~~Копрограмма стеаторея, креаторея. Постпрандиалды дистресс-синдром белгілері тән ауру



бет5/9
Дата11.06.2023
өлшемі159,26 Kb.
#100444
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ішкі аурулар 26.12.22

гипергликемия. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Глюкагонома
* Инсулинома
* Қант диабеті
* Феохромоцитома
* Випома
A
~~45 жастағы әйел асқазанның шығу бөлігі обструкциясы салдарынан 2 апта бойы парентералді тамақтануда болған. Одан кейін теріде көптеген гематомалар пайда болды. Тексеруде асқазан-ішек жолдарынан қан кету белгілері анықталмаған, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Науқаста болған көріністердің себебі:
* К витамин жетіспеушілігі
* ДВС-синдром
* Сепсис
* Тромбоцитопения
* Кальций жетіспеушілігі
A
~~Науқасты тексергенде оқ жақ мықын аймақтың сыртқы фистула табылған. 2 ай бұрын жіті аппендицитке күдік туындағаннан ота жасалған. Операция барысында соқыр ішекте патологиялық өзгерістер анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Крон ауруы
* Туберкулез
* Actinomyces Israelii тудырған инфекция
* Соқыр ішектің жалғыз дивертикулы
* АИВ-инфекция
A
~~Военкоматтан жас жігітті келесі зертханалық тесттер қорытындысымен гастроэнтерологқа жолдамамен жіберген: жалпы билирубин - 47,0 мкмоль/л, байланысқаны - 4,5 мкмоль/л, АЛТ - 28,0 бірл/л, қанның жалпы анализі: эритроциттер - 5,0*1012/л, түсті көрсеткіші - 0,9, лейкоциттер - 5,8*109/л, ЭТЖ - 9 мм/сағ.; ИФА: HBsAg - теріс, анти-HBcor IgG - оң, анти-HCV - теріс. 1-2 апта бойы ұйқышылдыққа, жұмыс қабілеті төмендегеніне шағымданады. Көз склералары сарғайған, басқа ағзалар мен жүйелерде өзгерістер анықталмаған. Бұрын ЖРВИ басқа ешқандай дертпен ауырмаған. Сіздің қорытындыңыз:
* Вирусты гепатит В кейін дамыған Жильбер синдромы
* Жіті вирустық гепатит В, субклиникалық
* Созылмалы вирустық гепатит В, белсенділігі жеңіл дәрежелі
* Созылмалы вирустық гепатит В, белсенділігі орташа дәрежелі
* Жильбер синдромы, вирусты гепатит В, интеграция сатысы
A
~~Бауырдың алкоголдік ауруына тән зертханалық көрсеткіштер:
* Макроцитарлы анемия, орташа деңгейдегі лейкоцитоз, АСТ/АЛТ қатынасы > 2; ГГТП жоғарылаған
* Макроцитарлы анемия, орташа деңгейдегі лейкоцитоз, АСТ/АЛТ қатынасы < 2; ГГТП жоғарылаған
* Макроцитарлы анемия, орташа деңгейдегі лейкоцитоз, АСТ/АЛТ қатынасы > 2; СФ жоғарылаған
* Макроцитарлы анемия, нормоцитоз, АЛТ деңгейі АСТ қарағанда айқын жоғары; ГГТП
жоғарылаған
* Эритроцитоз, ЭТЖ жоғарылауы; СФ жоғарылаған
A
~~Алкоголь қабылдайтын 45 жастағы ер адамды оң қабырға астының ауырсынуы мазалайды. Объективті: тері жамылғылары сарғыш түсті, бауыры қабырға астынан 2 см үлкейген, пальпацияда ауырсыну байқалады. Зертханалық көрсеткіштері: макроцитарлы анемия, орташа деңгейдегі лейкоцитоз, АСТ/АЛТ қатынасы >2, ГГТП жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:
* Бауырдың алкогольдік ауруы
* Созылмалы панкреатит
* Созылмалы гепатит
* Билиарлық-тәуелді панкреатит
* Майлы гепатоз
A
~~Алкоголь қабылдайтын 45 жастағы ер адамды оң қабырға астының ауырсынуы мазалайды. Объективті: тері жамылғылары сарғыш түсті, бауыры қабырға астынан 2 см үлкейген, пальпацияда ауырсыну байқалады. Зертханалық көрсеткіштері: макроцитарлы анемия, орташа деңгейдегі лейкоцитоз, АСТ/АЛТ қатынасы> 2, ГГТП жоғарылаған. Медикаментоздық терапиясы:
* глутаргин, В тобының витаминдері
* гастропротекторлар, С витамині
* ферменттік препараттар, поливитаминдер
* протеолитикалық ферменттер, В12 витамині
* эссенциалдық фосфолипидтер, пробиотиктер
A
~~Ішектің қабыну ауруынан ішектің тітіркену синдромының ажыратпалы диагностикасында жүргізілетін зертханалық критерий:
* Нәжістегі кальпротектин концентрациясының жоғарылауы
* Копрограммада йодофильді флораның болуы
* Қандағы лейкоцитоз
* ЭТЖ жоғарылауы
* Бауыр трансаминазаларының белсенділгінің артуы
A
~~Ойық жаралы аурудың диетотерапиясында бөлшектеп тамақтануға белоктық азық-түліктерді қосу нәтижесі:
* Асқазан құрамындағы пепсин деңгейі жоғарылайды
* Асқазан құрамындағы қышқылдық жоғарылайды
* Асқазан құрамындағы қышқылдық төмендейді
* Асқазан құрамындағы пепсин деңгейі төмендейді
* Секретин деңгейі төмендейді
A
~~Муковисцидоз емінде тиімді панкреатитті ферменттер таңдағанда берілетін емдәмнің сипаттамасы:
* Белок құрамы жоғары, майы қалыпты деңгейде
* Белоктарды, майларды шектеу
* Белоктар деңгейі қалыпты, ал майларды шектеу
* Белоктар, майлар қалыпты деңгейде
* Белоктар деңгейі жоғары, майды шектеу
A
~~Целиакиясы бар науқастар ... қабылдай алады:
* Жүгері өнімдерін
* Макарон өнімдерін
* Қара бидай нанын
* Ақ бидай өнімдерін
* Сұлы ботқасын
A
~~18 жастағы әйелде эмоциялық күйзелістен кейін дисфагия, кеуде артында "түйнеп қалу" сезімі мазалайды. Кейінірек шаршағанда, қиналу күйзелісі болғанда дисфагия қайталаған. Тәбеті жақсы сақталған, дене салмағы қалыпты. Физикалді тексеруде патология анықталмаған. Дисфагияның нақты себебі:
* Эзофагоспазм
* Өңеш обыры
* Өңештің пептидтік ойық жарасы
* Диафрагмада өңештің тесігінің аксиалық жарығы
* Өңештің герпестік зақымдануы
A
~~35 жастағы науқас кеуде қуысының оң жағының анда-санда ауырсынуы қыжылдау сезімімен ауысып отыруына, ауыздан жағымсыз иіс бөлінуіне шағымдалады. Соңғы айларда дисфагия пайда болған. Өкпе қабынуымен жиі ауырады. Болжам диагнозы:
* Өңештің дивертикулы
* Өңеш веналарының варикозды кеңейюі
* Бронх-өңештік сегізкөзді жарығы
* Өңештің стенозы
* Өңештің ахалазиясы
A
~~35 жастағы науқас кеуде қуысының оң жағының анда-санда ауырсынуы қыжылдау сезімімен ауысып отыруына, ауыздан жағымсыз иіс бөлінуіне шағымданады. Соңғы айларда дисфагия пайда болды. Өкпе қабынуымен жиі ауырады. Диагнозды нақтылау үшін жүргізілетін тексеру:
* Контрастты бариймен рентгенография
* Электрокардиография;
* Гемоглобинге қан анализі
* Гастроскопия
* Кеуде қуысы ағзаларының рентгеноскопиясы
A
~~33 жастағы әйел төс артының ауырсыну, керу сезіміне шағымданады. Бұрын балық жеген кезде түйіліп қалған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Бүгін танертең жұтынуы қиындалып, дене қызуы 37,3оС жоғарылаған, бетінің төмеңгі бөлігі мен мойын аймағы күрт ісініп кеткен. Құсу болмаған. Мойын пальпациясында крепитация білінеді; кеуде қуысы рентгенограммасында - паравертебралды орналасқан газдары бар көкірек қуысының көлеңкелері кеңейген. Болжам диагнозы:
* Өңештің перфорациясы
* Медиастиналдық эмфизема
* Көкірек қуысының ісігі
* Мойын лимфадениті
* Мойын флегмонасы
A
~~33 жастағы әйел төс артының ауырсыну, керу сезіміне шағымданады. Бұрын балық жеген кезде түйіліп қалған, бірақ дәрігерге қаралмаған. Бүгін танертең жұтынуы қиындалып, дене қызуы 37,3оС жоғарылаған, бетінің төмеңгі бөлігі мен мойын аймағы күрт ісініп кеткен. Құсу болмаған. Мойын пальпациясында крепитация білінеді; кеуде қуысы рентгенограммасында - паравертебралды орналасқан газдары бар көкірек қуысының көлеңкелері кеңейген. Дәрігердің тактикасы:
* Науқасты хирургия бөліміне шұғыл жатқызу
* Мойынға пункция жасау және Дюфо инесін орнату
* Эзофагоскопия жүргізу
* Антибиотиктер тағайындау, 2-3 күннен қайта қаралу
* Отоларингологты кеңес беруге шақыру
A
~~56 жастағы әйел семсер өсіндісінің негізі аймағында күйдіріп ауырсынуға, ауырсыну жүрек аймағына берілуіне, тамақтанған соң жарты сағаттан кейін, физикалық жүктемеде, енкейгенде күшейюіне және ауамен кекіруге шағымданды. Ауырсыну алмагельмен толық басылмайды. Барий қоспасымен рентгенологиялық зерттеуде - диафрагма үстінде жарты шар тәрізді, асқазанның кілегей қабаты қатпарларында рентгенконтрастты массаның тұрақты қалуы, өңештен асқазанға контрастты массаның рефлюксі байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
* Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы
* Өңеш обыры
* Бронх демікпесі
* Созылмалы гастрит
* Кардия ахалазиясы
A
~~18 жастағы қыз эмоциялық күйзелістен кейін суық сұйық немесе ыстық тамақ қабылдағаннан кейін (тығыз тағам жақсы өтеді) дисфагияға шағымданды. Кейін дисфагия қобалжығанда, шаршағанда пайда бола бастады. Тәбеті сақталған, дене салмағы қалыпты. Физикалді тексеруде патология анықталмаған. Науқасқа берілетін ұсыныс:
* Неврозды емдеу
* Сұйық тамақ ішу
* Тыныс гимнастикасы
* Физиотерапия
* Витаминмен емдеу
A
~~49 жастағы науқасқа 5 жыл бұрын ойық жараның перфорациясы мен қан кетуге байланысты ота жасалған. Соңғы уақытта эпигастрийдің сол жағындағы ауырсынуды, ауырсыну шыңында құсуды, жүдеуді байқаған. Консервативті ем нәтижесіз. Нәжісте Грегерсен реакциясы оң нәтижелі (+++). Сіздің диагнозыңыз:
* Анастомоздың пептидтік ойық жарасы
* Гипогликемия синдромы
* Агастралді астения
* Түйін пайда болу синдромы
* Демпинг-синдром
A
