Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет7/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Конспект

зерттеу мақсатын анықтау

Зерттеу мақсатын анықтау зерттеушінің зерттеуді ұйымдастыруы мен жүргізуіне қатысты талабын анық та қысқаша көрсетуі қажет. Бір сөйлеммен не болмаса үш сөйлемнен құралған қысқаша мақсат сіздің мәселені қалай зерттейтіндігіңізді танытады. Әдетте, ол, жалпы зерттеу төңірегінде құрылатын негізгі ұғымды не құбылысты қамтиды. Мысалы, егер сіз мектеп таңдау мәселесін зерттейтін болсаңыз, онда «мектеп таңдау» ұғым-түсінігі зерттеу мақсатыңызда қарастырылуы тиіс (Кресуэлл, 2018).

  1. зерттеу сұрақтарын құрастыру

Зерттеу мәселесі мен мақсатын айқындап алғаннан кейін, зерттеу сұрақтарын құрастыру қажет, ал ол – өте күрделі міндет. Зерттеу сұрақтары, бір жағынан, жауабын ғылыми әдебиеттерден оңай тауып алуға болатындай тым қарапайым болмауы тиіс. Екінші жағынан, олар тым жалпылама кең тақырыптарға құрылмауы керек, өйткені олардың жауаптарын іздеп табу қолжетімді болуы қажет. Максуэлл зерттеу сұрақтарын құрастыру бойынша мынадай кеңестер береді:
1. Өзіңізге зерттеу сұрақтарын нақтылап анықтауға немесе құбылыстарды қалай өлшеуге не олардың жауабын табу қорларына қалай қол жеткізуге болатынын егжей-тегжейлі сипаттауға тырысуға жол бермеңіз.
2. Жауап беруге тұрарлық бірнеше мағыналы да өзекті сұрақ құрастыруға тырысыңыз. Зерттеуді орындау маңызды екені түсінікті, алайда оған жұмыс басында аса мән беру нәтижелі зерттеуге қол жеткізуге мүмкіндік бермеуі мүмкін.
3. Өз зерттеу сұрақтарыңыз бен ойларыңызды әріптестеріңіздің шағын тобымен бөлісіңіз. Олардан сұрақтарды түсінгендігін, неліктен жауап беруге тұрарлық екендігін; жауап беруге тырысқанда олардың қандай мәселелерді көріп отырғанын; тағы басқа қандай сұрақтар қоюға болатынын және сұрақтарға қандай өзгеріс енгізе алатындығын сұраңыз. Сұрақтарды әзірлеу барысында әріптестеріңіздің пікірлерін ескеру үшін мүмкіндігінше олармен болған әңгіменің аудиожазбасын жасаңыз (Maxwell, 2013, 248-249 бб.).

Алвессон мен Сандберг ғылыми әдебиеттердегі олқылықты табу зерттеу сұрақтарын құрастырудың кең тараған түрі болып табылатынын атап өтеді.


1.3-кестеде осы авторлар жасаған әдебиеттердегі олқылықты анықтаудың үш басты әдісі ұсынылады (Alvesson & Sandberg, 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет