқын елес береді. Қаламгердің шеберлігі де
оның əр кейіпкерді мінез-бітіміне, ой-өрісіне орай сөйлетуінен көрінеді. Жабал
Ерғалиевтің драмасында диалогтың бай үлгілері бар. Атап айтсақ, диалог-тартыс,
драмалық үлгідегі диалог-тартыс, шешімге келетін диалог, хабарлама диалог, ха-
рактер танытқыш диалог, психоло-гиялық, тұрмыстық диалог, мүдделері қайшы
келетін екі қарсылас кейіпкер арасындағы тартыстан туындайтын диалог-дау, диа-
лог – жекпе-жек, қос кейіпкер көзқарасының үндесуінен туатын диалог-үндестік,
мүдделері ортақ екі адамның ұғынысып, түсінісуіне негізделген диалог-түсінісу,
диалог-сыр түрлері кездеседі. Жоғарыдағы мысал диалог-дау түріне жатады.
Пьесаның негізгі кейіпкерлерінің бірі Жамал Ерболға деген алғашқы махаб-
бат сезімін ұмытпаған. Пьесада оның аласапыран көңіл-күйін, хал-ахуалын
көреміз. Өзі сүйген адамына қосыла алмаған ол Ержанға тұрмысқа шыққа-
нымен отбасылық бақытқа кенеле алмайды. Осы бір деталь арқылы автор заман
шындығын ашып көрсетеді. Ол Ержан мен Жамалдың өз сөздері арқылы беріледі.
30
Жамал:
‒
Айтамын... Айтар болсам... Ең əуелі бəріне де өкінетінімді айтамын. Сенің
үлде мен бүлдеге бөлеп, тойдырған бар арам дүниеңнің бəрін де құсып таста-
ғым... құса алмағынымды тап қазір отқа жағып жібергім келеді. Сенің жыла-тып
тастап кеткен өз əйелің мен екі балаңның көз жасы... Сонан соң əлгі... Өзің зорлап,
сол қорлыққа шыдай алмай жатақханасының жоғары қабатынан секіріп кетіп,
жұлыны үзіліп өлген сенің мойныңдағы жас қыздың көз жасы... [2, 345].
Ержан:
– Енді қайт дейсіз?! Бəрі де бір сіз үшін. Қатыным мен баламды тастап кет-
сем, ол да мына сіз үшін... Бірақ өзіңіз білесіз... Мен оларды ренжітіп те жүрген
жоқпын ғой... Енді қазір Алматыда бас қатын, Астанада жас қатын ұстайтын заман
ғой. Так что, сіз ол үшін уайымдамаңыз? Ақшаларын беріп тұрмын, жағдайларын
жасап тұрмын... Олардың маған деген еш өкпелері, тіпті еш реніштері де жоқ.
Соны біліп қойыңыз!..[2, 346]
Драматург ұлттық құндылықтардың бұзылуына қарсы. Оның ойынша,
барлығына кінəлі – адамдар. Ол адамдардың санасын бұзған – ақша. Ақша-мен
бəрін сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы қауіпті. Ол – қоғам қасіреті.
Қазіргі қоғамдағы трагизм осы. Ержан шіміркенбестен əйел-баласы-на ақша бер-
сем болды деген түсініктен арылмаған топас, сезімсіз. Дүниені мылтықсыз жаулап
тұрған, санаңды да, анаңды да, перзентіңді де сатқан сұмдық əрекетке баруға кінəлі
кім?!. Бір қарағанда оқырман ойланбастан жауап берері анық. Өйткені Ержан
секілділер, қоғамның матаулы адамы. Ол ел алдында, ата-ана алдындағы қарызы
мен парызын өтемеген адам. Бұл – арамызда жүрген кейбіреуімізге таныс тіпті,
жаныңа жақын өмір, жақын адамдар. Бірақ қаламгер ойы, танымы терең. Ол адам-
дар санасындағы ұлттық рухтың жойылып бара жатқанын көрсетеді. Оның ойын-
ша, ұлттық құнды-лықты сақтап қалған ауыл. Пьесада Əлиманың шаңырағын
баласы Ербол келгенше отын жағып, түтінін түтетіп отырған көненің көзі ауыл
ақсақал-дары мен аналар екендігі суреттеледі.
Бүгінде адамның байлық-мансап жолында араны қатты ашылып барады.
Ашқарақтана... Қорқынышты... «Құлпытастың көз жасындағы» кейіпкерлері
сырт көзге бақытқа кенеліп жүрген сияқты болғанымен нағыз бейшаралық өмір
кешіп жүрген имансыздар. «Ержан» – сияқты имансыз адамдардан барлық кез-
де де қорқуға болады. Бұл – шығарманы оқығаннан кейінгі біздің пайым. Ал олар
шындығында өздерінің шалқып, жақсы өмір сүріп жатқандарын ақылдылығымның
арқасы деп түсінеді. Мұнда атақ пен даңққа құмар, мансап пен дүниеге тойым-
сыз, қатын құмар ер азаматтардың кейпін көріп жаның түршігеді. Жастық өмірі,
жастық жалыны өкінумен өткен Жамал ғана ма? Жамалдың қор болған жастығы,
махаббаты, өкінумен өткен есіл өмір-ай деген ащы запыран жаныңды жегідей
жейді. Бір-біріне мейірімі жоқ, отбасындағы кикілжің нəтижесі ұрпақ тəрбиесіне
зиянын тигізері анық. Драматург пьеса арқылы адам психологиясындағы күйзеліс
пен қоғамға тəн кемшіліктерді жəне əлеуметтік маңызды мəселелерді шебер бере
білген. Ол осы шындықты – ішкі монолог арқылы да береді. Шығарма кейіпкері
тартысты ғұмыр кешеді. Махаббатсыз өткен турлаусыз, үлде мен бүлдеге бөленген
өмір бас кейіпкерімізді қызықтырмайды. Мысалы, Жамал:( ішкі ойы) – Апырау-ау,
кім болды екен əлгі бейбақ! Апыра-ау, кім болды екен? Жатсам түсімнен, тұрсам
есімнен бір кетпей қойған Ерболымның қос жанарының ұшқынын сезгендей бол-
дым ба əлгінде?! Менің бетіме тура қарамағаны несі! Ербол!.. Ербол!... Бірақ сен
осыншалықты азып, осыншалықты жүдеп кете қойдың ба екен? Мені сүйген, алаулап
жанған жүрегің қайда? Сөнген бе?.. Сөнген бе бəрі де! Маған деген жүрегіңдегі тəтті
бір сезімнің сол отын сөндіріп, жан жүрегіңдегі маған деген аяулы сүйіспеншілігіңді
жоғалтып алсаң... Оған мен... Мен... Бір мен ғана жазықтымын! [2, 354]
Əдебиеттану ғылымында ішкі монолог, жан диалектикасы деген ұғымдар
Н. Чернышевскийдің «Детство. Отечество. Военные рассказы» деген мақаласында
Л. Н. Толстойдың шығармашылығына байланысты айтылды. Ішкі монологтың
көркемдік жұрнақтары болып табылатын көп үнділік, екі ұдайылық, екі дау-
ысты сөз, ішкі диалог, адам ішіндегі адам т. б. деген көр-кемдік категориялар
М. Бахтиннің «Проблемы поэтики Достоевского» зерттеуінен кейін қолданыла
бастады. Қазақ əдебиетінде М. Əуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов тағы басқа
31
драматургтарымыз өз шығармаларында оның əдемі үлгілерін берді. Ж. Ерғалиев
та осы үрдісті жалғастырып, драмада шым-шытырық оқиғалардан гөрі жеке адам
санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстарды
тиімді қолданады.
Жалпы Жабал динамикалық психологизмге драмада көбірек бой ұрады.
Кейіпкерінің ішкі монологы арқылы оның шынайы бет-пердесі ашылады.
«Ішкі монолог – (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі сыналуы, ой ағысы) адам
психологиясының ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана мен сезім
арпалыстарын ашу. Ішкі монологтың көркемдік қызметі – адам жанының сырт
көзге байқала бермейтін ішкі «қоймаларын», құпия-қалтарыстарын, жұмбақ
сырларын шынайы да сенімді түрде бейнелей білу [4, 124]. Пьесада өмірдің ащы
шындығы осы бейнелеу тəсілдері арқылы беріледі. Мысалы: қаңғыбас болып
Сейфуллин көшесінің 45-ші үйіне от жағушы керек деген хабарламамен үйді
іздеп шаршаған, өңі де түрі де жүдеп-жадап келген Ерболды көрген Ержан оның
түрін көріп, қолынан от жағу келетініне күмəнмен қарайды. Қарап қана қоймай,
одан мұншама азып жүрген не қылған жан екендігін сұрайды. Сонда Ерболдың
«Мен бе? Мен де... Мына азған заманның бір азғынымын да!», – дегенінен тағдыр
тəлкегіне ұшыраған жан екені аңғарылады [2, 353].
Күнделікті тұрмыстың əр түрлі құбылыстары, тіршілігі драмада жан-жақты
суреттеледі. Бірінде Ерболдың туған ауылы мен отбасы бірінде «Найза-жетпес»
мейрамханасында, бірінде Ержанның хан сарайындай зəулім үйінде, бірінде тау
шатқалында болып жатады. Кейіпкер арасындағы тартыстар арқылы автор Ер-
болды бірнеше сыннан өткізеді. Оның адамгершілік қасиетін махаббат сезімінің
тұрақтылығын таразыға салады.
Драмадағы оқиғадан өмір шындығын көреміз. Өйткені көркем шындық пен
өмір шындығын шебер сабақтастырып тұрған кейіпкер арасындағы тар-тыстың
поэтикалық қуаты, көркемдік кеңістігі мен мүмкіншілігі мол. Кейіп-кердің ішкі
иірімдерін бейнелеуде ауқымы кең, мағыналық, философиялық атқарар ролі
зор. Ерболдың жұмыс іздеп жүріп өзіне опасыздық жасаған отбасына кездейсоқ
кез келуі- дүниеде жасалған жақсылықтың да жамандықтың да қайтарымы
бар деген философиялық қағиданы аңғартады. Автор оны шығарманың
негізгі арқауы етіп алған.
Қоғамымызда соңғы жылдары саны артқан қайыршылар жайында қазақ əде би е-
тінде қадау-қадау дүниелер жазылып жатыр. Олардың кейбі-реуінің мазмұны бірін-
бірі қайталап кеткен. Қазіргі қоғам тілдік қорымызды біршама сөздермен байытты.
Мысалы, бомж т. б. Үйсіз – күйсіз жүрген қаңғы-бастарды осылай атайды. Қоғамның
жегі құртына айналған бұл мəселе Жабал шығармаларынан қалыс қалмады.
Адам тағдырының өзгеруіне адам себепкер болып жатады бұл жалғанда. Дра-
матургтің кейіпкері бомж болып, от жағушы болып келсе де өзінің сеніміне, сезіміне
берік еді. Ол өзінің адами бет-пердесін жоғалтпаған болатын. Қорлық пен мазаққа
төзбеген, ызаланған, кектенген жігіт ақыры ит емес өзімен иттей ырылдасатын
Ержанның жанталасқан соңғы жазасына да төтеп берді. Еріксіз күш оны осылай
істеуге мəжбүр еткен-ді. Бомж, қаңғы-бас, от жағушы жігіттің өз дініне деген, ма-
хаббатына деген сүйіспеншілігі арқылы қаламгер қоғам індетін көтерген. Жазушы
нəзік деталь арқылы Ерболдың жүрегінде өмір оты, сезім оты өшпегенін көрсетеді.
Ж. Ерғалиевтің пьесасындағы негізгі тартыс Ержан мен Жамалдың жəне
Ерболдың арасындағы қайшылыққа құрылған. Қаһармандардың да мінез-
құлықтары əрі табиғи бояуымен, əрі əлеуметтік логикасымен анық танылады. Со-
нымен қатар пьесадағы негізгі тартысқа драматург отбасындағы тартыс, махаббат
ситуацияларын ұтымды өре біледі.
