Көркем еңбек пәніндегі бағдарлама ерекшеліктері


Көркем еңбек пәнін оқытуда саралау әдістерінің түрлері



бет6/9
Дата29.11.2022
өлшемі486,65 Kb.
#53606
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Курсовой Дилназ002-2

2.1 Көркем еңбек пәнін оқытуда саралау әдістерінің түрлері

Саралау («Дифференциaция» латынша айырмашылық деп есептелінген)– білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.


Оқытудағы дифференциацияның негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау.
Оқу үрдісінде оқушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс.
Дифференциация бaлаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша іріктеуге бағытталмаған. Оның негізгі міндеті оқушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Оқытуды саралау дегеніміз бұл оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені болып табылады.
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сaбақты ұйымдастыруды тaлап етеді.
2.2 Оқушының оку,қабылдау,есте сақтау деңгейіне байланысты білім алу ерекшелігі


Бағалау бул студенттің білімін объективтеудің жақсы тәсілі болып саналады. Бірақ білімді, интеллектуалды тәрізді күрделі мәселелерді қалай шешуге болады деп есептелінген. Ақыр соңында, балалардың болашақ өмірі үшін олар кем емес маңызды аспектілер. Жақында оқу орындарында оқушылардың білім деңгейін анықтауға үлкен назар аударылды. Түсіндіру – суреттеу арқылы оқытудың жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін сақтайды делінген, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. «Дайын» білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, тек оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе 20 ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай болып табылады:
- Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
- Мәселені шешу жолдарын – гипотезаларды ұсыну.
- Таңдап алған гипотиезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет