Әдеби KZ
алды да, жебені лақтырып жіберіп, оқ тескен қалпағын айналдыра қарап шықты.
Егер жебе төрт елідей төмен тигенде, Абылай сұлтан бұл дүниеге жоқ екен.
— Япырмай, қандай мерген еді! — деді ол кім болса да қалпағына дәл
тигізгеніне таң қалып. Сөйтті де қолындағы қағазға көз жүгіртті. Әдемі әріппен
әлдекім: «Абылай, сақ бол, бүгін түнде күзетші бір жақының сені өлтірмек. Қайсы
екенін анық білмеймін» деп жазыпты. «Оқ сол жағымнан атылғандай болып еді,
кім де болса, өз әскерімнің ішіндегі бір дос-жар кісі жазған болды», — деді
Абылай ішінен, қағазды ұп-уақ етіп жыртты да лақтырып жіберді.
Абылайдың қағазды оқығанын көріп, сұп-сұр боп түсі қашып кеткен Бекболат
би:
— Жақсылық па, жарқыным? — деді.
— Жәй әшейін... Жауды қашан жеңеміз деп сұрайды. Сірә ұрыстан шаршаған
біреу болар.
әрине, Бекболат Абылайдың сөзіне сенген жоқ, бірақ одан әрі қазбаламады.
— Мерген-ақ жігіт екен...
— Айтпаңыз.
Абылайдың бағы өскен сайын қасы да көбейген. Оған бүгінгідей садақ оғы
жасырын жерден талай рет атылған-ды. Түбі Абылай хан бола қалса,
қарамағындағы елдеріне биліктерінің бұрынғыдай жүрмейтінін сезетін бақ күндес
төре тұқымдары да оған жамандық ойлай бастаған. Бұны білетін Абылай жанына
халыққа қадірі бар батыр, жырау, шешендерді көбірек жинауға тырысқан.
Абылайға қарсы бидің бірі Бекболат еді. «Хатта не жазылыпты?» деп ол босқа
сұраған жоқ-ты. Әкесі қаз дауысты Қазыбектей емес, Абылай дәрежесінің бұлай
көтеріле беруін ұнатпайтын. Және өзінің қарсы екенін жасырмайтын да. Тек ел
шетіне жау келе жатыр дегенді естігеннен бері ғана райынан қайтқан. Қазір қазақ
елін тағы бір апаттан алып қалу үшін Абылай секілді ер жүрек, табанды адамның
соңынан еруді Бекболат мақұл көрген. Қорқынышты хабар тараған күннің
ертеңінде өз жігіттерімен Абылайдың жасағына келіп қосылған. Ал сол Абылай
Бекболаттан сырын жасырып тұр. «Ол қағазда не жазылды екен? Сұлтан соншама
267
Әдеби KZ
неге сұрланып кетті?» Абылай батып бара жатқан күнге тағы бір қарап қойды. Жау
шебінен «бүгінгі ұрыс бітті» деген дабыл үні естілді.
— Жарайды, — деді Абылай, — бұ жолы біз шүршіттердің дегеніне көнейік.
Бүгінгі ұрыс осымен аяқталсын...
Қазақ дауылпаздарының дүңкілі де кең даланың үстінде қалықтай жөнелді.
Сол-ақ екен екі жақтың әскері екі бөлініп, кейін қарай серпілді. Ай туа майданға
ат-арбалы өлік жинаушылар келді. Майдан шекарасында екі жақтың күзетші
әскерлері бір-біріне көрінбей, жыра-сайларды бүркеніп, түнгі шептерін құрды.
Абылай өз серіктерімен шатырына қайтты. Қазақ қолдарының тоқтаған жері
Іле мен Күркірек атты шағын өзеннің тоғысқан алқабы болатын. Ортада
Абылайдың ақ ордасы. Жан-жағында шашырай тігілген өзге қолбасшы
батырлардың үйлері... Абылай аттан түсісімен шатырына кіріп, үстіндегі
сауыттарын тастап, жайшылықтағы киімімен өзін күтіп отырған қолбасшылар
кеңесіне келді. Сосын мәжілісін тез өткізіп, әдеттегісінен көрі кешкі асын да
ертерек ішіп, жатып қалды.
