2.1 Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндеттістандарты Жалпыережелер Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын негізгі орта білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.
білім беру мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, іскерлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
білім беру мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
жұмыс оқу жоспары - білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат
инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
негізгі орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті
оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және негізгі орта білім беру деңгейлері мен оқу жылдары бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі;
оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер
жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
элективті курс – білім алушының таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім алу дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарындағы вариативті компоненттің құраушы бөлігі.
Стандартты қолдану:
оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау;
білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруін және алған білімдерін қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдана білу іскерлігін дамытуды көздейтін негізгі орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға;
балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы негізінде 1996 жылы оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарты туралы Ереже бекітілді. Ереже білім стандарттарының негізгі қызметі мен құрамын анықтауға, пәндер бойынша білім стандарттарын жасауға, базистік оқу жоспарын жаңа нормативтік құжат ретінде ұсынуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары қабылданды.Білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша білім мазмұнының құрылымы мен құрамының нормаларын және оларға қойылатын талаптарды рәсімдейді, сондай-ақ білім мазмұнының мемлекеттiк минимумы мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. Мемлекеттік білім стандарты бір-біріне сабақтас үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) тұжырымдамалық, 2) нормативтік, 3)әдістемелік бөліктер. Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екіншібөлікке, нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат базистік оқу пәндері, үшінші бөлікті оқу-әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы жалпы орта білім берудің стандарттары 34 пән бойынша қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде жарияланды. Мемлекеттік білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша: базалық білім мазмұнына, білім беру бағдарламаларының түрлеріне, оқу жүктемесінің көлеміне, мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне, оқу үдерісіне ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Стандарт балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оқу үдерісінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар туғызуға қызмет етеді.