~~26 жастағы азамат эпигастрий аймағында тамақтанғаннан 1-1,5 сағаттан кейін ауырсынуға, қыжылдауға, кекіруге шағымданады. Тексеруде: тілі ылғалды, ақ жабынмен қапталған, іші жұмсақ, эпигастрийде аздап ауырсыну. ФГДС: асқазанның кілегей қабатында диффузды гиперемия, асқазанның антралды бөлігі кілегей қабатында көлемі 0,5 см дейінгі беткейлік дефекттер бар. Сіздің диагнозыңыз:
* Созылмалы атрофиялық емес гастрит, эрозиялары бар
* Созылмалы атрофиялық гастрит
* Асқазанның ойық жаралы ауру
* Рефлюкс-гастрит
* Функционалді ойық жаралы емес диспепсия
A
~~76 жастағы ер азаматты тамақтанғаннан кейін эпигастрийде ауырлық және толып кету сезімі, тамақпен кекіру, лоқсу, ауызынан жағымсыз иіс; метеоризм, іштің шұрылдауы мазалайды. ФГДС: кілегей қабаты бозарған және дақтанған, қатпарлары жазылған, кілегей қабатының астындағы қан тамырлары көрінеді. Морфологиясы (асқазанның денесі мен антралды бөлігі биоптаттары) - атрофия, лимфоплазмоцитарлы инфильтрация, орташа деңгейдегі ішектік метаплазия. Сіздің диагнозыңыз:
* Созылмалы атрофиялық пангастрит
* Созылмалы H. Pillory антралді гастрит
* Созылмалы антралді рефлюкс-гастрит
* Созылмалы гиперпластикалық гастрит
* Созылмалы аутоиммунды пангастрит
A
~~76 жастағы ер азаматты тамақтанғаннан кейін эпигастрийде ауырлық және толып кету сезімі, тамақпен кекіру, лоқсу, ауызынан жағымсыз иіс; метеоризм, іштің шұрылдауы мазалайды. ФГДС: кілегей қабаты бозарған және дақтанған, қатпарлары жазылған, кілегей қабатының астындағы қан тамырлары көрінеді. Асқазанның денесі мен антралды бөлігінің биоптатында (морфологиясы) - атрофия, лимфоплазмоцитарлы инфильтрация, орташа деңгейдегі ішектік метаплазия анықталады. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің емдеу тактикаңыз:
* Квамател, гастал, креон
* Преднизалон, омепразол, креон
* Цизаприд, алмагель, мезим-форте
* Фестал, де-нол, аскорбин қышқылы
* Абомин, домперидон, цианокоболамин
A
~~Глютенді энтеропатия диагностикасының "құнды стандарты" зерттеуі:
* Эндомизиалық антиденелер - иммуноглобулин (Ig)A анықтау
* Ашы ішектің кілегей қабатынан биопсия
* Антитіндік трансглутаминазаға антиденелерді анықтау
* Интерлейкин 1 анықтау
* Копрологиялық зерттеулер
A
~~Майлы қышқылдары басым болатын стеаторея тән ауру:
* Экссудативті энтеропатия
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Дизентерия
* Муковисцидоз
* Целиакия
A
~~45 жастағы әйелде ерте жасынан бастап іші қатып қалатын, үлкен дәреті аптасына 1-2 рет болатын. Пубертатты кезеңде жақсаруы болған сияқты, бірақ қазіргі уақытта өзіндік жүретін үлкен дәрет екі аптада бір рет қана, тығыз қатты нәжіс массасымен бөлінеді. Клизма жасауға мәжбүр. Жас және жасөспірім кезеңінде "екі этапты дәрет", яғни бір дефекациядан кейін 1,5-2 сағатта екінші дефекация жиі жүретін. Кейін жасы ұлғайған сайын іші қатып қалуы дамыған. Сіздің диагнозыңыз:
* Мегадолихоколон
* Микседема
* Ішектің эндометриозы
* Тоқ ішектің обыры
* Ішектің тітіркену синдромы
A
~~Ішектің сіңірілуі бұзылған синдромы кезіндегі диареяның сипаттамасы:
* Жиі көп мөлшерлі сулы үлкен дәрет
* Тенезмі бар
* Кілегейі бар өте аз мөлшердегі үлкен дәрет
*Тамақтан кейін дефекацияға шұғыл шығу сезімі
* Меленамен
A
~~19 жастағы жасөспірім жыл бойы "созылмалы энтерит" диагнозымен бақылауға алынған, интестопанмен, тұтқыр және ферментті препараттармен емделуі нәтижесіз болды. Әлсіздік, диарея, дене салмағының кемуі күшейген, терісі құрғақ, аяғының ісінуі, глоссит, хейлит пайда болды. Ерте жасынан бастап дәреті сұйық, әрдайым көпіршікті, бірақ ішек инфекциясы болмаған. Анализде: анемия, гипопротеинемия, гипохолестеринемия, гипокальциемия; копрограмма - полифекалия, стеаторея. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Глютенді энтеропатия
* Ішек дисбактериозы
* Крон ауруы
* Ішектің шектен тыс колонизация синдромы
* Ішектің тітіркену синдромы
A
~~Туберкулездің ішектік формасында жиі зақымданатын бөлім:
* Соқыр ішек
* Өңеш
* Асқазан
* Тоқ ішек
* Тік ішек
A
~~Тоқ ішектің дивертикулезі кезінде жиі зақымданатын бөлім:
* Төменге түсетін тоқ ішекті
* Тік ішекті
* Сигматәрізді ішекті
* Көлденең белдемелі тоқ ішекті
* Соқыр ішекті
A
~~"Ыстық құйылу сезімі", беттің ісінуі және гиперемиясы, тахикардия, гипотониямен қосарласып жүруі кездесетін диарея:
* Карциноидты синдром
* Золлингер-Эллисон синдромы
* Крон ауруы
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Созылмалы энтерит
A
~~Темекі шегетін, коронарлы аурумен және шеткері қантамырлар ауруымен сырқаттанатын 79-жастағы науқаста қазіргі уақытта қанды диарея дамыған. Инфекциялық агент табылған жоқ. Ишемиялық инсультке ішектің сезімтал бөлігі:
* Көкбауыр иіні
* Цекум
* Ректум
* Сигма
* Бауырлық флексура
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес Крон ауруын бейспецификалық ойық жаралы колиттен ажырату үшін мүмкіндік беретін гистологиялық мәлімет:
* Крипт-абсцесстері
* Кілегей қабат астындағы гранулемалар
* Псевдополиптер
* Кілегей қабаттың диффузды қабыну
* Кілегей қабаттың атрофиясы
A
~~35 жастағы әйел оң жақтың қабырға асты және мықын ішек аймағындағы өткір ауырсынуға, дене қызуының субфебрилді көтерілуіне, қоймалжынды дәретке шағымданады. Ішектің рентгенологиялық зерттеуінде соқыр және мықын ішекте әртүрлі көлемдегі ойық жаралар, арасында қалыпты кілегей қабаттармен ауысып отыратын "тастан қаланған көпірге" ұқсас қысқа қуысты синустар анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
* Гранулематозды колит
* Уиплл ауруы
* Дивертикулды ауру
* Туберкулезді илеотифлит
* Ишемиялық колит
A
~~43 жастағы әйел ішінің қатып қалуына, өздігінен үлкен дәрет шықпауына шағымданды. Әңгімелесе келе аяқ-қолы жылдам мұздайтыны, тез шаршап қалуы; шашы түсе бастағаны белгілі болды. Бағдарламашы болып жұмыс істейді, көп уақытын компьютер алдында өткізеді. Объективті тексеруде терісі, кілегей қабаты құрғақ. Жүрек тондары түйық. АҚ 110/70 мм рт.ст. Іші жұмсақ, пальпацияда тығыз, сигматәрізді ішегі нәжіс массасына толы. Іштің қатып қалу себебін анықтайтын ең ақпаратты диагностикалық тест:
* Тиреоидты гормондарды анықтау
* Фиброэзофагогастроскопия
* Фиброколоноскопия
* Копрограмма
* Іш қуысы ағзаларының УДЗ
A
~~Науқаста гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сарысуында темір деңгейі жоғарылғаны анықталған. Осы симптомокомплекс тән ауру:
* Гемохроматоз
* Созылмалы вирусты гепатит
* Бауыр циррозы
* Бүйрек үсті бездерінің гиперфункциясы
* Вильсон-Коновалов ауруы
A
~~26 жастағы емделуші Вильсон ауруы жөнінде 2 жыл бойы D-пеницилламин қабылдайды, соңғы жарты жылда ұстанымды дозасын тәулігіне 750 мг жеткізген. Бір ай бұрын тәбеті төмендегенін, стоматит белгілері, әрдайым сулы диареяны байқаған. Қайызғақ пайда болғаннан дерматологқа көрінген, "себореялық дескваматозды дерматит" диагнозы қойылды. Емдеу бағдарламасына қосылатын препарат:
* Пиридоксин
* Мебендазол
* Бифидобактерин
* Панкреатин
* Флуконазол
A
~~Мезенхималық қабыну синдромы кезінде қан құрамында жоғарылайтын көрсеткіш
* Гамма-глобулиндер
* Холестерин
* Сілтілі фосфатаза
* Билирубин
* Альбумин
A
~~28-жастағы ер азамат инъекциялы есірткі қабылдайды. Тез шаршап қалатынын байқаған. Қан сарысуында АСТ 4 есе, АЛТ 5 есе жоғарылаған, анти-HCV оң нәтижелі. Сіздің диагнозыңыз:
* Гепатит С
* Гепатит В
* Гепатит А
* Гепатит Е
* Гепатит G
A
~~Науқаста қан зерттеуінде вирустық гепатит "В" анықталған. Созылмалы тасымалдаушыдан созылмалы активті гепатит "В" ажырататын тиімді зертханалық тест:
* Сарысулық беткейлік антиген (HBSAg)
* Ядролық антиген (анти-НВс, IgМ)
* Тегіс бұлшықеттеріне сарысулық антиденелер
* Антинуклеарлық фактор
* Сарысулық AFP (а-фетопротеин)
A
~~Семіздіктің 2 дәрежесі бар 58 жастағы әйелге "аутоиммунды" гепатит диагнозы қойылды. Қан сарысуында АЛТ 6 есе жоғарылаған. Терапияда ең алдымен тағайындалатын препарат:
* Преднизолон
* Азатиоприн
* D-пеницилламин
* Эссенциалы фосфолипидтер
* Адеметионин
A
~~Сарғаю және гепатоспленомегалия бар науқастың қан сарысуында митохондрий компоненттеріне аутоантиденелер және IgM деңгейі жоғарылауы анықталған. Осындай жағдай тән ауру:
* Біріншілік билиарлы цирроз
* Дәрілік гепатит
* Вирустық гепатит
* Алкоголдік гепатит
* Аутоиммунды гепатит
A
~~54 жастағы науқас З., мамандығы стоматолог, әлсіздікке, тіс иектерінің қанауына, жүдеуге, терісінің қышуына шағымданады. 38 жасында жатыр фибромиомасы жөнінде ота жасалынған. Дене бітімі төмендеген, терісі және кілегей қабаттары сарғайған, тамырлар жұлдызшалары, пальмарлы эритемасы бар. Бауыры сол бөлігі есебінен 5 см ұлғайған, тығыз, көкбауыры сол қабырға доғасынан 3 см төмендеген. Іш көлемі ұлғайған, іштің бүйірінде вена тамырлары айқын білінеді; аяғында ісінулер жоқ. Қанның жалпы анализі: Нв - 107 г/л; Эр 2, 9х1012/.л, L 3, 4х109/л, тромбоциттер - 93 мың. ИФА қан сарысуында: НВsAg (+); антиНВ cor IgG (+) анықталған. Сіздің диагнозыңыз:
* Вирустық гепатиттен соң дамыған цирроз
* Бауырдың декомпенсирленген криптогенді циррозы
* Гепатоцеллюлярлы карцинома
* Біріншілік билиарлы цирроз.
* Созылмалы вирустық гепатит
A
~~48 жастағы науқас М., оң қабырға астының анда-санда ауырсынуына, терісінің қышынуына, құрғап, қоңырлануына, әлсіздікке, дене салмағының кемуіне шағымданады. Вирустық гепатитпен ауырмаған, дерматолог, аллергологта емделген, нәтижесіз. Объективті: теріде гиперпигментация, құрғақ, қасу орындары, гиперкератоз, ксантомалар және ксантелазмалар көрінеді. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған, бауыр шеті үшкірлеген, тығыз консистенцияда. Ісіну жоқ. УДЗ - гепатомегалия, паренхиманың ЭХО-тығыздығы өзгерген: бауырішілік өт бөліну жолдары, өт қапшығы, ұйқы безі интактты. Қанда - антимитохондриалық антиденелер және IgM деңгейі жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:
* Бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
* Біріншілік склерозирлеуші холангит
* Гемохроматоз
* Вильсон-Коновалов ауруы
* Бауырдың екіншілік билиарлы циррозы
A
~~48 жастағы науқас М., оң қабырға астының анда-санда ауырсынуына, терісінің қышынуына, құрғап, қоңырлануына, әлсіздікке, дене салмағының кемуіне шағымданады. Вирустық гепатитпен ауырмаған, дерматолог, аллергологта емделген, нәтижесіз. Объективті: теріде гиперпигментация, құрғақ, қасу орындары, гиперкератоз, ксантомалар және ксантелазмалар көрінеді. Бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған, бауыр шеті үшкірлеген, тығыз консистенцияда. Ісіну жоқ. УДЗ - гепатомегалия, паренхиманың ЭХО-тығыздығы өзгерген: бауырішілік өт бөліну жолдары, өт қапшығы, ұйқы безі интактты. Қанда - антимитохондриалық антиденелер және IgM деңгейі жоғарылаған. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің емдеу тактикаңыз:
* Метотрексат, урсофальк
* Преднизалон, креон
* Омепразол, урсосан
* Гепабене, квестран
* Хофитол, урсодекс
A
~~Өңеш обырының микроскопиялық құрылымының сипаттамасы:
* Мүйізденуімен жүретін жазық клеткалы обыр
* Төмен дифференцирленген обыр
* Арпасекілді клеткалы обыр
* Сақина секілді клеткалы обыр
* Ұсақклеткалы обыр
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес түкті ісіктердің тоқ ішектегі жиі орналасатын бөлігі:
* Тік ішек
* Төмеңге түсетін тоқ ішек
* Көлденең-айналымды тоқ ішек
* Жоғарылайтын тоқ ішек
* Соқыр ішек
A
~~Гиперацидті жағдаймен және эпигастрий аймағында тұрақты ауырсынумен қосарланған, антацидтармен басылмайтын асқазанның және 12-елі ішектің көптеген ойық жараларының болуымен байланыстыи жағдай:
* Гастринома
* Асқазан обыры
* Порталды гастропатия
* Өтке тас байланған ауруы
* H.pylori персистенциясы
A
~~65 жастағы науқас Ф. терісінің қышынуына, сарғаюға, түссіз нәжісіке, қоңыр түстес зәрге, лоқсуға, нашарлаған тәбетіке, оң жақ іштің аздап түйнеп ауырсынуына шағымданады. Ауырғанына 3 ай болған. Терісінде қасыған іздер, жасыл түстес сарғаю байқалады. Іші қалыпты көлемде. Курвуазье симптомы оң нәтижелі, бауыр көлемі 10х14х12. Көкбауыр ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз:
* Ұйқы безі басының обыры
* Созылмалы гепатит
* Бауыр циррозы
* Өт-тас ауруы
* Ротор синдромы
A
~~Диафрагма өңеш тесігінің жарығы бар науқаста аурудың клиникалық көрінісі өзгерген: қыжылдау мен кері қайту (регургитация) жоғалып, қатты тамақ қабылдағанда дисфагия пайда болып, тәбеті жоғалып, дене салмағы кемген. Сіздің диагнозыңыз:
* Өңеш обыры
* Асқазан обыры
* Жарықтың қысылуы
* Бауыр обыры
* Ценкер дивертикуласының дамуы
A
~~Науқас С., 45 жаста, физикалық күштемемен байланысты емес және тамақтанғаннан кейін бірден пайда болатын төс артының күйдіріп ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну сезімі нитроглицерин ішкеннен басылмайды. Объективті: толық келген. Тері жабындылары қалыпты түтеі, таза. АҚ 125/85 мм.сн.бғ. Пульс 74 рет минутына, ырғақты. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Тілі ылғалды, ақшыл жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағы аздап ауырады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
* Өт-тас ауруы
* Жүректің ишемиялық ауруы
* Ойық жара ауруы
* Созылмалы панкреатит
A
~~Науқас С., 45 жаста, физикалық күштемемен байланысты емес және тамақтанғаннан кейін бірден пайда болатын төс артының күйдіріп ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну сезімі нитроглицерин ішкеннен басылмайды. Объективті: толық келген. Тері жабындылары қалыпты түтеі, таза. АҚ 125/85 мм.сн.бғ. Пульс 74 рет минутына, ырғақты. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Тілі ылғалды, ақшыл жабынмен қапталған. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағы аздап ауырады. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің емдік тактикаңыз:
* Протондық насостың ингибиторлары + прокинетиктер
* Протондық насостың ингибиторлары + пробиотиктер
* Н2-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары + пребиотиктер
* Н2-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары + антацидтер
* Антацидтер + цитопротекторлар
A
~~Пациент бірінші рет дәрігерге қаралған кезде Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру, 2 дәрежесі деген диагноз қойылды. Бұл аурудың дифференциалды диагностикасын жүргізуде қажеті жоқ зерттеу әдісі:
* Қан сарысуының липидограммасы
* Эзофагогастродуоденоскопия
* Өңеш рентгеноскопиясы
* Өңеш ішілік рН-метрия
* Электрокардиография
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес сыртқы секреторлық панкреатиттік жетіспеушіліктің жайылмалы үдеуі, қант диабетінің дамуы, ұйқы бездің көп бөлігінің дәнекер тінмен алмасуы тән ауру:
* Ұйқы бездің фиброзы
* Созылмалы обструктивті панкреатит
* Созылмалы кальцифицирлеуші панкреатит
* Созылмалы паренхиматозды панкреатит
* Ұйқы бездің обыры
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес ұйқы бездің ацинарлы тіндерінің атрофиясы, жолдарындағы белоктық преципитаттардың, киста мен жалғанкисталардың пайда болуы тән ауру:
* Созылмалы кальцифицирлеуші панкреатит
* Созылмалы обструктивті панкреатит
* Созылмалы паренхиматозды панкреатит
* Ұйқы бездің фиброзы
* Ұйқы бездің обыры
A
~~Орта жастаға адамдарда жиі қан кетумен, іш өтумен асқынатын, емге қиын көнетін, көптеген ойық-жаралардың 12 елі ішекте кездесуі тән жағдай:
* Золлингер-Эллисон синдромы
* 12-елі ішектің ойық жарасы- обыры
* Гиперпаратиреоз
* ҚҚСЕП-индуцирленген дуоденопатия
* Мэллори-Вейса синдромы
A
~~Бауыр циррозы бар науқаста энцефалопатия, ауызынан тәттілеу иіс, жайылған қолдарының «шапалақты» треморының пайда болуына адып келетін жағдай:
* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
* Порталды гипертензия
* Гепатореналды синдром
* Мезенхималық қабыну
* Холестаз синдромы
A
~~Бауыр циррозы бар науқаста асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге алып келетін жағдай.
* Порталды гипертензия
* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
* Гепатореналды синдром
* Мезенхималық қабыну
* Холестаз синдром
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес жіті гепатиттің арнайы критерийі:
* АЛТ және АСТ денгейі 10 есе және одан да көп жоғарлауы
* Тимол сынамасының 2-3 есе көтерілуі
* Альбуминдер деңгейі <40 г/л төмендеу
* Гамма-глобулиндер деңгейі> 27 г/л астам жоғарлауы
* Сілтілі фосфата деңгейі 3 және одан да көпке көтерілуі
A
~~50 жастағы науқас С, кеуденің төменгі үштен бір бөлігінде жұтынғанда ауырсынуға және тамақ асқазанға өткенде немесе құсып тастағанда ауырсыну басылуына шағымданды. Ауырсыну нитроглицеринмен, кальций антагонистерімен басылады. Түнде жөтелгеннен ұйқысы бұзылады. Соңғы 1 жылда екі рет пневмониядан емделген. Науқаста пневмонияның қайталап даму себебі:
* Тағам массаларының аспирациясы
* Өкпеге өңеш ісігінің метастазалары
* Жіті асты солқарыншалық жетіспеушілік
* Өкпенің вентиляциясы төмендеюі
* Иммунитеттің бәсендеуі
A
~~28 жастағы науқас ас қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастрий аймағының ауырсынуына, ауамен кекіруіне шағымданды. ЭФГДС: асқазанның антралды және пилорлық бөлімдерінің кілегей қабатынның гиперемиясы. Клиникалық хаттамаға сәйкес зерттеудің келесі қадамы:
* Helicobaсter pylori-ға зерттеу
* Хромоэндоскопия
* Асқазанның рентгеноскопиясы
* Асқазан ішілік рН-метрия
* Электрогастрографиялық әдіс
A
~~42 жастағы науқас тамақты, алкоголді көп қабылдап қойған кезде іштің сол жағы және бел аймағы ауырсынуына; лоқсуға шағымданады. Объективті: тілінде ақ жабынды, іші кепкен, пальпацияда сол жақ қабырға асты ауырсынады. Мюсси-Георгиевский симптомы сол жағынан оң нәтижелі. Бауыры қабырға доғасынан + 1 см шығады. ҚЖА - лейкоцитоз, ЭТЖ сәл жоғары. БҚА: СРБ ++, қан глюкозасы 8,5 ммоль/л, жүктемеден кейін -10,0 ммоль/л. УДЗ: ұйқы безінің құйрық бөлімінің көлемі ұлғайған, контуры біркелкі емес, эхоқұрылымы біркелкісіз, вирсунгов тетігі кеңейген, оның ішінде преципитаттар бар. Сіздің диагнозыңыз:
* Созылмалы кальцифицирлеуші панкреатит, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
* Созылмалы обструктивті панкреатит, II типтегі қант диабеті
* Созылмалы паренхиматозды панкреатит, II типтегі қант диабеті
* Ұйқы бездің фиброзы, II типтегі қант диабеті
* Ұйқы без басының обыры
A
~~38 жастағы науқас әйел өттас ауруымен сырқаттанады, бұрын оң бүйіріндегі ауырсыну оң иыққа және жауырына таралатын болса, енді арқаға таралатын болғанына шағымданды. Объективті: тілі ылғалды, сарғыш жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, оң бүйірі және эпигастрийдің оң бөлігі ауырады. Мерфи-Георгиевский симптом екі жағынан да оң нәтижелі. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Реактивті панкреатит
* Реактивті дуоденит
* Реактивті гепатит
* Эрозивті гастродуоденит
* 12-елі ішектің постбульбарлы ойық жарасы
A
~~Науқас А., 47 жаста, айқын терінің қышуына шағымданады. 25 жыл бойы химиялық зертханада жұмыс істейді. Объективті: терісі қоңыр түстес, бетінде – ксантеллазмалар бар. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығады. ҚЖА: Нв - 100 г/л, эр. - 3,5х1012/л, лейк. - 6,5х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. НЖА: билирубин ++. ҚБА: жалпы билирубин 185 г/л, тікелей фракциясы - 94 г/л, холестерин - 12,6 ммоль/л, АЛТ - 2,52 ммоль/л, АСТ - 1,98 ммоль/л, альбуминдер - 34 ммоль/л, ПТИ - 45%. IgA - 20 МЕ/мл. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозды дәлелдеу үшін тиімді зерттеу:
* Қысқа уақытты эластография
* Эзофагогастродуоденоскопия
* Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
* Іш қуысы ағзаларының УДЗ
* Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы
A
~~46 жастағы науқас әлсіздікке, жүрегінің айнуына, оң қабырға астының ауырсынуына, дәреті тұрақсыз болуына шағымданды. Бауыры қабырға доғасы шетінен 3 см шығады, тығыз, пальпацияда ауырады. Көкбауыр пальпацияда білінбейді, көлемі 8х10 см. Нв 125 г/л, лейк. 5,2 мың -1 мкл, ЭТЖ - 28 мм/сағ. АЛТ 1,75 ммоль/л, АСТ 1,45 ммоль/л. Жалпы билирубин 32 мкмоль/л, альбуминдер - 40 г/л, ПТИ - 65%. УДЗ: порталды венаның диаметрі - 1,3 см, көкбауыр веналары - 1,0 см. Сіздің диагнозыңыз:
* Бауыр циррозы, компенсация сатысы
* Бауыр циррозы, субкомпенсация сатысы
* Бауыр циррозы, декомпенсация сатысы
* Аутоиммунды гепатит
* Крювелье-Баумгартен ауруы
A
~~28 жастағы науқас К., жүріс-тұрысының, сөйлеуінің бұзылғанына, бұлшықеттің ригидтілігіне шағымданып дәрігерге келді. Объективті: терісі сарғайған, көздің мүйізді қабатының шеттерінде жасыл түсті сақина көрінеді. Бауыры қабырға доғасы шетінен + 3 см шығады, көкбауыр көлемі 10х12 см. Жалпы билирубин - 45 мкмоль/л, альбуминдер 0 40 г/л, ПТИ - 65%, сарысудағы церулоплазмин - 0,1 г/л. Клиникалық хаттамаға сәйкес күдікті диагноз:
* Гепато-лентикулярлық дегенерация
* Бауырдың біріншілік билиарлы цирроз
* Бауырдың екіншілік билиарлы цирроз
* Гемохроматоз
* Бауырдың карциномасы
A
~~28 жастағы науқас әйел, екі жақты аднексит диагнозы бойынша антибактериялық терапияның 24 тәуліктік ауқымды курсын қабылдаған, кездейсоқ іштің төменгі және бүйір аймақтарында ұстамалы ауырсыну басталды, күніне 6 рет сулы нәжіс бөлінді, дене қызуы 38оС көтерілді. Тексеруде: іші жұмсақ, тоқ ішек бойы пальпацияда ауырады. Анализде: Нв - 124 г/л, лейкоциттер - 10 мың/1 мкл, лейкоцитарлы формуланың таяқша ядролы нейтрофилді ығысуы 12% дейін, ЭТЖ - 35 мм/с. Сіздің диагнозыңыз:
* Жалған мембраналық колит
* Дизентерия
* Ішектің тітіркену синдромы
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Крон ауруы
A
~~25 жастағы әйел дефекациядан кейін бәсеңдейтін іштің төменгі бөлігінің сыздап ауырсынуына, іштің қатып қалуына шағымданды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, мезогастрий аймағы пальпацияда аздап ауырсынады; бауыр мен көкбауыры ұлғаймаған. Нв - 120 г/л, эр. - 4,5х1012/л, лейк. - 5,5х109/л, ЭТЖ- 18 мм/сағ. Колоноскопияда: тоқ ішектің кілегей қабаты қызғылт түстес, гаустрациясы айқын, кілегей қабаттың ақаулары жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
* Ішектің тітіркену синдромы
* Ишемиялық колит
* Тоқ ішектің дивертикулезі
* Крон ауруы
* Гиршпрунг ауруы
A
~~42 жастағы науқас әйел әлсіздікке, жүдеуіне, іштің сол жағының ауырсынуына, нәжіспен қып қызыл қанның бөлінуіне шағымданады. Объективті: дене бітімі жүдеу, терісі бозарған. Іші жұмсақ, мықын ішек аймақтары пальпациясында ауырсыну байқалады. Сол жақтағы мықын аймақта қозғалмайтын, ауырсынатын, көлемі 10х14 см, беткейі кедір-бүдірлі түзілім пальпацияланады. Нв - 90 г/л, эр. - 4,0х1012/л, лейк. - 9,5х109/л мың, гематокрит 30%, ЭТЖ - 38 мм/сағ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
* Сигма тәрізді ішек ісігі
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Крон ауруы
* Гиршпрунг ауруы
* Ішектің тітіркену синдромы
A
~~26 жастағы науқас Н. әлсіздікке, жүдеуіне, тәулігіне жиілігі 4 ретке дейінгі диареяға, аяқтарының ісінуіне шағымданды. Объективті: терісі бозарған, құрғақ; поливитаминді жетіспеушілік белгілері бар. Нв - 90 г/л, эр. - 3,5х1012/л, лейк. - 6,5х109/л, ЭТЖ- 35 мм/с. Жалпы белок - 45 г/л. Колоноскопияда тоқ ішекте өзгерістер жоқ. D-ксилозамен сынама оң нәтижелі. Сіздің диагнозыңыз:
* Глютенді энтеропатия
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Крон ауруы
* Уиппл ауруы
* Ішектің тітіркену синдромы
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес ұйқы безінің сыртқы секреторлық жетіспеушілігінің дәлелді копрологиялық критерийі:
* Стеаторея
* Креаторея
* Амилорея
* Полифекалия
* Йодофилді флора
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес бауыр веналарының тромбозында дамитын синдром:
* Бадда-Киари синдромы
* Мэллори-Вейса синдромы
* Крювелье-Баумгартен синдромы
* Золлингера-Эллисон синдромы
* Демпинг-синдром
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес науқаста бір мезгілде қанның құрамында билирубин мен холестерин деңгейінің жоғарлауымен жүретін синдром:
* Холестаз
* Цитолиз
* Мезенхималық қабыну
* Бауырлы-клеткалық жетіспеушілік
* Порталды гипертензия
A
~~Атрофиялық гастритпен сырқаттанатын науқаста гиперхромды анемия және қанда мегалобластар анықталған. Сіздің келесі диагностикалық тактикаңыз:
* Шиллинг тестін жүргізу
* Д-ксилозамен тест жүргізу
* Сахарозды тест жүргізу
* Гастрин деңгейін анықтау
* Песиноген деңгейін анықтау
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес өттас ауруындағы консервативті терапияның қарсы көрсеткіші:
* Өт қапшығында пигментті тастардың болуы
* Өт қапшығында холестеринді тастардың болуы
* Өт қапшығында кальцифицирленбеген тастардың болуы
* Конкремент көлемі 15 мм жоғары емес
* Өт қапшығының жиырылу қызметі сақталған
A
~~49 жастағы науқас С., арқаға таралатын белдемелі түрдегі ауырсынуға, жүрегінің айнуына, ішінің кебуіне шағымданды. Объективті: тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған; іші аздап кепкен, кіндік айналасында ауырсыну анықталды. ҚЖА: лейк. - 8,5х109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. УДЗ: ұйқы безі көлемі кішірейген, шеттері тегіс емес, консистенциясы біркелкі емес, түтіктерінде - конкременттер бар. Ұйқы бездің секрециясын тежеу үшін тағайындалатын препарат:
* Октреотид
* Платифиллин
* Бускопан
* Мебеверин
* Домперидон
A
~~20 жастағы науқаста тәулігіне 4 ретке дейін, шырыш, қан аралас диарея, тенезм, сол мықын аймақтарының ауырсынуы дамыға. ҚЖА: Нв 100 г/л, эр. - 3,9х1012/л, лейк. - 8,5х109/л, ЭТЖ - 28 мм/с. Тоқ ішектің кілегей қабатының гистологиялық зерттеуінде табылатын көрініс:
* Лимфоцитарлы инфильтрация
* Лейкоцитарлы инфильтрация
* Гранулемалар болуы
* Плазматикалық инфильтрация
* Іріткі некроз ошақтары
A
~~23 жастағы науқас 1,5 ай бойы қарқынды диареяға, дене қызуы 38,5оС жоғарылауына, осы уақытта дене салмағының 10 кг кемуіне, жүдегеніне, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданып дәрігерге қаралды. Бір апта бұрын пневмоцисті пневмония диагнозымен ем қабылдаған. Сіз болжаған диагноз:
* Ішек туберкулезі
* Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы
* Бейспецификалық ойық жаралы колит
* Крон ауруы
* Целиакия
A
~~45 жастағы науқас С., арқаға таралатын іштің жоғарғы бөлігінде қарқынды ауырсынуға, метеоризмге, диарея дамуына, жарты жылда 4 кг салмағының кемуіне шағымданды. Объективті: іші жұмсақ, Шоффар, Губергриц аймақтарында, сол қабырға-омыртқа бұрышында ауырсыну байқалады. ҚЖА: лейк. - 7,5х109/л, ЭТЖ - 22 мм/с. Несепте амилаза - жоқ. Клиникалық хаттамаға сәйкес дәлелді копрологиялық критерий:
* Нейтралды майлар
* Крахмал
* Майлы қышқылдар
* Қорытылмаған целлюлоза
* Йодофилді флора
A
~~Диареясы, метеоризмі, ішінің ұстамалы ауырсынуы бар науқастың копрологиялық зерттеуінде: үлкен дәреті сұйық, гомогенді, сары түстес, эпителиалдық жасушалар, майлы қышқылдардың кристалдары, ерігіш белоктар анықталды. Науқаста дамыған синдром:
* Энтералды синдром
* Бауыр жетіспеушілігі
* Өт бөлудің жетіспеушіліг
* Дисталды-колиттік синдром
* Илеоцекалық синдром
A
~~47 жастағы науқас П., метеоризмге, диареяға бейім үлкен дәреті тұрақсыз, майлы тағамдарды көтере алмауына шағымданады. Ұйқы бездің УДЗ: басы - 2,4 см, денесі - 2,1 см, құйрығы - 2,5 см; шеттері тегіс емес, эхоқұрылымы біркелкі емес; эхотығыздығы жоғарылаған, вирсунгов түтігі кеңейген, түтік жолдары - ерекшеліксіз. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Созылмалы паренхиматоздық панкреатит
* Созылмалы обструктивтік панкреатит
* Созылмалы кальфицирлеуші панкреатит
* Ұйқы бездің фиброзы
* Созылмалы псевдотумороздық панкреатит
A
~~47 жастағы науқас П., метеоризмге, диареяға бейім үлкен дәреті тұрақсыз, майлы тағамдарды көтере алмауына шағымданады. Ұйқы бездің УДЗ: басы - 2,4 см, денесі - 2,1 см, құйрығы - 2,5 см; шеттері тегіс емес, эхоқұрылымы біркелкі емес; эхотығыздығы жоғарылаған, вирсунгов түтігі кеңейген, түтік жолдары - ерекшеліксіз. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің емдеу тактикаңыз:
* Креон, контролок
* Энзестал, холензим
* Креон, гептрал
* Гепабене, мезим-форте
* Омепразол, но-шпа
A
~~30 жастағы науқасты үлкен дәретінің тәулігіне 4-5 дейін жиілеуі, нәжістің қан аралас болуы, ұстамалы түрде ішінің қатты ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС көтерілуі мазалайды. Ректороманоскопияда кілегей қабаттың қанағыштығы және борпылдағы анықталды. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің ұсынатын дәрілік тактикаңыз:
* Салофальк
* Смекта
* Ванкомицин
* Фуразолидон
* Метронидазол
A
~~34 жастағы науқас 2 апта бұрын жіті дизентериямен ауырған. Қазіргі уақытта іштің төменгі бөліктері ауыратына, ас қабылдағаннан кейін 5-7 сағатта күшейюіне; сүт тағамдарын ішкенде диарея басталатынына шағымданды. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагнозды дәлелдеу үшін зерттеу әдісі:
* Копрограмма
* Нәжістен көрінбейтін қанды анықтау анализі
* Колоноскопия
* Іш қуысы ағзаларының УДЗ
* Ішектің рентгенологиялық зерттеуі
A
~~Сарғаюы және орташа гепатомегалиясы бар науқастың биохимиялық зерттеулерінде: жалпы белок 60 г/л, гамма-глобулиндер - 28г/л, СРБ ++, тимол сынамасы - 6 бірл., ЭТЖ - 26 мм/сағ анықталды. Науқаста дамыған синдром:
* Мезенхималық қабыну
* Цитолиз
* Холестаз
* Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
* Бауыр қан айналымын шунттау
A
~~Гепатоспленомегалия және асциті бар науқастың биохимиялық зерттеулерінде қалдық азот пен мочевинасы жоғарылаған, несепте индол, скатол және фенол деңгейі жоғарылаған. Науқаста дамыған синдром:
* Бауыр - жасушалық жетіспеушілік
* Цитолиз
* Холестаз
* Мезенхималық қабыну
* Бауыр қан айналымын шунтирлеу
A
~~Бауырының көлемі кішірейген, қантамырлы жұлдызшылары, гинекомастиясы, қанағыштығы бар науқастың зертханалық тексеруінде: -қан альбумині - 35г/л, ПТИ - 40%, жалпы билирубині - 5 ммоль/л. Науқаста дамыған синдром:
* Бауыр - жасушалық жетіспеушілік
* Цитолиз
* Холестаз
* Мезенхималық қабыну
* Бауыр қан айналымын шунтирлеу
A
~~Айқын сарғаюы, тері қышымасы, үлкен дәреті ағарған және несебі қоңырлаған көріністері бар науқастың зертханалық зерттеуінде анықталды: жалпы билирубин 120 ммоль/л, холестерин - 8,5 ммоль/л, бета-липопротеидтер - 5 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 5,2 мккат/л. Науқаста дамыған синдром:
* Холестаз
* Бауыр - жасушалық жетіспеушілік
* Цитолиз
* Мезенхималық қабыну
* Бауыр қан айналымын шунтирлеу
A
~~Гепатоспленомегалия және сарғаюы бар науқастың тексергенде: І дәрежедегі энцефалопатия; верошпиронмен емдегенге көнетін асцит, қан сарысуындағы жалпы билирубин - 38 ммоль/л, ПТИ 48%, қан сарысудағы альбуминдер деңгейі - 30 г/л. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Бауыр циррозы, декомпенсирленген (К 74)
* Бауыр циррозы, компенсирленген (К 74)
* Бауыр цирррозы, субкомпенсирленген (К 74)
* Бауырдың созылмалы жетіспеушілігі (К 72)
* Порталді гипертензия (К 76.6)
A
~~27 жастағы науқасты бір сағат бұрын басталған іштің жіті қатты ауырсынына байланысты қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Құсық, үлкен дәрет болмаған. Объективті: эпигастрий аймағында бұлшықеттің дефансы, перкуссияда - бауырдың тұйықтығы жойылған. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің диагностикалық тактикаңыз:
* Іш қуысы ағзаларының жалпы рентгенографиясы
* Гемоглобин, гематокрит, эритроциттер деңгейін анықтау
* Эзофагогастродуоденоскопия жасау
* Тромбоциттер саның есептеу
* Бариймен асқазанның рентгеноскопиясы
A
~~47 жастағы науқас әйел А., терісінің қышынуына, әлсіздікке шағымданады. 25 жыл бойы химиялық зертханада жұмыс істеген. Объективті: тері қоңыр түстес, беттерінде ксантомалар. ҚЖА: Нв - 100 г/л, эр. - 3,5х1012/л, лейк. - 6,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. НЖА: түсі - қоңыр, сал. тығыздығы - 1029. Билирубин 185 г/л, холестерин - 12,6 ммоль/л, АЛТ - 2,52 ммоль/л, АСТ - 1,98 ммоль/л, ПТИ - 45%. IgA - 20 МЕ/мл. УДЗ: гепатоспленомегалия, бауыр ішіндегі өт жолдары кеңейген, d v.porta- 16 мм, v.lienalis - 13 мм. Іш қуысында - 900 мл сұйықтық бар. Сіздің диагнозыңыз:
* Бауырдың токсикалық зақымдануы, цирроз (К71.7)
* Бауырдың алкоголді циррозы (К70.3)
* Біріншілік билиарлы цирроз (К74.3)
* Екіншілік билиарлы цирроз (К74.4)
* Токсический гепатит (К71)
A
~~Асқазанның пилорлық бөлігі және 12-елі ішектің ойық жарасында ауырсынудың орналасатын орны:
* Эпигастрийде орта сызықтың оң жағында
* Эпигастрийде семсерше өсіндісінің асты
* Төстің арты
* Эпигастрийде орта сызықтан сол жағында
* Кіндік айналасында
A
~~Іштің оң жоғары квадрантындағы ауырсыну, қызба, сарғаю, артериалдық гипотензия, есеңгіреу симптомдары тән ауру:
* Жіті холангит
* Жіті холецистит
* Жіті аппендицит
* Жіті панкреатит
* Жіті пиелонефрит
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес өт шығару жолдарында УДЗ көрінбейтін конкременттерді визуализациялаудың тиімді әдісі:
* Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
* Тамырішілік холецистография
* Динамикалық холесцинтиграфия
* Магнитті-резонансты холангиопанкреатография
* Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томография
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес ұйқы безінің экзо- және эндокринді жетіспеушілігінің ақырындап үдеуі, ауырсыну синдромының болмауы, түтіктердің зақымданбауы, эхоқұрылымдардың гомогенді еместігі тән ауру:
* Созылмалы паренхиматоздық панкреатит
* Созылмалы обструктивті панкреатит
* Созылмалы кальцифицирлеуші панкреатит
* Ұйқы бездің фиброзы
* Ұйқы бездің обыры
A
~~Клиникалық хаттамаға сәйкес жіті вирусты В гепатиттен сауығу маркері:
* Ig G тобының HBcAb
* HBeAg
* Ig M тобының HbcAb
* ДНК HBV
* HBsAg
A
~~27 жастағы науқас Р., оң қабырға астының қатты ұстамалы ауырсынуна, дефекация және газ бөлінгеннен кейін ауырсынудың бәсендеуіне; үлкен дәреті тұрақсыз болуына шағымданды. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты пальпацияға сезімтал. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Билирубин 20 ммоль/л, АЛТ - 0,68 ммоль/л, АСТ - 0,45 ммоль/л. УДЗ: өт қапшығы қалыпты көлемде, қабырға қалыңдығы 0,3 см. Сіздің диагнозыңыз:
* Гипермоторлы типі бойынша өт шығару жолдарының дискинезиясы
* Созылмалы панкреатит, өршу сатысы
* Созылмалы холецистит, өршу сатысы
* Ішектің тітіркену синдромы
* Созылмалы гепатит
A
~~56 жастағы науқас әйел В., шағымдары - жыл бойы сол мықын аймақтың ауырсынуы, іштің қатып қалуы диареяға ауысып отыруы, тәбеттің болмауы, әлсіздік, соңғы 3 айда салмағы 5 кг кеміген. Сіздің болжам диагнозыңыз:
* Сигма тәрізді ішектің ісігі
* Гиршпрунг ауруы
* Тоқ ішектің дивертикулезі
* Ішектің тітіркену синдромы
* Созылмалы дизентерия
A
~~58 жастағы науқас әйел М., остеоартрозбен сырқаттанады, 3 жыл бойы қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдайды. Клиникалық хаттамаға сәйкес осы препараттардың әсерінен дамитын асқазанның ойық жарасының алдын алуы үшін тағайындау қажет ем:
* Омепразол + мизопростол
* Омепразол + тетрациклин
* Омепразол + домперидон
* Омепразол + фамотидин
* Омепразол + аллохол
A
~~56 жастағы науқас әйел ас қабылдағаннан кейін дамитын және жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға және қыжылдауға, шағымданды. Нитраттар қабылдағанда жағдайы жеңілдемеген. ЭКГ-да миокард ишемиясы табылмады. Қанда тропониндер деңгейі қалыпты жағдайда. Клиникалық хаттамаға сәйкес тексерудегі келесі қадамы:
* Эзофагогастродуоденоскопия
* Іш қуысы ағзаларының УДЗ
* Кеуде қуысы ағзаларының КТ
* Эхокардиография
* Холтеров бойынша мониторлау
A
~~Жүк тасушы науқас С., кекіруге, төс артының ауырсынуына, тамақ қабылдағаннан кейін және ауыр жұмыс істегенде ауырсынудың күшеюіне шағымданды. Алмагель қабылдағанда жағдайы жақсарады. ЭФГДС: өңештің кілегейі борпылдақ, кілегей қабаттың бір қатпар аумағымен шектелген ұзындығы 5 мм артық зақымдануы, өңештің төменгі сфинктері ашық. Сіздің диагнозыңыз:
* ІІ дәрежедегі ГЭРА
* І дәрежедегі ГЭРА
* ІІІ дәрежедегі ГЭРА
* IV дәрежедегі ГЭРА
* V дәрежедегі ГЭРА
A
~~48 жастағы науқас Н., алкоголдік ішімдіктен кейін болған қанды құсуға шағымданып дәрігерге қаралды. Тексеруде құсық массасы шие түсіне ұқсас. Бауыры қабырға доғасы шетінен 4см шығады, көкбауыры көлемі 8х12 см, перкуссияда іштің төменгі бөлігінде - перкуторлы дыбыстың әлсіреуі. Қанды құсықтың себебі:
* Мэллори-Вейс синдромы
* Өңеш веналарының варикозды кеңейюі
* Өңештің пептидтік ойық жарасы
* Өңеш обыры
* Кардия ахалазиясы
A
~~60 жастағы науқас әйел С., әлсіздікке, аяғының ұштарындағы парестезияларға, жүріп-түруының тұрақсыздығына, тәбетінің нашарлағанына, шіріген иіспен кекіруге, диареяға шағымданды. Объективті: терісі бозарған, сарғыш түстес. Тілі жылтыр "лакталғандай". Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры қабырға доғасы шетінен + 2см шығады. Көкбауыры - 12х7 см. Нв - 80 г/л, эр. - 2,0х1012/л, лейк. - 3,3х109/л; тромб. - 100х109/л, ЭТЖ- 26 мм/с. Жалпы билирубин 40 г/л, тікелей фр. - 4 г/л, АЛТ - 0,68 ммоль/л, тимол сынамасы - 5,0 бірл. ЭФГДС: асқазанның антралды бөлігінің кілегей қабаты бозарған, қатпарлары әлсіз білінеді, рельефтері жазылып кеткен. Сіздің диагнозыңыз:
* Атрофиялық антралды гастрит
* Гипертрофиялық гастрит
* Гранулематозды гастрит
* Өттік рефлюкс-гастрит
* Созылмалы белсенді гастрит эрозиясыз
A
~~56 жастағы науқасты әлсіздік, бас айналуы, "қою кофесіне" ұқсас екі рет құсу, сұйық, қар үлкен дәрет, тершенділік, шөлдеу мазалаған соң қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде: антиагреганттарды қабылдайды, 1 жыл бойы эпигастрий аймағы ауырсынады, сода қабылдағанда бәсеңдейді. Қазіргі қал-жағдайының нашарлауын ауыр жүкті көтеруімен байланыстырады. Объективті: бозарған, АҚ 100/65 мм рт. ст., ЖЖЖ минутына 105, пульсы әлсіз, ортостатизм белгілері бар. Іштің тітіркену симптомы жоқ. Сіздің диагнозыңыз
* Асқазанның симптоматикалық ойық жарасы, қан кету
* 12-елі ішектің ойық жара ауруы, қан кету
* Жіті геморрагиялық гастрит, қан кету
* Асқазанның перфорациясы