Абылайдың жорықта ерте тұру жалпы ғадеті еді. Және басы жастыққа тиісімен-
ақ тез ұйықтап кететін... Абылай бүгін де сөйтті. Тек жартылай шешініп төсегіне
жатар алдында керегеде ілулі тұрған қылышын қынабынан суырып алып,
жалаңаш күйінде бас жағына қойды. Сосын ұйқыға кетті. Әлден уақытта кенет
көзін ашты. Бағанағы қағаз есіне түсті...
Оянып алғаннан кейін бүгін күзетте кімдер тұрғанын білгісі келді, бірақ бұл
ойынан тез қайтты. Алатын ажал болса алтын сандықтың ішінде жатсаң да,
әзірейіл өзі табады деп ойлады ішінен. «Егер бүгінгі түн менің ақырғы түнім болса,
тәуекел, оны да көрелік...»
Абылай біраз жатып тағы ұйықтап кеткен еді. Қара киімді бір дәу адам
кеудесінен баса, үстіне кеп құлады. Үстінен қара бура басқандай, тыпыр еткізіп
қозғалтар емес, демі бітіп тұншығып өліп бара жатыр...
— Абылай, Абылай! — деп әлдекім аяғынан жұлқылап тартқандай болды.
268
Әдеби KZ
Абылай көзін ашты. Шалқасынан жатқан екен, бастырылып қалыпты. Үсті-басы
қара терге малынған.
— Түс көрдіңіз бе? Дауысыңыз тым қорқынышты шықты ғой...
Абылай қолын жалаңаш қылышының сабына апара берді.
— Бұл қайсың?
— Мен ғой... Нұржанмын.
Абылай қылыш сабынан қолын кейін тартып алды. Бұл Қарауыл руынан алған
ортаншы әйелі Қамшаттың туған інісі еді.
— Жалғызсың ба?..
— Жалғызбын... Түн бүгін тым қараңғы. Орданы айнала күзет қойдық. Мүлік
екеуміз босағада тұрмыз.
— Қазір қай мезгіл?
— Түн ортасы ауып бара жатыр...
— Жақсы, әлі бір ұйықтап тұрар уақыт бар екен.
— Иә... Ұйықтаңыз...
Абылай үйде жалғыз қалды.
Ұйқысы кенет шайдай ашылды. Күні бойы болған ұрыстан әбден шаршаған еді,
тынығып қалыпты; бағанағы хат тағы есіне түсті. Хат сөзі бұ жолы жүрегіне бір
түрлі суық, ызбарлы тиді. «Кім екен бұл хатты жазған? Бір жақының өлтірмекші
деді ғой... Қайсысы екен? Жақының дейді?.. Күзетте бүгін Қарауыл мен Атығай
руларының жігіттері тұр. Олар қастық ойламаса керек-ті. Сонда қайсысы болды?
Айтпақшы Нұржан есік алдында «Мүлікпен екеуміз тұрмыз» деді ғой. Жоқ, ол
башқұрт болғанмен, оны маған Қарасақалдың өзі жіберді емес пе... Бірақ
шынында солай ма екен? Расымен Қарасақалдан келді ме екен? Бұны мен
Қабанбай батырдан неге сұрамадым?»
Қарасақал бір мың жеті жүз қырқыншы жылы Россия патшалығының
отаршылық саясатына башқұрт халқын қарсы көтерген қайраткер еді. Патша
әскері бұл көтерілісті аямай басқан кезінде, қазақ даласына қашқан. Бұнымен
бірге қазақ жеріне келген башқұрттың өзге кедей, шаруа адамдары соңынан
269
Әдеби KZ
елдеріне қайтып, Салауат Юлаевтың жасағымен бірге Пугачев көтерілісіне
қосылған. Ал Қарасақал қазақ даласында қалып қойған.
