Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім


) аталған пән бойынша кездесетін теориялар мен зерттеулердің сыни жағынан қарама-қайшылығы және



бет9/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Конспект

1) аталған пән бойынша кездесетін теориялар мен зерттеулердің сыни жағынан қарама-қайшылығы және
2) әлеуметтік құбылысты қарастырудағы жаңа идея секілді екі әдісін ұсынады.
Алғашқы тәсілде зерттеуші аталмыш мәселеге қатысты теориялардың ағымдағы жағдайын қарастыруға сыни тұрғыдан қарайды. Мысалы, зерттеуші «капитал» ұғымының кеңейіп, оның тек экономикалық тұрғыдан ғана зерттеліп қоймай, сонымен қатар «әлеуметтік капитал» және «мәдени капитал» (Пьер Бурдьенің мәдени капитал теориясы) түрінде де қарастырылатынын ескере келіп, адами капитал теориясына (адамның білім-дағдысының, қабілетінің артуы болашақ табыс көзі мен экономикалық жетістікке қол жеткізудің мүмкіндігі болып табылады) негізделген білім беру зерттеулеріндегі дәйектерді жоққа шығаруы мүмкін.
Зерттеулердегі олқылықты танудың қосымша екінші тәсілі құбылысты зерттеудегі жаңа идеялардың табылуынан көрінеді. Ол зерттеушінің аталған құбылысты қарастыруда бұрыннан бар теориялар мен өзге авторлардың жұмыстарын айналып өтуі дегенді білдіреді. Зерттеулердегі олқылықты танудың аталмыш тәсілі ойлаудың өзіндік ерекшелігін және өз пайымдауларына сенімділікті талап етеді.
Аталмыш тәсіл зерттеу сұрақтарын әзірлеуде жаңашылдық болып есептелсе де, зерттеушілер арасында әлі толық мойындалған жоқ (Alvesson & Sandberg, 2013).
Жоғарыда аталып өткендей, зерттеу тақырыбын таңдау, зерттеу мәселесі мен мақсатын айқындау, сондай-ақ зерттеу сұрақтарын әзірлеу зерттеу жұмысының ең күрделі қадамдары болып табылады.
Зерттеу дизайнын сандық, сапалық және комбинаторлық зерттеулерге сәйкес әзірлеп шығуды аталмыш кезеңнің ең қиын тұсы деуге болады.

• таңдалған білім беру зерттеуінің тәсілі негізінде зерттеу сұрақтарын әзірлеу.


Әдетте білім беру зерттеулерінің барлық тәсілі сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған) деп жіктеледі. Біз өз монографиямызда Робсон мен МакКартонның (Robson & McCartan, 2016) ізімен «бекітілген дизайн», «икемді дизайн» және «мультистратегия» ұғымдарын қолданамыз.


Егер зерттеу бөліктері алдын-ала анықталып, эмпирикалық материалдар жинақталып, бекітілген болса, дизайн бекітілген деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет