3 КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОКЫТУҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттардыалуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз. [1]
Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.
Көркем еңбек пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - оқушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Көркем еңбек пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет болып табылады.
3.1 Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі
Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі, маңызы мен жаңаша оқыту әдістері Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті және де қағидасы ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау [1].
Достарыңызбен бөлісу: |