Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет3/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Математиканы оқыту әдістемесін шартты түрде үш салаға бөлуге болады:1)математиканы оқытудың жалпы әдістемесі (оқыту қағидаларын, әдістемесін, т.б. оқып үйрену); 2) математиканы оқытудың арнайы әдістемесі (мысалы математика курсында векторларды оқыту әдісі немесе бағдарламаның бір тарауын оқытудың реті жайында жүйелі нұсқау беру);
3) Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Бұл сала екі бөлімнен тұрады: а) жалпы әдістеменің жеке мәселелері (мысалы,7-сыныптағы математика сабағын жоспарлау және т.б.); ә) арнайы әдістеменің жеке мәселелері (мысалы, «Пропорция» тақырыбын оқыту әдістемесі т.б.) қарастырылады. Әдістеме мектеп математикасының мақсатын, міндеті мен мазмұнын ашып береді, оқытудың əдістерімен, түрлерімен, оқыту құралдарымен, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны жəне жүргізу əдістерімен, тəрбие жүйесін ұйымдастыру тəсілдерімен қаруландырады. Әдістеменің дамуына практикада зор ықпал етеді. Әдістемелік тəсілдер мен жетістіктер практикалық қажеттіліктен, мұғалімнің кəсіби тəжірибелерінің негізінде жасалып, əдістемелік ұсыныс ретінде мектеп практикасына енгізіледі. Математиканы оқыту əдістемесінің міндеті - математиканы оқыту процесін зерттеу, заңдылықтарын ашу жəне оны пəн ретінде оқыту теориясын жасау болып табылады.
Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы міндеттері: 1) мектептегі оқу пəні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау жəне оның ғылыми негізін жасау; 2) математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың жəне заманымыздың бүгінгі талаптарына сəйкестендіру; 3) педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процесін зерттеу; 4) математиканы оқытудағы озат тəжірибені зерттеу жəне қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет