НВeAg+, анти-HВc IgM+, ДНК HBV+. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозы:
* Созылмалы гепатит В, жоғары дәрежелі, репликация сатысы
* Созылмалы гепатит В, жеңіл дәрежелі, интеграция сатысы
* Созылмалы гепатит В, орташа дәрежелі, репликация сатысы
* Созылмалы гепатит В, жеңіл дәрежелі, репликация сатысы
* Созылмалы гепатит В, орташа дәрежелі, интеграция сатысы
A
~~56 жастағы науқас К., күрт әлсіздікке, іштің төмеңгі бөлігінің ауырсынуына, аяғының ісінуіне, тәбеттің нашарлауына, жүдеуіне шағымданады. УДЗ: бауыры + 2см, құрылымы біркелкі емес; көкбауыр алаңы 38 см2; порталды венаның диаметрі - 1,5см, көкбауыр венасы - 0,8 см; іш қуысында - 700 мл бос сұйықтық бар. Лапароцентезде сұйықтық геморрагиялық сипатта. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозы:
* Карциноматоз
* Бауыр циррозы
* Нефроздық синдром
* Жүрек қызметінің жетіспеушілігі
* Инфекциялық перитонит
A
~~43 жастағы науқас П., әлсіздікке, шөлдеуге, тәбеттің шектен тыс жоғарлауына, полиурияға, аздаған күштемеге ентігуге, тахикардияға шағымданады. Объективті: терісі қола түстес, бауыры ұлғайған, консистенциясы тығыздау, шеті үшкірлеген. Көкбауыры пальпацияда анықталмайды, перкуссияда көлемі -8х10 см. Қандағы глюкоза - 11,2 ммоль/л. Сарысудағы темір - 55 мкмоль/л. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдік тактика:
* Десферал + гептрал
* Урсодезоксихол қышқылы + холестирамин
* Эссенциале-форте + силимарин
* Азатиоприн + преднизолон
* Д-пеницилламин + карсил
A
~~17 жастағы науқас К., әлсіздікке, сарғаюға, дене қызуы 37,5оС көтерілуге, сол бүйірі ауырсынуына шағымданады. Әкесі жиі сарғайып тұрады. Іші жұмсақ, сол бүйірі ауырады. Бауыры қабырға доғасы шетінен 1 см шығады, көкбауыры 14х8 см. Нв - 90 г/л, эр. - 3,0х1012/л, лейк. - 8,8х109/л; ЭТЖ 24 мм/с, ретикулоциттер - 25%. Жалпы билирубин - 40 г/л, тікелей - 4 г/л, АЛТ - 0,68 ммоль/л. Сарысудағы темір - 39,8 мкмоль/л. Кумбс сынамасы - теріс. УДЗ: бауыр контуры, эхоқұрылымы біркелкі емес. Қақпа венасы - 1,2 см. көкбауыры: алаңы 45 см2; көкбауыр венасы - 0,8 см. өт қапшығы: формасы - сопақша; көлемі 10,6 х 6,8 см; қабырға қалыңдығы 0,5 см. Өт қапшығы қуысында - эхогенді тұнба. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозы:
* Тұқым қуалаған микросфероцитоз
* Аутоиммунды гепатит
* Созылмалы гепатит
* Өт- тас ауруы
* Калькулезді холецистит
A
~~52 жастағы науқас әлсіздікке, лоқсуға, түнде ұйықы қашып, күндіз ұйқышыл болуына, ішінің кебуіне, оң бүйірінің ауырсынуына, майлы және ашшы тағам қабылдағанда ауырсыну күшеюіне, сұйық дәретке шағымданды. Бауыры қабырға доғасы шетінен 6 см шығады, тығыз, ауырсынады. Көкбауыры пальпацияланбайды, көлемі 10х12 см. Перкуссияда іштің төменгі жағы тұйықталған. Нв 115 г/л, лейк. 4,8 мың - 1 мкл, ЭТЖ - 28 мм/сағ. АЛТ - 1,75 ммоль/л, АСТ - 1,45 ммоль/л. Жалпы билирубин - 46 мкмоль/л, альбуминдер - 30 г/л, ПТИ - 60%. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозы:
* Бауыр циррозы, декомпенсация сатысы
* Бауыр циррозы, компенсация сатысы
* Бауыр циррозы, субкомпенсация сатысы
* 1 типтегі аутоиммунды гепатит
* 2 типтегі аутоиммунды гепатит
A