Пьесадағы кейіпкерлердің тартыс, қақтығыс үстінде белгілі бір трагедиялық
жағдайға ұшырауынының себебін ашқанда драматург жалпы драматургия-
ның классикалық үлгілерінің тəжірибелерін жақсы пайдаланды. Мысалы,
Ж. Ерғалиев пьесасының композициялық құрылысы, оқиғаны дамытып, шешуі
заңды келіп жатуымен қатар кейіпкерлердің сөздері олардың жасына, жыны-
сына, ой өрісіне, мінездеріне қарай лайықталып беріледі. Мысал ретінде, Əбіл
ақсақал, Аружан, Қалима сияқты ауыл əйелдерінің сөздерін жатқызуға бола-
ды. Олардың бірінің сөзін біріне берсе, пьесаның жалпы құрылысы өзгеріп
32
кететіндей. Бұл Ж. Ерғалиевтің драматург ретінде көп ізденіп, өскендігінің
бір дəлелі. Бұрынғы ата-бабалардың алдыңғы буын өкілдерінің отбасылық
ұйытқыны, ерлі-зайыптылар татулығын, еркек пен əйел махаббатының
беріктігін кіршіксіз сақтаған қасиетті дəстүрін бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер,
болашаққа ұластырушылар ауыл адамдары. Олар бір шаңырақтың оты өшіп,
түтіні түтемегенін қаламайды. Бір анадан туғандай ауыл ақсақалына бағынған,
ұйып отырған отбасылар. Əзілі жарасқан, тату абысын-келіндер. Бірі қуанса шын
көңілмен қуана білетін, бірі қайғырса қайғыны бірге көтеретін жүрегі де пейілі
де кең адамдар. Олар ар алдында таза, оларда ақшамен есептесу деген жоқ.
Шығарма арқауындағы негізгі қайшылық – шынайы махаббат сезімі бар
адамдар мен тұрлаусыздық, жеңіл ойлылық, көрсеқызарлық құрсауын-дағылар
арасындағы үйлесімсіздік. Драманың басты қаһарманы Ербол өмір-дің үлкен
сынына түсіп, тіршіліктің қиын бір кезеңін басынан өткізеді. Сол қиын кезеңде
шырылдаса да сөзін ешкімге өткізе алмай азып-тозады, рухани жүдейді. Бірақ
сонда да мойымайды. Басқа түскен ауыртпалықты жеңуге тырысады. Жеңеді
де, өйткені автор драма соңында жарасымды киінген Ербол мен бүлдіршін қыз
баланың қолдарындағы гүлін Жамалдың құлпытасына қойып жатқан сəтін
суреттейді. Осы бір эпизодтта, біздіңше, үлкен мағына бар. Жарасымды киінген
Ерболдың тұрмысы түзелген, бұл күнде ол – əке. Жамал олар барда ұмытылмақ
емес. Ал Ержан ұрпақсыз.
Драманың негізгі желісі – адамгершілік-имандылық қасиеттердің мəңгілік
үзілмейтін махаббат ұстанымының беріктігін, қуаттылығын таныту жəне оның
адамзат ұрпақтарына тəн басты ұстаным екендігін дəлелдеу.
Пайдаланылаған əдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы : Атамұра, 2003 . – 205 б.
2. Ерғалиев Ж. Құлпытастың көз жасы. – Алматы : Жаухар, 2012. – 424 б.
3. Нұрғалиев Р. Телағыс. – Алматы : Жазушы, 1991. – 576 бет.
4. Нұрғали Р. Əдебиет теориясы. – Астана : Фолиант, 2003. – 344 бет.
