Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі



бет8/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76

Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі


Оқушылардың жасына оқу материалы мазмұнының ерекшеліктерінесəйкес курсты оқытудың дербес мəселелерін қарастырады. Арнайы əдістеме белгілі- бір тақырыпты немесе бағдарламаның бір тарауын оқытудың реті жайында нұсқау береді. Оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді.

Математиканы оқытудың нақты әдістемесі


  1. жалпы əдістеменің жеке мəселелері мысалы, математика сабақтарында жəне сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тəрбие беру белгілі-бір сыныптың математика сабақтарын жоспарлау;

  2. Арнайы əдістеменің жеке мəселелері мысалы, «үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау қарастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. Алпысов А.Қ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ Оқу құралы Павлодар 2012. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2012

Конспект №2


Тақырыбы:Математиканың оқу пәні ретіндегі нормативті-құқықтық сипаттамасы

Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Бастауыш білім беру бойынша нормативті-құқықтық құжаттар мазмұнына сипаттама және талдау: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу жоспары, типтік оқу жоспары, бастауыш сыныптардағы математика пәнінен ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар. 2.Математикадан оқу-әдістемелік кешен және оның құрамына енетін әр компонентінің мақсаты, қызметі, ерекшеліктері.

  1. Мектепалды математикалық білім беру.

  2. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудағы бағыттылық пен сабақтастық.

  3. Математиканы оқыту процессiнде белгiлi бiр пән аралық байланыстар



    1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту келесі өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:


  1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;

  2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

  3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;

  4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру. Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын, ұйымдастыру тәсілдерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе оқыту мазмұны мен оның құрлысын анықтау болып табылады. Бастауыш мектептің математикасын окыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму тенденцияларына математиканы оқытудың қазіргі заманғы технологияларын жүзеге асыратын альтернативті оқулықтарды дайындаудың мүмкіндіктерін, әр түрлі ңұсқадағы ОӘК-ні дайындау негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді, кредиттік оқыту технологияларына көшумен байланысты БОПӘ мамандығы бойынша оқу құралдарын дайындауды жатқызуға болады. Қазіргі танда бастауыш мектепке арналған жаңа бағдарламалар дайындалуда. Оның негізіне кіші

жастағы оқушыларға математиканы оқытудың кұзыреттілік, жеке тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау тұрғысынан қарау мәселелері жатқызылады. Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары негізінде әр төрт жылдан кейін өңделіп, жетілдіріліп, жаңартылып, оның жаңа нұсқасы іске қосылады. Оның үстіне мектептердің 12 жылдық білім беруге көшуі жаңа жағдайда педагогикалық әрекет жасауға дайын болатын жаңа формация мұғалімін дайындауға себепші болып отыр. Осының бәрі математиканы оқыту әдістемесі бойынша типтік бағдарламаны дайындаудың қажеттігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет