Курстық жұмыстың мақсаты: сызбаның компьютерлік бағдарламалардың көмегімен орындалуын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері .???????????????????????????????
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Тақырып бойынша ғылыми еңбектерді жазған ғалымдар: Нұрмаханов Б.Н. және Ермеков Н., И.О. Мөлденовтің әдістеріне мән беру, ұғыну, қолдану.
Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыстың теориялық маңызы тақырып бойынша студенттердің өзіндік көзқарасы негізінде ақпараттарды зерттеуде қосқан үлесінен тұрады.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңызы болып зерттеу нәтижелерін студенттердің болашақ мамандықты терең түсіну мақсатында қолдана алуында табылады.
1 КӨРКЕМ ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркем еңбек бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру болып есептеледі.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу және де сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауы өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады делінген..
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мыналар:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 5,7-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамытады.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы бұл:
- қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға көмек:
- Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге көмек:
- өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды жасап дамытуға көмек
- зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға көмек
- оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы болып есептеледі:
- жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
- эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
- уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
- оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған делынген.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап тұрмыс және арнайы білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |