Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет39/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Машықтар моделін жазыңыз.



1990 жылдардың басынан-ақ бір топ зерттеуші АҚШ әскері мен Қорғаныс министрлігінің қаржылай қолдауымен ұйымдардағы проблеманы шешу машықтарына негізделген көшбасшылықтың кешенді теориясын тестілеуге және әзірлеуге кірісті. Бірнеше жыл бойы жүргізілген зерттеуге кіші лейте-нанттан полковникке дейінгі алты дәреженің өкілі болып саналатын 1800-ден аса әскери офицер қатысты. Жоба аясында әлгі офицерлердің машықтарын, тәжірибелерін және бетпе-бет келген ситуацияларды бағалау үшін түрлі жаңа әдіс пен құрал пайдаланылды.



  1. Мәдениет және көшбасшылықтың сипаттамасын жазыңыз.



Такырыбынан белгілі болып тұрғандай, бұл тарау мәдениет пен көш- басшылық жайына арналмақ. Алдыңғы тарау секілді, бұл да бір ғана теория- та емес, өзара байланысты идеялардың жиынтығына негізделген, кепкырлы болып келеді. Бұл тарауда біз мәдениет, оның аспектілері және мәдениеттің көшбасшылык процесіне әсерін сипаттайтын зерттеулерді талқыламақпыз.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандану құбылысы жалпақ әлем- ді жаулап алды. Жаһандану дегеніміз мемлекеттер арасындағы күшейтіл- ген (экономикалық, әлеуметтік, техникалық және саяси) өзара тәуелділік. Халыкаралык сауда, мәдени алмасу және дүниежүзілік телекоммуникация- лык жуйелердің қолданысы артып барады. Адамдар арасындагы байланыс дами түсуде; Фейсбук, Туиттер, Инстаграм және Снапчат секілді косым- шалар мен интернет дәуірінде олар бір батырманың ғана көмегімен әртүр- лі мәдениет арасында қарым-қатынас орната алады. Жаһандану процесінін терендеуі себебінен түрлі қиындық, оның ішінде тиімді көпұлтты ұйымдар- ды құрудың, соған сәйкес көшбасшыларды анықтап, тандаудың, сондай-ақ уйым ішіндегі әртүрлі мәдениет өкілі саналатын қызметкерлерді баскарып, олармен карым-катынас орнатудың кажеттілігі туындады (House & Javidan, 2004; Lo, Waters, & Christensen, 2017). Жаһандану мәдени ерекшеліктердің көшбасшылык өнімділігіне қалайша ықпал ететінін түсінуге жол ашты.
Адлер мен Бартоломью (1992) жаһандық көшбасшылардың мынадай бес мәдениетаралық білікті дамытуы қажет екенін тұжырымдады: бірінші- ден, көшбасшылар бүкіл әлемдегі іскерлік, саяси және мәдени ортаны тү- сінгені абзал. Екіншіден, олар көптеген мәдениеттің көзқарасын, талғамын, трендтерін және технологиясын үйренуі кажет. Үшіншіден, олар бір уақытта әртүрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеуге қабілетті болуға тиіс. Төртінші- ден, кошбасшылар басқа мәдениетте өмір сүруге және қарым-қатынас құруға онай бейімделе білуі шарт. Бесіншіден, олар басқа мәдениет өкілі саналатын адамдармен мәдени артықшылық тұрғысына емес, тепе-тендік аясына сай катынас орнатуды үйренгені жөн (Adler & Bartholomew, 1992, p. 53). Буган қоса, Тинг-Туми (1999) жаһандық көшбасшылардың трансмәдени көзқарас- тарды түсінуге қабілетті болуы керектігін айтады. Олар өзінің осы кабілетте- рін әртүрлі жұмыс орнында айқын тұжырымдап және жүзеге асыруына мүм- кіндік беретін коммуникациялық білігін жетілдіруі кажет. Қорыта айтканда, бүгінгі көшбасшылар казіргі әлемдік қоғамдастықта тиімді жұмыс жүргізгісі келсе, онда олар біркатар білік түрлеріне қол жеткізуге тиіс.
Мәдениеттің анықтамасы. Антропологтар, әлеуметтанушылар және баска да көптеген сала ма- мандары мәдениет сөзінің мағынасы жөнінде пікірталасқа түсті. Абстрак- тілі термин болгандыктан, оны анықтау қиынға соғады және әдетте әр адам оны әртүрлі жолмен анықтайды. Біздің мақсатымызда мәдениет дегеніміз адамдар тобына ортақ наным-сенім, құндылық, ереже, норма, символ және дәстүр. Онын бірегейлігі адамдар тобына ортақ осы касиеттерінде. Маде- ниеттін динамикалық сипаттамасы бар және бір топтан екінші топқа жетіп отырады. Кыскаша айтқанда, мәдениет адамдар тобының өмір сүру обра- зы, салты және сценарийі (Gudykunst & Ting-Toomey, 1988)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет