Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар



бет19/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
математика о ә

Математикамен еңбекке үйретудiң арасындағы байланыстар:


  • баланың еңбекке дайын болуын, математикалық бiлiмдерiн өмiрде,.нақтылы жағдайларда практикалық мәселелердi шешу үшiн пайлалана алуын қалыптастыру.

  • күнделiктi өмiрге және тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауда математикалық бiлiм,бiлiк дағдыларын пайдаланылуы.

-құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдiктiң және симметрияны пайдалануы.

Математика мен саздың арасындағы байланыстар:


-саздық әуен мен ырғақта математикалық дәлдiктiң және сан мен үлестiң пайдаланылуы;
-нота сауатында математикалық бiлiмнiң пайдаланылуы;
-халықтық ән, би күй,айтыс және термелердi математика терминiне сiңiру;
-саздық жарларды ажырату,салыстыру.

Математика мен дене тәрбиесiнiң арасындағы байланыстар:


-баланың кеңiстiктi болжауы және сәйкес қолданылуы ;
-уақыт аралығы жайында түсiнiктердiң қалыптастырылуы;
-баланың қимыл қозғалысындағы реттiк тәртiп және дәлдiк,
-қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы.
Осы тұрғыдан анықталған білім мазмұны бастауыш мектепке арналған мемлекеттік стандарт пен бағдарламада келтірілген. Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы
балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады. Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған. Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді. Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды. Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен бірге, бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге, сонымен қатар әлеуметтік ортадағы оң қарым- қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет