Конспект алғЫСӨз монографияда білім беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымдары мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас (құрамдастырылған). I бөлім



бет5/21
Дата30.01.2023
өлшемі62,5 Kb.
#63853
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Конспект

Трансформациялық парадигма
Парадигма атауындағы «трансформациялық» термині нені білдіреді? Трансформация дегеніміз – өзгеріс. Сенім-түсініктері аталған парадигмаға сәйкес келетін зерттеушілер үшін зерттеудің негізгі мақсаты қандай да бір әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру немесе себеп-салдарлық байланыстарда емес, атап айтқанда, қоғамды жақсы жаққа өзгерту, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздікті азайтуға бағытталған.
Бұл парадигманы жынысына, нәсіліне, этникалық тегіне немесе зерттеуге қатысушылардың физикалық мүмкіндігіне қатысты әлеуметтік кемсітушілік мәселелерімен айналысатын зерттеушілер қалыптастырды.
Зерттеуге қатысуға негізделген парадигма (партиципаторлық парадигма).
Заманауи білім беру зерттеулерін жүргізуде «партиципаторлық парадигма» түрі де маңызды болып табылады. Оның басты ерекшелігі – зерттеуге қатысушыларды оның мақсатты тұжырымдаудан бастап талдауға, деректерді түсіндіруге және қорытынды жасауға дейінгі барлық кезеңінде тартып отыру. Партиципаторлық парадигманы жақтаушылар зерттеуге қатысушыларды тәжірибеге қатысуға тарту арқылы адамдар «өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктері туралы өз сенімділігін нығайтады» деп есептейді (Maguire 1987, 30-б.). Партиципаторлық зерттеу – ең алдымен, алынған деректерді зерттеушілер тобы түгел пайдалана алатын ұжымдық зерттеу.
Партиципаторлық зерттеу парадигмасы трансформациялық парадигмамен тығыз байланысты, өйткені зерттеушінің басты мақсаты шешім қабылдауда, мақсат қоюда, деректерді жинап, талдау әдістерін айқындауда, зерттеу жобасын түйіндеуде қатысушының зерттеуге белсенділігін дамыту болып табылады. Әрі қарай атап өтетініміздей, «іс-әрекетті зерттеу» (Action Research) әдісі партиципаторлық парадигмаға жатады, себебі зерттеуге қатысушылар «бірлескен зерттеушілерге» айналады.

зерттеу парадигмасы мен білім беру зерттеуінің түрлері (сандық, сапалық және аралас зерттеулер) арасында байланысты орнату;


1.3-сурет. Білім беру зерттеулерін жүргізудің тоғыз негізгі кезеңі
1. Зерттеу тақырыптарын айқындау
2. Зерттеу мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау
3. Зерттеу сұрақтарын құрастыру
4. Әдебиетке шолу
5. Зерттеу дизайнын таңдау және ұйымдастыру(Сандық дизайн (мысалы сараптаманы қолдану), Сапалық дизайн (мысалы, этнографиялық зерттеу әдістерін пайдалану), Аралас дизайн (мысалы, деректерді сандық талдаудан кейінгі сапалық талдау реті)
6. Деректер жинау
7. Деректерді талдау
8. Деректерді интерпретациялау
9. Деректерді рәсімдеу және таныстыру (зерттеу жұмысын жазу)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет