Осыған орай жеке міндеттер: 1) оқушылардың жеке ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тəрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау; 2) оқушылардың оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге жəне оларды игеруге ықпал тигізетін тəсілдерді анықтап, оларды зерттеу; 3) теориялық материалдарды игеруді жəне есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тəсілдерін табу; 4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау жəне зерттеу; 5) сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілетін тəрбиелеу жолдары мен оларды математика пəніне ынтасын арттырудың тиімді тəсілдерін анықтау
Математиканы оқыту əдістемесі математика ғылымымен тығыз байланысты, себебі, ол мектеп математикасының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Ол туралы С.Л.Соболев: «Басқа ғылымдардың ешқайсысы онсыз өмір сүре алмайтын бір ғылым бар. Ол-математика. Оның ұғымдары, түсініктері жəне символдары басқа ғылымдардың сөйлейтін, жазатын жəне ойлайтын тілі қызметін атқарады. Ол күрделі құбылыстардың заңдылықтарын, табиғаттың қарапайым, элементар құбылыстарына келтіріп, түсіндіріп береді. Ол нəрселердің болуға мүмкін өзгерістерін зор дəлдікпен алдын ала анықтап жəне алдын ала есептеп шығарып береді». Математика ғылымы зерттеу арқылы ақиқат дүниенің кеңістіктік формалары мен сандық қатынастары, математикалық құрылымдар мен олардың модельдері жайында жаңа мəліметтер алады. Ал мектеп математикасы математика ғылымы ашқан фактілер мен заңдар негіздерін оқушыға жеткізеді. Әдістеме ғылым негіздерінің неғұрлым маңызды элементтерін, оқып үйрену объектілерін дұрыс таңдауға, оқу материалдарын неғұрлым түсінікті жəне еске сақтауға оңай түрде жəне ұтымды сабақтастықта баяндауға көмектеседі. Бұл оқушылардың жасы мен психологиясын ескере отырып, педагогикалық ерекшеліктеріне сай қалыптастырылады. Білімнің құрылымы мен оның мектеп математикасында баяндалу түрі педагогикалық құрылым мен түр болып табылады. Математика мектеп курсында оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дəрежесін дамытуда жəне тəрбиелеуде əрі жетекші, əрі жауапты орын алады. Математиканы мектепте оқыту: а) оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикаға тəн құралдарын меңгеруді үйретеді; ə) оқушылардың техникалық білімін дамытуға, оларды тəжірибелік қызметке дайындауға көмектеседі; б) математиканың тəжірибелік қолданымымен таныстыра отырып, олардың ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектеседі; в) оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық қызметтерін жəне кеңістік туралы
түсініктерін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға əсер етеді; г) математика ғылымы ұқыптылық пен дəйектілікті, дербестік тəрізді еңбек мəдениетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. «Математиканың маңызы қазір үздіксіз өсіп келеді. Математикада жаңа идеялар мен əдістер туындап келеді. Бұлардың бəрі математиканың қолданылу өрісін кеңейтеді. Қазір адам атқаратын қызмет салаларына математика айтарлықтай қолданылмайтыны жоқ. Ол табиғат жайындағы ғылымдардың бəрінде, техникада, қоғам тануда аса маңызды құрал болады. Тіпті юристер мен тарихшылар да математикалық əдістермен қаруланатын болады»-деп А.Д.Александров айырықша атап көрсеткен. Математиканы оқыту əдістемесіне тығыз байланысты ғылымдардың бірі – математика тарихы. Бұл мектеп математикасының жекелеген тарауларын оқытқанда оның даму жолы мен заңдылықтарын, математиканың бізді қоршаған ортамен байланысын нақты фактілермен көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан математика сабағында жəне сыныптан тыс жұмыстарда математика тарихына қысқаша шолу жасау оқушылардың пəнге ынтасын, қызығушылығын арттырумен қатар, бұл ғылымның тарихи төркінін, практикалық құндылығын жете түсінуге де баулиды. Математиканы оқыту əдістемесінде математика курсын дамытуға, оның мазмұнын жаңартуға дидактика тікелей қолғабыс жасайды. Математиканы оқыту əдістемесі дидактиканың заңдары мен қағидаларына сəйкес дамиды. Математиканы оқыту əдістерінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту əдістерінің дидактикалық сарапталуымен басты-басты қағидалары жүзеге асырылады. Математиканы оқыту əдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы жəне жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болады. Оқыту жəне тəрбиелеу процесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілгенде ғана нəтиже бермек. Сондықтан балалардың психологиясының заңдылықтарын жете білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді түрлері мен жолдарын табуға көмектеседі. Математиканы оқыту əдістемесінің дамуына Л.С.Выгодский,П.П.Гальперин,Н.А.Менчинская,Е.Н.Кабанова-Меллер,В.А.Крутецкий,Н.Ф.Талызина сияқты ірі психологтардың ілімдері мен теориялары елеулі ықпал көрсетуде. Олардың зерттеулерінде əдістемелер жас ұрпақтың ерекшеліктеріне байланысты білімді қабылдау заңдылықтарына сүйенгенде нəтиже беретіндігі пайымдалған. Басқа ғылымдар сияқты математиканы оқыту əдістемесі диалектика заңдары бойынша дамиды. Диалектикалық материализм оқу- тəрбие процесінің негізгі заңдылықтарын ашуға жəне оны ұйымдастыру формаларын тағайындауға жағдай жасайды. Диалектика заңдарын меңгеру оқу-тəрбие үрдісінің тұтастығы мен қайшылықтарын түсінуге, кездейсоқ
əдістемелік қателіктерге жол бермеуге көмектеседі. Математика əдістемесінің пəн жəне ғылым ретінде дамуына логиканың əсері мол. Логиканың заңдары математика ұғымдарының жүйесін құру кезінде, оқыту құралдары жүйесін жасағанда кеңінен қолданылады. Білім тарихын зерттеушілер «логика» сөзін алғаш енгізген адам – ол ежелгі грек ғалымы Демокрит(б.з.б.460-370) болған деп көрсетеді. Демокрит «Ойлау ережелері» деген ғылыми еңбегін жазған. Осы тарихи шығарманың айдарлық тақырыбына «логика» пəнінің аты келіп шықты. Өзіндік зерттегіш əдісі жəне зерттеу нəрсесі бар «логика» пəнінің негізін алғаш рет қалаған əлемнің бірінші ұстазы атанған əйгілі грек данагері Аристотель(б.з.б.384-322).ӘбуНасырӘл-Фараби: «Логика - интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, интеллекция объектілерін танудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын үйрететін пəн» деген болатын. Математика əдістемесі педагогикалық əдіс ретінде өнерге де өте жақын келеді. Әдістеме тəжірибесінде сөйлеуді, сөзді, дауыс ырғағын, жүріс-қимыл т.б. сыртқы факторларды ұтымды пайдаланудың мəні зор. Сондықтан да кейде «əдістеме
– жартылай ғылым, жартылай өнер» дейді.