ВНЕДРЕНИЕ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ
В ПРОЦЕСС ОБУЧЕНИЯ ПО ДИСЦИПЛИНЕ «МИКРОБИОЛОГИЯ,
ВИРУСОЛОГИЯ С ТЕХНИКОЙ МИКРОБИОЛОГИЧЕСКИХ
ИССЛЕДОВАНИЙ» И В КРУЖКОВУЮ РАБОТУ
В. В. Тарасенко
КГКП «Усть-Каменогорский медицинский колледж»,
г. Усть-Каменогорск, Республика Казахстан
Summary. This paper is devoted to introducing technology research in the learning process. Research
skills is carried out on a practical training on «Microbiology, Virology». In group work students deepen and
broaden knowledge. This increases the interest in the profession, the quality of training of future specialists.
Key words: microorganisms; sampling and analysis of the air; growing medium.
В современном обществе востребованность будущего специалиста (медицин-
ского лаборанта) во многом зависит не только от его профессиональных качеств,
но и от его творческого потенциала, от способности оценивать полученную инфор-
мацию, принимать нестандартные решения.
В связи с этим развитие исследовательских навыков у обучающихся предпо-
лагает существенное увеличение доли их самостоятельной познавательной дея-
тельности, которая так важна в работе по их будущей специальности. Развитие ис-
следовательских навыков у будущих лаборантов осуществляется на практических
занятиях по дисциплине «Микробиология, вирусология с техникой микробиоло-
гических исследований», а также в кружке «Микробиолог», целью работы которо-
го является углубление и расширение знаний будущих лаборантов. Так, например,
при изучении темы «Санитарно-бактериологическое исследование воздуха» обу-
чающиеся на практике осваивают методы забора проб воздуха.
33
Бактериологические исследования воздуха предусматривают определение
общего содержания микроорганизмов и St.aureus в 1 м
3
воздуха. Пробы возду-
ха отбирают аспирационным методом с помощью аппарата Кротова. Скорость
протягивания воздуха через аппарат 25 л/мин. Пропускают 100 литров воздуха
для определения St.aureus. При отсутствии пробоотборников допускается произ-
водить исследование микрофлоры воздуха закрытых помещений методом седи-
ментации (оседания) микрофлоры на чашку с мясопептонным агаром (МПА) для
определения общей обсемененности воздуха в течение 10 минут, для определе-
ния содержания St.aureus – 20 минут.
На занятии кружка «Микробиолог»
Чтобы определить общее содержание микроорганизмов, отбор проб воздуха
производится на 2 % МПА. Посевы инкубируют при 37 °С в течение 24 часов, после
чего подсчитывают количество выросших колоний и производят пересчет на 1 м
3
воздуха. При отборе проб воздуха седиментационным методом засеянные чашки
термостатируют при 37 °С в течение 24 часов, после чего подсчитывают количе-
ство выросших колоний и производят пересчет на 1 м
3
воздуха.
Для определения St.aureus отбор проб производят на желточно-солевой агар
(ЖСА). Засеянные чашки инкубируют при 37 °С в течение 24 часов. Подозритель-
ные колонии подсчитывают и подвергают дальнейшему изучению.
Обучающиеся производят забор проб воздуха в учебных кабинетах, лабора-
ториях, спортивном и актовом залах, административных помещениях колледжа,
выполняют анализ, сами готовят питательные среды, получают и интерпретируют
результаты. Затем на занятиях кружка в течение учебного года они продолжают
эти анализы, проводя мониторинг. Так происходит закрепление и повторение изу-
ченного материала, практических навыков. В конце года выпускается санитарный
листок с результатами исследования по санитарно-гигиеническому состоянию
колледжа и рекомендациями. Так, в одном из кабинетов администрации постоян-
но обнаруживалось повышенное содержание общего числа микробов. Причиной
являлось старое ковровое покрытие. По рекомендации кружковцев покрытие было
заменено на линолеум. Анализ воздуха показал уменьшение общего микробного
числа до нормы. В учебных кабинетах и лабораториях результаты анализа возду-
ха соответствуют нормативам, так как в колледже влажная уборка проводится два
раза в день с проветриванием на переменах.
Другими направлениями исследований являются: «Санитарно-бактериоло-
гические исследования воды», «Санитарно-бактериологические исследования
смывов с посуды в столовой».
34
В планах – проверка чистоты рук обучающихся перед принятием пищи.