Қазақ даласы он жетінші ғасырдың аяғынан бастап-ақ патша үкіметі, жоңғар
қонтайшысы, јытай боғдыхандардың зәбіріне шыдай алмаған адамдардың
панасына айналып еді. Құлазыған ұшы-қиыры жоқ кең дала кімді болса да
жасыра алады. Оның үстіне қазақ халқының кең пейілділігі, жомарттығы, елінен
айырылғандарға деген аяушылығын қоссақ, қазақ даласы мұндай жандардың
екінші Отанына тез-ақ айналып кететін.
Қарасақалға да халық сондай құрмет көрсеткен. Ең алдымен Кіші жүз
арасында, кейін Қарқаралы маңындағы қаз дауысты Қазыбек биді сағалап жүрді.
Қарасақал бір жағынан орыс патшалығын алдамақ болса, екінші жағынан қазақ
елінің Жоңғар мемлекетіне өштігін пайдаланып, өзін Сыбан Раптан өлгеннен
кейін, қонтайшылыққа таласып, Қалден Цереннің қолынан қаза тапқан Шұно
Дабомын деп лақап таратты. Алдымен Қазыбек, артынан Қаракерей Қабанбай
Қарасақалға сый-құрмет көрсетіп, өзіне жеке ұлыс билетіп қолдарында ұстады.
Кейін оның Қарасақал, Шұно деген аттарын өзгертіп, Қарахан деп атады.
Қараханның Қарасақал екенін білетін орыс патшалығына да, Шұно емес екенін
білетін жоңғар қонтайшысына да қазақ елі ұстап бермеді. Жоңғар қонтайшысынан
зорлық көргендер енді жазықсыз қуғынға түскен «Шұно Дабоның» қарамағына
қашты. Бұл кезінде Қалден Церенді қатты қауіптендірген...
Қазақ елінің өзіне көрсеткен жақсылығын Қарасақал да бос тастаған жоқ.
Маңына жиналған жоңғар, башқұрт, татар жігіттерінен жасақтар құрып, қазақ
қолдарына қосты. Бұл жасақтар қазақ елінің бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға
өзінің ержүректілігін, шын берілген дос екенін жоңғар, Қытай басқыншыларына
қарсы күресте сан мәртебе көрсеткен. Көпшілігі жоңғар жігіттерінен құрылған
Қарасақал жасақтарының қадірі, әсіресе, Жоңғар мемлекеті құрылғаннан кейін
арта түскен...
270
Әдеби KZ
Абылаймен сыйлас осы Қарасақал жақында оған өзінің Мүлік деген жігітін
жіберген. Майданда Мүліктің ерлігін, мергендігін өз көзімен көрген Абылай, оны
өзін күзететін жасаққа көшірткен.
Шеттері жырымдалған тулақтай ала шабыр бұлт күміс айдың бетін қымтай
жапты. Жаңа ғана самаладай жарық дүние заматта қараңғылана қалды. Есік
босағасында Нұржанмен қатар тұрған Мүліктің тыпыршып күткені де осы кез еді.
Ол қынабынан қанжарын суырып алып, жалаңаш жүзін қолымен сәл сипап көрді.
Дірілдеп кеткен жүрегін тоқтатып Ақ орда есігіне таяй түсті. Дәл осы сәтте
Абылайдың ыңыранған үні естілді. Мүліктен бұрын үйге Нұржан кірді. Өзінің сәл
кешігіп қалғанына өкінген Мүлік енді жалаңаш қанжарының сабын ашулана
қысып, үй ішіндегі дыбыстарға құлағын тосып тұра қалды.
Мүлікті Абылай ордасына Қарасақал емес, Қоқан әміршілері Ерден мен
Нұрбота билер жіберген. Жоңғар қаупінен құтылған Қоқан билері, орта жолда
Абылай жасақтары тұрғандықтан, Қытай шаубылын өздеріне қорқынышты
санамаған, қайта Абылайдың қиын жағдайын пайдаланып, Сырдария бойының
шаһарларын басып қалуды ойлаған. Бұл ойына бөгет тек Абылай. Ал қазіргі кезде
қазақ даласының саяси және әскери билігі Абылай қолында. Егер ол өле қалса, Үш
жүз тағы бытырап, қазақ хандығының быт-шыты шығатынына Нұрбота мен Ерден
шек келтірмеген. Халық деген не? Олардың ойынша басқаратын кемеңгері
болмаса құр топыр. Енді олар Абылайдың көзін жоюға тырысты. Міне, кісі өлтіргіш
сұрқия Мүлік Абылайдың ордасына осындай құпия тапсырмамен келіп еді. Егер
Мүлік ойлағандарын орындап келсе, қос би оның басына жұмақ орнатпақ боп
уәде берген...
Мүлік бүгін жүйрік атының басына дорба кигізіп, төрт аяғына кигіз байлап,
сайға тығып қойып, іске кірісуге бел байлаған. Тек аңдығандай Нұржанның
қасынан екі елі ажырамауы мұны күдіктендіре бастады.
... Оның Қоқаннан келгенін бір-ақ адам білетін. Ол әрі мылқау, әрі меңіреу,
өзінің атқосшысы өзбек жігіті еді. Ол Хиуа ханы Қоқан әміршілеріне сатқан құл
болатын. Қоқанда екі баласы қалған. Мүліктің неге келгенін мылқау білмейтін. Тек
271
Әдеби KZ
бүгін таңертең Қоқаннан келген шабарманның оған қағаз беріп жатқанын көріп
қалған. Мүлік шабарманмен сөйлесіп тұрғанда шатырды жинап жүрген мылқау
қоржынға тығып қойған сол қағаздағы «тездет» деген сөзді оқыған болар деген
ой Мүліктің денесін кенет дірілдетіп жіберді. Бірақ сол сәтте «қойшы, әрі мылқау,
әрі саңырау құл қайдан хат танысын», деп өзін-өзі басты. Бірақ қорыққанға қос
көрінеді, күдік алған көңіл қайтадан қобалжи түсті...
Ол осылай не істерін білмей, мазасы кетіп, әбігерленіп тұрғанда Ақ ордадан
Абылайдың өзі шықты. Мүліктің жүрегі жиі-жиі соқты. Абылайдың бойшаң тұлғасы
ай сәулесіне бөленіп, бұрынғысынан да ұлғайып, айбарлана түскендей. Бірақ
Мүліктің әккі көзі оның қарусыз екенін бірден шалып қалды.
— Азырақ ауа жұтқан жөн болар! — деді Абылай кетіп бара жатып, артына
бұрылып қарамастан.
— Жақсы, соңыңыздан мен ерейін, — деді Мүлік, сосын Нұржанға бұрылды, —
Нұреке, Орда есігін сіз күзетіңіз... Біз жоқта үйге біреу-міреу кіріп кетіп жүрмесін...
Абылайдың езу тартып кекете күлімсірегенін Мүлік көрген жоқ. Ол қолындағы
шиті мылтығы мен беліндегі қанжарын шешіп алып, Орда қабырғасына сүйеді.
Қарусыз қолбасшы дәретке барарында соңынан еретін күзетшінің де қарусыз
болуы ежелден келе жатқан тәртіп.
Абылай таң қараңғысына көзін сәл үйретіп тұрды да, Ордасының оң жақ
іргесінен екі жүз қадамдай жердегі сайға қарай аяңдады. Арт жағында ілби басып
Мүлік келе жатыр. Кенет ол ышқырындағы алмас пышағын қынабынан суырып
алды. Абылай сәл кідірді.
— Мынау ағараңдаған не?
— Өзіңіздің ақ бураңыз ғой...
— Жарықтықты кешеден бері көрген жоқ едім, күндіз Орда маңында болды
ма?
— Иә, кешке таман бір көргенімде алдыңыздағы сай жағасында тұрған-ды...
Бұлар таяған кезде ақ бура орнынан түрегелді. Абылай оның қалай қарап
жатқанын аңғармай қалды.
272
Әдеби KZ
— Жарықтығым, барсың ба? — деп жанынан өте берді. Ол сайдың
қабағындағы қалың бұтаға қарай аяғын бірер басты да, арт жағынан «Алла!» деп
бір-ақ рет бақырып қалған дауысты естіп, жалт бұрылды. Дауыс адам айтқысыз
үрейлі шықты. Абылайдың жалт қарағанда көргені — өзінен бес қадамдай жерде
Мүлікті желкесінен тістеп ап, жерге алып ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп,
үстіне шөге берген ақ бурасы болды. Дауыс шыққан жерге Нұржан да, өзге
күзетшілер де жүгіріп келген.
— Уа, не болды? — деді Нұржан даусы дірілдеп. — әйтеуір, өзіңіз амансыз ба?
Абылай ақ бураны көрсетті.
— Күзетші Мүлікті ақ бура басып қалды. Қазір астында жатыр.
— Ойпырмай, не дейсіз. Ой, жануар... — Нұржан бураға қарай тұра ұмтылды.
— Тиме! — деді Абылай ақырып. Нұржан кілт тоқтады. — Несі қалды дейсің.
Жұрт не істерін білмей тұрып қалды. Әлден уақытта ақ бура түрегелді де қара
түнге кіріп жоқ болды.
Бір жас жігіт шақпақ тасын ұрып, от тұтатқан. Лап етіп жанған кепкен қурайдың
жарығы қанды оқиға болған жерге түсті. Жұрт мылжа-мылжасы шыққан Мүліктің
денесі мен қасында жатқан түсі суық жалаңаш қанжарды көрді. Мүліктің тісі
ақсиып кеткен. Сықылықтап күліп жатқан адам тәрізді... Оның қылышы мен
садағын тастап кеткенін көрген Нұржан бір сұмдықтың бола жаздағанын енді
түсінді.
— Япырмай, ә... — дей берді. — Ақ бура болмағанда... мына сұм сізді өлтірмек
екен ғой..
Абылай үндеген жоқ. Аяғын саспай басып Ордасына кіріп кетті.
Аңыз бұл оқиғаны бізге осылай жеткізді. Тек ажалдан құтқарылған Абылай,
Мүліктің «соңыңыздан ерейін» деген сөзін естігенде, күлімсіреген жерін ғана аңыз
айтпайды.
Ал сұлтан болса, Ақ ордаға кіріп бара жатып, кешегі хатты өзіне кім жазғанын
ойлауда еді. Ол хаттың шетінде «Мүлік» деген, көзге көрінер-көрінбес сөз де бар-
ды. Дос адам шынын жазған екен. Оны ақ бура айқындады. Абылай Ордасының
273
Әдеби KZ
есігін аша беріп тағы күлімсіреді. «Кісі алатын бір бура он күзетшіге татиды екен-
ау».
... Күндегі уақытынан сәл кештеу оянған Абылайға таңертең күзетшілері
мылқауды алып келді. Абылай екеуі оңаша қалған. Өзбектің тұнжыраған бетіне
ұзақ қарап отырды да, қолына бор алып, жанындағы дөңгелек столдың бетіне
араб әрпімен:
«Кеше менің басымдағы қалпақты атып түсірген сенсің бе, жігітім?» — деп
сұрады.
Мылқау борды алып жазумен жауап қайырды.
«Менмін».
«Мергендігің үшін көп рахмет!»
«Рахметті ең алдымен жазмышыңа айт».
«Мүлікпен екеуің қайдан келдіңдер?»
«Қоқаннан...»
«Кім жіберді?».
«Ерден мен Нұрбота билер».
«Қандай шаруамен?»
«Қоқан билері сенен қорқады».
Абылай «жақсы» деп, басын изеді. Ол түрегеліп еңгезердей өзбек құлына
өзінің керегеде ілулі тұрған құндыз жағалы шапаны мен камшат бөркін кигізді.
Серіктеріне құлды өзінің қағаз көшіретін хатшысы етіп алатынын айтты. Көп
кешікпей Қоқан жағына Абылайдың бес жігіті жүріп кетті. Олар өздерімен тілектес
саудагерлер арқылы, мылқаудың құлдықта жүрген екі ұлын сатып алуға тиісті
еді...
... Күн ұясынан көтеріліп те үлгірген жоқ, Жоңғар қақпасының бергі бетінен
дүркін-дүркін айқай-шу естілді. Қытай жағына жіберген Абылайдың ертөлелері,
түнде Фу Де мен Чжао Хойдың әскерінің қосылған хабарын алып келді.
274
Әдеби KZ
— Келген күштің негізі атты әскер, — деді барлаушылар. — Аттары да
бұрынғыдай емес, қазақы жылқы. Шамасы, Қашқария мен Ұлы жүз ауылдарынан
тартып алған секілді...
— Дегенмен жаяу әскері көп қой, — деді Абылай барлаушылар жасағының
бастығы Сеңгірбай батырға қарап, — дәл бүгін олар майданға шыға қояр ма екен,
қалай ойлайсың...
— Жоқ, бүгін олар ұрысқа шыға алмайды. Алыстан шаршап келді ғой. Ал кешегі
соғысқа қатынасқандары олардан да жаман шаршаған. Түнде екі мыңға жуық өлік
жинапты, оңай ма... Ал қазір олар қазан көтеріп, тары орнына, бүгін екі есе етіп
күріш салып жатыр... Бұнысына қарағанда Чжао Хойдың әскерінің аман-есен
жеткенін тойламақ тәрізді. Бізге қарсы тек шамалы қалқан қоймақ ойы бар.
— Жақсы, — деді Абылай. — Менің Ордама мың басы батырларды тегіс
шақырыңдар...
Сеңгірбай алдыңғы шепке кетті. Жан-жаққа қолбасшы батырларды жинауға
шабармандар жөнелді.
... Абылай Ордада жападан-жалғыз отырып, қалың ойға шомды. Ертең
таңертең не істеу қажет, соны бүгін шешуі керек. Абылай қалай шешсе, таңертең
ақ бура солай қарап жататын болады.
Қырғын ұрыс басталғалы, міне бірнеше күн өтті. Қырылған шүршіт бізден он
есе көп дейік, бірақ Фу Де ме Чжао Хойға ол дым да емес. Ал қазақ еліне келсек...
«Ақтабан шұбырындыдан» бері әлі бұрынғы санымызға жете алмай келеміз. Бізге
әрбір жігіт қымбат. Жарайды, Фу Де мен Чжао Хойдың осы екі қолын жеңсін-ақ,
сонымен соғыс біте ме? Қытай боғдыханы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы
қолын жібереді... Жоқ, қазір қазақ елінің Қытайдың мың басты айдаһарына қарсы
тұра алар дәрмені жоқ... Ол айдаһардың қолына түскен қазақ рулары әзірге
шыдай тұрсын...Тірі қалу үшін суыр болып жерге кіріп, таутеке боп құзға шықсын,
әйтеуір, құрып кетпеудің жолын іздесін... Ал, қазір біздің борышымыз неде?
Шүршітке қазақтың оңай жау емес екенін көрсетіп, әскерімізді аман-есен елімізге
қайтаруымыз керек. Шүршіт соңымыздан қумақ болса, сонда көрсін біздің
275
Әдеби KZ
күшімізді. Әрине, ақылы су боп кетпесе бізді қумайды... Қумаса теңбе-тең түскен
боп айрыламыз...
Ал әскерімізді қайткен күнде де аман сақтауымыз қажет. Қоқан билері Мүлікті
босқа жіберіп отырған жоқ қой. Олардың ойы ап-айқын: шүршіттер қазақ
жауынгерлерін қырып жатқанда, сұрқия Мүлік қазақтың болашақ ханын өлтіреді...
сол кезде Қоқан әміршілеріне кім қарсы тұра алады? Баз баяғы қазақ елін талан-
тараж етіп, талап алмақ. Әрине, қоқан билері өздеріне ең қолайлы жерлерді күні
бұрын белгілеп қойғандары да мәлім, әйтпесе Арал теңізі тұсында олардың
жасақтары текке көрінбесе керек-ті. Шүршіт шапқыншылығы олардың ойына да
келер емес. Алла-тағала өзінен өзі сақтап қалатындай көреді. Шүршіт пен Қоқан
әмиратының ортасында қазақ қолдары тұр. Надир-шахтың Хиуадағы құлдары да
Қытай айдаһарының бар екенін естерінен шығарған. Бар айналдыратыны қазақ
елі. Бізге тиіспеген, көз алартпаған бір күндері жоқ. Қытай боғдыхандары алда-
жалда қазақ әскерін құрта алса, шүршіттен бұлар аман қала ма? Өгізге туған күн
бұзауға да тумай ма? Иә, сөйтеді. Ал, кенет олар бізбен біріккен күнде де, Қытай
айдаһарына Қоқан мен Хиуа да төтеп бере алмайды... Сондықтан әзірге...
— Бүгін түнде біз кейін шегінеміз, — деді Абылай, батырлар әскери кеңеске
жиналып болған соң, — артымызда қуғыншыларға төтеп беретін болмашы қалқан
ғана қалады.
Үй іші тына қалды. Ызыңдап ұшқан масаның дыбысы ғана естіледі. Батырларда
үн жоқ...
— Бұнымыз қашу ғой! — деді Қаракерей Қабанбай ұнатпаған пішінмен.
— Иә, солай десе де болады, — деді Абылай саспай. — Бірақ бұл қазақ
батырларының ажалдан қорқып қашуы емес. Әскерін сақтаудың амалы.
— Бұған біз түсінерміз-ау, — деді қанжығалы Бөгенбай, — соңымыздан ерген
жұрт не дейді?
— Дер кезінде шегінбесек, енді жиырма күннен кейін, тек сіз бен біз ғана тірі
қалармыз. Оның өзі де неғайбыл, — деді Абылай, — өлік жинаушылар кешегі
276
Әдеби KZ
айқаста жеті жүз кісі өлді деген хабар әкелді. Алдыңғы күні алты жүздей жігіт қаза
болды... Күнде осындай шығын етсек санаңдар, қанша күнге жетеміз?..
— Абылай сұлтан жөн айтып отыр, — деді Жәнібек тархан қамшысын алдына
тастап, — шегіну керек. Бірақ қай тұсқа барып бекінеміз? Соны ақылдасайық.
Мысқылшыл Қанай мырс етті.
— Торғайға тартамыз. Қытайдан қашсаң, ар жағында Орынбор бар.
Шүршітпен бетпе-бет кеп шайқасуды ғана білген кейбір қазақ батырларының
бұл оқиғаны тереңірек ойлауға өрелері жетпей жүрген-ді. Сұңғыла Қанай көп
адамның ойын айтып салған. Осы отырғандардың кейбіреуі Абылайдың
Россиямен жақындасуын жөн көрмейтін. Тіпті оны айыпты санайтын. Бұлар қалай
десе олай десін, Абылайдың көз алдынан жақында ғана болып өткен
жоңғарлардың қанды қайғылы халі кетпейтін. Әттең не керек, жаңа әйел патша
өзінің империясында не болып жатқанын әлі ұға қойған жоқ. Соның салдарынан
Абылай да шүршіттің сазайын тартқыза алмай отыр.
— Жә, жетер! — деді ол ақырғы кесімін айтып, — қазақ елінің тағдырын
көкпарға салатын заман емес. Көкше теңізге дейін шегінеміз. Одан әрі
бармаймыз. Ал шегінген әскерге қалқан боп, өз жігіттерімен бір батыр қалсын!
Абылайдан батырлар ұйғарымынсыз үзілді-кесілді жарлық естіп көрмеген
қолбасшылар не дерлерін білмей, абыржып қалды. Ешкімнен ақыл сұрамай,
бұлай бұйыра сөйлеуі оның ел тізгінін өз қолына біржола алғанын аңғартқандай
еді. Мұндай қылық тек Үлкен Орда ханына ғана лайықты болатын. Батырлар
осылай абыржып отырғанда, Батыр Баян:
— әскер соңында қалуға мен бармын! — деді.
Абылай орнынан түрегелді.
— Онда сөз осымен бітті. Жарықтық ақ бура қалай шөгіп жатыр екен, енді соны
көрелік...
Ақұрық шетінде жайылып жүрген ақ бура келе жатқан кісілерді көріп, бері
беттеді. Абылай «бурашым, бурашым» деп еді, бір тізерлей барып, Көкше теңізге
қарай басын бере шөге бастады...
277
Достарыңызбен бөлісу: |