* Гудпасчер синдромы, асқазаннан қан кету
A
~~Науқаста созылмалы панкреатиттің кезекті өршу негізінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттары сарғайған, зәрі қоңырлаған, нәжісі ақшыл түстес. Жалпы билирубині - 65 ммоль/л, тікелей фракциясы - 45 ммоль/л, несепте уробилиноген. Механикалық сарғаюдың себебі:
* Ұйқы без басының зақымдануы
* Ұйқы без құйрығы зақымдануы
* Ұйқы без денесінің зақымдануы
* Ұйқы бездің абсцессі
* Реактивті гепатит
A
~~Созылмалы панкреатитпен сырқаттанатын науқас қатты ауырсыну синдромымен, метеоризм, диарея белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Клиникалық хаттамаға сәйкес ауырсыну синдромын басқаннан кейінгі сіздің тағайындайтын еміңіз:
* Омез 20 мг + Креон-25000 күніне 1 капсуладан 3 рет
* Омез 20 мг + Панзинорм күніне 1 таблеткадан 3 рет
* Ранитидин 20 мг + Креон-10000 күніне 1 капсуладан 3 рет
* Но-шпа 40 мг + Холензим күніне 1 таблеткадан 3 рет
* Квамател 40 мг +Фестал күніне 1 таблеткадан 3 рет
A
~~45 жастағы науқаста, құрамында шырыш, қан, ірің аралас тәулігіне 6-8 рет болатын диарея, дене қызуы - 37,6°С, пальпацияда тоқ ішектің ауырсынуы анықталды. Рентгенологиялық тексергенде сыртқы және ішкі фистулалар көрінеді. Крон ауруы деген болжам диагноз қойылған. Осы дертті ойық жаралы колитен ажырататын белгі:
* Фистулалар
* Нәжістегі кілегей
* Диарея
* Нәжістегі қан
* Дене қызбасы
A
~~28 жастағы әйел азаматына 1,5 жыл бұрын лапароскопиялық холецистэктомия отасы жасалған. Қазіргі уақытта оң бүйірі ұстамалы түрде ауырып мазасыздандырады, дәреті түссізденген, ал зәрі қоңырланған. Клиникалық хаттамаға сәйкес сіздің диагностикалық тактикаңыз:
* Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
* Бауырдың сцинтиграфиясы
* Іш қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу
* Іш қуысының компьютерлік томографиясы
* Эзофагогастродуоденоскопия
A
~~40 жастағы науқас сыртқы секрециялық қызметінің айқын бұзылысы бар созылмалы рецидивті панкреатитпен сырқаттанады. Майлы, ашы тағам, алкоголь қабылдағанда "майлы" нәжіс пайда болады. Осындай стеатореяның себебі:
* Липазаның төмендеуі
* Амилазаны төмендеуі
* Трипсиннің төмендеуі
* Гастриннің төмендеуі
* Сілтілі фосфатазаның төмендеуі
A
~~40 жастағы науқас М., аурухананың гастроэнтерологиялық бөлімшесіне теріснің қышынуына, сарғаюына, оң қабырға астында ауырлық сезінуге, әлсіздікке шағымданып жатқызылды. Объективті: терісі сарғайған, қасыған іздер көрінеді, бауыры +5 см, көкбауыры 5x7 см. Қанда: сілтілі фосфатаза - 90 МЕ/л, жалпы билирубин - 120 мкмоль/л, холестерин - 8,0 ммоль/л. Науқастағы жетекші синдром:
* Холестатикалық
* Гепатолиеналдық
* Цитолитикалық
* Мезенхималды-қабыну
* Бауыр клеткаларының жетіспеушілігі
A
~~40 жастағы науқас М., аурухананың гастроэнтерологиялық бөлімшесіне теріснің қышынуына, сарғаюына, оң қабырға астында ауырлық сезінуге, әлсіздікке шағымданып жатқызылды. Объективті: терісі сарғайған, қасыған іздер көрінеді, бауыры +5 см, көкбауыры 5x7 см. Қанда: сілтілі фосфатаза - 90 МЕ/л, жалпы билирубин - 120 мкмоль/л, холестерин - 8,0 ммоль/л. Науқастағы холестаз синдромын басу үшін тағайындалатын ем.
* холестирамин
* дифенгидрамин
* орнитин-аспартат
* хофитол
* эссливер-форте
A
~~Науқас 30 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагия пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-3,6 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Түстік көрсеткішті есептеңіз:
* 0,77
* 0,85
* 1,0
* 1,05
* 1,25
A
~~Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-3,0 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Түстік көрсеткішті есептеңгіз:
* 0,92
* 1,25
* 1,05
* 0,77
* 0,85
A
~~Науқас 63 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, тәбеттің төмендеуіне, қол-аяқтардың парестезиясына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-2,2 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Түстік көрсеткішті есептеңгіз:
* 1,25
* 0,77
* 0,85
* 1,0
* 1,05
A
~~Науқас 36 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагия пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-2,02 млн, Нв-52 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Анемияның ауырлық дәрежесін анықтаңыз:
* ауыр
* орташа ауырлық
* жеңіл
* аса ауыр
* анемия жоқ
A
~~Науқас 36 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагия пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-3,6 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Анемияның ауырлық дәрежесін анықтаңыз:
* жеңіл
* ауыр
* орташа ауырлық
* аса ауыр
* анемия жоқ
A
~~Науқас 36 жаста әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагия пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-2,8 млн, Нв-72 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Анемияның ауырлық дәрежесін анықтаңыз:
* орташа ауырлық
* ауыр
* жеңіл
* аса ауыр
* анемия жоқ
A
~~Науқас 30 жаста әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагия пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-3,6 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Қан талдауының барынша ықтимал интерпретациясы:
* жеңіл дәрежелі гипохромды анемия
* орташа ауырлық дәрежелі гипохромды анемия
* ауыр дәрежелі гипохромды анемия
* жеңіл дәрежелі нормохромды анемия
* жеңіл дәрежелі гиперхромды анемия
A
~~Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда: эр-3,0 млн, Нв-92 г/л, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың, ЭТЖ-22 мм/сағ. Қан талдауының барынша ықтимал интерпретациясы:
*жеңіл дәрежелі нормохромды анемия
*жеңіл дәрежелі гипохромды анемия
*орташа ауырлық дәрежелі гипохромды анемия
*ауыр дәрежелі гипохромды анемия
*жеңіл дәрежелі гиперхромды анемия
A
~~Әйел 47 жаста, қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабығы бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі Қанда: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, түстік көрсеткіш – 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 4%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 69%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л. Диагностиканың келесі қадам:
* Сарысулық темірді зерттеу
* Шиллинг тест
* Стерналды пункция
* Коагулограмма
* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы
A
~~47 жастағы әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы қабаты бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі, тахикардия 100 рет/мин, АҚ 110/60 мм.сб. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог: жатыр миомасы, 12 апта. Хирургиялық жолмен емдеу ұсынылды. Науқасты жүргізу тактикасының ең тиімдісі:
* Темір препараттарын парентералды енгізу
* В12 витаминін парентералды енгізу
* Фолий қышқылы ішке қабылдау
* Аскорбин қышқылын парентералды енгізу
* Эритроцитті массаны құю
A
~~32 жасар әйел жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, бас айналуға, көз алдында «шыбын-шіркейлер» ұшуына, ентігуге, тырнақтардың сынуына шағым айтады. Анамнезінен: 7 жүктілік, оның 4 түсік, етеккірі 5-7 күннен, көп мөлшерде. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, құрғақ, таза Тырнақтары жұмсақ, жеңіл сынады. Ауыз бұрышында «тіліну» бар Қанның жалпы талдауы: гемоглобин - 62 г/л, эритроцит - 2,6х1012/л, тромбоцит - 180х109/л, лейкоцит - 4,9х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 30 мм/сағ. Сарысулық темір – 7,2 мкмоль/л, сарысулық ферритин – 10,82 нг/мл. Ем үшін БАРЫНША тиімдң препарат:
* Сорбифер-дурулес
* Витамин В12
* Фолий қышқылы
* Аскорбин қышқылы
* Эритропоэтин
A
~~16 жасар науқас, талмаға, көзінің алды қарауытуына, кесек жеуге құштарлыққа, тырнақтарының сынуына шағымданады. Анамнезінен: етеккірі 3 күннен. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, құрғақ, ауыз бұрыштарының тілінуі. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -85 г/л, эритроциттер - 2,8х1012/л, түстік көрсеткіш -0,72, тромбоциттер -180х109/л, лейкоциттер -4,3х109/л. Лейкоформулада: таяқша ядролы -4%, сегментті ядролы -62%, моноциттер-9%, лимфоциттер-22%, Эритроциттердің тұну жылдамдығы -18 мм/сағ. Сарысулы темір – 6, 9 мкмоль/л, сарысулы ферритин -10,24 нг/дл БАРЫНША ең тиімді дәрі:
* Сорбифер-дурулес
* Фолий қышқылы
* В12- дәрумені
* Флудара
* Аскорбиновая қышқылы
A
~~Темір тапшылықты анемияның БАРЫНША хабарлы лабораторлық көрсеткіші:
* сарысулық ферритиннің төмендеуі
* диспротеинемия
* сарысулық темірдің төмендеуі
* гематокриттің төмендеуі
* гемоглобиннің төмендеуі
A
~~30 жасар әйел әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияның пайда болуына шағым айтады. Объективті: тері мен көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, тырнақтары көлдеңен сызықталған, койлонихий. Жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Қанда: эр-3,0 х1012/л, Нв-92 г/л, ТК-0,77, лейк-4,2х109/л, тромб-192х109/л, ЭТЖ-22 мм/с, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада 12 % сидеробластар БАРЫНША тиімді емдік тактика:
* Сорбифер 200 мг тәулік 3 ай бойы
* Феррум-лек 2,0 б/е 1 апта бойы
* Феррум-лек 5,0 к/т 1 апта бойы
* Тұрас қанның трансфузиясы
* Эритроцитарлық массаның трансфузиясы
A
~~60 жастағы науқас әйел әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт сарғыш реңмен, беті ісіңкі, тілі "жылтыр" Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлығы. Билирубин- 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобластық типті қан түзу БАРЫНША мүмкін диагноз:
* В12-тапшылықты анемия
* Темір тапшылықты анемия
* Аутоиммунды гемолитикалық анемия
* Апластикалық анемия
* Талассемия
A
~~34 жастағы науқас әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, ентігуге шағымданады. Екі жыл бойы геморроймен ауырады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,7 млн, Нв-92 г/л, ТК-0,75, лейк-4,8 мың, тромб-200 мың ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сары суындағы темір-6,4 мкмоль/л. Барынша тиімді емдік тактика:
* Сорбифер ішуге
* Преднизолон ішуге
* Феррум-лек көк тамырға
* Десферал бұлшық етке
* Эритроцитарлық масса көк тамырға
A
~~Темір препаратымен тиімді емдеудің алғашқы объективті критерийі:
* емнің 7-ші күнінде ретикулоцитарлық криздің болуы
* жалпы әлсіздіктің азаюы
* эритроциттер санының артуы
* сидеропениялық синдром айқындығының төмендеуі
* гемоглобина деңгейінің жоғарылауы
A
~~Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, соңғы жарты жылда меноррагияға шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, тырнақтары көлденен сызықталған, койлонихии. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн, Нв-78 г/л, ТК-0,77, лейк-7,2 мың, тромб-290 мың, ЭТЖ-12 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада: сидеробласттар 12%, Барынша тиімді емдеу тактикасы:
* Тардиферон 160 мг тәу 3 айға
* Феррум-лек 2,0 б/е 1 аптаға
* Феррум-лек 5,0 к/т 1 аптаға
* Қан трансфузиясы
* Эритроцитарлы масса трансфузиясы
A
~~Сидеропениялық синдрома тән белгі:
* тырнақтың сынуы
* жүрек соғуы
* тіл емізекшелерінің тегістелуі
* тері жабынысының бозаруы
* сарғаю
A
~~Ағзадағы темір қоры төмендеуінің ең ерте зертханалық белгісі:
* сарысулы ферритин мөлшерінің кемуі
* сарысулы темір мөлшерінің кемуі
* жалпы темірді байланыстырушы қабілетінің жоғарлауы (ОЖСС)
* гемоглобин деңгейінің төмендеуі
* микроцитоз
A
~~Ер адам 72 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарын «мақта тәрізді» сезінуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы бозарған, сарғыш реңді. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110х109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндіру. Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін диагностикада БАРЫНША ақпаратты зерттеу:
* Асқазанның эндоскопиясы
* Іш қуысының УДЗ
* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы
* ЭКГ
* Көкірек мүшелерінің рентгенографиясы
A
~~Ер адам 68 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарында «мақта тәрізді» сезімнің болуына шағымданып түсті. 6 жыл бұрын ойық жара ауруына байланысты асқазанның резекциясы жасалған. Объективті: тері жамылғысы және сілемей қабаттары бозарған, сарғыш реңді. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіші – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер– 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты түрі бойынша қан өндірілу. Барынша ықтимал емдеу тактикасы:
* В12 витаминінің препараттары
* Преднизолон
* Десферал
* Темір препараттары
* Аскорбин қышқылы
A
~~В12-тапшылы анемияның бар екенін болжайтын лабораторлық көрсеткіш:
* эритроциттердің макроцитозы
* эритроциттер санының кемуі
* тромбоцитоз
* нейтрофильдік солға ығысу
* сарысулы темір деңгейінің кемуі
A
~~Науқас 71 жаста, тәбеттің болмауына, тағамнан кейін эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, тілдің ауырсынуына және күйдіруіне, жалпы әлсіздікке, ентігуіне, аяқтардағы «құмырсқа жыбыры» сезіміне, ұюына шағым айтады. Анамнезінен: көптеген жылдар бойы гастритпен зардап шегеді. Объективті: терісі боз, сарғыш, тілі жылтыр «лактанған», глоссит. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -80 г/л, эритроциттер -2,2х1012/л, тромбоциттер -160х109/л, лейкоциттер-7,1х109/л. Гемограммада макроциттер, мегалоциттер, эритроциттерде Джолли денешегі, Кебот сақинасы бар. Миелограммада – қан ттүзілудің мегалобласты түрі. Эзофагогастродуоденоскопияда – диффузды атрофиялық гастрит. Емге барынша тиімді препарат:
* В12 витамині
* Фолий қышқылы
* Сорбифер-дурулес
* Флудара
* Мезим-форте
A
~~Жіңішке ішектегі В12 витаминіне рецепторларының туылғаннан болмауы тән ауру:
* Иммерслунд-Гресбек ауруы
* Гоше ауруы
* Маркиафав-Микели ауруы
* Ди Гульельмо ауруы
* Вакез ауруы
A
~~65 жастағы ер адам, әлсіздікке, аяқтарының тоңуына, парастезияларға шағымданады. Анамнезінде – 8 жыл бұрын асқазанның резекциясы болған. Қанда: Нв- 68 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК- 1,3, лейк- 3,2∙109/л, тромбоциттер- 137∙109/л. Осы анемияның даму себебі:
* Гастромукопротеиннің тапшылығы
* Темір тапшылығы
* Фолий қышқылының тапшылығы
* Эритропоэтиннің тапшылығы
* Тұз қышқылының тапшылығы
A
~~В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына БАРЫНША тән көрініс:
* Қан түзудің мегалобластық түрі
* Сүйек кемігі өзгермеген
* Қан түзудің барлық өсінділерінің гиперплазиясы
* Сүйек кемігінің босауы
* Эритробластық өсіндінің тітіркенуімен қан түзудің нормобластық түрі
A
~~60 жастағы науқас әйел әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт сарғыш реңмен, беті ісіңкіреген, тілі "жылтыр". Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобластық типті қан түзуі. БАРЫНША мүмкін диагноз:
* В12-таршылы анемия
* Темір тапшылы анемия
* Аутоиммундық гемолитикалық анемия
* Апластикалық анемия
* Талассемия
A
~~38 жастағы әйел адам іштің ауыруына, іш қатумен ауысатын іш өтуге, іштің кебуіне, құсуға шағымданады. Зерттегенде аш ішектің дивертикулы, гиперхромды макроцитарлы анемия, неврологиялық симптомдар анықталды. БАРЫНША болжам диагнозы:
* В12 витаминіне жоғары қажеттілік әсерінен дамыған В12-тапшылық анемия
* фолий тапшылы анемия
* темір тапшылы анемия
* ішкі фактор тапшылығынан дамыған В12-тапшылық анемия
* сіңірілудің бұзылысымен байланысты В12-тапшылық анемия
A
~~Науқас С 60 жаста, әлсіздікке, эпигастрийдегі ауырсынуға, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Объективті: терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт сарғыш реңмен, беті ісіңкіреген, тілі "жылтыр". Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: эр-2,6 млн, Нв-104 г/л, ТК-1,2 лейк-2,7 мың, тромб-115 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофильдердің полисегменттілігі. Билирубин -28 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобластық типті қан түзу БАРЫНША мүмкін диагноз:
* В12-тапшылы анемия
* апластикалық анемия
* Маркиафав-Микель ауруы
* Темір тапшылы анемия
* аутоиммундыя гемолитикалық анемия
A
~~В12-тапшылы анемиямен ауыратын науқастың сүйек мында БАРЫНША тән көрініс:
* Қан түзудің мегалобластық түрі
* Сүйек кемігінің босауы
* Сүйек кемігі өзгермеген
* Қан түзудің барлық өсінділерінің гиперплазиясы
* Эритробластық өсіншенің тітіркенуімен қан түзудің нормобластық түрі
A
~~Мегалобластты анемияға барынша тән белгі:
* Фуникулярлы миелоз
* Еттен жирену
* Сарғаю
* Остеопороз
* Қан кету
A
~~Әйел, 85 жаста, әлсіздікке, аяқтардың тонуына, парастезияға шағым айтады. Анамнезінде - 8 жыл бұрын асқазанға резекция жасалған. Қанда: Нв- 68 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК- 1,3, лейкоциттер - 3,1∙109/л, тромбоциттер - 117∙109/л. Анемияның даму себебі:
* гастромукопротеин тапшалағы
* темір тапшалағы
* фолий қышқылының тапшалағы
* эритропоэтин тапшалағы
* тұз қышқылының тапшалағы
A
~~Науқас 20 жаста, соңғы 3 айдан бері үдемелі әлсіздік, қан ағулар (теріде геморрагиялар, мұрыннан қан кетулер), дененің субфебрилді температурасы мазалайды. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Қан талдауында: Нв – 50 г/л, эритроциттер – 1,65х1012/л, ТК – 1,0, лейкоциттер – 1,8х109/л, тромбоциттер – 30х109/л, эозинофиль – 1%, т/я – 1%, с/я – 38%, лимфоцит – 55%, моноцит – 5%, ЭТЖ – 60 мм/сағ. Барынша ықтимал диагнозы:
* Апластикалық анемия
* Жедел лейкоз
* Темір тапшылы анемия
* Гемолитикалық анемия
* В12-тапшылы анемия
A
~Науқас 20 жаста, соңғы 3 айдан бері үдемелі әлсіздік, қан ағулар (теріде геморрагиялар, мұрыннан қан кетулер), дененің субфебрилді температурасы мазалайды. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Қан талдауында: Нв – 50 г/л, эритроциттер – 1,65х1012/л, ТК – 1,0, лейкоциттер – 1,8х109/л, тромбоциттер – 30х109/л, эозинофиль – 1%, т/я – 1%, с/я – 38%, лимфоцит – 55%, моноцит – 5%, ЭТЖ – 60 мм/сағ. Диагностиканың келесі қадамы:
* Төс пункциясы
* Стерильдікке қан
* Шиллинг тесті
* Сарысулы темірді анықтау
* Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы
A
~~Ер кісі 30 жаста, бір ай бойы аурумын деп санайды, жалпы әлсіздік, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер мазалайды. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, интоксикация белгілері бар, дене қызуы - 38,5 °С. Қан талдауында: гемоглобин - 40 г/л, эритроциттер – 1,2 х 1012/л, лейкоциттер - 0,8 х 109/л, тромбоциттер - 50 х 109/л, ЭТЖ - 41 мм/сағ, лейкоцитарлық формуланы санау мүмкін емес. Барынша ықтимал диагнозы:
* Апластикалық анемия
* Жедел лейкоз
* Темір тапшылы анемия
* Гемолитикалық анемия
* В12-тапшылы анеми
A
~~Ер кісі 30 жаста, бір ай бойы аурумын деп санайды, жалпы әлсіздік, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер мазалайды. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, интоксикация белгілері бар, дене қызуы - 38,5 °С. Қан талдауында: гемоглобин - 40 г/л, эритроциттер – 1,2 х 1012/л, лейкоциттер - 0,8 х 109/л, тромбоциттер - 50 х 109/л, ЭТЖ - 41 мм/сағ, лейкоцитарлық формуланы санау мүмкін емес. Қан талдаудың барынша дұрыс интерпретациясы:
*панцитопения
*тромбоцитопения
*лейкопения
*нормохромды ауыр анемия
*гипохромды ауыр анемия
A
