Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет4/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Конспект

Конструктивтілік
Конструктивтілік немесе түсіндіру сапалық зерттеу әдістерін қолдануды көздейді. Бұл парадигманы конструктивтілік деп атайды, себебі ол адамның мағынаны құрылымдау қабілетіне негізделген (Merriam & Tisdell, 2016; Creswell & Creswell, 2020). Позитивтілік парадигмасына қарама-қайшы болып келетін ол шындықтың субъективті екенін алға тартады. Зерттеу нысандарын сырттан шынайы бақылау мүмкін емес, өйткені біртұтас объективті ақиқат кездеспейді. Қайта құрылған шындықтың әлеуметтік өлшемі аталмыш білім беру зерттеу парадигмасының орталық идеясы болып табылады.
Кресуэлл және Кресуэлл конструктивтілік парадигмасын: «Зерттеудің мақсаты – зерттеуге қатысушылардың көзқарасына барынша сүйену» – деп толығырақ айқындайды. (Creswell & Creswell, 2020, 8-б.).
Конструктивистердің сыртқы шындықтың бар екенін жоққа шығармайтынын айта кету керек. Олар сыртқы (объективті) шындықтың бар екенін мойындайды, бірақ «біз оны енді ғана толық түсініп жатырмыз, ал шындықты танудың жалғыз жолы тәжірибе мен әрекет арқылы жүзеге асады» (Plack, 2005) – деп санайды.
Прагматизм
Сандық және сапалық әдістерді біріктіру стратегиясы прагматизм парадигмасына негізделген.
Төртінші зерттеу парадигмасы прагматизмге негізделген (грек тілінен алғанда «іс, әрекет»), оның негізгі идеясы «таным қажеттілігі нақты бір проблемалық жағдаятты шешу қажеттілігінен туындайды» деп көрсетуінде. Кресуэлл және Кресуэлл атап өткендей, прагматизм философия мен шындықтың қандай да бір жүйесін ұстанбайды (Creswell & Creswell, 2020). Бұл «біріктіру стратегиясын әрі сандық, әрі сапалық зерттеу әдісі ретінде кеңінен қолданатын» зерттеулерге қатысты (Creswell & Creswell, 2020, 29-б.). Сәйкесінше, прагматизмді әдіснамадағы антифилософиялық бағыт деп сенімді түрде атауға болады. Прагматиктер нақты бір жағдайда ғана «жұмыс істейтін» нәрсеге сенеді.
«Прагматиктер әлемге абсолютті бірлік ретінде қарамайды. Зерттеушілер біріктіру әдістерінің көмегімен бір ғана зерттеу тәсілін ұстанып қоймай, деректерді жинап, талдаудың әртүрлі әдісіне жүгінеді» (Creswell & Creswell, 2020, 29).
Прагматизмнің зерттеу парадигмасы ретіндегі маңызды қағидаты зерттеушіге зерттеу мақсатына қатысты деректерді талдау әдіс-тәсілдерін таңдау еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Зерттеуші сандық және сапалық әдістерді біріктіру арқылы өзінің зерттеу әдіснамасын анықтауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет