Пəннің нысаны-бастауыш сыныптар мұғалімінің жоғары педагогикалық: кәсіби білім беру кұрамдасы ретіндегі әдістемелік - математикалық білім.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты –
оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті
дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді,
математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. Ол, бастауыш
сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы
мақсаттарынан, сондай- ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерімен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен оның өзіндік әдіс- тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулануы қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саналы үшін қажетті
дайындық болады.
Оқу пәнінің міндеті - кіші жастағы мектеп оқушыларына математиканы оқыту процесін ұйымдастырудағы кәсіби білім және біліктермен
қаруландыру.
Оқу пәні ретінде бастауыш математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруіне көздейді. Атап айтқанда: натурал сан туралы қарапайым түсінік қалыптастырады; қарапайм есептеулер жүргізудің тәсілін игереді; шамалар мен оларды өлшеудің тәсілдерімен және прктикалық іс әрекет
үстінде олардың арасындағы байланыспен, геометриялық фигуралар мен
олардың қасиеттері туралы қарапайым түсініктермен байланысты ұғымдарды оқып - үйрену өмірден алынған нақты материялдар мен мысалдар арқылы
жүзеге асырылды.
Сондықтан өздерінің ережелері, тәсілдері, заңдылықтары өмірдің
қажетілігінен туындап отырғанын, іс-әрекетте тұрмыс-тіршілікте аңғартады, яғни құбылыстар арасындағы себеп- салдардың байланысын түсінеді және теория мен практиканың өзара байланысын сезіне бастайды.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және
тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізінен қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз да берік, және табиғи
байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық
қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат
қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге себін тигізеді.
Математиканы оқытып – үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылауға жүргізуге, қортынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады,
адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы және технологиясы психологиялық педагогикалық пәндерді, сонымен бірге математиканың теориялық иегіздерін оқып болғансоң қарастырылады. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясын оқытып-үйрету барысында математика пәнінің езіндік ерекшеліктері ескеріліп, жалпы теориялық қағидалар нақтылана түседі. Математикадан әдістемелік курс
енгізілгенге дейін математика курсында математикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттер, фактілер мен іс- әрекет тәсілдерін, педагогика курсында
дидактикалық принциптерін және оқыту мен тәрбиелеу барысын құрудың әр түрлі тәсілдерінде көрініс табатын зандылықтарды, жалпы, жас және
педагогикалық-психология курстарынан бала дамуының және білім, білік, дағдыны меңгертудің психологиялық заңдылықтарын, жоғарыда аталған курстардан ғылыми педагогикалык зерттеулердің әдістерін оқып-үйрену жүзеге асырылған болатын. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы: педагогика, психология, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, математика, қазақ тілін жане басқа дербес пәндерді оқытудың теориясы және технологиялармен тығыз байланысты.
«Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім
сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын
қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық
қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен
қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |