Көркем еңбек бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары
Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы оқыту мақсаттары бірнеше сыныптарға арналып, тізбектеле жүйеленген. «Көркем еңбек» оқу пәнінің мұғалімі нақты сыныпқа арналған тақырып бойынша оқыту мақсатына сәйкес сабақта оқушыларға үйрететін білім беру мазмұнын немесе оқу материалын еркін түрде, өзбетімен құрап жүйелеуге мүмкіндік алады. Бірақ, сол білім беру мазмұны сабақтың оқыту мақсатына жетуге кепіл беруі тиіс делінген. Сонымен бірге, «Көркем еңбек» сабақтарында мұғалімнің оқыту мақсатына жету үшін дәстүрлі теориялық білім беру мен практикалық тапсырмалар орындату емес, бір сабақтың ішінде міндетті түрде қысқа мерзімді (айлар) 5-7 тәжірибелік жаттығулар, тапсырмалар орындатуды қамсыздандырады.
«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған оқыту құралдары, соның ішінде, оқыту әдістері мен үйрену әдіс-тәсілдері, енді, оқыту мақсатына жетуге және оқушылардың, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып таңдау негіз болады. Бұл оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдері сындарлы оқытудың, скаффолдинг, моделдеу, дамыта оқыту, әрдеңгейлі оқыту, саралап оқытудың теорияларына негізделе анықталған. Оқыту үдерісінде оқытудың мазмұны басым тәжірибеге бағытталады. Сол белсенді оқытудың стратегияларының бірі: топтық, эксперимент(зерттеу), тәжірибелік жұмыс, пікір талас, жоспарлау мен бағамдау жаттығуларын жүргізу, ықшамсабақ. Сол сияқты оқыту мен үйретудің тиімді әдіс-тәсілдеріне: моделдеу, пәнаралық байланыс, мультисенсорлық оқыту, бірлескен оқыту, саралау, пәнаралық байланыс, оқу әңгімелері, электронды оқыту және жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың қажетіліктеріне сәйкес түрлері кіреді. Осы оқыту мен үйренудің әдіс-тәсілдері «Көркем еңбек» оқу сабақтарында оқушылардың біршама танымдық және тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, белсенді оқуда оқушылардың өз тәжірибесі негізінде эксперимент жасап, оқу материалының мәнін ұғынып түсінуіне, меңгерген білімді жаңа біліммен байланыстыруға, қателіктерді түсініп білімін жетілдіруге, терең білім алу мен көзқарастарды өзгертеді. Топтық жұмыста тұлғаралық қарым-қатынастарды нығайтады, ақпарт алу мен жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастырады, оқушылардың арасындағы тосқауылдарды бұзады деп ойлаған.
Достарыңызбен бөлісу: |