Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім


Кез келген зерттеу төрт негізгі қадамнан



бет6/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Конспект

Кез келген зерттеу төрт негізгі қадамнан:
1) зерттеу тақырыбын айқындау;
2) зерттеу мәселесінің қойылуы;
3) зерттеу мақсатын анықтау және
4) зерттеу сұрақтарын құрастырудан тұрады (1.4-суретті қараңыз).
Білім беру зерттеуінің аталған төрт қадамы әдетте сіздің ғылыми жобаңыздың кіріспе бөлімін (кіріспе) құрайды. Оларды сәтті жүзеге асыру зерттеу мақсатын ұйымдастыру мен нақтылаудағы ең күрделісі болып табылады. Зерттеудің нәтижелі орындалуы нақты осы төрт кезеңдегі жұмысыңыздың сапасына байланысты.

  1. зерттеу тақырыбын айқындау

Зерттеу тақырыбы, әдетте, зерттеудің пәнін сипаттайды, мысалы: «Аймақтық университеттердегі оқытушылардың жарияланым белсенділігі», «Мектеп көшбасшылығы», «Қалалық орта мектептердегі қорқыту, қорлау (буллинг)», т.б. Көріп отырғанымыздай, барлық тақырыптар қысқа сөз не сөз тіркесінен тұрады. Яғни, зерттеу жобаңыздың тақырып атауы қысқа болуы керек. Кресуэлл және Кресуэлл (2020) тақырыпты зерттеудің жұмыс атауы ретінде анықтаудың маңыздылығын атап өтеді (Creswell & Creswell, 2020). Зерттеу тақырыбы зерттеуіңіздің негізгі идеясын бағдарлау мен топтау құралы ретінде қызмет етеді.



  1. зерттеу мәселесінің қойылуы

Зерттеу тақырыбы қызығушылықтың белгілі бір бағытына жатады, осы ретте зерттеу мәселесі ерекшелеу, ол зерттеу тақырыбының бір қыры ғана болып табылады. Мысалы, егер зерттеу тақырыбын «Мектеп таңдау» деп алсақ, онда зерттеу мәселесі орташа табысы бар отбасылар мен табысы төмен отбасылар сынды екі әлеуметтік топ арасындағы мектеп таңдау стратегияларындағы айырмашылықтарды зерттеуге бағытталуы мүмкін. Мәселенің қойылуы оқырманға сіздің зерттеуіңіздің маңыздылығын түсінуге көмектесетін бір сөйлеммен немесе екі беттік мәтінде (ең көп дегенде) берілуі мүмкін.
Зерттеу мәселесі өзіміз аз білетін, дегенмен әлеуметтік жағынан аса өзекті, сондықтан зерттеуге лайықты нақты мәселе болуы қажет (Bloomberg & Volpe, 2019).
Одан басқа, мәселе, зерттеуіңіздің қажеттілігін танытуы керек. Мәселені қалыптастыру «біз білетін, білмейтін проблемалар арасындағы сәйкессіздікке» негізделуі тиіс (Bloomberg & Volpe, 2008, 34-б.).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет