Нақтығылымдар, əдетте, гуманитарлық ғылымдар мен əлеуметтік ғылымдарға қарама-қайшы келеді, ал олардың аясында нақты ғылымдардың тəсілдеріне əдіснамалық сəйкес келетін бөлімдер мен бағыттар бар (атап айтқанда экономика, лингвистика, психология, əлеуметтану) (мысалы, эконометрика, корпус лингвистикасы, танымдық модельдеу, статистикалық əлеуметтану).
Математиканың оқыту əдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми əдіс-тəсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, əдіс-тəсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды жəне оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық жəне көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану əдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру
тəсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тəжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тəсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.
Математиканы оқыту əдістемесі математика пəнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тəрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пəні арқылы оқушыларды тəрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту əдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тəрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес құрылады. Математиканы оқыту əдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру жəне алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау əдістері мен құралдарын тағайындайды.
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
Математиканы оқытудың жалпы əдістемесі.
Математиканы оқытудың арнайы əдістемесі. 3.Математиканы оқытудың нақты əдістемесі.
Математиканыоқытудыңжалпыәдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады жəне оқытудың идеология бағытын, оқыту мазмұны мен əдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, əртүрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары) арасындағы сабақтастықтарды оқу процесіндегі тəрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды. Оқушылар бөлімінің саналығы мен баяндылығы қамтамасыз етеді.