~~28 жастағы науқас К., жүріс-тұрысы, сөйлеуінің бұзылуына, бұлшықеттердің ригидтілігіне шағымданады. Объективті: терісі сарғайған, көздің мүйізді қабығының шеттерінде жасыл түсті сақина анықталады. Бауыры қабырға доғасы шетінен + 3 см шығады, көкбауыры 10х12 см. Жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, альбуминдер - 40 г/л, ПТИ - 65%, сарысудағы церулоплазмин - 0,1 г/л. Сіздің емдеу тактикаңыз:
* Преднизолон
* Урсодезоксихол қышқылы
* Д-пеницилламин
* Циклоспорин А
* Десферал
A
~~Науқастың үлкен дәреті күніне 4 ретке жиілеген, нәжістің құрамында аздаған қан бар. Колоноскопияда тоқ ішектің сигма тәрізді және төмеңгі белдемелі бөлігі бойында беткейлік ойық жаралар табылған, ойық жаралар айналасындағы кілегей қабатта лейкоцитарлы инфильтрация көрінеді. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді тағайындау:
* Сульфасалазин 2 г/тәул + преднизолон 60 мг/тәул
* Сульфасалазин 2 г/тәул + преднизолон 20 мг/тәул
* Сульфасалазин 2 г/тәул + преднизолон 40 мг/тәул
* Сульфасалазин 1 г/тәул + преднизолон 20 мг/тәул
* Сульфасалазин 1 г/тәул + преднизолон 40 мг/тәул
A
~~36 жастағы науқас әйел дәрігерге іштің төменгі және бүйір аймақтарының қатты ауыруына, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді үлкен дәретке, дене қызуының 38,2оС жоғарлағанына шағымданып қаралды. Соңғы айда "екі жақты пневмония" диагнозына қатысты антибиотиктер қабылдаған. Объективті: пальпацияда іші жұмсақ, тоқ ішек бойы ауырсынады. Нв - 125 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 38 мм/сағ. Нәжістің бактериологиялық зерттеуінде Clostridium difficile табылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің емдік тактикаңыз:
* Левомицетин + гентамицин
* Метронидазол + линкомицин
* Бацитрацин + абактал
* Бацитрацин + цефтриаксон
* Ванкомицин + энтерол
A
~~56 жастағы науқас үлкен дәретінің 3 күнде бір рет сирегеніне, кей жағдайда қан аралас нәжістің болуына назар аударған. Объективті: іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры қабырға доғасы шетінен + 1 см шығады, ауырмайды. Көкбауыры пальпацияланбайды, көлемі 6х8 см. Нв - 130 г/л, эр. - 4,6х1012/л, лейк. - 5,35х109/л, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Тік ішекті саусақпен тексергенде: ішкі геморрой анықталған. Ректороманоскопия: кілегей қабаты қызғылт, ақаулар табылмаған. Болжам диагнозы:
* Ішектің тітіркену синдромы гипомоторлы дискинезиямен бірге
* Ішектің тітіркену синдромы гипермоторлы дискинезиямен бірге
* Крон ауруы
* Гиршпрунг ауруы
* Уиппл ауруы
A
~~24 жастағы науқас Н. дәрігерге әлсіздікке, жүдеуге, тәулігіне 4 ретке дейін диареяға, қан кетулерге шағымданып қаралды. Объективті: теріде - петехиялар, көгерген орындар бар; поливитаминді жетіспеушілік көріністері байқалады. Нв - 90 г/л, эр. - 3,2х1012/л, лейк. - 6,0х109/л, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Жалпы белок - 40 г/л. Колоноскопияда тоқ ішектің өзгерістері жоқ. D-ксилозамен сынама оң нәтижелі. Тиімді этиотропты терапиясы:
* Интетрикс
* Линекс
* Аглютенді диета
* Лоперамид
* Доксициклин
A
~~22 жастағы науқас М., Орта Азия Республикаларына саяхат жасап оралғаннан кейін 1 аптадан соң дәреті тәулігіне 4-5 рет жиілеген. Нәжісі сұйық, қан аралас, көпіршікті, көп мөлшерде. Нәжістің бактериологиялық зерттеуінде E. coli штамм 0157 бөлінді. Сіздің емдек тактикаңыз:
* Цефтриаксон
* Бактрим
* Бисептол
* Ципрофлоксацин
* Флемоксин-солютаб
A
~~48 жастағы әйелге 6 ай бұрын өт-тас ауруына байланысты лапароскопиялық холецистэктомия жасалған. Бұрынғы ауыратын орнында қайтадан ауырсыну сезімінің қайталануына шағымданды. Диагностикалық мәліметтері: функционалды бауыр сынамаларының қорытындыларының өзгеруі, ахолиялық дәреттің болуы, несебінің қоңырлануы, ультрадыбысты сканирлеуде - гиперэхогенді қосылыстары бар өт жолдарының дилатациясы. Сіздің болжамыңыз:
* Жалпы өт жолының таспен бітеліп қалуы
* Жіті панкреатиттің дамуы
* Одди сфинктерінің дисфункциясы
* Созылмалы гепатиттің өршуі
* Бактериалдық холангиттің дамуы
A
~~Алкоголь қабылдайтын 32 жастағы ер адамды эпигастрий аймағында орта сызықтан оңға қарай және оң қабырға астының ауырсынуы, жеңілдік әкелмейтін тұрақты құсу мазалайды. Тері жамылғылары сарғыш түсті, механикалық сарғаю белгілері байқалады. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің болжам диагнозыңыз:
* Ұйқы безі басының ұлғаюы
* Одди сфинктерінің дисфункциясы
* Созылмалы гепатиттің өршуі
* Бактериалдық холангиттің дамуы
* Жалпы өт шығару жолының перфорациясы
A
~~48 жастағы әйелге 5 ай бұрын өт-тас ауруына байланысты лапароскопиялық холецистэктомия жасалған болатын. Бұрынғы ауыратын орнында қайтадан ауырсыну сезімінің қайталануына шағымданды. УДЗ: жалпы өт шығару жолының диаметрі 8 мм-ден кең. Сіздің болжамыңыз:
* Фатеров емізіктің стенозы
* Билиарлы-тәуелді панкреатит
* Созылмалы гепатит
* Одди сфинктерінің дисфункциясы
* Бауыр циррозы
A
~~38 жастағы әйелді өт-тас ауруына байланысты лапароскопиялық холецистэктомия жасалғаннан кейін 3 тәуліктен соң қайталамалы бауыр шаншымалары мазалай бастады, жалпы билирубин деңгейі 500 мкмоль/л дейін жоғарылаумен механикалық сарғаю белгілері күшейді. Сіздің болжамыңыз:
* Жалпы өт шығару жолының "культи" синдромы
* Жалпы өт шығару жолының перфорациясы
* Билиарлы-тәуелді панкреатит
* Созылмалы гепатит
* Өт шығару жолдарының дисфункциясы
A
~~48 жастағы әйелге 4 ай бұрын өт-тас ауруына байланысты лапароскопиялық холецистэктомия жасалған болатын. Бұрынғы ауыратын орнында қайтадан ауырсыну сезімінің қайталануына шағымданды. Одди сфинктерінің базалды қысым деңгейі 40 мм сын.бағ., жалпы өт шығару жолының диаметрі 13 мм кеңейген, ЭРХПГ - өт жолдарынан контрастты заттың шығуы бәсеңдеген. Сіздің болжамыңыз:
* Одди сфинктерінің тарылуы
* Жалпы өт шығару жолының перфорациясы
* Билиарлы-тәуелді панкреатит
* Созылмалы гепатит
* Өт шығару жолдарының дисфункциясы
A
~~Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы және ұзақ уақытқа созылған қыжылдауы бар науқаста соңғы 6 айда клиникалық көріністері өзгерген: қыжылдау мүлдем жойылған, тығыз тағам қабылдағанда жұтынуы қиындаған, тәбеті сақталған, бірақ аз мөлшерде тағам қабылдайды, сондықтан дене салмағы кеміген. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің болжам диагнозыңыз:
* Өңеш обыры
* Асқазан обыры
* Өңештің стриктурасы
* Кардияның ахалазиясы
* Баретта өңеші
A
~~Әйел дене салмағын едәуір жоғалтуына, кеуде, іш және жамбас терісінде буллезді бөртпелер шығуына шағымданды. Объективті: тілі жылтыр, қанық қызыл- сарғыш түсті, айқын анемия, ЭТЖ жоғарылаған,