В рамках исследовательской работы проводится сотрудничество с бактерио-
логическими лабораториями города, Управлением охраны окружающей среды.
Кружковцы сравнивают результаты, полученные в колледже, с результатами ана-
логичных исследований в городе и области.
Таким образом, внедрение исследовательских технологий в процесс обучения
по дисциплине «Микробиология, вирусология с техникой микробиологических
исследований» повышает интерес к профессии, качество подготовки и конкурен-
тоспособность будущих специалистов.
Библиографический список
1. Покровский В. И., Поздеев О. К. Медицинская микробиология. – М. : ГЭОТАР Медицина, 1999. –
С. 999–1000.
2. Черкесс Ф. К. Микробиология. – М. : Медицина, 1997. – С. 484–487.
ИСЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ РАБОТА: О НАЛИЧИИ СВОБОДНОГО
МОНОМЕРА В БАЗИСАХ СЪЁМНЫХ ПРОТЕЗОВ, ИЗГОТОВЛЕННЫХ
РАЗЛИЧНЫМИ МЕТОДАМИ ПОЛИМЕРИЗАЦИИ
В. А. Лапшин
КГКП «Усть-Каменогорский медицинский колледж»,
г. Усть-Каменогорск, Казахстан
Summary. The interrelation of the availability of a free monomer from the methods of polymerization
of basic plastics during an artifi cial limb production is shown in a research work. Clinical supervision is con-
fi rmed: bases of removable artifi cial limbs made by polymerization in a dehydrated medium practically do
not contain the residual monomer causing allergic reactions (acrylic stomatitises).
Key words: acrylic plastic; stomatitises; polymerization; free monomer; softeners; opacifi er; dyes;
catalysts.
Базисы съёмных протезов прошли длительный путь развития от примитивных
приспособлений, изготовленных из костей животных, до современных высоко
функциональных конструкций из современных полимеров.
Акриловые пластмассы были синтезированы в начале 20 века, а с конца 30 го-
дов разработаны рецептуры акриловых пластмасс для стоматологии. Приход по-
лимеров в стоматологию, безусловно, можно отнести к важнейшим прорывам
отрасли. Синтез акриловых пластмасс и их активное использование в различных
областях протезирования позволили миллионам пациентов полноценно осущест-
влять функцию жевания и улыбаться. Сменив каучук на акрилаты, пациенты полу-
чили прочный и эстетичный базис для съёмных протезов.
В настоящее время в нашей стране и за рубежом акриловые пластмассы являются
одним из основных материалов в ортопедической стоматологии. Из них изготавлива-
ются материалы для базисов, аппараты, лицевые протезы, искусственные зубы. Акри-
ловые пластмассы представляют собой сложные химические вещества, производные
акриловой и метакриловой кислот, их сложных эфиров и других производных. Пласт-
массы, применяемые в стоматологии, обладают рядом положительных свойств, кото-
рые бесспорны перед ранее применявшимися материалами. Однако они, как хими-
ческие вещества, обладают рядом отрицательных свойств. Одним из отрицательных
свойств акриловых пластмасс является наличие остаточного мономера в пластмассе.
Для зуботехнических целей промышленность выпускает пластмассы в виде
комплекта, состоящего из порошка (полимера) и жидкости (мономера). При сме-
шивании полимера с мономером получается пластическая масса, из которой ме-
тодом прессования с последующей полимеризацией получают базисы протезов.
Для полимеризации смеси мономер-полимер её медленно нагревают, при этом
температура, учитывая экзотермический характер реакции, не должна превышать
100 градусов. Нагретую массу выдерживают и медленно охлаждают на воздухе.
Нагревание смеси мономер-полимер можно проводить в условиях влажной среды
(водяная баня) и суховоздушным способом (суховоздушные электрические печи).
35
Выдерживание при температуре 100 градусов целесообразно потому, что оно сни-
жает количество остаточного не полимеризованного мономера до минимального
уровня 0,5 %, однако полной полимеризации мономера добиться нельзя, так как
Достарыңызбен бөлісу: |