~~Ер кісі 30 жаста, бір ай бойы аурумын деп санайды, жалпы әлсіздік, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер мазалайды. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, интоксикация белгілері бар, дене қызуы - 38,5 °С. Қан талдауында: гемоглобин - 40 г/л, эритроциттер – 1,2 х 1012/л, лейкоциттер - 0,8 х 109/л, тромбоциттер - 50 х 109/л, ЭТЖ - 41 мм/сағ. Миелограммада үш өскіншенің редукциясы. Келесі диагностикалық қадам:
* Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы
* Төс пункциясы
* Стерильдікке қан
* Шиллинг тесті
* Сарысулы темірді анықтау
A
~~Науқас 18 жаста, соңғы аптада қызыл иегі мен мұрыны қанайды, сан аймағы терісінде геморрагиялар бар. Қарағанда: тері мен шырыш қабаттары боз сарғыш түстес. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр қолға ілінбейді. Қан талдауында: Нв-72 г/л, Эр-2,1х1012/л, L-2,0х109/л, тя-1%, ся-40%, л-53%, м-6%,Тромб-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/сағ. Барынша ықтимал диагнозы:
* апластикалық анемия
* гемолитикалық анемия
* темір тапшылы анемия
* В12- тапшылы анемия
* тромбоцитопениялық пурпура
A
~~Науқас С, 22 жаста, 3 ай бұрын пайда болған үдемелі әлсіздікке, оқтын оқтын дене қызуына және себепсіз дене көгерулеріне шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, ұртында, жұмсақ таңдайда геморрагиялары бар. Лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады, спленомегалия. Қан талдауында: Нв – 40 г/л, эритроциттер – 1,2х1012/л, лейкоциттер – 29,8х109/л, бластты жасушалар – 55%, тромбоциттер – 50х109/л. Барынша ықтимал диагнозы:
*Жедел лейкоз
*Гипопластикалық анемия
*Агранулоцитоз
*Инфекциялы мононуклеоз
*Созылмалы лейкоз
A
~~Науқас С, 22 жаста, 3 ай бұрын пайда болған үдемелі әлсіздікке, оқтын оқтын дене қызуына және себепсіз дене көгерулеріне шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз, ұртында, жұмсақ таңдайда геморрагиялары бар. Лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынады, спленомегалия Қан талдауында: Нв – 40 г/л, эритроциттер – 1,2х1012/л, лейкоциттер – 29,8х109/л, бластты жасушалар – 55%, тромбоциттер – 50х109/л. Қан талдауының барынша дұрыс интерпретациясы:
*3 дәрежелі анемия, лейкоцитоз, бластемия, тромбоцитопения
*нормохромды ауыр анемия, бластемия, тромбоцитопения
*тромбоцитопения
*лейкопения
*гипохромды ауыр анемия, бластемия, тромбоцитопения
A
~~Науқас, 21 жаста күрт жалпы әлсіздікке, бас айналуына, ентігуіне, 37-380С дейін дене қызуының жоғарлауына шағым айтады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырыш қабаттары боз, лимон-сары түстес. Жүрек тоны анық, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Орташа гепатоспленомегалия бар. Жалпы қан талдауы: гемоглобин-55 г/л, эритроциттер-1,6х1012/л, ретикулоциттер-15%, тромбоциттер -180х109/л, лейкоциттер-9,9х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25мм/сағ. Биохимиялық қан талдауы – жалпы билирубин 41 мкмоль/л, тікелей-4,9мкмоль/л, тікелей емес -37,1мкмоль/л, Кумбс реакциясы +++. «Бірінші кезекті» емге кіретін препарат:
* Преднизолон
* Амоксиклав
* Гепадиф
* Фолий қышқылы
* Сорбифер дурулес
A
~~Науқас 62 жаста, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағым айтады. Анамнезі: салқын ауа райы басталғаннан бері өзін аурумын деп санайды. Объективті: тері және көрінетін шырыш қабаттары боз, лимон-сары түстес. Орташа гепатоспленомегалия. Жалпы қан талдауы: гемоглобин-80 г/л, эритроциттер- 2,4 х1012/л, ретикулоцит-17%, тромбоциттер - 220х109/л, лейкоциттер- 9,1х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы-28мм/. Жалпы несеп талдауы – уробилин +++. Биохимиялық қан талдауы – жалпы билирубин 32 мкмоль/л, тікелей – 4,7 мкмоль/л, тікелей емес– 27,3 мкмоль/л. Барынша тиімді препарат:
* Преднизолон
* Гептрал
* Феррум лек
* Фолиевая кислота
* Циклофосфан
A
~~Әйел 58 жаста, салқын тигенен кейін қалтырауға, үдемелі әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына, қол-аяқ ұштарының көкшіл түстес болуынна, несеп түсінің қоюлауына шағым айтады. Объективті: қол-аяқ ұштарының көкшіл түстес. Көкбауыр қабырға доғасынан 3 см шығынқы. Қан талдауында: эритроцит - 2,5х1012/л, Нв – 93 г/л, ТК - 1,03, лейкоцит - 11,6х109/л , тромбоцит – 219х109/л ретикулоцит - 14%, ЭТЖ - 55 мм/сағ. Билирубин - 38,6 мкмоль/л, 40°С-де салқындық антидене Ig М классы титрі 1:128, Кумбстің тік сынағы және агрегат-гемагглютинациондық сынағы теріс. Аутоиммунды гемолитикалық анемияның барынша ықтимал түрі:
* салқындық агглютининді
* жылулық гемолизинді
* екі фазалы гемолизинді
* толық емес жылулық агглютининді
* пароксизмальді түнгі гемоглобинурия
A
~~Әйел 44 жаста, сарғаюға, жалпы әлсіздікке, жүрек соғуына, 37,8°С дейін дене қызуының жоғарлауына шағым айтып келді. Обьективті: орташа спленомегалия. Зертханалық мәліметтері: гемоглобин - 52 г/л, ретикулоцит - 28‰, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тікелей билирубин 15 мкмоль/л, Кумбстің тіке сынағы оң. Барынша дұрыс тағайындалатын дәрілік топ:
* Глюкокортикоидтар
* Антибиотиктер
* Темір препараты
* Урсодезоксихол қышқылы
* В12 витамині
A
~~42 жастағы әйел лабораторлық зерттеулерді өту барысында қанда: Нв-62 г/л, ТК-0,91, жалпы билирубин-89 ммоль/л, тікелей билирубин-15 ммоль/л, бос гемоглобин-72 мг/дл (қалыптыда 1 мг/дл дейін), Кумбстің тіке сынағы және Вассерман реакциясы күрт мәнді; ультрадыбысты зерттеуде – көкбауыр ауданы 50 см2. Барынша дұрыс емдеу тактиксы:
* глюкокортикостероид тағайындау
* эритроцитарлы масса құю
* сүйек миының трансплантациясы
* В12витаминін енгізу
* Десфералотерапия
A
~~Науқас К. 16 жаста, әлсіздікке, бас айналуына, жүрек соғуына, сарғаюға, несептің қоюлануына шағым айтады. Әкесінде 18 жаста бастап оқтын оқтын сарғаю болған. Объективті: терісі сарғыш, көкбауыры қабырға доғасынан 4 см шығынқы. Қанда: эр-3,0 млн Нв-92 г/л, ТК-0,9, лейк-8,2 мың, тромб-200 мың, ретикулоцит-8% ЭТЖ-27 мм/сағ. Билирубин - 60,8 мкмоль/л, эритроциттер қалындығы -2,9 мкм, микросфероциттер -35%. Барынша ықтимал ауру:
* Минковский-Шоффар ауруы
* талассемия
* аутоиммунды гемолитикалық анемия
* Маркиафав-Микель ауруы
* орақтәрізді жасушалы анемия
A
~~18 жастағы қызда аз ғана сарғаю және ұлғайған көкбауыр анықталады. Жалпы қан талдауында: нормохромды анемия, 8% дейін ретикулоцитоз. Науқастың ағасы 26 жаста өт жолдарындағы тасқа байланысты ота жасатқан. Болжам диагнозды дәлелдейтін зерттеу:
* эритроцитердің осмостық және қышқыл тұрақтылығы
* В12 витамині және фолий қышқылының мөлшері
* гемоглобин электрофорезі
* қан сарысуындағы белок электрофорезі
* қан сарысуындағы темір
A
~~15 жасар науқаста айқын анемия, тұрақты сарғаю, гепатосленомегалия, балтырдың трофикалық жарасы бар. Қарағанда науқастың бой қысқа, беті «монголоид» типті, «мұнара бас сауыты», «готикалық таңдай», қанда: нормохромды анемия, гемоглобин 79 г/л, микросфероцитоз, ретикулоцитоз, ЭТЖ 25 мм/сағ, биохимиялық талдауда: тікелей емес фракция есебенен жоғарылаған жалпы билирубини, УДЗ: гепатоспленомегалия, өт қалтасында көптеген тастар табылды. Барынша оптималды емдеу әдісі:
* Холицистэктомия, спленэктомия
* Эритроцитарлы масса құю, глюкокортикоидтар
* Спленэктомия, глюкокортикоидтар
* Холицистэктомия, эритроцитарлы масса құю
* Цитостатиктер, антиоксидантар
A
~~25 - жастағы әйел, босану кезінде қан кетіп, тоқтата алмағандақтан қайтыс болған. Бала кезінен «терісі көгергіш» болған, жылына 4-5 рет мұрнынан қан кеткен, 13 жасында жарақаттан кейін санының бұлшықеті арасында гематома болған. Коагулограммада: қан кету ұзақтығы - 16 мин, VIII фактор концентрациясы - 2%, Виллебранд - 4%, IX - 58%, тромбоциттер агрегациясы: спонтанды 5%, индуцирленген: АДФ - 22%, ристомицин - 2%, тромбоциттер - 190 мың. БАРЫНША мүмкін диагнозы:
* Виллебранд ауруы
* Гемофилия
* Верльгоф ауруы
* Гланцман тромбастениясы
* Шенлейн-Генох ауруы
A
~~16 жасар қыз тері жабындысының бозаруына, қызыл иектен қан кетуіне, терідегі геморрагиялық бөртпелерге, дене қызуының 39оС дейін жоғарлауына назар аудартады. Обьектмвті: сүйектің перкуссиясында ауырсыну, шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия бар. Қанда: эр-3,1х109/л, Нв–93 г/л, лейк–42,6х109/л, тр-176х109/л, ЭТЖ-43 мм/сағ. Лейкограммада аралық формалары жоқ. Төс пунктатында анықталуы мүмкін жағдай:
* Қалыпты қан жасалудың редукциясы, 30% көп бластоз
* Мегалобласты типті қан жасалу
* Плазматикалық жасушалар 10% көп
* Жасуша құрамының тарылуы
* Тромбоцит бөлінуінің бұзылысы
A
~~Ер адам 32 жаста, балалық шағынан гематомды тип бойынша қан кету, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы байқалады. Белсенген парциалды тромбопластинді уақыт ұзарған, VIII фактор жоқ. БАРЫНША мүмкін диагнозы:
* Гемофилия А
* Фон Виллебранд ауруы
* Стюарт-Прауэр ауруы
* Розенталь ауруы
* Тума дисфибриногенемия
A
~~34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсыну сезімін, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты – 4 мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 066, эритроциттер – 50 к/а. БАРЫНША мүмкін диагнозы:
* Геморрагиялық васкулит
* Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
* Рандю-Ослер ауруы
* Виллебранд ауруы
* Гемофилия
A
~~23 жастағы науқаста денесінде телеангиоэктазиялар бар, жиі мұрнынан қан кетулер мазалайды. Гемостаз жүйесінде мәнді өзгерістер жоқ. Барынша болжам ауру:
* Рандю-Ослер ауруы
* Гемофилия
* Виллебранд ауруы
* Верльгоф ауруы
* Геморрагиялық васкулит
A
~~32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар мен экхимоздар бар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың, ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограммада: мегакариоциттерден

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет